Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Міндеттемелердің есебі және аудиті

Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Міндеттемелердің есебі және аудиті

Мазмұны


1. ТАРАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы ......
1.2 Шаруашылықтың есеп саясаты ..........................................
1.3 Міндеттемелердің теориялық сипаттамасы...........................

2. ТАРАУ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің есебі................................
2.2 Бюджетпен есеп айрысудың есебі.........................................
2.3Басқа да міндеттемелер бойынша есеп айрысудың есебі......

3.ТАРАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
3.1 Міндеттемелердің аудитін ұйымдастырудың ерекшеліктері және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі ..............................................
3.2 Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебінің аудиті..........
3.3Міндеттемелердің экономикалық талдауы.....................

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................
ҚОСЫМШАЛАР

Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ұйымдарда ерекше
маңызды орынға ие.Шаруашылықтың мәліметтерін есепке алу және олардың
құрылымдық қызметін дұрыс басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылықтармен ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін және жақсы жолға қойылған есеп жүйесін,экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген шаруашылықтар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Шаруашылықтың қызметі барысында басқа ұйымдардан алған материалдық құндылықтары, тауарлары, негізгі құралдары және тағы басқа да активтері үшін, сондай-ақ алынған несиелері үшін қарыз болуы мүмкін, тіпті өздерінің сатып алған активтерінің құнын сол уақытында төлегеннің өзінде немесе банк және банктен тыс мекемелерден несие және қарыз алмағанның өзінде де жұмыс істейтін қызметкерлеріне еңбекақы есептеп оны төлеуге, өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтерін сату барысында бюджетке түрлі салықтар төлеуге міндетті болады. Осы шаруашылық операциялар барысында ұйымның міндеттемелер есебі туындайды.
2002 жылы маусымның 24-де "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу халықаралық стандарттарға барынша жақындастырылып жасалынды және де Бас шоттар жоспарының орнына 2006 жылдың 5-ші қаңтарында тіркеліп қабылданған Типтік шоттар жоспары енгізілді. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.
Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісін ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүдделі болып саналады. Бұл орайда ұйымның міндеттемелерін уақытылы өтелуі және басқа да ресурстарын тиімсіз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша атап өтуте болады.
Дипломдық жұмысымда көптеген шартты мысалмен түсіндіріп бухгалтерлік есептіұйымдастырудың негізгі сұрақтары қамтылған.Бұл жұмысымда Қазақстан Республикасының “Салық пен басқа да бюджетне төленетін міндетті төлемдер туралы” жаңадан енгізілген Салық кодексі ні ережелері мен (2002 жылдың қаңтарына дейінгі)өзгерістері, жаңа норматив тік актілері және кеден заңдылықтары, енбек туралы қосымшалар мен өзгерістері, бухгалтер лік есеп бойыншанұсқау материалдары қамылған.
“ Міндеттемелердің есебі және аудиті” тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Диплом жұмысына “Медсервис-Рихтер” Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің мәліметтері қолданылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ұйымның міндеттемелерінің есебі және аудитін теориялық тұрғыдан зерттеп, сондай–ақ осы тақырып бойынша сұрақтардың көкейкестілігін зерделеп және өз ұсыныстарымызды келтіру болып саналады. Осы жұмыстың негізгі міндеттеріне төмендегілерді жатқызамыз:
- жалпы міндеттемелер есебін ашып көрсету;
- еңбек ақы есебі бойынша туындайтын міндеттемелерді қарастыру;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысуда кездесетін міндеттемелердің есебін ашу;
- бюджет және бюджеттен тыс ұйымдармен есеп айырысу есебін және онда кездесетін әртүрлі мәселелерді жан-жақты зерттеу;
- алынған аванстар мен дивидендтер бойынша есеп айырысқан кезде туындайтын міндеттемелер сондай –ақ басқа да міндеттемелер есебін ашып көрсету;
- міндеттемелер есебінің аудитін теориялық негізде қарастыру болып табылады.
Міндеттемелер есебі мен аудитін есепке алуды дұрыс жүзеге асырып, олардың маңыздылығын түсіну керек. Сондықтан да осы дипломдық жұмысымның тақырыбын “Ұйымның міндеттемелердің есебі мен аудиті ”- деп таңдап алу себебім, қазіргі нарықтық экономиканың даму барысында негізсіз шығындармен күресу, ұйымның нақты активтерін көбейту және ұзақ немесе ағымдағы міндеттемелерді азайту мәселесі тұрғандықтан әсіресе орта және шағын кәсіпорындардың бәсеке қабілеттіліктерін жоғарылату мен отандық өнім өндіруді дамыту мәселесі алдыңғы орындардың бірін иеленгендіктен осы тақырыпты теориялық жағынан ізденіп жазуды алдыма мақсат қойдым. Өйткені бұл тақырыптың қазіргі кезде өзектілігі артып отыр. Оны шешу үшін төмендегі мәселелерге көңіл бөлу керек:

1. Міндеттемелердің туындау тәуекелділігін төмендету және оларды өтеу тиімділігін қолдануды жақсарту әдістерін таңдау;
2. Міндеттемелерді азайтып, активтерді көбейту жолдарын пайдалану мен оларға аудиторлық тексеруді жетілдіру.
1. ТАРАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЩАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы

“Медсервис-Рихтер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС),Алматы қаласы,әділет басқармасында басқармасында куәлігінің номері 26128-1910-ЖШС 26.06.1999жылы тіркелген,өз қызмнтін Қазақстан Республикасы,Азаматтық кодексіне,ҚазақстанРеспубликасының1994 жылғы 27 желтоқсанына және 1997 жылғы 16 шілдесінен “Шетелдік инвестициялар туралы” заңына Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы”заңынң,Венгер Республикасының заңдарына сәйкес және жарғысына сәйкес жүргізеді. Серіктестік өзінің зандық құқын Мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап алады, өзінің атауымен дербес балансы,мөрі,банкілерде есепшоты(Ұлтық және шетелдік валютамен),фирмалық бланкілері,ресми белгісі,тағы басқа реквизиттері бар.
Ұйымның экономикалық жағдайын көрсету үшін негізгі көрсеткіштер қолданылады. Олар ұйымның қаржылық тұрақтылығын, деңгейін жан-жақты анықтап беруге көмектеседі.
Нарықтық қатынастарға көшу арқылы кез-келген қызметтің жауапкершілігі күшейіп келеді. Осыған байланысты әр кәсіпкер немесе шаруашылықтар өзінің қолында бар мүмкіншіліктерін ұтымды пайдалану арқылы табысты жоғарлату жолдарын іздеуде. Ендігі жерде олар қандай мәселе болсада экономикалық тұрғыдан болжап отыруды есептеуді және бағалауды керек етеді. Яғни әркімге экономикалық білім, оның ішінде есеп қажет.
Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда.Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.
Ішкі экономикалық қызмет ҚазақстанРеспубликасының заңына сәйкес келеді;басқа да қызметтерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңына тыйым салынбаған.
Шруашылық директордан кейін әртүрлі бөлімшерлері бар, соның ішінде ең негізгісі:
- Бухгалтерия;
- бас бухгалтер;
- материалдық жағындағы бухгалтер;
- кассир;
- менеджербөлімшесі; Бас бухгалтер өндірістегі бухгалтерлік есепті кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіне және экономикалық материалды пайдалану мен қаржы ресурстарын бақылау жасайды. Қаржы түсімінің есебін есептеп, тауарлы-материалдың бағасы мен өнімді өткізуді есептеп отырады, кәсіпорының қаржы шаруашылық нәтижесі, қаржылық есептеу мен несиелік операцияларын, кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбекақысын есептейді, мемлекеттік сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік зейнетақы және басқа да қорларға есеп береді. Жалпы өндірістің шығарған өнімі, пайдасы мен шығындарын, баланс активтеріне, банктің несие пайызын, салық төлемдерін, өндіріс орнының жалға беру орнын, жылу энергия, байланыс телефоны және басқа да салықтар мен төлемдерді төлеп, кәсіпорынның жалпы ақшалай қаражатына жауап беріп, басшыларға айдың аяғында есеп беріп отырады. Тауардың материалды құндылығы мен қаржы жағдайының шығынын, ақшаның жетіспеушілігіне, инфляция, кәсіпорын банкрот болып қалмауы үшін жауап береді.
Материалдық бухгалтер.-бұл келген немесе басқа филиалдардан жіберілген дәрі-дәрмектерді есепке алып отырады және қоймадағы күнделікті қалған дәрілер санын бас бухгалтерге хабарлап отырады.
Кассир-күнделікті кіріспен шығысты есептеп,күнделікті пайданы есептеп бас бухгалтерге хабарлап отырады. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге ай сайын беріп отыратын және басқа да ақшалай төлемдерді қабылдап отырады. Бұл кәсіпорында өнімді тек тапсырыс арқылы өндіргендерін шығарады, сол тапсырыс бергендердің ақшалай қаражатына қабылдайды.
Қаржы және еңбек нормасының маманы, экономист.
Еңбек нормасын есептеп, кәспорынның жұмысшы қызметкерлерінің жұмыс істеген уақытын, шығарған өніміне және жұмыс өтіміне разрядына орай еңбекақыларын есептейді. Кәсіпорында ай сайынғы шығарған өнімін есептеп, ақша қаражатының түскен пайдасы мен шығындарының нәтижесін есептеп, жылдың соңында жылдық есеп береді.
Кәсіпорында жұмысшы қызметкерлерінің еңбекақысы мерзімді және кесімді болып екіге бөлінеді, еңбекке қатысты коэффициенті, қосымша еңбекақы, негізгі еңбекақы, кесімді-сыйлықты, мерзімді сыйлықты, болып есетптеледі ЖШС “МедсервисРихтер” өндірістік экономикалық көрсеткіштері жағынан сипаттамасы оның қаржылық есеп беру көрсеткіштерінен байқауға болады. Қаржылық есеп берудің маңызды нысаны болып қаржы-шаруашылық кызметі туралы есеп беру жатады. Ал негізінен табыстар мен шығындар жайлы мәліметті құрайды. Табыс - бұл активтің өcyiн немесе міндеттемелердің кебеюін анықтайды. Бұл есеп беру табыс пен шығындар сомасының салыстырғандағы нәтижесін көрсетеді. Қаржы-шаруашылық стандарттардың №3 стандарттарға қарасты ЖШС “Медсервис-Рихтер” каржы шаруашылық қызметін талдап көрсету ушін оның негізгі "қаржы шаруашылық кызметінің көрсеткіштері» кестесін келтіреміз. Мұндағы коэфициенттер төменгідей:
Көрсеткіштер атауы өткен жыл 2003 жыл Eceптi жыл 2004 жыл Өсу қарқыны,
теңге
%
1 Өнімді өткізуден түскен табыс ( мың тг.) 52916495 75408778 22492283 42,3
2 Өнімнің өз құны (мың тг.) 31231381 47890636 16659255 53,7
3 Жалпы табыс (мың тг) 21685114 27518147 5833028 26,8
4 Кезең шығындары (мың тг.) 14109443 22169222 8059779 43,1
5 Салыққа дейінгі табыс (мың тг.) 4969929 7978310 3008381 60,5
6 Таза табыс (мың тг.) 3418950 5584817 2166867 63,3
7 Негізгі құралдар 77035220 1164024 3936724 51,2
орташа жылдық құны (мың тг.)
8 Қор кайтарымы 6,86 6,47 -0,38 6
9 Қор сыйымдылығы 0,14 0,15 0,01 71
10 Актив айналымы 0,14 0,15 0,01 71
11 Сату табыстары , % 0,06 0,07 0,01 16
12 Актив пайдалылығы 0,16 0,21 0,5 31,8
13 Актив орташа құны 21141490 26566271 5424881 25,9

1-кесте“Медсервис-Рихтер”ЖШС -нің 2004-2005 жылдардағы экономикалық көрсеткіштері




Мына кестеде көріп отырғандай- “Медсервис-Рихтер” ЖШС 2004 жылғы өнімдеріөткеннен түскен табысы 52916495 тг. құраса, бұл көрсеткіш 2005 жылы 2249228Зтг. өciп 75408778 құрады, немесе 53,7%-ға өсті.Өткен өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 31231381 тг., 2005 жылы 47890636 тг. болды, ал ауытқуы 16659255тг болды, яғни 26,8 %-ға ұлғайды.
Жалпы табыс 5833078 тг. өстi яғни 2004 жылы 21685114тг. болса, 2005 жылы 27518142 тг болды, және 43,1%-ды құрады.Бұған әсер еткен факторлар өнімнің өзіндік құндарының төмен болуы, өткізген өнімнің жоғары болуы.
Кезең шығындары 2004 жылы 14109443 тг. құраса, 2005 жылы 22169222тг. болды, өткен жылмен салыстырғанда 80590779 тг. өсті, немесе 60,1% болды.
Салық салынғанға дейінгі табыс 2003жылы 4969929 тг. болды, 2004 жылы 7919310 тг. болды, яғни 300839тг. өсті, 63,1% құрады.
Таза табыс 2004 жылы 3418950тг. құраса, 2005 жылы 5584817 тг. болды, ал өсу қарқыны 21668687 тг, яғни 51,2%-ды құрады.
Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 393б724 тг. өсті, яғни 2003 жылы 77035228 тг. болса, 2005 жылы 1164024 тг. болды, немесе 0,01%-ға ұлғайды.
Ұйымның қор қайтарымдылығы 2004 жылы 6,86 % болса, 2004 жылы 6 % құраса, бұл көрсетіштер 2005 жьлы 71% төмендеп 71 % құрады.
Қор сыйымдылығы 2004 жьлы 16% құрады, ал 2005 жылы 0,15 31,8%- ке өсіп, ауытқуы 25,9 % құраған.
Жалпы бұл ұйымды өркендеп келе жатқан білiктi, мықты кәсіпорындардың бipiнe жатқызуға болады.

1.2 Ұйымның есеп саясаты

“Медсервис-Рихтер” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС-Серіктестік) есеп саясаты Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттары мен әдістемелік ұсынымдарына сәйкестендіріліп жасалынған. “Медсервис-Рихтер” 1999 жылы 26-шы сәуірде Қазақстан Республикасының (ҚР) әділет министрлігінде тіркелген. ЖШС-ң “Тіркеу куәлігі” № 26128-1910 ЖШС. Ұйының мекен-жайы – 480004, ҚР Алматы қаласы, Маметов көшесі 54. Тиісті заңдылықтардың өзгеруіне байланысты “Медсервис-Рихтер” ЖШС-і өзінің есеп саясатының ережелеріне шұғыл түрде өзгеріс енгізіп, құжатты пайдаланушыларға ескертеді. Есеп саясатының жалпы ережелерінде ЖШС-ң бухгалтерлік есебін жүргізудегі және қаржылық есеп беруді құруда Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы” Заңына және Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес талаптарға сүйеніп, Типтік жоспар шоттарын қолданып, сондай-ақ олардың қағидалары, негіздері, жағдайлары, тәртіптері жазылған. Сондай-ақ Серіктестік ҚР-ң 1994 жылдың 16 шілдесінің “Азаматтық Кодексіне” (өзгерістер мен толықтырулармен), ҚР-ң 1998 жылғы 22-сәуірдегі “Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы” заңына сәйкес жүргізеді.
Есеп саясатының келесі бөлімі ұйымның заңды мәртебесі мен ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Міндеттемелердің есебі және аудиті жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Міндеттемелердің есебі және аудиті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]