Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу» болғандықтан, оны толықтай таратып жазу үшін, мен «Ембімұнайгаз» ашық акционерлік қоғамын мысал ретінде жарғысы мен есеп саясатын қарастырып, оған қосымша авторы В.В. Родостовецтің «Бухгалтерлік есеп теориясы мен салалық ерекшеліктері» деп аталатын кітабын, В.Л. Назарованың «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі» деп аталатын кітабын, А.П. Салинаның «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, Қ.К. Кеулімжаевтің «Бухгалтерлік есеп принциптері» деп аталатын кітабын, В.Э. Керимовтың «Өндірістік кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, П.С. Безруких редакциясымен «Бухгалтерлік есеп» деп аталатын кітабын, Е.Н. Галанинаның «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» кітабын және сонымен қатар бюллетень бухгалтера, досье бухгалтера журналдарын тағы да басқа материалдарды қолдандым.
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадан түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсысыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары, мен алдағы уақыттарда табыс алу мақсатында жұмсаған шығындары және алажақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасының Заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс, және де ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестермен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстық активінде көрсетілсе, ал капиталдың қаржыландырылу көздері пассивінде көрсетіледі.
Субъектінің барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай “негізгі” (айналыстан тыс) активтер және “айналыстағы активтер” деп екіге бөледі.
Негізгі (айналыстан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақмерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан тұрады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.
Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауар – материалдық қорлар, дебиторлық алажқтар және басқадай активтер жатады.
Субъектінің мүлкі немесе капиталы оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып мыналар ссаналады:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- бөліньеген пайда.
Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және кредиторлық борыштар жатқызылады.
Жарғылық қор меншік иесі субъектінің кәсіпорының жарғысында қаралған қызметін қамтамасыз ету үшін инвестицияланған қаржылардың сомасы болып саналады.
Меншіктің ұйымдық – құқығының нысанына жәнеменшік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай жарғылық қор мынадай түрлерде болуы мүмкін: шаруашылық серіктестіктердің (толық серіктестік,сенім серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, ашық және жабық акционерлік қоғам)жарғылық капиталы; Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық қор мөлшері субъектінің жарғысында және басқа да құрылтайқұжаттарында белгіленген, өкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтай құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – қоғамның өзінің акцияларын олардың номиналдық құнынан артық құнмен сатқаннан пайда болатын құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – негізгі құралдар мен инвестицияларды қайта бағалағанда олардың құнның өскен сомасынан және тағыда басқалардан туындайды.
Резервтік капитал –кемшекте болуы мүмкін зияндар мен шынымдардың орнын толтыруға арналыпшаруашылық субъектісі өзінің таза пайдасынан бөлінген меншікті капиталдың бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының Заңдары мен шаруашылық субъектінің жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – шаруашылық субъектінің жалпы табысының барлық шағындарын өтегеннен, бюджетке төленген салық сомаларынан және табыстан басқадай бағыттарға пайдаланғаннан қалған бөлігі.
Меншікті капитал өзінің қалыптасу есебіне байланысты кәсіпорын меншік иелерінің құралдарына ие. Оның көлемі кәсіпорынның қызметінің қаржылық нәтижесіне байланысты өзгеріп отырады. Ол кәсіпорынның барлық мүлкі мен міндеттемелерінің айырмасы ретінде түсіндіріледі.
Меншікті капитал келесі көздерден құралады және толықтырылады:
- оның құрылуы кезінде меншік иелері салған құралдар есебінен;
- өткен және есепті жылдың таза пайдасы есебінен. Одан құрылтайшыларға төленген девиденттері мен пайдаларын шегеру керек. Таза пайда кәсіпорынның қолданысында қалатын корпаративтік табыс салығын төлегеннен кейінгі табыстың бір түрі;
- басқа заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшы ретінде қайтарымсыз салған салымдары есебінен.
Кәсіпорынның меншікті капиталы келесілерден құралады:
- жарғылық капитал;
- меншікті капитал;
- алынған капитал;
- қосымша төленген және төленбеген капитал;
- резервтік капитал;
- төленбеген пайда (жабылмаған зиян).
Меншікті капиталдың көлемі маңызды аналитикалық көрсеткіш болып табылады. Егерде кәсіпорын кредиторлар алдында міндеттемесі болса, онда бухгалтерлік есептің негізгі теңдігіне байланысты, кәсіпорын мүлкінің құнының жиынтығы меншікті капиталдың көлеміне тең болады. Егер кәсіпорынның міндеттемесі болса, онда оның меншікті капиталынан міндеттемелер сомасын шегергендегі сомаға тең болады. Сондықтан меншікті капиталдың өлемін “таза активтер” деп атайды.1
Жарғылық капитал – негізінен кәсіпорынның жарғысында анықталған құрылтайшылардың немесе қатысушылардың салымдары есебінен және акцияларды сатудан түскен табыс есебінен құралады. Кәсіпорын капиталының алғашқы көздері. Жарғылық капиталға салынған құралдардың сомасы қайта құрылған кәсіпорынның бастапқы қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өткізгенде оның жарғылық капиталы барлық қатысушылардың салымдарының жиынтық сомасына тең және ол құрылтай құжаттарда көрсетіледі. Меншікті капиталдың көлемі кәсіпорын құрылтайшыларымен белгіленеді және сәйкесінше мемлекеттік ұйымдарда тіркеледі. Тіркеуде жарғылық капиталдың көлемін ұлғайту туралы шешімдер қабылданбауы тиіс. Егер оның алғашқы жарияланған көлемі қатысушылар толықтай төлемеген жағдайда. Кредиторлар меншікті капиталдың кемуі туралы шешімді қайтара алады.2
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының үлестерінен құралады. Жарғылық капиталды құқықтық реттеу оның қызметінде айрықша маңызға ие. Жарғылық капиталдың қызметі үш негізгі категорияға бөлінеді: біріншіден жарғылық капиталға салынған жарналар жаңа құрылған кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін материалдық база болып табылады; екіншіден жарғылық капитал кепілдік сипатқа ие. Шаруашылық серіктестік өзіне тиесілі мүліктер шегінде кредиторлар алдында жауапкершілігі болады; үшіншіден жарғылық капитал қызметі кәсіпорынның әрбір қатысушысының қатыск үлесін белгілейді.
Шаруашылық серіктестік мүлкіне салынған салым болып: ақша құралдары, бағалы қағаздар, материалдық құндылықтар, ақшалай құнға ие мүліктік құқықтар немесе басқадай құқтар саналады. Шаруашылық серіктестіктің қатысушысының салымының құндық бағалау қоғамның құрылтайшыларының келісімі арқылы жүргізіледі және заңмен қарастырылған жағдайда тәуелсіз сараптауға жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес шаруашылық серіктестердің құқтары мен міндеттері, құрылу тәртіптері анықталған. Азаматтық кодекстің 58 бабында шаруашылық серіктестерді құрылтайшылардың үлестері жарғылық капиталға бөлінген коммерциялық ұйым ретінде, ал оның қызметінің нәтижесінде пайда болған мүлкі серіктестікке меншік құқығы ретінде тиесілі. Шаруашылық серіктестің жарғылық капиталына жарна болып ақша құралдары, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқтар соның ішінде интелектуалдық меншік және басқадай мүліктер саналады.
Әрбір шаруашылық субъект өзінің құрылу кезінде құрылтай құжаттары болуға тиісті. Оның басты – Жарғы болып табылады. Құрылтай құжаттарды нотариалдық куәләеніріп Әділет ұйымдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Субъект жарғысында серіктестіктің құрылтайшыларының жарналарынан құралатын жарғылық капиталды жариялайды. Жарналарды бағалау жақтардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Шаруашылық серіктестіктер келесідей формада құрылуы мүмкін:
- толық серіктестік – жарғылық капиталы оның құрылтайшыларымен белгіленеді. Бірақ белгіленген заңдылық актілерінің мөлшерінен кем болмауы тиіс;
- коммандитті серіктестік – жарғылық капиталдың көлемі белгіленген заңдылық актілерінің мөлшерінен кем болмауы тиіс. Салымшылардың жиынтық мөлшері коммандитті серіктестіктің жарғылық капиталының 50 пайызын құрауы мүмкін;
- жауапккершілігі шектеулі серіктестік – жарғылық капитал мөлшері серіктестік құрылтайшыларымен белгіленеді және белгіленген заңдылық актілерінің мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Жарғылық капитал – бұл әртүрлі ұйымдық – құқтық формадағы кәсіпорынның негізгі өнірістік – шаруашылық қызметінің бастапқы капиталы болып табылады.
Жарғылық капитал кәсіпорын меншігін иемденуге, жұмсауға заңды заңдастырылған құққа және сонымен бірге бастапқы өндірістік шаруашылық қызметінің негізгі қаржы көзі болып табылады. Жарғылық капиталдың сомасы кәсіпорынды тіркеу кезінде оның жарғысында көрсетіледі. Жарғылық құрлдарының әсерінен өзгермеуі тиіс.
Жарғылық капиталдың өсуі немесе кемуі жаңа қатысушыларды қосу немесе кемуі жаңа қатысушыларды қосу немесе шығару нәтижесінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жарғылық капиталдың жаңа көлемін міндетті түрде қайта тіркелуі тиіс.
Жарғылық капиталдың қызметі мен құрылуының қарапайымдылығы құжаттарда белгіленген кәсіпорын меншік иелерінің салымдары негізінде қалыптасқанын есте сақтау керек.
Жарғылық капиталдың қызметі мен құрылуының қарапайымдылығы жәй ғана көз алдау болуы мүмкін. Уақыт өте келе қызығушылық танытқан тұлғаларда сұрақтар туғызуы мүмкін. Жарғылық капиталдың құрамы мен құрылуына немқұрайлы құрау, кей мезгілде кәсіпорын қызметіне әсерін тигізе алады.3
- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – жарғылық капитал мөлшері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы сияқты анықталады. Бірақ бұл серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемесіне жарғылық капиталдағы өзінің жарнасымен жауап береді;
- акционерлік қоғам – жарғылық капиталы барлық жарияланып шығарылған акциясының номиналдық құнының жиынтығына тең. Бірақ заңдылықтармен белгіленген мөлшерден кем болмауы тиіс. Акцияларға ашық жазылу жарғылық капиталды толық төменге дейін жол берілмейді.4
Акционерлік қоғам жариаланған жарғылық капиталының мөлшері – 5000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болиауы тиіс және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап 30 күн ішінде төленуге тиіс. Артықшылығы бар акциялар жалпы жариаланған акциялардың жалпы сомының 25 пайыздан жоғары емес құрайды,
- еншілес және тәуелді шаруашылық капиталы акционерлік қоғамдардың бір – біріне екі жақты қатысуымен құралады.
- өнлірістік кооператив – жарғылық капиталы кооператив мүшелері салған пайлар есебінен құралады.
- Мемлекеттік кәсіпорындар – оперативті басқаруға немесе шаруашылық иелігінің құқығына негізделіп құралады.
- Коммерциялық емес ұйымдар – басқарушылық, әлеуметтік мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы басқа қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иелерімен қаржыландырылады және құралады. 5
Жарғылық капиталдық құрылуы ұйымды және оның ұйымдық – құқықтық формасын құру мақсатымен байланысты.
Ең алдымен,құрылу және қызметінң мақсатына байланысты заңды тұлғаларды екі топқа бөліп қарастырамыз: коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар.
Коммерциялық ұйымдар - өзінің қызметінің негізгі мақсаты пайда табу болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар өзінің маманднуынақарай үш түрге бөлінеді: шаруашылық серікткстік және қоғамдар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік кәсіпорындар.
Жоғарыда аталған кәсіпорындардың кез-келген қолайлы жағдайда жарғылық қызметін жүзден асыруға және алға қойған мақсаттарын орындауға кірісуіне болады, егерде оның құрылтайшылар жарғылық капиталға жеткілікті қаражат енгізсе.
Басқаша айтқанда жарғылық капитал ұйымның меншікті құралдарының құралуының негізгі көзі және ұйымға оның меншік иелерінің бастапқы салынған құралдардың жиынтығын көрсетілді. Ұйым үшін оның ішінде неғұрлым жиі кездесетін ұйымдық құқықтық форма шаруашылық қоғамдардың жарғылық капиталының құрылуын қарастырамыз.
Шаруашылық қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылар немесе шаруашылық қоғамының қатысушыларымен салынған ақша қаражаттары, материалдардың және басқадай құралдардың есебінен құралады. Сондықтанда бірнеше заңды және жеке тұлғалардың бірікпен меншігін көрсетеді. Әртүрлі кез-келген ұйымдардың жарғылық капиталның құрылуы оның ұйымдық құқықтық формасына қарастан Қазақстан Республикасының Заңымен реттеліп отырады.
Заңды тұлға немесе шаруашылық субъектісі ретінде кәсіпорының меншікті капиталы жалпы кәсіпорынға тиесілі мүліктерінің құнымен анықталады. Меншікті капитал күрделі құрылымға ие. Оның құрамы кәсіпорының ұйымдық құқықтық формасына тәуелді. Меншікті капиталдың құрылымының негізгі бөлігі – жарғылық капитал.6
Кәсіпорының жарғылық капиталы бастапқы шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін қайта құрылған кәсіпорынға бөлінген құралдар сомасын көрсетеді. Оны акцияларды сату немесе тарату есебінен, жеке қаржы салымдары есебінен, мемлекеттік құралдар есебінен, негізгі құралдардан, материалдық емес активетерден және басқадай мүліктерден немесе мүліктік құқтардан құрылады. Сонымен қатар жаңадан құрылған заңды тұлғаның алғашқы материалдық базасы бола отырып, құрылтпайшыларының үлестерін анықтайды және кепілдік сипатқа ие.
Шаруашылық серіктестің жарғылық капиталына жарна ретінде ақша қаражаттар, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқтар, интеллектуалдық құқтар және басқадай мүліктер жатады.
Құрылтайшылардың жарғылық капиталға табиғи түрдегі немесе мүліктік құқық түріндегі жарнасы ақшалай формада барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе шаруашылық субъектісінің барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешімі бойынша бағаланады. Егерде салынған жарнаның құны эквивалентті жиырма мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, онда оның бағасын тәуелсіз сарапшы бекітеді.
Шаруашылық субъектісінің қайта тіркеу кезінде оның қатысушысының жарнасының ақшалай бағасын бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық есептемемен дәлелдеуге болады. Шаруашылық субъектінің құрылтайшылары мұндай бағалаудан кейін бес жыл ішінде субъект кредиторлары алдында жарна бағасының өскен сома шегінде жауапкершілік алады.
Кей жағдайда субъектіге жарна ретінде мүлікті пайдалану құқығын береді. Мұндай жарнаның мөлшері құрылтай құжаттарда көрсетілген бұл мүліктің барлық пайдалану мерзімін есептеп шығарып пайдалану төемін төлеу сомасымен анықталады.
Жеке мүліктік емес құқтар мен материалдық емес заттар түріндегі жарналарды енгізуге болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бастапқы жарғылық капиталының мөлшері құрылтайшылар жарналарының жиынтық соммасына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды көрсеткен күнгі эквивалентті жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Берілген серіктестіктің қатысушылары серіктстікті тіркеу мерзіміне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25% көлемін енгізу міндетті. Бірақ жарғылық капиталдық минималді мөлшерінен кем болмауы тиіс. Жалпыжиналыстың шешімі мен бекітілген мерзімде барлық қатысушылар серіктестің жарғылық капиталына үлестерін толық енгізуге тиісті. Мұндай мерзім серіктестік тіркелген күннен бастап бір жылдан аспауы керек. Белгіленген мерзімде үлестерді енгізу бойынша серіктестіктің қатысушысы міндеттемесін орындамаған жағдайда серіктестік қатысушымен енгізілмеген үлес бөлігін меншікті капитал есебінен енгізуге немесе оның енгізген бөлігін дейін жарғылық капиталдық келуін жүргізуге тиісті.7
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері барлық жарияланып шығарылған акцияларының номиналдық құнының жиынтығына тең және бірдей валютамен, яғни теңгемен көрсетіледі. Жабық акционерлік қоғам үшін қоғамды мемлекеттік тіркеуге дейін жарияланған жарғылық капиталының толық өтелу тәртібі қарастырылған.
Ашық акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы тіркеу мерзімінде жарияланған жарғылық капиталдың 25%-нен кем емес мөлшерде төленуі тиіс. Жарияланған жарғылық капиталдық минималді мөлшері ашық акционерлік қоғам үшін бес мың еселенгн айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жабық акционерлік қоғам үшін жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде құралады.
Акционерлік жалпы жиналысында анықталған жарияланған санының шегінде акцияларды шығару шарты, мерзімі және саны қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен бекітіледі.
Қоғамның шығарған, төленген жарғылық капиталының мөлшері шығарылған акцияларының номиналдық құнның жиынтығына тең. Шығарылған, төленген жарғылық капитал жаңа акциялар шығару жолымен немесе бұрын шығарылған акциялардың құнын жою арқылы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл кезде де шығарылған акциялардың номиналдық құнының диынтығы қоғамның түріне байланысты шығарылған, төленген жарғылық капиталүшін бекітілген мөл шерден кем болмауы тиіс.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталын өсіруге барлық шығаруға жарияланған жарғылық капиталын өсіруге барлық шығаруға жарияланған акцияларды төленіп және таратылғаннан кейін жол беріледі., ал кемуі – шығарылған төленген капитал мен жарияланған капитал арасындағы айырма сомасы болуы мүмкін.
Жарияланған жарғылық капиталдық өсуі немесе келуі жөніндегі шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды. Оның минималді мөлшерінен кем болуына жол берілмейді.
Жарияланған жарғылық капиталдық келуін, тек баспасөз құралдарында жариялан бұл туралықоғамның барлық кредиторларына, мақала жарияланғаннан бастап 30 күннен кейін ескерте жасалынады немесе жазбаша ескертпе жасалғаннан кейін жол беріледі. Бұл жағдайда кредитор орындалуға тиісті міндеттемені орындамауға немесе мерзімінен тыс тоқтатуға және келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы.
Қоғам жәй және артықшылығы бар акцияларды шығара алады.
Акция – акционерлік қоғамның жарғылық капиталындағы акция ұстаушының үлесі куәләндыратын құқық, бағалы қағаз.
Артықшылығы бар акция – бұл жәй акциялармен салыстырғанда бірнеше артықшылығы бар. Мысалы, девиденд алу кезінде белгіленген ерте мезгілде кепілденген мөлшерде артықшылығы бар немесе қоғамның жойылу кезінде қалған мүмкін артықшылық құқы бар. Таратылған артықшылығы бар акциялардың номиналдық құнының жиынтығы қоғамның жарғылық капиталының 25% - нен артық болмауы тиіс.
Акцияны эмиссиялау шарттары, соның ішінде олардың саны, шығару формасы, сондай-ақ осы акциялардың иелерінде болатын құқығы, қоғамның жарғысында және акцияларды эмиссиялау проспектісінде міндетті түрде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінде белгіленген тәртіппен тіркелуі тиіс. Тіркеу кезінде берілген акцияны шығаруда, оған белгіленген тіркеу нөмері беріледі.
Заңдылықтарға сәйкес акция келесідей акционерлердің құқықтарын куәләндырады:
- дивиденд алуға;
- қоғамның басқарушылық жұмысына қатысуға;
- қоғам жойылғаннан кейін қалған оның белгілі – бір мүмкіне.
Қоғам тек қана аталуы акциялар шығаруға құқылы. Атаулы секциялар қозғалысы, яғни оны ұстаушының ауысуы акционерлік қоғамның акционерлер реестрі деп аталатын арнайы құжатта қатаң тәртіпте белгіленеді. Атаулы акцияны иемденуден болатын құқты, тек қана реестрге жазылып тіркелген акционер немесе оның өкілетті тұлғасы пайдалануы мүмкін.
Акционерлік қоғамның табысы екіге бөлінеді: біріншіден дивиденд төленуге бағытталса, екіншіден бөлінбеген пайда ретінде қоғамның өзінде қалады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жыл соңында акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қоғамның акциялар бойынша дивидентері ақшалай және бағалы қағаздармен төленеді. Дивиденд алуға құқы бар акционерлердің тізімін, белгіленген бастапқы дивиденд төлеу күні құрылуы керек. Дивидендтер меншікті капиталдың мөлшері азайғанда немесе қоғам төлемқабілетсіз еп танылған жағдайда төленбейді. Дивиденд ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Кәсіпорындағы меншікті құралдардың есебі және жүргізу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]