Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі мен аудиті
Мазмұны
1-тарау. Кәсіпорынның техникалық - экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы 6
1.2 Кәсіпорынның есеп саясаты 10
1.3 Аудиторлық тексеру және ақпарат көздері 25
2-тарау. Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру
2.1 Өндірістік шығындардың жіктелінуі және бағалануы 47
2.2 Өндірістік шоттар жүйесі және олардың сипаттамасы 51
2.3 Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі 56
3-тарау. Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың әдістері
3.1 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
мақсаты және әдістері 63
3.2 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
(қарапайым) процесстік әдісі 68
3.3 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
тапсырыстық әдісі 69
3.4 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
бөлістік әдісі 73
3.5 Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың
нормативтік әдісі 76
3.5 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және шығынды есепке
алудың халықаралық практикада қолданылатын әдістері 84
Қорытынды 71
Қолданылған әдебиеттер тізімі 73
Қосымша
Экономиканың нарықтық жолмен даму барысында кәсіпорын қызметiнiң қаржылық мәселелерi күшейе түсуде. Осыған сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар басшылығының ерекше көңiлi бухгалтерлiк есептiң ұйымдастырылуына мән берiлiп отыр. Әсiресе, елiмiзде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлiк есеп стандартының енгiзiлуi ел экономикасының дамуына оң әсерiн тигiзуде. Бұл елiмiздiң қазiргi даму кезеңiнде, оның шетел инвесторларымен қарым - қатынастарының нығаю кезеңiнде маңызды болып саналады. Сондай-ақ 1995 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентi «Бухгалтерлiк есеп туралы» жарлыққа қол қойып, 2002-жылы 24-маусымда ол қайта өзгертулер мен түзетулер енгізіліп заң болып қабылданған болатын. Ал үстіміздегі жылдың 28-ақпанында жаңа №234-III «Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік» -деп аталатын заң жарық көрді.
Бүгiнгi таңдағы ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан - жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық - әлеуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызда нарықтық қатынастарға бет бұрды. Осы негiзде әлеуметтiк, күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талаптарының бiрi болып саналады. Әсiресе, соңғы жылдары экономика iлiмiнде түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық қатынасқа өтуі барысында нарықтық қатынас заңдарына сәйкес өнiмдi өндiруге кеткен шығындарды анықтау өте маңызды орын алады. Себебi, қандай болмасын өнеркәсiп өзi шығарған өнiмдерiнiң өзiндiк құнын анықтап, яғни кеткен шығындарын бiле отырып, оны нарыққа шығаруға тырысады. Ол өнiмнiң сапалы және бағасы жағынан арзан, яғни сұранысқа деген талабына сай келетiндей қылып жасауға ұмтылады. Сондықтан мұндай шығындардың есебiн жүргiзу маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есебiнiң теориясы мен тәжiрибесi үшiн баса қызықтырарлық мәселе болып өндiрiстiк шығындар жатады. Бухгалтерлiк есептiң «Тауарлы материалдық қорлар» бөлiмiнiң өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнына кiретiн шығындардың құрамын қалыптастыру және жiктеу БЕС - 7 стандартының әдiстемелiк ұсынымдары:
1. Осы әдiстемелiк ұсынымдар өнiмнiң өзiндiк құнын құрайтын шығындардың оңтайлы және бiркелкi құрамын анықтауды (жұмыстарды, қызметтердi) бұл шығындарды жоспарлаудың және есепке алудың тәсiлдерiн анықтауды, сондай ақ кәсіпорындар өнiмдерiнiң арасындағы өзiндiк құнды үйлестiру мақсатын көздейдi.
Осы әдiстемелiк ұсынымдарға сәйкес кәсіпорындар өзiнiң қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, өнiмнiң өзiндiк құнының есебi және бағалау жөнiнiдегi саясатты белгiлейдi. Бұл орайда кәсіпорындар әзiрленген өнiмнiң өзiндiк құнын жоспарлаудың, есептеудiң және құнын анықтаудың ерекшелiгiне байланысты оның барлық өндiрiстiк бөлiмшелерi үшiн, егер мұндай бар болатын болса, мiндеттi болып табылады.
2. Бұл әдiстемелiк ұсынымдар өнеркәсiптiк, сондай ақ сауда, қызмет көрсету ұйымдарының субъектiлерiнде де жоспарлау, есепке алу, меншiктi реттеу ережелерiнде қолданылады.
Осы дипломдық жұмысты жазудағы мақсатым – зерттеу объектiсi ретiнде алынған өндiрiс шығындары есебi, аудиті және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн жан - жақты қарастырып, талдап, оны жетiлдiру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Қандай кәсіпорын болмасын, бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруда ең қажеттiлiктердiң бiрi болып өндiрiстiк шығындар есебi және өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi саналады.
Менiң дипломдық жұмысқа «Өнеркәсіптік кәсіпорын шығындарының есебі және аудиті» сондай ақ өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерiн таңдап алу себебiм, өйткенi өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау кез-келген кәсiпорынның түпкiлiктi қаржы нәтижесiн анықтаудағы басты буын болып табылады. Өнiмнiң өзiндiк құны туралы ақпарат тек бухгалтерлiк есеп үшiн ғана емес, сондай ақ жоспарлау, басқарушылық шешiм қабылдау және жалпы бизнестi ұйымдастыру үшiн маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың басты мақсаты Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» акционерлiк қоғамы материалдары негiзiнде, ондағы өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау әдiстерi бойынша өндiрiстiк шығындар есебiнiң дұрыс жүргiзiлуiн және ұйымдастырылуының сондай ақ аудиторлық тексеру жүргiзудi теориялық тұрғыдан зерттеу болып табылады.
1-тарау. Кәсіпорынның техникалық - экономикалық сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) 1965-жылы “Қазақмұнай” бірлестігінің құрамында “Манғышлақ электр желілер” кәсіпорны болып құрылды.
1968-жылы “МЭЖК” “Манғышлакмұнай” өндірістік бірлестік құрамында құрылып, соның салдарында “МЭЖК” “Гурьевэнерго” мекемесі құрамына тапсырылады.
Алғашқы қосалқы станция (ҚС) 1965-жылы құрылып Өзен кентінде, екінші қосалқы станция 1966-жылы Жетібай кентінде құрылды.
1995-жылы нарық қатынастарына өтуге байланысты “МЭЖК” өндірістік басқармасында қайта құрылу болады. Кәсіпорын штатында мынандай мамандықтар пайда болады, яғни экономика және комерция жағынан директор орынбасары, экономикалық жоспарлау бөлімі, кәсіпорынның экономика және қаржылық көрсеткіштерін жоспарлауды жетілдіру бойынша энергияны өткізу бөлімі.
1996-жылы 20-шы қыркүйекте кәсіпорын мен мемлекеттік мүлікті басқару бойынша ҚР Мемлекеттік комитеті арасындағы келісім негізінде “Манғышлақ электр желілер кәсіпорны” (МЭЖК), «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) болып қайта құрылды.
«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) 1996-жылы 4-ші қазанда Маңғыстау облысының Әділет басқармасында №507-1943- куәлікпен тіркелген. Сондай ақ «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) заңды тұлға болып табылады және өзiнiң аталымының көрсетiлуiмен қазақша және орыс тiлiнде елтаңбалық мөрi бар, өз алдына жиынтық балансы бар, есеп айырысу, валюталық және банктегi басқадай шоттары бар. Қоғам қызметiнiң мақсаты барлық қызметтiң түрiнен таза табысты шығару. Қоғам келесiдей қызметтiң түрлерiн iске асырды:
- Сатып алынған және өндірілген электр қуатын тұтынушыларға сату;
- Электрқұрылғыларының, қондырғылардың, құрылыстардың сенімді, тұрақты жұмыс атқаруын ұйымдастыру.
«Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамы (АҚ) өнеркәсіп обьектісі ретіне елді мекендерге, халық шаруашылық обьектілері мен Маңғыстау облысының қалаларына (Ақтау қаласынан басқа), жалпы көлемі 166,6 мың шаршы км, электр энергиясын тасымалдау және бөлуді жүзеге асырады.
“МЭБК” АҚ-ның құрылтайшылары және қатысушылары болып: Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Аймақтық комитеті саналынады. «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) жарғылық капиталы - 909501165 теңге тең. Оның 849582045 теңге немесе 93,8% тең акциясы «Энергосервис» ЖШС басқару фирмасына сенімді басқаруға берілген. Ал «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) ұжымының қарамағында 56319120 теңгенің немесе 6,2% акциялары бар.
“МЭБК” АҚ келесідей кәсіпорын топтарына кіреді:
1)Жұмысшылардың орташа жылдық саны 500 адам бойынша орташа кластық мекеме.
2)активтердің құны бойынша 2347564 мың теңге
“МЭБК” екі шотқа ие:
а) есеп айырысу шоты №1467107 Халықтық банктің Облыстық филиалында;
б) ағымдағы шот №200503 Жаңа Өзен Қаласында Туран Алем банкінде.
Қаржылық есеп берудiң маңызды нысаны болып қаржы шаруашылық қызметi туралы есеп беру жатады. Ол негiзiнен табыспен шығындар жайлы мәлiметтi құрайды. Табыс - бұл активтiң өсуiн немесе мiндеттемелердiң азаюын бiлдiредi. Ал шығындар активтiң азаюын немесе мiндеттемелердiң көбеюiн анықтайды. Бұл есеп беру табыс пен шығындар сомасының салыстырғандағы нәтижесiн көрсетедi. Қаржылық - шаруашылық қызмет туралы есеп беру Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп стандартының №30 стандартында қарастырылған. Ал ендi «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) қаржы шаруашылық қызметiне қысқаша талдау жүргізетін болсақ мына төмендегідей, яғни 1-кестедегідей нәтижелерді біле аламыз.
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс
Актив айналымдылығы = ,
Активтердiң орташа шамасы
Негiгi құралдардың орташа жылдық құны
Қор сыйымдылығы = ,
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс
Қор қайталымдылығы = ,
Негiгi құралдардың орташа жылдық құны
Таза табыс
Сату рентабелдiлiгi = х 100%,
Өнiмдi өткiзуден түскен табыс
Активтердiң Таза табыс
рентабельдiлiгi = х 100%.
Активтердiң жалпы орташа құны
1-кесте. «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» (МЭБК) акционерлiк қоғамының (АҚ) қаржылық-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi.
№ Көрсеткiштер Өткен 2005 жыл Есептi 2006 жыл Ауытқу сомалары
1 2 3 4 5
1 1. Өткiзуден (сатудан) түскен табыс, мың тг. 921649 665696 - 74047
2 2. Өнiмнiң өзiндiк құнын, мың тг. 791040 492790 - 298250
3 3. жалпы табыс, мың тг. 130609 172906 +42297
4 4. Кезеңдiк шығындар, мың тг. 92247 144306 +52059
5 5. Салық алынғанға дейiнгi табыс 29444 37893 +8449
6 6. Таза табыс 23334 11524 -11810
7 7. Негiзгi құралдардың орташа жылдық құны, мың тг. 1753763 1799220,5 +45457,5
8 8. Еңбек өнiмдiлiгi тг. 0 0 0
9 9. Қор қайтарымдылығы, мың тг. 0,52 0,37 -0,15
10 10. Қор сыйымдылығы, тг. 1,92 2,7 +0,78
11 11. Активтердiң айналымдылығы (рет) 0,64 0,5 -0,14
12 12. Сату табыстылығы (рентабельдiлiгi), % 2,5 1,7 -0,8%
13 13. Активтердiң пайдалылығы (рентабельдiлiк), % 1,6 0,8 -0,8%
Мұндағы көрсеткiштер қаржылық - шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы есеп беруден және баланстан алынды. Есептеулерге келсек онда олар келесi жоғарыда көрсетiлген формулалар арқылы есептелiнедi.
2005 жылы активтердiң
айналымдылығы = ӨӨТТ/ А орт ш = 921649/1448882,5 = 0,64.
2006 жылы АА= 665696/1401354,5 = 0,5
Қор сыйымдылығы= НҚ орт.ж.құны/ӨӨТТ
2005ж ҚС=(1733939+1773587)/2/921649 = 1,92
2006ж ҚС=(1773587+1824854)/2/665696 = 2,7
Қор қайтарымдылығы=ӨӨТТ/НҚ орт.ж. құны.
2005ж ҚҚ=921649/(1733939+1773587)/2 = 0,52
2006ж ҚҚ=665696/(1773587+1824854)/2 = 0,37
Сату рентабелдiгi= (Таза табыс/ӨӨТТ) х 100%
2005ж Ср=(23334/921649)х100% = 2,5
2006ж Ср=(11524/665696)х100% = 1,7
Активтердiң рентабелдiлiгi=(Таза табыс/ Активтердiң жалпы орташа құны) х 100%
2005ж Ар=(23334/1448882,5) х 100%=1,6%
2006ж Ар=(11524/1401354,5) х 100%=0,8%
Кестеден көрiп отырғанымыздай 2007 жылы ААҚ «МЭБК» қызмет көрсету, сату көлемi бiршама азайған соған байланысты өнiмнiң өзiндiк құны - 298250 мың теңгеге төмендеді. Сатудан түскен табыстың азаюы сату рентабелдiлiгiнiң - 0,8%-ке кемуіне әкелдi. Бұл субъектiнiң өнімнің өзінідік құнының азаюына негізгі құралдардың тозу сомасының көбеюіне және НҚ сатып алынғанына байланысты. Осының негізінде субъектінің активтер деңгейi де төмендеді. Сонымен бірег активтердiң айналымдылығы -0,14 ретке азайды. Жалпы 2003 жылы ААҚ «МЭБК» өндiрiс рентабелдiлiгi жоғарылаған. Бұл көрсеткiштiң көбеюiне жыл iшiнде жалпы табыстың көбеюi әсер еткен. Сонымен қатар бұл көрсеткiшке негiзгi құралдардың орташа құны мен ағымдағы активтердiң орташа құнының өсуi әсерiн тигiздi. Жалпы табыс +42291 мың теңгеге өстi.
1.2 Кәсіпорынның есеп саясаты
I бөлім. Жалпы жағдайы.
Есеп саясаты “МЭБК” ААҚ-ң жалпы жиналысымен қабылданады және негізгі қағидалар, тәсілдер және тәжірибелік құрылғылар есеп саясатында көрсетіледі.
Бұл құжаттың құқықтық негізін бұйрықтар, нұсқаулар, жағдайлар және т.б. ұйымдық - басқармашылық құжаттар, яғни “МЭБК” ААҚ-ң кәсіптік қызмет жағдайына бейімделген ҚР-ң заңдық және нормативтік актілер негізінде құрылған құжаттар көрсетіледі.
Бұл құжаттар бухгалтерлік және салық есебіндегі қаржылық-шаруашылық операциялардың тіркелуінің негізі болып табылады.
Есеп саясаты және оның ашылуы.
“МЭБК” ААҚ-ы есеп беруді және қазіргі есеп саясатын келесі адресаттарға ұсынады:
а) Жалпы жиналысқа, кез-келген талап еткен жағдайда және кез-келген көлемде;
ә) Тіркелген орнына байланысты салық инспекциясына, бекітілген көлемде және бекітілген мерзімде;
б) Аймақтық мекенжайға байланысты Ұлттық статистика агентігіне, бекітілген көлемде және бекітілген мерзімде.
II бөлім. Ұйымдастырылу құрылымы және заңды статусы.
«МЭБК» ААҚ-ң құрылтайшылары және қатысушылары:
- Мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Аймақтық комитет
Жарғылық капиталдың 849 582 045 теңге немесе 93,8%
акцияға ие, және де олар ЖШС «Энергосервис»
басқарушы фирмасына сенімді басқаруға берілді;
- «МЭБК» АҚ-ның қызметкерлерінің қолында 56319120 теңге немесе 6,2% акция (жазулы).
Жарғылық капиталдың жалпы сомасы – 905 901 165 теңге.
“МЭБК” ААҚ ҚР-ң заңына байланысты заңды тұлға болып табылады және келесідей қызмет түрімен айналысады:
- тұтынушыларға өндірілген немесе сатып алынған электроэнергияларын сатумен және тасымалдаумен;
- Құрылғылар мен беріліс қондырғыларды, электр кұралдарының үздіксіз жұмысын ұйымдастыру.
МЭБК» ААҚ келесідей кәсіпорын топтарына кіреді: ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өндіріске кеткен шығындар есебі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету тетіктері
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Міндеттемелердің есебі және аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Өндіріске кеткен шығындар есебі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендету жолдары
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету тетіктері
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Міндеттемелердің есебі және аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті
Іздеп көріңіз: