Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Мазмұны
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ...................................................................................6
1.1 Материалдық емес активтердің негізі, олардың түрлері және бағалануы... ..6
1.2 Материалдық емес активтердің есебінің ерекшеліктері................................15
1.3 Материалдық емес активтердің есебінің халықаралық тәжірибесі..............22
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС
АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ............................................................................................27
2.1 Зерттелетін кәсіпорынның нарықтағы орны мен есеп саясаты......................27
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен шығысының
есебі мен түгенделуі ...............................................................................................35
2.3 Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі.............................42
3 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АУДИТІ.....................................46
3.1 Материалдық емес активтердің аудитінің мақсаты мен міндеттері,
ақпарат көздері.........................................................................................................46
3.2 Материалдық емес активтердің аудитін жүргізу әдістемесі...........................49
3.3 Материалдық емес активтерге салық салу және оларды есептілікте ашу....52
3.4 Материалдық емес активтерді қолдану тиімділігі мен айналымын талдау 56
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒА ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................65
ҚОСЫМШАЛАР
Нарықтық қатынастардың технологиялық өзгерістерінің тез әрі қарқынды түрде дамуына байланысты бәсекеге қабілеттілікті тек материалдық және қаржылық факторлармен қамтамасыз ету мүмкін емес. Бұндай жағдайда бәсекеге қабілеттілігі мен табыстылығын жоғарлататын құрал ретінде ұйымның қызметінде материалдық емес сипаттағы факторларды қолдану экономикалық қатынатарға түсушілердің ерекше қызығушылығын арттырады. Айналымдағы емес құралдардың құрамында материалдық емес активтердің болуы ұйымның нарықтық құнын ұлғайтады, инвестициялық тартымдылығын жоғарлатады, қиянатшыл бәсекелестіктен қорғайды, сыртқы және ішкі нарықта бәсекелестіктердің артықшылықтарын қамтамасыз етеді.
Алайда, материалдық емес активтер объектілерін құрғанда, қайта бөлгенде және коммерциялық айналымға қатыстыру кезінде оларды қолданумен, есептеумен, басқарумен, аудитпен және талдаумен байланысты көптеген мәселелер туындайды. Заңнамалық базаның жетілдірілмеуі, материалдық емес активтер объектісінің нақты сыныптамасының болмауы, материалдық емес активтер объектісінің есебінің, талдауының және аудитінің әдістерінің теориялық жетілдірудің жетіспеуі сияқты және басқа да мәселелер зерттеу үшін бүгінгі күні біршама өзекті болып келеді.
Айта кететін жай, бұған дейін біздің елімізде материалдық емес активтер түсінігінің өзі болмаған. Нарықтық қатынастардың дамуына қарай бұл түсінік
Қазақстандық бухгалтерлік есеп теориясына кіре қоймай, сонымен қатар тәжірибеде қолданыла бастады. Материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті көптеген сұрақтар туғызады, бұл зерттелетін тақырыптың тәжірибелік маңыздылығын және қажеттілігін куәландырады.
Өндірістің тиімділігін жоғарлатудың басты бағыттарының бірі - материалдық емес активтердің қолданылуын жақсарту, олардың қайтарымдылығын ұлғайту, қызмет ететін материалдық емес активтерді қазіргі жаңарту жүйелерін және құрлымын жетілдіру.
Қазақстан Республикасының есеп жүйесіне материалдық емес активтерді алғаш рет КСРОҚМ 01.11.91ж. № 56 бұйрығымен енгізілді. Бұған дейін материалдық емес активтердің бар болуы жалған капитал ретінде саналды. Соның көмегімен табысты азайту мақсатында фирманың меншік иелері шығындарды өзгерте алады.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің жоқтығы кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін төмендетті. Өндірістің дамуына бірінші шенді рөл атқарған нақты бар капитал - интеллектуалдық меншіктің бар болуы жоқталды. Ал бұл активті танып, оны бағалай білгендерге үлкен табыс алып келеді.
Ән және өлең айту, кинофильмдер мен кітаптар, күрделі химиялық өнімдер, дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, үнемді экологиялық таза технологиялар, интегралды микросхемалар мен ЭЕМ –ге программалық өнімдер сияқты өз елінің тұрғандары мен фирмаларының шығармашылық интеллектуалды қызметінің нәтижесін сату, жоғары дамыған елдерде табыстың басты қайнар көздеріне айналуда. Мысал ретінде АҚШ көрсеткіштерін алуға болады. Мұнда бизнестің мыңдаған бағыттарының ішінде табыстылығы жағынан бесінші орында тұрған шоу- индустрия жыл сайын елге 80 миллиард доллар алып келеді. Кейбір баға беру бойынша патент, сауда белгілері, авторлық құқық сияқты шығармашылық қызмет нәтижесін санкцияланбаған қолданудан болатын Құрама штаттарының табысынан жоғалтулар ғана бүкіл дүниежүзі бойынша 200 миллиард долларды құрайды.
Сондықтан да, кез келген елдің өз азаматтары мен басқа елдің азаматтарының қарамағындағы интеллектуалдық меншікке деген қарым-қатынасы сол елдермен сауда тиімділігіне және көлеміне тура әсер етеді.
Мысалы, интеллектуалдық меншік құқығын иеленетін Американдық ассоцияциясымен пират атанған ( интеллектуалдық құқық меншігін бұзушылыққа қарсы ешқандай шара қолданбайтын ел) және сәйкесінше сондай елдер тізіміне енген ел, АҚШ нарығына жеткізілетін сол елдің барлық тауарларына қатысты АҚШ-пен саудада ең үлкен жайлылық режимінен айырылу мүмкін.
Қазақстан Республикасы өзі тап болған нарықтық қатынастардың шынайылықтарын тани отырып, интеллектуалдық меншікке қатысты сұрақтарды реттейтін нормативтік-құқықтық негіздерін құрастырды және адамның шығармашылық объектілерінің ең маңызды статусын анықтады. Бұл саладағы нормативті – құқықтық актілер толық базасын құрайды және дүниежүзінде белгілі материалдық емес активтердің барлық түрін қамтиды.
Біздің еліміздің территориясында заңмен қатар сондай күшке ие , ал қайшылық кезінде артықшылықты күшке ие болатын интеллектуалды меншікті қорғайтын халықаралық конвенциялар қызмет атқарады. 1993 жылы 16 ақпаннан бастап ИМХҰ (Интеллектуалдық меншіктің халақаралық ұйымы) мен жіберілген арнайы деклорацияға сәйкес Қазақстанда өндірістік меншікке қатысты негізгі төрт халықаралық конвенциялар - 1883 жылы 20 наурызда құрылған өндірістік меншікті қорғау бойынша Париждік конвенция; 1891 жылы 14 сәуірінде құрылған заңдарды халықаралық тіркеу бойынша Мадридтік келісім; 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмде қол қойылған интеллектуалдық меншіктің дүниежүзілік ұйымдастырылуын растайтын конвенция; 1970 жылы 19 шілдесінде Вашингтонда қол қойылған патенттік кооперация жайлы келісім. 1995 жылы 5 қарашасынан бастап біздің еліміздің территориясында 1994 жылы 9 қыркүйегінде Мәскеуде үкімет басшыларымен қол қойылған Евразиялық патенттік конвенция таралған .
Құқық мирасқорлығы тәртібінде халықаралық міндеттемелер және бұрынғы КСРО келісімдер негізінде Қазақстанда сонымен қатар 1952 жылы 6 қыркүйегінен бастап авторлық құқық жайлы Бүкілдүниежүзілік (Женевалық) конвенция қызмет етеді. Бұл жайлы Қазақстан Республикасының үкіметінің деклорациясы 1992 жылы 6 тамызында ЮНЕСКО-ның Бас директорымен алынды.
Сондықтан да, материалдық емес активтердің дұрыс және сауатты анықталуы, бағалануы мен есебі кәсіпорындарының қаржы – шаруашылық қызметінде басты рөлді атқарады, өйткені фирма бағасына және бизнестің шешіміне әсер етеді.
Материалдық емес активтер Қазақстанның нарықтық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңінде пайда болған бухгалтерлік есептің жаңа объектісінің бірі.
Егер батыс тәжірибесін ескерсек, айналымдағы емес материалдық емес активтер нарықтық экономиканың көптеген елдерінде жалпы танылғандығына қарамастан бағалауға, амортизацияға балансқа түсу тәсілімен олардың теңестірілуіне жақындай келу жолдары әлі де қызу дискуссиялардың объектілері болып қалуда.
Бұл отандық есептің реформацилау процесімен байланысты болатын берілген активтердің есебінің методологиясында әрдайым болатын өзгерістермен байланысты, сонымен қатар, салық салумен байланысты заңнамалық базаның қалыптасуымен байланысты.
«Аудиторлық қызмет туралы» заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет процесін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында пайда болатын қатынастарды реттейді.
Материалдық емес активтердің ерекшелігі – олардың заттай - натуралды формасының болмауында және бұл жағдай олардың есебімен, талдауымен және аудитімен болатын қиыншылықтарды анықтайды. Бухгалтерлік есеппен бухгалтерлік есептілікте ұйымның материалдық емес активтері туралы құрастырылу талаптарын бухгалтерлік есеп бойынша Ережеде бекітеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – ұйымдағы материалдық емес активтердің есебі мен аудитін зерттеу.
Зерттеудің міндеті:
- материалдық емес активтердің сыныптамасын, мәселелерін, бағалануын, қағидаларын қарастыру;
- олардың келіп түсуі мен шығуының, амортизациясының есебін анықтау болып табылады.
Диплом жұмысы құрлымы бойынша кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Жұмыс жалпы көлемі 66 беттен тұрады. Оның ішінде 7 кесте, 2 сурет бар.
1 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ МЕН АУДИТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Материалдық емес активтердің негізі, олардың түрлері және бағалануы
Соңғы кездерде кәсіпорындардың мүліктерінде материалдық емес активтердің үлесі өсуде. Бұл көбінесе үлкен технологиялық өзгерістермен, активті инновациялық қызметпен, бәсеке күрестің күшеюімен, ішкі және әлемдік нарыққа танылуға талаптанумен, халықаралық және қаржылық нарықтың күрделенуімен интеграциялануымен байланысты.
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойында пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатта және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді былай анықтауға болады: егерде оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; егерде оны қолданудан болашақта экономикалық олжа алып келетін активтерге жатқызуға болса.
Кәсіпорын материалдық емес активтерді басқарады, егерде оларда материалдық емес активтерді қолданудан күтілетін экономикалық пайда алу құқығы бар болса.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеті мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін болашақ экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер - нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал – жабдықты басқату үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл - парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдардың да, материалдық емес активтердің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін - дискетте, фильм – лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) - қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін (мысалы, патент, тауарлық маркалар), ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қаржы шаруашылық есебін жүргізу
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қаржы шаруашылық есебін жүргізу
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Негізгі құралдардың есебі және аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Банктің қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік есептердің ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақшалардың есебі мен ішкі аудиті
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Кәсіпорындағы бухгалтерлік есебін жетілдіру жолдары
Іздеп көріңіз: