Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қазақстан Республикасындағы қолма қол емес есептi ұйымдастыру
Мазмұны
Кiрiспе
I тарау. Қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастырудың теориялық аспектiлерi.
1.1. Ақшалай айналымы байланыс жүйесi және есептік операцияларды ұйымдастырудың негiзi.
1.2. Ақша қаражатының құрылымдануы және қолма-қол емес есеп айырысу формасы.
1.3. Банк аралық кореспонденттiк қатынас. Корреспонденттiк есеп шоттың ашылу тәртiбi.
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау.
2.1. Қазақстандағы банк жүйесiнiң даму тарихы және нарықтық экономикадағы банктiң ролi.
2.2. Қазақстан Республикасындағы банк iскерлiгiн ұйымдастырудың қазiргi деңгейiн талдау.
2.3. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау (ҚР Ұлттық банк материалдарында).
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары.
3.1. Несиелiк аударымдар, төлемдiк құжаттарды электронды жүргізу механизмдері
3.2. Төлемдiк тапсырманы акцептiлеуде бенефициар банк қызметі, орындау тєртібі
Қорытынды
Қолданылѓан єдебиеттер
Экономикалық реформа жағдайында Қазақстанның несие - ақша және қаржы шаруашылығы елеулi құрылымдық өзгерiстерден өтуде: ақша - несие жүйесi қалыптасуда, несие – қаржы институттарының жаңа түрлерi пайда болуда, нарықтық экономикаға сай екi деңгейлi банктiк жүйе және көп мағыналы меншiк; әкiмшiлiк және жоғары монополиаландырылған мемлекеттiк банктiк құрылымнан динамикалық, икемдi, жеке және коллективтi меншiк несие мекемелерi жүйесiне негiзделген, комерциялық жетiстiктерге бағытталған пайдаға негiзделген құрылымға өттi .
Банк iскерлiгiнiң мәнi оларды басқа органдарда өзгешелендiретiн белгiлi бiр функцияларды орындауына көрiнедi. Банктiк қызметтердi банктiк клиенттi қызықтыратын белгiлi бiр әрекеттердi орындауы деп сипаттауға болады. Кез-келген банк өнiмi негiзiнде қандай да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру қажеттiгi жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек » деп айта кетті.
Сондай-ақ, «Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс».
Коммерциялық банктер жүйесi ақшалай сауданың қалыптасуына, заңды және физикалық тұлға сонымен бiрге мемлекет уақытша бос қаражаттарының экономикалық негiзi болып табылатын ақша саудасын қалыптастырады және оны экономика және тұрғындардың қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қолдануын жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер өз клиентерiнiң шаруашылық iскерлiгiне қызмет көрсетумен байланысты барлық несиелiк, есептiк және қаржылық операциялары түрлерiмен айналысады.
«Қазақстан Республикасы банктерi жайлы» заңға сәйкес банктер келесi операцияларды орындайды.
– депозиттердi ақылы негiзде тартуға;
– клиенттер, банк-корреспондеттер есеп жүргiзуге, оларға кассалық қызмет көрсетуге;
– заңды және физикалық тұлғаларға қысқа мерзiмде қайтарылу, өтелу және төлену шартында және ұзақ мерзiмдi кредиттер беруге;
– меншiк иесi төлеушiсi немесе инвестициалық қаржы таратушыларға капиталды салымдармен қаржыландыруға;
– заңмен қаралған ретте өз құнды қағаздарын шығаруға (чектер, вексельдер, аккредитивтер, депозиттiк сертификаттар, акциялар және басқа қарыздың мiндеттерi);
– төлемдiк құжаттарды және басқа құнды қағаздарды сатуға, сатып алуға және сақтауға, және онымен байланысты басқа операцияларыды жүргiзуге;
– кепiлдiк және үшiншi тұлға үшiн басқа мiндеттердi ақша формасында беруге;
– тауар жеткiзiп беру және қызмет көрсету талаптарына құқық алуға, осындай талаптарды орындауға жәнеинкассациялауға тәуекелдiлiк қабылдауға;
– банктiк операциялар бойынша бiркелкi қызметтердi көрсетуге клиент агентi ретiнде оларды тәуекелдiгiне қатысуға;
– құжаттар және клиент үшiн құнды қағаздарды сақтау бойынша қызмет көрсетуге (сейф бизнесi);
– коммерциялық iстеудi қаржыландыруға, соның iшiнде сату құқығынсыз (форфейтинг);
– клиенттерге тапсырыс бойынша сенiмдiлiк операциялары (қаражаттарды тарту және тарату) жүргiзу, бағалы қағаздарды басқаруға;
– банктiк iскерлiкпен байланысты кеңестiк қызметтердi көрсетуге;
Халық банк арнайы лицензиясы болған жағдайда, банктер шет ел валютасымен басқа банктiк операциялар: тұрғындар салымдарын қржылық тарату; ақша жiберу бойынша қызметтер көрсетуге (инкассация) құқылы.
Осы комерациялық банк операцияларын топтастыра отырып, олар орындайтын негiзгi функцияларды құрылымдауға болады:
1. Уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау, сақтау және молайту (депозиттiк операциялар);
2. Экономиканы және тұрғындарды несиемен қамтамасыз етуге (активтiк операциялар);
3. Қолма-қол емес есеп айырысу есептердi жүргiзу және ұйымдастыру;
4. Инвестициялық iскерлiк;
5. Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтер.
Коммерциялық банктердiң үшiншi дәстүрi-базалы функциасы-нақтылай емес есептердi ұйымдастыру және жүргiзу. Ол банктiк клиенттiк қызметтерге немесе банк комиссиялық операциясына жатады.
Бұл функцияның орындалуы ең алдымен банк есеп шотында мемлекет, тұрғындар және шаруашылық бос ақшалай қаражатының сақталуы мен шоғырлануымен байланысты. Коммерциялық банктер есеп шоттың әртүрiн ашады: есеп-шоттық ағымды, парақтық, депозиттiк, контокорреттiк т.б.
Мұндай есептер физикалық және де заңды тұлғаларға да безендiрiледi. Клиент тапсырылуы бойынша банк жұмысшылары егер сәйкес төлемдiк құжаттар болса құжатта көрсметiлген соманы клиент есеп шотынан алады немесе клиентке аударады. Қолма-қол емес есеп айырысу шот-ол ақшаның банк айналымында қозғалыс, ақшалай соманың салынуы шаруашылық органы есеп шоты бойынша олардың төлемдер мiндетi орындалуы ретiнде жазба түрiнде жүргiзiледi.
Қолма-қол емес есеп айырысудың кең дамуы нақты ақшалар қозғалуы сферасын едәуiр шектеуге және еңбек шығындарымен дайындау, тасмалдау, сақтау және ақшалай белгi тiркеуге байланысты кешiгудi қысқартуға мүмкiндiк бередi. Қолма-қол емес есеп айырысу ақша есептерi тиiстi түрлерiн енгiзу төлемдер және есеп шоттағы ақшалай қаражат айналымы тездетедi, және соңында банктiк ақша айналымын үдетедi. Нақты байланыстар «заң алмасуы», және оның дәлдiгi және үздiксiздiгiне экономиканың тұтас құрылымдық жалп тиiмдiлiгi байланысты. Қолма-қол емес есептер мәнi ең алдымен шаруашылық әрекеттердi аяқталуына байланысты.
Осындай шығын делдалдық ретiнде банктiк өз функцияларын орындауына, және оның дәл, тиiмдi жұмысына, экономиканың қалыпты құрылымдарына банк рөлi байланысты болады.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының актуалдылығын көрсетедi. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есептi ұйымдастыруды үйренуден тұрады:
1. Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп шотты ұйымдастырудың теориялық негiздерiн қарастыру атап айтқанда:
– ақшалай айналым байланысы жүйесi және есептiк операцияларды ұйымдастыру негiзi;
– ақшалай қаражаттың құрылымдануы және қолма-қол емес есептер формасы;
– банкаралық корреспондеттiк қатынас. Корреспонденттiк шоттар ашу.
2. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есептердi ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдауды жүргiзу, атап айтсақ;
– Қазақстандағы банктiк жүйе даму тарихы және нарықтық экономикадағы банктер рөлi;
– Қазақстан Республикасындағы банк iскерлiгi ұйымдастыруының қазiргi деңгейiн талдау;
– Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп шотты ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау (ҚР ұлттық банкi материалдарында);
3. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес шотты ұйымдастыруды жетiлдiру жолдарын анықтау.
І тарау. ҚОЛМА-ҚОЛ ЕМЕС ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТIЛЕРI.
1.1. Ақшалай айналым байланыс жүйесi және есептiк операцияларды
ұйымдастырудың негiзi
Аударым арқылы есеп айырысу – бұл төлеушiнiң шотынан ақшаны алушының шотына көшiрiлiп аударған кезде орындалатын банк шоттары бойынша жазба жолымен ақшалай есеп айырысу. Шаруашылықта аударым арқылы есеп айырысу нақты жүйеде құрылған.Бұл жүйе – аударым арқылы есеп айырысу құрылымы принциптерiнiң және олардың құрылымына қойылатын талаптар жиынтығы, сондай-ақ есеп айырысу түрлерi мен әдiстерi және олармен байланысқан құжат айналымы.
Аударым арқылы есеп айырысудың негiзi материалды өндiрiс болып табылады. Сондықтан төлем айналымының басым бөлiгi (шамамен ¾) есеп шотқа тауар операцияларынан, яғни жөнелтiлген өнiм, орындалған жұмыс және көрсетiлген қызметке ақы төлеу арқылы келедi.
Төлем айналымының қалған бөлiгi (шамамен ¼) ол тауарлы емес операциялардан, яғни кәсiпорындар мен ұйымдардың бюджетпен, мемлекеттiк және әлеуметтiк сақтандыру органдарымен, несие мекемелерiмен, басқару органдары мен сотпен, орбитражбен және т.б. есеп айырысу.
Кәсiпорындар мен оларға қызмет ететiн банктердiң аумақтық орналасуына байланысты есеп айырысу бiр қалалық және өзге қалалық болып бөлiнедi. Бiр елдi жердегi бiр немесе бiрнеше банк мекемелердiң қызметiн көретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы есеп айырысу бiр қалалық немесе жергiлiктi есеп айырысу деп аталады. Әр елдi жердегi орналасқан, банк мекемелерiнен қызмет көретiн кәсiпорындар мен ұйымдар арқылы есеп айырысу өзге қалалық деп аталады.
Тауарға не қызметтерге аударым арқылы есеп айырысу қаржы мiндеттемесiне байланысты есеп айырысу құжатының қозғалысы мен түрiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар әр түрлi формаларда iске асырылады. Есеп айырысу формалары төлем тәсiлi мен оған сәйкес құжат айналымы жататын, бiр-бiрiмен байланысқан элементтер жиынтығынан тұрады. Құжат айналымы – бұл ақша қаражаттары мен есеп айырысу құжатының ресiмделуi және олардың қозғалысы, қолдану жүйесi. Оларға: шот-фактураның жүк тасымалдау үзiндiсi және оны есеп айырысудың басқа қатысушысына тапсыру; есеп айырысу құжатының мазмұны мен оның деректемелерi; есеп айырысу құжатын құрастырған мерзiмi мен оны банкке ұсыну ретi, сондай-ақ банк мекемелерiнiң арасында есеп айырысу құжатының қозғалысы; оның төлеу ретi мен мерзiмi; ақша қаражатын алу және аудару ретi, мерзiмi; есеп айырысуға қатысушыларының өзара бақылауға есеп айырысу құжатын қолдану ретi және экономикалық ықпалдың iске асуы жатады.
Нақ осы шақта шаруашылықтың нарықтық жағдайға көшуге байланысты есеп айырысудың акцептi формасы алынды және өндiрушiлердiң есеп айырысу диктатын шығаруды ұйғаратын және төлеушiнiң өздерiн төлем жасаудың бастаушысы қылатын түрлерiн қолдану ұсынылады.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қазiргi кезде келесi есеп айырысу формаларын қолдану рұқсат етiледi:
• төлем тапсырмасы
• төлем талап тапсырмасы
• чектер
• аккредитивтер
Қаражатты алушы мен төлеушiнiң арасындағы есеп айырысу түрлерi олардың өздерiмен шаруашылық келiсiм хатта анықталады.
Төлем алушы мен төлеушiнiң арасындағы есеп айырысу бойынша өзара талаптары банк мекемелерiнiң қатысуынсыз қарастырылады.
Айтыс-тартыс сұрақтар сотта, орбитражда, аралық сотта шешiледi.
Клиенттiң кассалық есеп айырысу операцияларының орындалуына байланысты банкке қойылатын талабы, жазбаша түрде, өзiне қызмет ететiн банкке жолдайды. Банктердiң өздерi осы талаптар бойынша өздерi мен және КЕО-мен хат алысады.
Шот иесiне саналатын шоттан қаражатты уақтылы емес және оны дұрыс емес көшiргенге, сондай-ақ банк сомасын уақтылы емес және қате есептелiп жазылған әр кiдiрген күнге жазылған соманың 0,5% мөлшерiн төлетуге құқы бар.
Есеп айырысу құжатының бiр данасында мiндеттi түрде банк шоттарын реттеуге құқы бар және мөрдiң бедерлемесiн иеленетiн лауазымды тұлғаның қолы болуы керек. Қаражатты төлеушiнiң шотынан шығынға жазу тек есеп айырысу құжатының бiрiншi данасында жүредi.
Есеп айырысу құжаттары (чектерден басқасы) ереже бойынша шаруашлық қаражатты пайдалану арқылы бiр тәсiлмен көшiрме қағазға жазылады. Чектер сия мен дөңгелек қаламсап арқылы қолмен жазылады.
Есеп айырысу құжаттары орындалуға банктiң операционды күнi барысында қабылданады. Көптеген банктердегi құрылған тәжiрибелерге сай операционды күнi 13 күнге дейiн белгiленедi. Операционды уақытта клиенттерден қабылданған құжаттарға дәл осы қабылданған күнi олармен баланс жүргiзiледi.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу шот иесiнiң банкке өз шотынан нақты ақша сомасын басқа қаражатты алушы кәсiпорын шотына бiр немесебасқа жердегi банк мекемесiне аударудың жазбаша өкiмi.
Қызметтер мен тауарларға есеп айырысуда төлем тапсырмасы келесi жағдайларда қолданылады: төлеушiнiң тауар мен қызметтердi қабылдағанын растайтын тауарлы-транспорттық құжаттың номерi мен уақытын тапсырмаға сiлтеген шартында қабылдаған қызметтер мен тауарларға (яғни тауардың тiке акцепт жолымен); алдын ала көрсетiлген төлемдер мен қызметтер ретiндегi төлемге; тауарлы операциялардың кредиторлық борышын өтеуге; орбитражбен сот шешiмi бойынша тауарлар мен қызметтерге есеп айырысуды; ғимаратқа аренда ақысын төлеуге; көлiк, коммуналдық, тұрмыстық кәсiпорындардың эксплуатациондық қызмет көрсетiлген үшiн төлемдерi және т.б.
Тауарлы емес операциялар үшiн есеп айырысуда төлем тапсырмасын мыналарға қолданыды: бюджетке төлем; банктiк несиенi өтеу және несие бойынша процент өтеу; мемлекеттiк және әлеуметтiк сақтандыру органдарына қаражат аудару; АҚ, серiктестiк тұрғысындағы мекемелердiң жарғылық қорға қаражат жарнасын салуы, акциялар, облигациялар, депозит сертификаттары, банктiк вексельдерiн иелену; айыппұл, өсiм және т.б. төлем.
Төлем тапсырмасы банкке тек төлеушiнiң шотындағы қаражаты жеткiлiктi болса ғана орындалуға қабылданады. Егер банк несиесiн алуға шаруашылық органының құқы бар болса, онда төлемдi iске асыру үшiн оны қолдануы мүмкiн. Тапсырманың жазылған күнiнен бастап 10 күн iшiнде (жазылған күнi есепке алынбайды) күшi бар.
Үздiксiз және бiр қалыпты тауарларды қойғаны және қызмет көрсеткенi үшiн сатып алушылар қоюшы мердiгерлермен жоспарлы төлем ретiндегi төлем тапсырмаларымен есеп айырысуына болады.
Жоспарлы төлеммен есеп айырысу – төлемдi аударудың жоғарғы, өрлеген түрi, өйткенi өзiнiң негiзiнде ақша мен тауарлардың кездескен қозғалыстарын иеленедi. Бұл есеп айырысуды тездетуге, дебиторлы – кредиторлық борыштың өзара төмендеуi, есеп айырысу шаруашылығын ықшамдауға, кәсiпорындар мен ұйымдарға алдын ала төлем айналымын жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
Көрсетiлген жоспарлы төлемдер бiр қалалық және өзге қалалық есеп айырысуға қолданылады. Әр жоспарлы төлем сомасы келiсiм хат бойынша қоюдың көлемi мен алдағы кезеңге фактiлi қою төлем кезеңдерiнiң нәтижесiнде әр жақтан алдағы айға (тоқсанға) орнатылады.
Әр жақ айына бiр рет өзара есеп айырысуды фактiлi қоюдың нәтижесiнде ауыл шаруашылық өнiмдер мен азық-түлiк тауарларға өтiп кеткен кезең үшiн келесi төлемдi есепке қосқанда кредиторлы – дебиторлық борышты мұқият тексерiп шығуға мiндеттi.
Әр жоспарлы төлем үшiн банкке бөлек-бөлек төлем тапсырмасы ұсынылады.
Төлеушi қалаған уақытта банкке алдыңғы айға жоспарлы түрдегi төлем тапсырмасын беруге болады. Бұл жағдайда төлем тапсырмасы арнайы журналға тiркелiнедi және төлем мерзiмi жеткен күнi төленедi.
Кәсiпорындар мен ұйымдарға соманы шектеусiз кәсiпорын арқылы бұл аударымды мына мақсаттар бойынша iске асыру құқы берiлген: қаражаттар жеке есептелiнетiн азамат аттарына (зейнетақы, алимент, еңбекақы, iссапарлық шығындар, авторлық гонорар, т.б.); банк мекемелерi жоқ жерлердегi кәсiпорынға еңбекақы төлеу бойынша шығындар. Бұл жағдайда төлеушi кәсiпорын жақын арадағы почталық бөлiмге төлем тапсырмасын жазып және оны өз банк мекемесiне тапсырады. Тапсырмаға төлеушi нақты алушыға ақшалай аударымдардың толтырылған бланкiлерiн тiркеп қосып жiберу керек, сонымен қатар барлық аударым ауыл шаруашылық жалпы тiзiмнiң, қайсысының қандай мақсатқа, қай қалаға немесе елдi жерге баратынын көрсету керек.
Байланыс кәсiпорындары шаруашылық субъектiлерi арқылы, сондай-ақ банктегi ашылған өз шотына сауда түсiмiн нақты сомасын аударуы мүмкiн.
Байланыс кәсiпорындары сауда түсiмiмен байланысқан барлық ақша аударымдарын жалпы сомасына аударым алушының адресiне төлем тапсырмасын құру керек және оны осы байланыс кәсiпорынына қызмет ететiн банкке өткiзу қажет.
сурет 1
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудағы құжат айналымы
1. өнiмдi жөнелтудi, қызмет көрсетудi шот-фактурамен көрсету;
2. қоюшы мердiгерге қаражатты аудару үшiн банкке төлем тапсырмасын ұсыну;
3. шот бойынша операциялардың көрiнiсiне құжаттар өткiзу;
4. құжаттардың ресiмделiп, КЕО-на берiлуi;
5. төлеушi банкiсiнiң корреспонденциялық шотынан қаражатты шығарып тастап, КЕО-ны несиелiк авизоны жөнелту;
6. қоюшы мердiгер банкiсiнiң корреспонденциялық шотына қаражатты аудару және КЕО-на дебеттiк авизоны жөнелту;
7. қоюшы мердiгер банкiсiнiң корреспонденциялық шотынан қаражатты шығарып, оның есеп айырысу шотына аудару;
8. төлем тапсырмасы бойынша қаражатты аудару жөнiндегi қоюшы мердiгердiң шотындағы үзiндi.
Төлем талап - тапсырмасымен есеп айырысу. Төлем талап - тапсырмасы қоюшы мердiгердiң алушыға жiберген тауарлы құжаттар негiзiнде жөнелткен өнiм, орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшiн келiсiм бойынша қойылған бағаны төлеу талабын көрсетедi. Төлем талап – тапсырмасы фактiлi жөнелткен өнiм мен көрсеткен қызмет негiзiнде қоюшы мердiгерлермен стандартталған бланкiде (3 экземпляр) жазылады және тиеу құжатымен бiрге сатып алушының банкiсiне төлету үшiн барады. Төлем талап – тапсырмасын инкассода да қабылдануы (қоюшы мердiгердiң банксiнде) мүмкiн.
Инкассо – бұл есеп айырысуды тауарлы және ақшалай құжаттар негiзiнде банк өз клиенттерiнiң тапсырысымен оған есептелiнетiн ақша қаражатын басқа кәсiпорындар мен ұйымдардан алуды iске асыратын банк операциясы. Инкассалық қызмет бойынша қоюшы мердiгердiң банкiсiнiң өзi төлем талап – тапсырмасын төлеушiнiң банкiсiне байланыс органдары арқылы арнайы почталарға жiберiледi. Есеп айырысуды тездету мақсатындағы қоюшы мердiгерлер мен төлеушiлер және олардың банкiлерi арасындағы өзара келiсiм бойынша қоюшы мердiгерлердiң банкiсiнен ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қазақстан Республикасының қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстанда банк қызметтерін дамытудың перспективалары және мәселелерi
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Қазақстан Республикасының қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің валюталық операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстанда банк қызметтерін дамытудың перспективалары және мәселелерi
Іздеп көріңіз: