Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік төлемдер
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Тарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық тұрғылары
1.1. Кедендік төлемдер ұғымы және түрлері
1.2. Кедендік төлемдерді алуды ұйымдастыру
2. Тарау. Қазақстан Республикасында кедендік төлемдерді
алудың қазіргі кездегі күйі мен түрлері
2.1. 2002-204 жылдар арасындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын
ұйымдастырудың қазіргі кезеңдегі деңгейі
2.2. Кедендік төлемдерді төлеу ерекшеліктері мен көлемінің
қазіргі кездегі күйін талдау (Алматы қаласы бойынша
Бас Кеден басқармасының үлгісінде)
3.Тарау. Қазақстан Республикасында кедендік төлемдерді алудың
механизмін жетілдіру
3.1. Жеңілдіктер мен преференциялар беруді реттеу
механизмін жетілдіру
3.2. Кедендік төлемдерді төлеу жағынан кеден органдары
қызметінің тиімділігін жоғарлату жолдары
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің үлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртқы сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді
Сонымен, сыртқы экономикалық қатынастарын ары қарай дамыту, халықаралық байланыстарын реттеуді тиімді асыру үшін мемлекеттік басқарудың маңызды элементтерінің біреуін — кедендік жүйені әлемдегі үнемі болып жатқан өзгерістерге сай қалыптастырып, шет елдермен сауда қатынастарын реттейтін кедендік тәсілдерінің тиімділігін жоғарлататын жаңа еңгізулерді үнемі қарастырып отыру керек. Кедендік тарифтерді реттеу кеден саясатының негізгі бағыты болып табылады. Оның себептері бірнеше: біріншіден, кедендік төлемдер бюджеттің кіріс жағының 75%-ке дейін бөлігін қүрайды, өйткені Қазақстан дамушы елдер қатарына жатады (дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 40% мөлшерінен аспайды); екіншіден, халықаралық экономикада жүріп жатқан либерализацияға қарамастан ұлттық экономиканың әлсіз дамыған салалардағы өндірушілерді шет ел бөсекелестерден қорғау мөселесі біз үшін маңызды роль атқарады. Осыған байланысты кеден қызметін, құралдарын жетілдіру кеден төлемдерінің мазмұнын, ерекшеліктерін, мөлшерін қарастыру дипломдық жүмысының тақырыбын таңдауыма себеп болды.
Мемлекеттің жан-жақты қарым-қатынасын реттеудің қажеттілігі өседі, өйткені мемлекеттердің өзара тәуелділігі күшеюде. Әлемдегі барлық мемлекеттер әр түрлі төсілдермен өздерінің сыртқы сауда қызметін реттейді.Сыртқы экономикалық қызмет реттеудің алғашқы әдістерінің бірі -мемлекеттердің ұлттық кеден бақылаужүйесін тиімді жүргізу халықаралық қатынастарда бекітілген нормаларда жөне ережелерге сөйкес болу керек.
Қазақстан Республикасының экономикасы қазір өте тұрақсыз, қиын кезеңнен өткеруде. Сондықтан оған әртүрлі сыртқы сауданы реттеу тәсілдері, бүкіл экономикалық қатынастарда саны үнемі көбейіп тұратын қорғау шаралары қажет.
Осы дипломдық жүмыстың негізгі мақсаты - ҚР кедендік төлемдердің алынуын талдап, бүгінгі таңда олардың ерекшеліктерін, ұлттық экономикадағы рөлін және жетілдіру жолдарын айқындап көрсету. Яғни, осы жұмыстың объектісі болып кедендік төлемдерді алудың қазіргі кездегі жағдайы табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсатын жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды:
- әдебиетте аз зерттелген кедендің төлемдерді
алудың теориялық мәселелерінің кейбір
көріністерін анықтау;
- кедендік төлемдердің қазіргі жағдайын көрсетіп
Алматы қаласы бойынша Бас Кеден
Басқармасының төлем жұмыстарын талдап, оның
нақты резервтерін ашу;
- Қазақстан кеден органдарының төлем алу
механизмдерін жақсарту мөселелерін анықтау.
Диплом жүмысының құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан жөне қолданылған өдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде алған тақырыптың актуалдылығы, қабылдаған мақсат пен міндеттер көрсетілді.
Бірінші тарауда кедендік төлемдердің теориялық мөселелері қаралды.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының кедендік төлемдердің қазіргі кездегі жағдайлары Алматы қаласы бойынша Бас Кеден Басқармасының үлгісінде қарастырылды.
Жүмыстың үшінші тарауынды кеден органдары жағынан берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың қазіргі кезеңдегі жағдайы, сол сияқты бүгінгі таңдағы кеден қызметінің проблемалары жөне жақын болашақтағы тиімділігін көтеретін жетілдіру жолдары анықталды.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізінде шет ел жөне Қазақстан ғалымдарының әдебиет жұмыстары, ағымдағы ақпарат материалдары және ресми түрде шығатын статистикалық мөліметтер қолданды.
1 Тарау. Кедендік төлемдерді алудың теориялық
тұрғылары
1.1. Кедендік төлемдер ұғымы мен түрлері
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
тауарлар мен көлік қүралдарын өткізу кезінде және
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында кеден ісі туралы" Заңмен (бұдан ары — "Кеден ісі туралы Заң") бекітілген басқа да жағдайларда кеден төлемдерінің келесі түрлері алынады.
- кеден бажы;
- Қазақстан Республикасының кеден органдары
лицензияны беру үшін алым;
- кедендік рәсімдеу бойынша маманның біліктілік
күәлігін беру үшін алым;
-кедендік рөсімдеу үшін кедендік алым;
-алдын ала шешім қабылдау үшін төлем.
Кеден бажынан басқалары Қосымша 1-де көрсетілген).
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және бұл аумақтан алып кетілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік баждар салынады. Кеден баждары — тауарларды, бағалы заттарды, әр түрлі қозғалатын мүлікті, оның ішінде кеден ведомствосының бақылауы астында шекара ақылы өткізілетін жылу, электр және тағы басқа энергияларды әкелу, аумақтан асырып өткізу немесе алып кету кезіндегі кеден органдарымен алынатын міндетті түрдегі мемлекеттік ақшалай алымдар. Баж салынатын тауарлар мен баж мөлшерлемелерінің тізімі Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде көрсетілген. Кедендік тариф сыртқы сауданы экономиакалық реттеудің классикалық құралы болып табылады. Кедендік баждар Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасына (СЭҚ ТН) сәйкес жүйеленген және топтастырылған. СЭҚ ТН Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталынады және Тауарларды кодтау мен суреттеу үйлестірілген жүйесіне негізделінеді. Үйлестірілген жүйе (ҮЖ) Дүниежүзілік Кеден Ұйымымен (ДКҰ) жүргізіледі).
Қазақстан Республикасында кедендік тарифті қолдану мақсаттары:
• Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік
құралдарын әкелудің құрылымын оңтайлату;
• тауарларды әкелу мен әкетудің, Қазақстан
Республикасының аумағындағы валюталық кірістер
мен шығындардың тиімді қатынастарын ұстап тұру;
• Қазақстан Республикасының экономикасын шетел
бәсекенің тиімсіз әсерінен қорғау;
• әлемдік экономикаға Қазақстан Республикасының
тиімді интеграциясы үшін жағдай жасау.
Экономикалық мазмұны бойынша кеден баждары келесі түрлерге бөлінеді:
- мемлекеттік бюджеттің кірістерін көбейтуге арналған фискалды баждар;
- ұлттық өнеркәсіптің кейбір салаларын шетелтауарларының
ағымынан қорғау мақсатында қолданылатын протекционистік
баждар;
- белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты
преференциалдық әкелу баждары;
- белгіленген мемлекеттерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты
олардың импортын көтермелеу мақсатымен енгізілетін
жеңілдетілген (ынталандыратын) баждар;
- теңестіретін, яғни импортталатын тауарлардың бағаларын
ұлттық өндірістің тауарлар бағаларымен теңестіру мақсатымен
негізгі әкелу баждарын толықтыратын баждар.
Республикамызда кеден баждар мелшерлемелерінің келесі түрлері қолданылады:
> адвалорлық;
> ерекшеленген;
> аралас.
Адвалорлық (лат. аd lavorет - құн бойынша) мөлшерлемелері баж салынатын тауардың кедендік құнының пайызы мөлшерімен есептелінеді. Адвалорлық ставка бойынша есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула арқылы есептелінеді:
ТС * АС = ТП,
мұндағы:ТС - қолданылып жүрген кеден заңдарына сәйкес анықталынатын тауарлардың кедендік құны, АС -кеден бажының адвалорлық мөлшерлемесі, ТП - кеден бажының сомасы.
Ерекшеленген мөлшерлемелері баж салынатын тауардың бірлігі үшін белгіленген мөлшерінде есептелінеді. Ерекшеленген мөлшерлемесі бойынша есептелінетін кеден баж сомасы келесі формула арқылы есептелінеді:
к * сп = тп,
мұндағы: К - баж салынатын тауар бірліктерінің саны, СП — кеден бажының ерекшеленген мөлшерлемесі, ТП — кеден бажының сомасы.
Аралас мөлшерлемелер — бұл адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелерді қамтитін мөлшерлемелер. Аралас мөлшерлемелерді қолдану барысында кедендік баж сомаларын есептеудің келесі әдістері қолданылады:
■ адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелерді бірге қолдану (мысалы: 5% + 2 евро/кг), яғни адвалорлық және ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінген кедендік баждарының сомаларын қосу;
■ есеп сомасының үлкенін таңдау (мысалы:20%,бірақ 1 кг. Үшін
2 евродан аз емес), бұл кезде төленуге тиісті кеден баж сомасын
анықтау үшін кеден баж сомасы адвалорлық және
ерекшеленген мөлшерлемелері бойынша есептелінеді,бірақ
олардың үлкені төленеді.
Тауарларды әкелу мен әкетуді оперативті реттеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі маусымдық баждарды бекітеді. Бұл кезде кедендік тарифте көрсетілген кедендік баждарының мөлшерлемелері қолданылмайды. Маусымдық баждарының мерзімі жылына алты айдан аспау керек.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында әкелінетін тауарларға баждардың ерекше түрлері салыну мүмкін: арнайы, антидемпингтік, өтемдік.
- Арнайы баждар келесі шаралар ретінде қолданылады: қорғаныс шара ретінде, егер тауарлар ұқсас немесе тікелей бәсекеге түсетін тауарлардың ұлттық өндірушілеріне залал келтіретін немесе келтіре алатын көлемімен немесе шартымен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін болса; басқа мемлекеттер немесе олардың одақтары жағынан кемсіту және тағы басқа (Қазақстан Республикасының мүдделеріне кері әсер тигізетін) әрекеттерге жауапты шара ретінде.
- Антидемпингтік баждар тауарлар Қазақстан Республикасының аумағына әкелетін мемлекеттегі бағасынан төмен бағамен әкелінетін жағдайда қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне материалдық залал келтірсе (келтіре алса) немесе Қазақстан Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жол бермес.
- Өтемдік баждар Қазақстан Республикасының кедендік аумағына өндіріс немесе экспорт кезінде тура немесе жанама түрде жәрдемақылар пайдаланылған тауарларды әкелген жағдайда қолданылады, егер мұндай импорт ұқсас тауарлардың ұлттық өндірушілеріне материалдық залал келтірсе (келтіре алса) немесе Қазақстан Республикасындағы ұқсас тауарлардың өндірісін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жол бермесе.
Әдетте тауардың шығу еліне байланысты кедендік тарифтердің бірнеше мөлшерлемесі болады:
- минималды (негізгі);
- максималды (басты);
- преференциалдық .
Өзара ең қолайлы режимін (ЕҚР) ұсынуды қарастыратын сауда келісімшарттарға отырған мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қатысты минималды мөлшерлеме қолданылады. Сауда келісімшарттар жасаспаған мемлекеттерден әкелінетін немесе шығу елі белгісіз таурлар екі еселенген негізгі, яғни басты мөлшерлемесі салынады.Дамушы мемлекеттерден импортталатын тауарларға кеден бажының преференциалдық мөлшерлемесі салынады. Ең аз дамыған елдерде шығарылған тауарларды әкелу кезінде преференциалдық нөльдік мөлшерлеме қолданылады. Өнеркәсіптік дамыған мемлекеттердің дамушы елдер үшін преференциялары Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауында ұйымдастырылған Преференциялар жалпы жүйесіне кіреді.
Кеден баждарының мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітіледі, бірыңғай болып табылады және Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткізетін тұлғаларға, ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік бақылау кеден ісінін кұрамдас бөліктері
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кеден басқармасының экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
» Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Кедендік төлемдердің жалпы сипаттамасы
Іздеп көріңіз: