Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше

Дипломдық жұмыс: Кеден ісі | Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше

Мазмұны

КІРІСПЕ

І - ТАРАУ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кедендік бақылау жүргізудің ұғымы мен принциптері;
1.2. Кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі;
1.3. Адамның жеке басын тексеріп қарау.
II – ТАРАУ. ЖЕКЕ ТЕКСЕРУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке
қатысушыларды тексеру;
2.2. Жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібі;
2.3. Қол жүгiн, теңдеме жүктi, жүктi, поштаны, борт тағамын, әуе кемесiнiң экипажын бақылау, тексеру мен жолаушылардың жеке басын тексеру.
III – ТАРАУ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ТАЛДАУ
3.1. Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметіне талдау;
3.2. Қазақстан Республикасы кеден органдарының кедендік бақылау жүргізу мәселелері мен оларды шешу жолдары.

І - ТАРАУ. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ

Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін.
Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы кеден iсi тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзудiң, кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың, кедендiк режимдердi қолданудың, кедендiк төлемдерi және салықтарды алудың, кеден iсi саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргiзудiң тәртiбi мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билiк қатынастарына негiзделген кеден саясатын iске асырудың басқа да құралдарын қамтиды.
кедендiк бақылау - Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша, оның iшiнде тәуекелдердi басқару жүйесiн пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.
Кедендiк бақылау жүргiзуді кеден органдарының лауазымды адамадары жүзеге асырады.
Кеден органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына;
2) оларды тапсыру осы Кодексте көзделген тауарлар мен көлiк құралдары туралы кедендiк декларацияға, құжаттар мен мәлiметтерге;
3) кеден брокерi, кедендiк тасымалдаушылар ретiндегi тұлғалардың қызметiне, сондай-ақ жекелеген кедендiк режимдердiң шеңберiнде және уақытша сақтау бойынша кеден қызметтерiн көрсету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың қызметiне қатысты;
4) тауарларды пайдалануға және оларға билiк етуге белгiленген шектеулердiң сақталуына;
5) кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеуге және төлеуге қатысты кедендiк бақылау жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап және:
1) кеден кодексінің 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда, еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады.
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiн осы Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (кедендiк) шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша және осындай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiн осы органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
Өндiрiстiк және өзге кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, тауарлар мен көлiк құралдарын осындай аймақтардың шекарасы арқылы және солардың шегiнде өткiзуге кеден органының рұқсатымен және соның бақылауымен ғана жол берiледi.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi не бақылауы кеден органдарына жүктелетiн қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi ауызша және (немесе) жазбаша, және (немесе) электронды нысанда кеден органдарына беруге мiндеттi.
Кеден органы кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұратып алуға құқылы.
Кедендiк бақылауды жүргiзу үшiн кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан жүзеге асырылатын экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер бойынша ақша операциялары туралы мәлiметтер мен анықтамалар алуға құқылы.
Тауарлар мен көлiк құралдары шығарылғаннан кейiн кедендiк бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден органдары осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын сыртқы экономикалық операцияларға қатысты, ал Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн тауарлар мен көлiк құралдарына, сондай-ақ осы тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын кейiнгi операцияларға қатысты коммерциялық құжаттарды, бухгалтерлiк құжаттаманы және басқа да ақпаратты, оның iшiнде электронды нысандағы ақпаратты декларанттан немесе тауарлармен және көлiк құралдарымен жасалатын операцияларға қатысы бар немесе көрсетiлген құжаттар мен мәлiметтерге иелiк етушi кез келген тұлғадан сұратуға және алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, салық қызметi органдары және өзге де бақылаушы органдары, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, ұйымдарды тiркеудi жүзеге асыратын органдар, нотариустар кеден органдарының сұрау салуы бойынша оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiппен кедендiк бақылау үшiн қажеттi қолда бар мәлiметтер туралы хабарлауға мiндеттi.
Тұлғалар және кеден органдары кедендiк бақылау үшiн қажеттi құжаттарды осы Кодекстiң 431-бабына сәйкес тауарлар мен көлiк құралдарының кедендiк бақылауда болуы аяқталған кезден бастап кемiнде бес жыл сақтауға тиiс. Кеден брокерлерi мен кедендiк бақылаудағы тауарларға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де тұлғалар құжаттарды осындай тауарлармен кедендiк операциялар жүргiзiлген жылдан кейiн бес жыл бойы сақтауға тиiс.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендiк бақылау жүргiзуге жәрдемдесу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шарттық негiзде өзге де ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тартуға құқылы.
Мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардан тартылған мамандар мен сарапшылар мемлекеттiк құпия, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi, сондай-ақ кеден iсi саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.
Кедендiк бақылау кедендiк бақылау аймағында, сондай-ақ тауарлар, көлiк құралдары және олар туралы мәлiметтер, оның iшiнде электронды нысандағы мәлiметтер бар құжаттар орналасқан, кеден органдары айқындайтын басқа да орындарда жүзеге асырылады.

1.2. КЕДЕНДIК БАҚЫЛАУ ЖҮРГIЗУДIҢ НЫСАНДАРЫ
МЕН ТӘРТIБI

Кедендік ресімдеу, күні бұрынғы операциялар жүргізу, тауарларды қайта тиеу, оларды қарау және кедендік тексеру орындары, уақытша сақтау орындары, кедендік бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының тұрақтары, кеден қоймалары, арнайы экономикалық аймақ аумақтары, еркін қоймалар, бажсыз сауда дүкендері және жолаушылармен тауар ағымдарының көлемін, жекелеген аймақтардың және (немесе) сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың сыртқы экономикалық байланыстары дамуының қарқынын негізге ала отырып кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын Қазақстан Республикасы кеден органдарының орналасқан орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Кедендік бақылау аймағы Қазақстан Республикасының кеден органдары белгілеген орындарда құрылады.
Орындарды кедендік бақылау аймағы деп тану үшін:
1) уақытша сақтау орындары деп тану туралы шешім және уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы, кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия;
2) кеден органының орналасқан орны туралы тіркеу құжаты;
3) Кеден кодексінің 20-бабына сәйкес, кедендік ресімдеу орындарын оның ішінде әуежайларда, порттарда, теміржол станцияларында белгілеу туралы Қазақстан Республикасы кеден органының шешімі;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің халықаралық өткізу пункттерін немесе арнайы экономикалық аймақты құру (ашу) туралы акт негіз болып табылады.
Тұрақты кедендік бақылау аймағы мынадай талаптар сақтала отырып таным белгілерімен белгіленеді:
1) автомагистралдарда - жарық шағылыстырғыш қабаты бар ақпараттық-нұсқау белгілерімен және (немесе) "Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың талаптарына сәйкес ішкі және сыртқы жарықтандыру;
2) Ережеде көрсетілген өзге де орындарда - мынадай мөлшердегі белгілермен: биіктігі - 50 см, ені - 100 см. Белгінің көк алаңында ақ әріптермен үш жолға (қазақ, орыс және ағылшын) үш тілде "Кедендік бақылау аймағы" жазуы орындалады. Әріптердің мөлшері биіктігі бойынша - 10 см, ені - 3,7 см болуы тиіс;
3) кедендік бақылау аймағы суда жарық шағылыстырғыш бояумен орындалған "Кедендік бақылау аймағы" жазуы қызыл түсті бояумен белгіленуі мүмкін.
Кедендік бақылаудың уақытша аймақтарын құру туралы шешімді кедендік бақылаудың тұрақты аймақтарынан тыс қарауды немесе кедендік ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Кеден ісі дипломдық жұмыстар, Адамның жеке басын тексеріп қарау кедендік бақылаудың ерекше

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]