Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялау қағидалары
Мазмұны
КІРІСПЕ: ..................................................................................................
І. МҮГЕДЕКТЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК РЕАБИЛИТАЦИЯЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1.1.Әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы .................
1.2. Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты
мемлекеттің әлеуметтік саясаты...............................................................
ІІ. МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ КЛИЕНТТЕРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ЖҰМЫС
2.1. Мүмкіндігі шектеулі клиентермен әлеуметтік
жұмыс технологиясы .............................................................................
2.2. Шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау
тәжірибесІ .................................................................................................
2.3. Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары
және оларды әлеуметтік қорғау ................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................
СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ .............................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..........................................
Зерттеудің өзектілігі: Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту (реабилитациялау) қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан, денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу болса, екінші жағынан, демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан осылардың барлығы әлеуметтік реабилитациялау іс - әрекетінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес ( ББҰ, 1975 ж.) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік, және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерін өздігінше қамтамасыз ете алмайтын адам.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау – олардың құқығын, денсаулығын, әлеуметтік мәртебесін, әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.
1992 жылы бесінші мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 -сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік – денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес олардың тәуелсіз өмірмен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.
1989 жылы БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенцияның тексін қабылдады. Мұнда дамуында кемістігі бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүру үшін олардың құқықтары бекітілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы дем алуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата-анасының қамқорын, адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларацияны қабылдады. Мүмкіндігінше мүгедек балалар оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, өз қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу, мүміндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуде және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек бала үшін ең маңызды мәселе, ол өзінің отбасында немесе қабылдап алған ата-анасының отбасында тұруы қажет деп айтылған. Мұндай жағдайда мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде болуы тиіс және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын ттас құжат БҰҰ қабылдаған “Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі” болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүние жүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.
Өмір ғана құндылық ретнде қарастырылып қоймай, әлеуметтік қалыптасып, аурусыз, қиналусыз өмір сүру де өмірдің сапасы ретінде қарастырылады.
Мүгедек мәселесін адамның әлеуметтік, мәдени ортасынсыз түсіндіру мүмкін емес.(мысалы, отбасы, интернат т. б.) Мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы үлкендер мен балаларға әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық жағдайына да байланысты. Мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруы мен дамымауына сәйкес қана емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдардағы кері түсініктерден, адамдардаң жақтырмай қарауларынан да болады.
Мысалы, церебральный паралич диагнозын қойған бала оған арнайы бейімдеу техникаларын қабылдау, жаттығу жасату, емдеу т. б. көрсетілмесе ол қозғалуға да мүмкіндігі төмендейді. Адамның араласқысы келмеуі, кішкене кездерінен бастап олардың дағдылану қабілеттерін төмендетіп, интеллектуалдық дамуын тежеуі мүмкін.
Отбасы баланы қорғайтын ең негізгі әлеуметтік орта. Кейде балаға қатысты отбасы мүшелері қатігездік көрсетулері мүмкін. Өйткені, отбасының финанстық қамтамасыз етілуіне, демалуына, әлеуметтік белсенділік көрсетулеріне көп шектеулер болады. Сонымен олар өз көңіл-күйлеріндегі қиналыстарды балаға (мүгедек балаға) көрсетулері мүмкін.
Мүгедек баланы әлеуметтік реабилитациялау кезінде отбасының рөлі ерекше орын алады.
Тарихи тұрғыдан “мүгедектілік” және “мүгедек” түсініктері “еңбекке жарамсыз” және “ауру” түсініктерімен байланысты болған. Сондықтан да мүгедектікті талдаудың әдістемелік көзқарастары денсаулықты сақтау саласынан алынып жүрді. Мамандар көп жылдар бойы “мүгедектіктің” шартын мойындамай, оны дұры емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңестірілген. Сонымен құқықтың аясында және нақты экономикалық , психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан қарастырылмаған.
Қазіргі кезде мүгедек өмірлік қызметінің шектелуіне әкелетін және оның әлеуметтік қажеттілігін тудыратын, зақымдану немесе дефектілердің салдарынан организм қызметтерінің қатты бүлінуі бар, денсаулығында ауытқуы бар тұлға ретінде сипатталынды. Мүгедектілік халықтың әлеуметтік жайсыз жағдайының басты көрсеткіші болып табылады. Жалпы мүгедектілік мәселесін шешу үшін оларды әлеуметтік реабилитациялау мен олардың шешу жолдарын табу негізгі болып табылады.
Кез-келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болады.
Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуын көздейтін, өркениетті елдер қатарына қосқысы келетін әр мемлекет халықтың әлеуметтік жағдайын ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік жағдайы, оның ішінде мүгедектердің жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда.
Кез-келген уақытта болмасын бұл мәселелер ең алдымен шешілуді талап етеді.
Әлеуметтік реабилитация – адамның құқығын, әлеуметтік мәртебесін, денсаулығын, іс-әрекетке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені. Бұл үдеріс адамның әлеуметтік ортадағы өмірлік іс-әрекетке деген қабілетін қалпына келтіруге ғана емес, қандай да бір себептермен бұзылған немесе шектелген әлеуметтік ортаның өмірлік іс-әрекетінің жағдайларына бағытталған.
Әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде түрлі құрамдас бөліктер бөлінеді, олардың ішінде медико-әлеуметтік, кәсіби-еңбектік, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-рөдік, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-құқықтық және т. б. Әлеуметтік мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік реабилитациялаудың мәні мен мазмұны тек денсаулықты, еңбекке деген қабілеттілікті ғана емес, тұлғаның әлеуметтік мәртебесін, оның құқықтық қағидасын, моральды-психологиялық тепе-теңдікті, өзіне деген сенімділікті, қоғамға қосылуға деген қабілетті қалпына келтіруде жатыр.
Осы ретте мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялаудың негізгі қағидалары мен құрылымына түсінік береді. Сондай-ақ мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы, сол туралы қабылданған заңдар жүйесі мен қалыптасқан әлеуметтік қайырымдылық ұйымдарын және олардың бағдарламаларын атап өтеді. Жалпы әлеуметтік жұмыстың негізгі айналысатын проблемалары және көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлерімен келтіреді.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін, әлі де қажетті жағдайлар мен тәжірибелік көрсеткіштер керек екенін айтуымыз керек.
Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында және басқа да шет елдеріндегі әлеуметтік реабилитациялық іс-әрекет шеңберінде, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірлік іс-әрекетін қалпына келтіру, олармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің нақты заңдылықтары мен жауапкершіліктері жөнінде маңызды проблемалар көрсетіледі.
Зерттеу объектісі: Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау. Пәні: әлеуметтік реабилитацияның проблемалары және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.
Теориялық маңыздылығы:Мүмкіндігі шектеулі клиенттерді реабилитациялаудың және оларды жұмыспен қамтудың әкономикалық категория ретінде мәнін ашу.
Тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселесін шешуге, мүмкіндіктері шектеулі клиенттердің әлеуметтік оңалуын жақсартуға үлес қосу.
Зерттеу әдістемесі: Себеп-салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық және т.б. әдістемелер.
Күтілетін нәтижелер: Теориялық тұжырымдамалар. Мүгедектерге нақты әлеуметтік көмек көрсетудің жолдарын ұсыну.
Зерттеліну дәрежесі: Шетел социологтарының ішінде зерттеуге үлес қосқан Паула Пиетила, Топиас Кенккелия және т.б.көптеген ғалымдар.
Ресейлік ғылыми зерттеулері үлкен қызығушылық тудырады: Дементьева Н.Ф., Холостова Е.И., Шаталова Е.Ю., Соболь А.Я., Повленко П.Д.және т.б. көптеген ғалымдар.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасыны қатысты Қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой-пікірлер айтып жүрген Межибовская И.Б., Аманбаев А.А., Қалтаева Л.М., Медиев К.Р., Иманалиев К.И., Думбаев А.А. және т.б.
Бітіру жұмысының құрылымы: Көпшілік алдына қорғауға ұсынылып отырған бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, объектісі, пәні, әдісі мен әдістемесі, теориялық және тәжірибелік маңызы, қорғауға шығарылатын ережелер мен зерттеу нәтижесінің апробациясы қарастырылған.
Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі клиенттерге қатысты еңбектер жазған ғалымдардың зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен нормалар, мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қарастырылған.
Жұмыстың негізгі бөлімі екі тараудан тұрады.Бірінші тараудың бірінші бөлімінде,әлеуметтік реабилитацияның принципі мен құрылымы, екінші тарауда мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясаты қарастырылған.
Ал, екінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мүмкіндігі шектеулі клиенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясы, екінші тарауда шет елдегі мүгедектерді реабилитациялау тәжірибесі, Қазақстандағы мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау туралы қарастырылған.
Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау мен оларды қорғаудың мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар көрсетілген.
. мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау;
.еліміздегі мүгедектердің құқықтары және оларды әлеуметтік қорғау;
І.Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау қағидалары
Әлеуметтік реабилитацияның принциптері және құрылымы.
Мүгедектерді әлеуметтік реабилитациялау (сауықтыру, еңбекке жарамды ету институты) кешенді іс-әрекет нәтижесінде жүзеге асады, бұл кешен ұйымдастыру, экономикалық, қала құрлысы, реабилитациялау сияқты әрекеттерден тұрады. Ол мемлекеттік және муниципиалды органдар мен әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау мекемелері және басқа салалардың мемлекеттік емес органдарымен қарым-қатынас жиынтығы арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың іс-әрекеті, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты әлеуметтік саясаттағы мүгедектерге деген көмектің түрлі үлгілерін жүзеге асыру, оның негізінде индивидтің өзінің жағдайына үйренуі ғана емес, сонымен бірге оптималды жағдайда өз-өзіне көмек жасау дағдысын қалыптастыру және әлеуметтік байланыс жүйесін құруға мүмкіндік беретін реабилитациялау іс-шараларынның бағдарламасы жатыр.
Мұндай іс-шаралар негізінде 1995 жылы заң шығарушы актілерде қарастырылған негізгі реабилитациялық бағдарлама жатуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың әлеуметтік реабилитациясының көлемі мен мазмұны, жеткілікті деңгейде реабилитация субъектілері, қоғам, жалпа алғанда мемлекеттің өзінің іс-әрекетінде осыған сәйкес ұйымдастырылатын және жүзеге асатын әлеуметтік бағдарламалардың ұсынатын принциптерімен байланысты.
Мүгедектерге арналған әлеуметтік саясат алғашқыда оқшаулау (изоляция) және өтемақы (компенсация) принциптеріне негізделген. Оқшаулау принципі - әлеуметтік тарих дауының ежелгі кезеңінен бастау алады. Бұрынғы кезде бұл принцип мүгедектерді шеттетуге, оларға қатысты түрлі үрейлердің қалыптасуына алып келді. Бүгінгі таңда ол ортақ жүйелерден бөлінген: тұрақты, кейде өмірінің соңына дейін тіршілік етуге арналған арнайы үйлер, ерекше оқу орындар, мамандандырылған кәсіпорындар және т.б. мүгедектердің өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз етудің ерекше жүйесін жасауда көрініс тапқан. Мұндай жүйеде мүгедектерге күтім жасау және олардың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру жүзеге асырылады, бірақ бұл бірінші кезекте қоғамның дені сау мүшелерінің көзқарасы тұрғысынан іске асады. Осылайша мүгедектердің өздері қоғамнан шеттетіледі және оның қамқорлығының объектісіне айналады.
Өтемақы (компенсация) принципі бойынша - мүгедектердің шығындарын өтеуге ақшалай немесе басқа өтем түрінде: зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу, жеңілдіктер беруге (қоғамдық көлікті, дәрі-дәрмекті қолдануға, пәтерақы төлеуге және т.б.) бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Осы сияқты жеңілдіктер әрине керек, бірақ көмектің жалғыз механизмі бола отырып, олар мүгедектердің қоғамға қосылуына мүмкіндік туғызбады және оларға өмір сүрудің тым төмен стандарттарын қамтамасыз етті (күнелту минимумы деңгейінде немесе одан да төмен). Сонымен бірге мүгедектердің бір қатар қажеттіліктері тек қана ақшалай түрде көрініс таппауы мүмкін, ал әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, қоғамға қосылудың толыққандылығы материалды фактормен жанама түрде ғана байланысты.
Мүгедектерге қатысты саясат идеологиясының өзгеруі, мүгедектіктің әлеуметтік үлгісін қабылдауға өту, мүгедектерге және мүгедектікке қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік құрылымының жетекші принципінің таралуына әкелді. Бұд принцип бойынша барлық тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей[4,24]. Осыған сәйкес мүгедектер қоғамның тек қамқорлық объектісі ғана емес, сонымен бірге өздерінің өзіндік өмірлік іс-әрекетінің субъектілері ретінде қарастырылады. Индивидтің әлеуметтік құқықтары тумысынан және ажырағысыз бөлінбейді, олар арқылы қоғамның мәдени-тарихи дәстүрлеріне, мемлекеттің мүмкіндіктеріне тәуелді белгілі бір әрбір индивидке қолайлы әлеуметтік игіліктердің минимумы көрсетіледі. Олардың ішіне тек күн көруді қамтамасыз етудің қарапайым қажеттіліктерін қанағаттандыру ғана емес, сонымен бірге индивидтің әлеуметтік қажеттіліктерінің барлығы да кіреді. Әрине, бұл қажеттіліктердің бар болуы және оларды ұғыну, мүгедектің қоршаған ортаны, тіршілікті, өзін-өзі және әлеуметтік әлемдегі өзінің орнын түсіну және бағалау мүмкіндігінің дамуы арқылы шектеледі. Шын мәнінде бұл мүмкін болатын оңтайлықты және оның кепілділігінің деңгейінің маңыздылығы біршама деңгейде объективті және субъективті жағдайлармен байланысты, мемлекеттің және осы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қорларының көлемімен шектеледі.
Өздеріне арналған жәрдем қызметінің жұмысын ұйымдастыруға мүгедектерді белсенді қатыстыру, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған принцип. Халықаралық құқықтық құжаттардың бірқатарында, оның ішінде мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты тәртібінде баяндалған, бұл принцип кейінгі кезде шетелдің бірқатар реабилитациялық қызмет тәжірибесінде «Өз өміріңді қалыптастыр, өзгерт» атты бағдарлама ретінде белсенді турде іске асты.Бұл бағдарламаға сәйкес мүгедектер қаржыны қолға алады немесе оларды сауықтыру үшін мемлекеттен немесе муниципиалды органдардан бөлінетін қаржыны жарату құқығын береді.Олар өздеріне пайдалы деп есептейтін қызметтер немесе бөлімдердің іс-әрекетін, қамқор және білікті қатынас жасайтын қызметкерлердің жұмысын төлейді.[2,197].Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі шетел зерттеушілері мүгедектердің өздері мүгедектерге қатысты саясатты және бағдарламаны бағалаудағы ең жақсы сарапшы болып табылады. Алайда біздің пікірімізше мұндай көзқарас шектен шығу болып есептеледі, бірақ болашақта мәні бар екені анық.
Сонымен қатар шетелдік әлеуметтік жүйелердің тәжірибесінен бізге мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың тәуелсіз өмір принципі келді,3 оның мәні - мүмкіндіктерді максималды дамыту және өз-өзіне қызмет ету, өз-өзіне ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау
» Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Айналым қорларының аудиті
» Дипломдық жұмыс: Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Халықты әлеуметтік қорғауды қаржылық қамсыздандырудың жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Қазақстандағы саяси сайлау технологиясын әлеуметтік талдау
» Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау
» Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Айналым қорларының аудиті
» Дипломдық жұмыс: Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: