Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
Мазмұны
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 7
АНЫҚТАМАЛАР 8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 9
КІРІСПЕ 10
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 12
Торта балығының систематикасы және сипаттамасы 12
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 28
Іле өзенінің төменгі ағысының физико географиялық сипатамасы 28
Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтына сипаттама 29
Материал және зерттеу әдістемесі 35
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ 39
Торта балығының морфологиялық талдауы 39
Торта балығының биологиялық талдауы 41
Торта балығының жасын анықтау 48
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ТӘЖІРЕБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54
Торта тұқылар тұқымдасына жатады. Біздің су қоймаларымызда мекен ететін бұл балық – кеңінен таралған балықтардың бір түрі. Торта сияқты сондай кеңінен таралған және барлық жерде болатын басқа балықтар табылмайды. Торта балығын барлық жерден, яғни кішкене өзендерден және тіпті үлкен су қоймаларынан кездестіруге болады. Торта балығының аулау объектісі ретінде кәсіпшілік құндылығы ерекшелігінің болмауына қарамастан, оны көп мөлшерде аулайды.
Қазақстанда ең көп санды негізгі жергілікті балықтардың тұқымы ретінде торта балықтары кең таралған және олар кездеспейтін өзендерде де табылады немесе өте сирек кездеседі, сондықтан ол барлық балықтың көп бөлігін құрайды. Торта балығы біздің өзендеріміздің сағаларында және көптеген көлдерде әрі су қоймаларын мекендегендіктен, біз оны өз зерттеуіміздің объектісі етіп таңдадық. Тортаның өте құнсыз балық болатынына қарамастан, оны тек жергілікті түрде тұтынатындықтан, өзі арзан болған соң, ол төменгі класстағы балықтарға азық ретінде қызмет етеді және осынысымен өзіне баса назар аударады, сол сияқты біздің тұщы суларымыздың ең көп мөлшердегі балықтары болғандықтан, оларға қатты көңіл бөлінеді. Тоғандардың және көлдердің иелері үшін тортаның басты рөлі жыртқыш әрі біршама бағалы балықтарға олардың азық ретінде қызмет етуі болып табылады, демек, торта бірінші немесе екінші жылы олар арқан балыққа, ал одан кейін шортандарға қорек болады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасын зерттеуге арналған. Дипломдық жұмысқа зерттеу объектісі ретінде торта балығы алынды. Зерттеуге торта балығын таңдаған себебіміз: торта балығы Қазақстан суқоймаларында кең таралған, басқа балықтардан сырт көрінісімен айқын ажыратылады, кәсіптік маңызы бар, қазіргі уақытта саны көп және кең таралған балық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. «Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасы»,-тақырыбына сәйкес дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының популяциясының қазіргі жағдайына сипаттама беру. Осыған орай төмендегідей міндеттер қойылады:
1. Іле өзенінің төменгі ағысына әдебиеттік шолу жасау.
2. Іле өзенінің ихтиоценозында торта балығының қалыптасуына шолу жасау.
3. Іле өзенінің төменгі ағысындағы торта балығына биологиялық талдау жасау.
4. Алынған зерттеу нәтижелерін әдебиет көздерімен салыстыра отырып бағалау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс көлемі компьютермен терілген 56 бет. Онда кіріспе, 5 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар. Жұмыста 6 кесте, 12 сурет және 34 әдебиеттер атауы берілген.
Іле өзенінің төменгі ағысын мекендейтін торта балықтары қоныс аударып, жерсіндірілген солтүстік Каспийлік (астрахандық) Rutilus rutilus caspicus торта балықтары болып келеді (Jakowlew ,1870). Олардың жаппай көбеюі Іле өзеніне бөгеттерді тұрғызу арқылы тұйықтағаннан кейін ғана, су басу аймағында қалып қалған балықтардан үйірлер түзілді. Біз зерттеу жұмысына негізгі материал ретінде тортаны (Rutilus rutilus L.) қолдандық. Біздің пікіріміз бойынша торта көптеген басқа бағалы балықтармен салыстырғанда, анағұрлым көбірек назар аударуға лайық болып саналады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Торта балығының систематикасы және сипаттамасы
Класс сүйекті балықтар- Osteichthyes
Класс тармағы сәуле қанаттылар - Aktinopterygii
Отряд тұқы тәрізділер - Cypriniformes
Отряд тармағы тұқы тектестер - Cyprinoidei
Тұқымдас тұқылар - Cyprinidae
Туыс торталар - Rutilus
Түр торта- Rutilus rutilus
Түрше қаракөз- Rutilus rutilus caspicus
Көптеген зерттеушілер [1,2] әртүрлі ареал бөліктерінде мекендеген солтүстік каспийлік торта балығының бірнеше түрлерінің (пішіндерінің) айырмашылықтарын көрсетіп берген болатын. Тортаның аудандар бойынша морфологиялық ерекшеленетін түрлерінің үйірлік топталуы нақты мекендеу шарттарымен тікелей байланысты болады. Балқаш – Іле бассейнінде қаракөз балығын жерсіндіру барысында олар маңызды морфологиялық өзгерістерге ұшырады, сөйтіп олар өзінің негізгі түрлерінен біршама ауытқыды. Бұл өзгерістер мекендеудің жаңа шарттарына, сонымен қатар баяу қозғалыстағы тіршілікке бейімделу себептерінен болды [2].
Олардың денесінің, жүзу қанаттары және көзінің түстері сансыз өзгерістерге ұшырады, бұндай түрленулер бір жағынан ол балық жасынан, екінші жағынан судың құрамының өзгерісінен және басқа жергілікті тіршілік шарттарынан тәуелді болды. Жалпы тортаның жасы өскен сайын жалпақ және жуан, ал көзінің және жүзу қанаттарының түсі көбірек ашық бола түседі. Іле өзенінің төменгі ағысы ареалы шекараларындағы торта келесі белгілермен сипатталады: D 3 8-10, A 3 8-11, бүйірлік сызықтары 40-47; қабыршағы циклоидті; біріншіде желбезекті доғаға ортасындағы шарбақшаларының саны орта есеппен 11 бастап, 16 жетеді; омыртқалар саны 39; аузы төмен; жұту тістері бірқатарлы, 6-5, 5-5, 6-6 [2.2]; кариотип: 2n = 50, NF =82-84; дене ұзындығына қатысты пайызбен алғанда (орта есеппен): бас ұзындығы 22,8-23,4, ал желкедегі басының биіктігі 18-19, денесінің ең үлкен биіктігі 28,2-30,5, ал ең кіші биіктігі 9,5-10, құйрық сабақтарының ұзындығы 20,2-22,5, биіктігі D 20,2-23, биіктігі А 13-15,75, ұзындығы Р 18,2-19,9, ұзындығы V 16,9-18,3. Көптеген зерттеулер әдеттегі тортаның біраз белгілерінің тұрақтануын көрсетті, оның дәлелі ретінде, мысалы, оның қазіргі морфологиясын алуға болады [3]. Дененің ұзындығынан ішектің ұзындығы артық болады. Іле өзенінің төменгі ағысында бұл артықшылық 76-137%, әртүрлі таңдаулардағы орташа артықшылығы 111-117% құрайды. Іле өзені тортасының жыныстық диморфизмі әлсіз байқалады, бірақ жасы өскен сайын көріне бастайды. Жыныстық пісіп жетілген балықтарды алғашқы рет екі белгілері бойынша айырады: ұрғашы балықтармен салыстырғанда еркектерінде олардың денесінің биіктігі біршама кем болады, бірақ арқалық жүзу қанатының биіктігі артық болады. Ересек (орташа ұзындығы – еркек 20,3 см, ал 22,8 см болатын) балықтарда жастары өскен сайын, олардың жыныстық ерекшеліктерінің айырмашылықтары арта түседі: дене ұзындықтарына қатысты пайызбен алғанда еркек балықтар денесінің биіктігі барынша көпке кем болады, антеанальді және пектовентральді арақашықтығы аз, сол сияқты кеуде жалпақтығы азырақ болып келеді, есесіне салыстырмалы түрде көз диаметрі үлкен, арқалық жүзу қанаты биік, кеуделік жүзу қанаттарының ұзындықтары және антепекторальді арақашықтығы көбірек болады [4]. Жыныстық ерекшеліктерінің санақтық көрсеткіштері жоқ.
Сурет 1 – Торта балығы
Жалпы алғанда, торта балығының морфометрикалық белгілерінің өзгерістері оның аса икемді екенін көрсетеді, бірақ ерекшеліктер ішкі түрлік экологиялық сипатта болады. Іле өзенінің төменгі ағысындағы тортаның максимал өлшемі 33,4 см және массасы 800 г. Әдетте, ұрғашы балықтар еркек балықтарға қарағанда ірі болады. Тортаның ересек түрлерінде алтындай қабыршақтары жиі кездеседі, олар көбіне су түбіндегі құмда немесе қиыршықты тасты шұңқырларда мекендейді. Соған қарамастан, күміс тәрізді түстегі торталар Іле өзенінде кездеседі. Дегенмен, торта денесінің бояуы арқасында көк-жасыл түстен күңгірт-күміс тәрізді түске алмасады немесе қарын тұстары да ашық ақ түсте болады. Тортаның төменгі жүзу қанаттары сары бола алады, ал кейде ашық-қызғылт сары түстес болып келеді. Торта арқалық жүзу және құйрықтағы қанаттары әдетте жирен-қызыл қоңыр реңк түсте болады. Нағыз тортада көтеншектегі жүзу қанаттарында 9-13 шұғыласы болады, өйткені солтүстік каспийлік тортада минимум 17 шұғыла және жүзу қанаттарының бояуы, негізінен, ашық түсте болатынын есте сақтау керек [5].
Балықтарды өзара ең қарапайым түрде олардың арқалық және қарындағы жүзу қанаттарының әртүрлі орналасуына қарай ажыратуға болады. Тортаның жүзу қанаттары бір деңгей бойында орналасқан, ал солтүстік каспийлік тортаның арқалық жүзу қанаттары артқа қарай қиғаштала қисайтылған (төменгі қанаттарымен салыстырмалы) болады. Тортаның ауыздары барлық типтерде қиғаш төмен болып келеді; ауызының шеті көздің төменгі тұсынан жоғарырақ болады. Арқалық және құйрықтағы жүзу қанаттары сұр, басқа қанаттары қызғылт сары, қарындағы және көтеншектегі қанаттары қызыл түстес болады. Көз түсінің құбылмалығы сары-қызыл немесе ашық сары-қызыл болатындықтан, бұл балықтардың елеулі айырмашылық белгілеріне жатады [6].
Таралуы
Торта – жартылай өтпелі, үйір құрып тіршілік ететін балық, негізінен Солтүстік Каспийдің тұщылау аудандарында 10 – 12%-ға дейінгі суларында тіршілік етеді. Көбею үшін өзендердің атырауларына көтеріледі.
Жамбыл облысының өзендеріне (Талас өзенінің бассейні) жерсіндірілген нәтижесінде 1958 жылы Билікөл көліне Жайық өзенінің сағасынан 284 дана жерсіндірілген, сонымен қатар 1965 жылы Билікөл көлінен Балқаш Іле бассейніне әкелінген. Балқашқа әкелінген балықтардың саны туралы мәлімет белгісіз Бір мәліметтер бойынша 120 тұқымдық балық жіберілген десе , басқа бір мәлімет бойынша, 12 мың әр түрлі жастағы балықтар делінген. Ал енді бір мәліметте 140 мың дана. Екі бассейнінде де торта жақсы жерсінген. Бүкіл Балқаш көлі және Іле өзені мен Қапшағай су қоймасына дейін таралған. Талас бассейнінде де Билікөл көлінен басқа Аса және Талас өзндерінің төменгі ағысындағы Ақкөл көлі мен Ащыкөл көлінің Тұщылау аудандарына дейін таралған. Торта балығы жай ағынды жылы суларда тіршілік ететін балық. Іле өзенінің төменгі ағысында шұңқырларында және ағын суларында тіршілік етеді.
Бұл балықтарды тек қана су түбінен ғана емес, сонымен қатар ауа райының өзгеруіне байланысты әсіресе жаңбырлы күндері және жәндіктермен қоректенуге судың беткі қабатына көтерілген кезінде, судың ортаңғы қабатынанда кездестіруге болады. Күннің қатты ысып кеткен кездерінде торта балығы әртүрлі көлеңкелерді іздейді мысалы : ағаш көлеңкесі түскен жерлерде немесе сол сияқты балдырлардың астында мекен етеді. Жаз айларында торта балығы азық қоры мол ағынды суларда тіршілік етеді. Жылы суды сүйгіш торта балығы күз айларының бірінші күніннен басталған суығына төзімсіз болғандықтан олар өз үйірлерін құрып судың түбінде мекен ететін қыстық жылы шұңқырларға кіре бастайды. Бұл балықтардың ішіндегі ең ірілері әр қашанда судың түбінде өмір сүреді. Қыс мезгілінде торта балығын жай ағын суларда, өзен жағалуларынан және де судың ортаңғы қабатынан аз мөлшерде ғана кездестіруге болады.
Көбеюі
Тортаның жыныстық жетілуі барлық балықтарда бірдей емес, жастық құрамы бірдей балықтардың өзінде де жыныстық жетілуі әр түрлі, соның ішінде аналықтары аталықтарынан бір жыл бұрын жетіледі. Сонымен Солтүстік Каспийдегі өрістейтін балықтардың жасы 2 ден 5 жас аралығы, бірақ жартысына жуығы 3 жылда жыныстық жетіледі. Солтүстік Каспийдің Шығыс бөлігінде торта балығы Батыс бөлігімен салыстырғанда баяу жетіледі ал, Жайық үйірінде 3 – 4 жылда жетіледі.
Басқа су қоймаларға жерсіндірілгеннен кейін тортаның жыныстық жетілуі өзгермеген. Талас бассейнінің көлдерінде тортаның басым бөлігі 3 жылда, жиі – 2 жылда жыныстық жетіледі, ал жерсіндіргеннен кейін жеке аталықтар 1+жасында жыныстық жетілген. Іле өзенінің төменгі ағысында торта балығының басым бөлігі 3жылда, бірақ кей топтары (әсіресе аталықтары) – 2 жылда , алғаш жыныстық жетілген балықтардың ұзындығы, аналықтары 16 – 17 см, аталықтары 13 – 15см. Іле өзенінің төменгі ағысына жерсіндіргеннен кейін трота балығының жыныстық жетілуі баяулады және алғаш жыныстық жетілген балықтарың жасы 6 жылға жетті. Оогенез және аналық бездерінің пісіп жетілу шкаласы. Оогенез екі типке болінеді:
- диффузды оогенез - ооциттер жануардың денесінің әр түрлі бөлігінде дамиды;
- локальды – ооциттер арнайы мүше – гонадада пайда болады.
Локальды оогенез солитарлы және фолликулярлы оогенезге бөлінеді:
- солитарлы оогенезде ооциттердің өсуіне қосымша клеткалар қатынаспайды;
- фолликулярлы оогенезде ооциттер бір немесе бірнеше қабат клеткалардың фолликулярлы эпителидың қоршауының ішінде дамиды.
Сонымен қатар нутриментарды оогенез болады, бұл оогенезде ооциттердың өсуіне қажет клеткалар – трофоциттер қатысады. Трофоциттер - жыныс клеткалардың өзгерген түрі. Балықтарда алиментарды типке жататын фолликулярлы оогенез. Фолликулярлы клеткалар гонаданың соматикалық клеткаларынан дамиды. Олар ооциттердің өсуі мен пісіп жетілуіне активті қатысады, себебі олар жүйке және энтокринды мүшеден келген стимулдарға арнайы белоктар мен гормондарды синтездетіп жауап бере алады.
Төрт кезеңі болады: 1 – көбею немесе оогониальды кезеңі; 2 – превителлогенез немесе цитоплазматикалық, протоплазматикалық не кіші өсу кезені; 3 – вителлогенез, трофоплазматикалық, дейтоплазматикалық не үлкен өсу кезеңі; 4 – пісіп жетілу кезеңі.
1 – көбею немесе оогониальды кезеңі. Жыныс клеткалар – оогониялар, олар АЖК клеткалардың ұрпақтары. Митотикалық бөлініп оогониялар жыныс клеткалардың қор фонды құрылады. Оогониялар жыныс клеткалардың ең ұсағы, олардың диаметрі 10-20 мкм, ядролары ірілеу (5-7 мкм), хроматин заты шет жағында орналасаты, ядрошысы бәр. Жұмыртқа қабығы мембрана ретінде дамыған, оған бірең-саран бездің строма клеткалары қосылып жатады.
Балықтардың жыныс бездерінде оогониялар тек ерте онтогенезінде болады, жұмыртқалы пластинкалар ол кезде болмайды. Ересекті балықтарда оогониялар жұмыртқалы пластинкалардың шетінде орналасады, митотикалық бөлініп олардың саны өмірдің белгілі кезеніңде өседі, мысалы горчакта көбею уақытында, оңғақ пен шырма балықта – уылдырық шашқаннан кейін.
2 – превителлогенез кезеңі. Осы кезеңде ооциттерде цитоплазманың саны және ядроның мөлшері үлкейеді. Оларды 1-ші реттік ооциттер деп атайды.
Осы кезеңнің басында ооциттің ядросы мейоздың 1-ші бөліну профазасына кіреді, ол ең усақ оогонияларға ұқсас клеткаларда басталады. Ооциттер бірінен кейін бірі профазаның лептотена, зиготена, пахитена және ерте диплотена сатыларынан өтеді;
- лептотена сатысында ядрода хромосомның жіңішке жіпшілері пайда болады;
- зиготена немесе синапс сатысында гомологты хромосомалардың коньюгациясы өтеді, олар қатты спиральданып ядроның бір полюсында орналасады (бұл сатыны шоқ немесе синаптикалық шоқ деп атайды);
- пахитена сатысында коньюгацияланған хромосомала тарқауы басталады және қос хромасомалардың – биваленттік құрылуы басталады. Осы сатыда ядрода экстрахромосомды ДНК белгіленеді, ол тығыз денешік ретінде алғашқы ядрошыққа қосылып жатады. Бұл денешіктің қызметі - көптеген шеттік ядрошаларды құрастыру;
- кейін ядро диплотена - қос жіпшелері деп аталатын сатысына өтеді. Мейоз бөлінуі осы сатыда тоқтап қалады, оның ары қарай қайтадан бөлінуі оогенездің пісіп жетілу кезенінде ғана басталады. Ядрода хромосомдардың деспирализациясы жалғасып өтеді, және олар жарты ұрпаққа – хроматидаларга.
Лептотена мен зиготена сатысында ооциттердің өсуі байқалмайды; пахитена сатысында ядро мен клетка кішкене ғана өседі, ооциттын өсуі диплотена сатысында басталады, осы сатыда ядронын мөлшері 5-6 ретке үлкееді. Ядроның қабығы (мембранасы) бүктесініп цитоплазмаға томпайып шығады. Хромосомалар көптеген бүйір ілгек құрайды сондықтан олар "ершик" не "лампалық шетинкалар" түрде болып келеді. 19 ғасырда "лампалық шетинкалар" деген терминді неміс ғалымдар атағаң содаң бері осы термин сақталынып қалды.
Хромосомалардың бүйір ілгектер ол жоғарғы функциональды активті жағдайда болып тұратын деспирализацияланған хромонемалардың бөлшектері
3 - Вителлогенез кезені. Тез өсу фазасы. Ооцит қысқа уақытта (бір неше күннен – аптаға дейін) өзінің соңғы көлеміне жетеді. Жұмыртқа негізгі сары уыз массасы жиналады. Вителлогенин – ақ уыз ол бауырда синтездейді, ал ооците вителинге айналады. Ол қан арқылы ооциттің периоцитті аймаққа әкеліледі. Арнайы концентрация болуына фолликулярлы клеткалар әсер етеді.Вителлогенин ооциттарға пиноцитоз көпіршіктері арқылы кіріп, ооцит цитоплазмасында бір – бірімен қосылып, алғашқы (примордиальды) сарыуыз гранулаларын түзейді Бұл гранулаларға аппарат Гольджи бар көпіршіктер де қосылады сонда олар дифинитивті сары уыз гранулаларына айналады.
Ооцит дамуы фолликулда өтеді, ол бір қабатты фолликулярлы эпителийден және екі қабатты өзара байланыстырғыш ұлпа қабықша - текадан түрады. Тека интерна, тека экстерна, олардың арасында қан капиллярлары орналасады. Фолликулярлы қабшықтың және теканың арасында базальды мембрана жатады. Фолликулярлы клеталарда және байланыстырғыш ұлпа қабықшада өсу уақытында клеткалық органеллалар, әсіресе эндоплазматикалық тор және аппарат Гольджи саны өседі.
Фолликулярлы клетка микропилені жауып тұрады.
4 – пісіп жетілу кезені. Ядро анимальді микропилле бар жаққа өтеді, ядрышықтары центрде жиналады. Хромосом спирализациясы басталады.
Цитоплазма ооциттің анимальды жағында жиналады, сарыуыз кристалл жүйесін жойып, суланады.Фолликулярлы клеткалар жоғары болып олардың макроворсинкалары сәулелі қабаттын өзектерінен шығып микропилені жауып түрған клеткадан босатылады, сонымен қатар периооцитті кеңістігі кеңейеді. Фолликулярлы қабаты жарылып жұмыртқа гонаданың қуысына немесе дене ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі
Іздеп көріңіз: