Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі

Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 7
АНЫҚТАМАЛАР 8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 10
КІРІСПЕ 11
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 13
1.1 Қапшағай су қоймасының физико - географиялық сипаттамасы 13
1.2 Мөңке балығының систематикалық орыны және биологиялық сипаттамасы 17
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ 30
2.1 Зерттеу материалы және әдістері 30
2.2 Жиналынған матеиралдарды өңдеуге қолданылған әдістемелер 30
2.3 Балықтарды биологиялық талдау әдісі 31
2.4 Жыныстық жетілуі кезеңдерін анықтау әдісі 33
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР 38
3.1 Қазақ балық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институтына сипаттама 38
3.2 Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты 44
3.3 Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты 48
3.4 Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері 50
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54

Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо - биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу.
Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры.
Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нан тұрады, ол биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлар етінен бірқатар артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының болуымен және жеңіл қорытылуы мен жақсы сіңірілуіне байланысты, балық етін диеталық тағамға жатқызуға болады.
Балықтардың жекелеген түрлеріне қарай майдың құрамы түрлі болады. Ең азы шортанда – 0,5,-1%, ең көбі жылан балықта – 32 %. Тұқы балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%.
Витаминдердің құрамы бойынша, С витаминінен басқасынан балық жемістер мен көкеністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин) лимонға қарағанда 2 есе, В1 – витамині 3,5 есе, В2 – витамині 6,5 есе және 15 есе РР витамині артық.
Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады, ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын компонент б.т. Балықтардың және ауыл шаруашылық жануарларының рационындағы компонентердің бірі балық ұнын, желім өндіретін тағы басқа жағынан маңызды балықтардың бірі мөңке болып табылады.
Күміс мөңке Қапшағай су қоймасына жерсіндірілген. Мөңке балығы өте ұзақ өмір сүретін балық, ол тез су айдындарына бейімделген және ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады. Осындай жағдайда мөңке балығы суққа шыдамды. Суық кезде суда мұз болып қатып, бірақ күн қалай жыли бастағанда оның мұзы ерігенде қайтадан тіріледі.
Дипломдық жұмыстың базасы Алматы облысы Қапшағай су қоймасы және Іле өзені болып табылады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1.1 Қапшағай су қоймасының физико – географиялық сипаттамасы

Қапшағай суқоймасы Қазақстан суқоймаларының ішінде балық шаруашылығы жағынан ірі су қоймалардың бірі болып табылады. Суқойма Іле жазығының батыс бөлігінде орналасқан. Қапшағай суқоймасының негізгі саласы болып Іле өзені табылады, сонымен қатар оны Шелек, Қаскелең, Кіші Алматы, Көтентай, Саз – Талғар, Есік, Қараөзек, Қарасу, Лавар, Терең – Қара, Ақтоған және Шеңгелді секілді кіші өзендер толықтырады. Ілі өзенінің су жинағыш ауданы 130 км2 асады. Іле өзені өзінің бастауларын Теріскей-Алатау тауларынан алады. Қапшағай суқоймасы Іле өзенінің орта ағысында, Алматы облысының территориясында салынған [36,37].
Қапшағай суқоймасын толтыру жұмыстары 1970 жылдары басталған. Жобалық сипаттамалары: ауданы 1850 км2, көлемі 28,14 км3, ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15,2 м, ең терең жері – 45 м.
Суқойманы салудағы мақсат – су жүйесінің көп жылдық реттелуі. Негізінен энергетикаға және балық шаруашылығын дамыту үшін, жерлерді суғару мақсатында пайдаланылады. Қапшағай суқоймасының деңгейі негізінен Іле өзенінен келер судың мөлшерімен және ГЭС – тен судың тасталуымен тікелей байланысты. Қапшағай суқоймасының оң жақ жағалауы өзіне тән айтарлықтай терең және күшті желді құбылыстармен сипатталады.
Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы тегісті және таязды болып келеді. Бұл суқойма деңгейiнiң өзгеру кезіндегі жағалау сызығының құбылмалдылығын көрсетеді. Сол жағалаудағы судың лайлы болуыда осыған байланысты [37,38,39].
Суқойманың жоғарғы бөлігі жағалау сызығымен соғатын қатты желдермен сипатталады. Бұл жерлерде жыл бойына желді күндер көп болады. Сондықтанда қысты күндері бұл аймақтарда мұз басуы тұрақсыз болып келеді. Бұл жерлерде термоклин құбылысының болмауыда осы қатты желдердің арқасында су қабатында үлкен толқын туғызып судың тез араласуында болып отыр. Іле өзенінің әсері құярлық аймағынан алыстаған сайын, су желiсiнде тұнба бөлшектерімен жетіліп отырады. Жалпы суқойманың жоғарғы бөлігіне судың жоғары лайлылығы және салыстырмалы түрде таязды тереңдіктер тән болып табылады [44].
Суқойманың гидрологиялық режимінің кәсіптік балық қорына, басқа гидробионттардың қалыптасуына маңызы зор және олардың өмірлерінің барлық кезеңдеріне әсерін тигізеді. Ол суқойманың қоректік қорымен, балық қорыменен, балықтың өрістеу, қоректену, тіршілік ету ортасымен тығыз байланысты.
Су деңгейіне байланысты көктемгі (күзгі) өрістеуі, балық қорын көбейтудің ең тиімді фактордың бірі болып табылады.
Балықтардың көктемдік өрістеуі мұз ерігеннен кейін бірден басталады.
Уылдырық шашуға өрістеуді кәсіптік балықтардың ішінде бірінші болып торта бастайды, суқойманың сол жақ жағалауындағы таяз суларда, сондай-ақ, суқойманың құярлығында көптеп жинақталады. Су температурасы 8-9 °С - қа көтерілгеннен бастап уылдырық шашуы басталады.
Суқойманың таяз суларына және өзен сағаларына уылдырық шашуға тортадан кейін көксерке өрістейді. Оның уылдырық шашуы сәуір айының басы мен ортасында жүреді. Бақылаудағы аулауда сәуір айының үшінші декадасында көксерке тегістей уылдырық шашып болды.
Сәуір айының ортасынан бастап тыранның уылдырық шашуы басталады, көп бөлігі суқойманың жағалауына шашады, ал аз бөлігі Іле өзенімен көтеріле отырып жағалаудағы көлшіктерде шашады. Алдыңғы түрлерден ерекшелігі тыран уылдырықты бөліп шашатын түрлерге тән шашу кезеңі 1,5 айға созылады. Сәуір айының үшінші декадасының басында-ақ уылдырықтың алғашқы үлесін шашқан ірі балықтар кездеседі, жалпы тыран балығының көпшілігі уылдырықты мамыр айында шашады. Сонымен қатар, бақылаудағы аулауда маусым айының бірінші декадасында уылдырығын шашпаған кейбір балықтар да кездеседі.
Көрсетілген түрлерден ерекше, өсімдікпен қоректенетін балықтар – дөңмаңдай мен ақ амур уылдырығын су қабатында, уылдырығының дамуы жүретін су ағысына шашады. Осы жылы дөңмаңдайдың уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының алғашқы декадасында басталды, өрістеудің қарқындылығы арта бастады да мамырдың соңына қарай өз шегіне жетті, содан кейін қарқындылығы ақырындап төмендей түсті.
Ақ амурдың алғашқы уылдырық шашуы сәуір айының соңы – мамыр айының басында жүреді. Уылдырық шашуға қарқындылығы мамыр айының екінші-үшінші декадасында жүреді. Маусым айының алғашқы декадасында амурдың уылдырық шашу қарқындылығы төмендеп, уылдырықты аналықтар аз кездесті.
Іле өзенінде және оның басты тарамдарында, яғни, уылдырық шашатын құярлықтары мен өзеннің көлшіктерінде дөңмаңдаймен бірге жайынның да өрістеуі басталады. Бастапқыда жынысқа жетілген, салмағы 3,5 – 4,0 және 5 - 6 кг болатын ұсақ және орташа көлемдегі балықтар өрістей бастайды. Өрістеу қарқынды бола бастаған мамыр айының басы мен ортасында орташа көлемдегі балықтар (12-15 кг), сосын одан да ірі, салмағы 40-50 және сирек 80 кг балықтар өрістейді. Уылдырық шашушы және шашып жатқан аналықтар мамыр айының ортасында байқалды, ал мамыр айының соңына қарай жайынның уылдырық шашуы толықтай аяқталады.
Биылғы жылы сазанның уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының үшінші декадасында басталды. Уылдырық шашушы үйірде әртүрлі жастағы балықтар және салмақтары 8-9 кг ға жететін ірі балықтар да кездеседі. Өрістеудің шарықтау шегі мамыр айының ортасында болды, ал айдың аяғында уылдырық шашуы толықтай аяқталды. Бұл уақытта сазанның басым бөлігі уылдырық шашып болды.
Сазан мен жайынның көбеюіне Іле өзенінің құярлықтары мен көлшіктерінің маңызы зор. Сәуір айының аяғы мен мамыр айында суқойма суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы таяз суларда шөптесін, жұмсақ су өсімдіктері көктеп шығып үлгіреді. Бұл ауданда осындай алаңдардың аудандары биылғы жылғы жобалау бойынша 8-10 мың гектарға жетеді. Бұл аудандарда осы айтылған балық түрлерінің уылдырық шашуы қарқынды өтті. Алдыңғы жылдардағыдай балықтардың уылдырық шашуға өрістеуіне суқойманың және Іле өзенінің гидрологиялық режимінің маңызы зор болды.
Суқойманың төменгі жағы басқа желді режиммен сипатталады. Бұл жерде жел әр-түрлі бағытта соғады. Жыл бойына желді күндер саны аз. Қыстың суық күндері суда жақсы мұз қабаты болуы мүмкін. Жазда және қыста әр мезгілдің өзіне тән термоклині болады. Су мөлдірлігі бұл аймақтарда жоғарғыға қарағанда әлде – қайда жоғары болып келеді. Суқойманың төменгі бөлігінде макрозообентостың дамуы өте қарқынды.
Айтылған суқойманың ерекшеліктеріне байланысты су аймақтарында сынама алу станциялары белгіленген.
Соленный көлі ауданындағы станциялар Іле өзені және суқойманың құярлық аймағына жақын болғандықтан солардан туындайтын гидрологиялық жағдаймен сипатталады. Суқойманың бұл аймағы таязды сулы және күшті желдер судың лайлы болуына әкеп соғады. Сонымен қатар бұл аудандарда Іле өзеніне уылдырық шашу алды өрістеу үшін балықтар жиналады.
9 насосты станциясы судың лайлылығы мен күшті желдері бойынша Соленный көліне ұқсас болып келеді, бірақ терң жерлерімен өзен ағысының әсерімен ерекшеленеді.
«Қарашеңгел» шаруашылығындағы станция алдыңғылардан судың мөлдірлігімен және желдің аз әсерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Соленный көліне қарағанда бұл жерде тереңдіктер жоғары болып келеді. Есік өзеніннің сағасындағы станция «Қарашеңгел» шаруашылығындағы станцияданда тереңірек болып сипатталады. Оған қоса бұл жерде балықтардың өрістеуге жиналуы байқалмайды.
Қаскелең шығанағында орналасқан станция Қаскелең өзенінің әсерінен гидрологиялық жағынан басқалаға қарағанда ерекшеленеді. Сонымен қатар суқойманың бұл аймағы өзге іргелес жатқан аймақтарға ұқсамайтын жағалау сызығының айтарлықтай ойдым-ойдым болып сипатталады. Оң жақ жағалауда орналасқан ІІМ демалу аймағындағы станция суқойманың ең терең аудандарында орын тепкен (тереңдігі 35-40 м дейін).
Шеңгелді аралындағы станцияда суқойманың терең (30 м дейін) аудандарында ораналасқан. Бірақ бұл аудандарда оң жақ жағалауларға тән емес жағалық сызықтары ойдым-ойдым болып келеді.
5 насосты аймақта орналасқан станция оң жақ жағалалуларға тән су тереңдігімен (су тереңдігі 22 м дейін), судың жоғары мөлдірлігімен және толқынды желдермен сипатталады [36,37,38,39,40].
Зерттеулер кезінде тереңдіктер 34,0-4,6 м болды, су тұнықтығы 300-400 см. Көктемгі кезеңде ауа температурасына байланысты су температурасының жылынуы 13,4-20,0 ºС құрады. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,54-8,70. Газ режимі 2010-2011 жж. деректеріне қарағанда бірқалыпты және тиімді. Көміртегінің қостотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 8,97-11,80 мгО2/дм3 аралығында болды. Органикалық заттардың мөлшері жоғары емес, перманганатты тотығу 2,7 мгО/дм3 құрады.
Биогенді элементтердің мөлшері фитопланктон мен жоғары су өсімдіктерінің дамуына жеткілікті деңгейде. Жыларалық тұрғыда 2011 ж. қарағанда минералды еріген фосфордың жоғарылағаны байқалады [44,45].
Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-экв/дм3. Еріген тұздардың қосындысы бойынша І кәсіптік ауданының суы тұщы, минералдануы 310 мг/дм3. Аймақтық таралуы бірқалыпты. Су гидрокарбонатты классқа, кальций тобына, ІІ типке жатады. Жыларалық минералдануы тұздылықтың 2011 ж. қарағанда біршама төмендеуімен сипатталады [46].
ІІ кәсіптік аудан Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы акваториясында орналасқан, бұл аудан суының гидрофизикалық және гидрохимиялық көрсеткіштері І кәсіптік ауданының осы көрсеткіштеріне толық сәйкес келеді. Аудан терең сулы, тереңдіктері 9-23 м аралығында болды, су тұнықтығы жоғары – 160-300 см. Су ортасының температурасы көктемгі кезеңде 16,0-20,3 0С. Су реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8,43-8,65 аралығында болды.
Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық кезеңде 8,6-10,2 мгО2/дм3 аралығында ауытқиды.
Биогенді элементтердің және органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде. Перманганатты тотығу 3,7 мгО/дм3 шамасында.
Жалпы кермектілік 3,9-4,0 мг-экв/дм3, осының салдарынан су ұстамды-кермекті классына жатады. Еріген тұздардың косындысы бойынша су тұщы болып саналады, минералдануы 292-320 мг/дм3, құрамы гидрокарбонатты-кальцийлі.
Қапшағай су қоймасының сол жақ жағалауында Ыстық, Қараөзек және Қаскелең өзендерінің құяр жерінде орналасқан, осыған байланысты бұл жердің терңдіктері минималды – 1,5-2м-ден максималды – 18-20м аралығында ауытқиды. Тереңдіктеріне байланысты су тұнықтығы 60-600 см аралығында болды. Суы саяз аймақтарда су температурасы біршама жоғары болды – 18-20 0С, суы терең аймақтарда бұл көрсеткіш 13,3-15,3 0С көрсетті. Су ортасы реакциясы әлсіз сілтілі – 8,50-8,60 аралығынды болды.
Газ режимі қанағаттанарлық. Көміртегінің қос тотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері көпжылдық деректер бойынша көктемгі кезеңде 8,7-10,3 мгО/дм3, бұл 100 % қалыпты қанығуға сай.
ІІІ кәсіптік аудан биогентті элементтер бойынша едәуір жоғары шамада: аммоний және нитратты азот 1,3-1,4 есе, минералды еріген фосфор 2,8 есе, бұл биогенді элементтердің келіп құятын өзен суларымен бірге келуімен түсіндіріледі. Органикалық заттардың мөлшері төмен деңгейде, перманганатты тотығудың шамасы 3,5 мгО/дм3 құрады [46].
Техникалық қасиеттері бойынша су ұстамды-кермекті су классына жатады, жалпы кермектілігі 4,0 мг-экв/дм3. Еріген тұздардың қосындысы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Биология | Қапшағай суқоймасының Торта балығы ихтиофаунасы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Арал теңізінде мекендейтін камбала балығының жерсіндірілуі және негізгі белгілерінің өзгергіштігі
» Дипломдық жұмыс: Балық шаруашылығы | Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Амур жалған теңге балығының морфобиологиясы

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Балық шаруашылығы дипломдық жұмыстар, Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо биологиялық ерекшелігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]