Дипломдық жұмыс: Дінтану | Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

Мазмұны

КІРІСПЕ

I. Діни ұғымдардың теориялық - методологиялық негіздері.
1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы
1.2.Қоғам құрылымындағы діннің әлеуметтік функциялары

II.Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері.
2.1.Қазақстандағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер
2.2.Дін және қоғам ара қатынасындағы әлеуметтік аспектілер
2.3.Қазақстандағы діни процестерге динамикалық талдау.
(Алматы қаласы бойынша)

Қорытынды
Сілтемелер
Әдебиеттер тізімі


Тәуелсіздік жылдары азамат¬тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады.Егемендік енгелі елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып,ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып,бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екені өмір шындығы.Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі,өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті,халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс береді.Сондықтан да кейінгі кездердегі қалыптасқан еліміздегі діни ахуалдарға социологиялық тұрғыдан қарау бүгінгі қоғам дамуының талассыз қажеттілігі.Дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана,негізделе бастағанын ескерген жөн.Дін социологиясы,діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді,адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын қарастырады..Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Бұл орайда,осы бітіру жұмысында қамтылған еліміздегі діни ахуалдардың динамикалық даму процестері жайлы алынған нәтижелер мен қорытындылар,қоғамымыздың діни саласын реттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз.
Тақырыптың өзектілігі:Бүкіл адамзат баласының тарихын сұрыптап қарасақ,өткен тарихта ешқандай қоғам дінсіз болмаған.Қоғамда діни сана үнемі болып келеді.Дін мен қоғам бір –бірінен ажырамайтын феномендер. Дін қоғамдық құбылыс,ал қоғам мемлекеттің субстанциясы.Қазақстан Республикасы өзін зайырлы мемлекет деп жариялады.Яғни,дін мемлекеттен бөлек.Бірақ дін қоғамнан тыс бола алмайды.Дін –қоғам мәселесі. Қазірде, Қазақстан әлемде соғыссыз,қантөгіссіз бейбіт өмірмен ішкі саяси тұрақтылықты сақтап отырған бірден –бір мемлекет.Қазақстан жағдайында этносаралық,дінаралық татулық,әрине көп елдерге үлгі.Бұл еліміздегі тәуелсіздік жылдары қалыптасқан қалыпты жағдай.Дегенмен де елімізде діндер мен діни ағымдарға қатысты мәселелер жоқ деп айтуға да болмайды. Турасын айтқанда соңғы кездері діни бірлестіктер мен дәстүрлі емес діндердің қоғамда кең етек жаюы маңызды мәселеге айналып отыр.Бұл бағытта мәселелер бар және оларды дер кезінде зерттеп,біліп соған орай шаралар,тіптен мемлекеттік шаралар жасалуы керек.Олай болмағанда, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін құбылыстар саяси - әлеуметтік үрдіске айналып кету қаупі бар.Осы негізде Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау жасау,ішкі діни –конфессия аралық қатынастарды қадағалау ғылыми тұрғыда да проблемаға айналуда.Яғни қазіргі таңда діннің,діни сенімдердің әлеуметтік өмірдегі орынын,жалпы социум ға тигізер ықпалымен есептесу,жеке индивид үшін,әлеуметтік топтар мен әлеуметтік институттар үшін діни сенім қаншалықты маңызға ие екенін анықтау бүгінгі көпконфессиялы Қазақстан қоғамы үшін өзекті мәселе болып отыр.Бүгінде әлемді үрейлендіріп отырған діни экстремизм,діни терроризмнің өршуі кез –келген қоғам үшін,зайырлы қоғам үшін де,діннің мәнін,діннің құрылымын,діннің әлеуметке ықпалын мойындап,есептесуді талап етуде.Осы негізде нақты мағлұматтар алып,қажетті шешімдер қабылдау үшін социологиялық зерттеулердің, статистикалық мәліметтердің мемлекет үшін,қоғам үшін маңызы зор болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:Қазақстан қоғамындағы діни ахуал,конфессия аралық қатынастар мәселесі социологиялық тұрғыда өте аз зерттелген тақырыптардың бірі.Дегенмен де осы зерттеу жұмысын жазу барысында санаулы ғылыми еңбектермен осы тақырыптағы сараптамалық кітаптардың көмегіне жүгіндік.Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар жайлы негізі,Я.Ф.Трофимовтің«Религии в Казахстане»атты кітабында баяндалған.Осы кітаптың негізін құраған«Взаимоотнашение религии в современном обществе Казахстане»деген ғылыми еңбегінде автор Қазақстан қоғамындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер жайлы біраз мәліметтер беріп,діннің қоғамдағы әлеуметтік аспектілеріне тоқталып өтеді.Сондай –ақ Қазақстан қоғамындағы конфессияаралық қатынастар жайлы Е.А.Щелковоның «Особенности этноконфессиональных отнашений в Казахстане»атты Ғылыми диссертациялық еңбегінде де баяндалады.Автор бұл еңбегінде қазіргі Қазақстан қоғамындағы діни бірлестіктер мен азаматтардың арасындағы өзара қарым –қатынас пен бір –біріне ықпал ету ерекшеліктері жайлы мәселе көтереді.Бұларға қоса М.Ж. Қанафинаның «Қазақстандағы этно –конфессия аралық қатынастар»атты кандидаттық диссертациясын да атап өтуге болады.Автор бұл ғылыми зерттеуінде Қазақстан қоғамындағы діншілдік пен діни институттардың сандық және сапалық өзгерістерін анықтайды.Сонымен бірге Философия және саясаттану институтының ғалымдарының Нысанбаевтың жетекшілігімен зерттелген «Қазіргі Қазақстандағы саясат пен мәдениеттегі діннің орыны»атты ғылыми еңбекте де,Қазақстан қоғамындағы діни процестер,діни қарым –қатынас,мемлекет өміріндегі діннің орыны жайлы көп мағлұматтар береді.Бұларға қоса М.Бұлұтай«Дін және ұлт»кітабы мен Амангелді Айталының«Ұлт тану»кітабында Қазақстан қоғамындағы діни қатынастар жайлы,діннің ықпалы жайлы мәселелер көтеріледі.Сондай –ақ «Саясат»журналының 2000 жылғы №4,5 сандарында жарық көрген,Мақанов Ж.Қ.және Кәкенов Ж.К-ның«Дін:Конфессияаралық қатынастар» атты ғылыми сараптамалық–зерттеу мақалаларында Қазақстан қоғамындағы діни процесстерге социологиялық талдау жасаған.Қазіргі қоғамдағы діни ахуалға нақты қорытынды жасап,керекті ұсыныстар айтылған.Бұларға қоса«Егеменді Қазақстан»газетінде 2006 жылдың 21 қазанында жарық көрген Ғ.Есімнің«Дін Өркениеті»атты мақаласында,«Жас Қазақ» газетінің 2007 жылғы 12 қаңтардағы Әбдірәшит Бәкірұлының «Дінді апиынға айналдырмайық»атты мақаласында да қазақ қоғамындағы діни ахуалды өте ауқымды түрде қозғап,дәлелді –дәйекті ойларды қозғайды. Сондай –ақ Алматы әкімшілігінің Ішкі Саясат Департаментінің арнайы тапсырысымен орындалған социологиялық зерттеулердің қорытындысы баяндалатын «Діни бірлестіктердің Алматы қаласының әлеуметтік өміріне әсері»атты талдау кітапшасында діни бірлестіктер мен діннің социумге әсерін, өмірлік маңызы жайлы кең түрде мәліметтер берілген.Дегенмен де қазіргі кездегі әлемдік діни ахуалдың шиеленісіп,діннің ықпалы арта бастаған заманда қоғам үшін әркезде де діни қатынастарды басты назарға алып,ғылыми зерттеу жұмыстарын күн тәртібінен түсірмеу,діни процесстердің динамикалық қозғалысын әркез назарда ұстау бүгінгі қоғам талабы екені даусыз.
Бітіру жұмысының мақсаты: Дін –қоғам ішіндегі рухани күш.Қай қоғамды болсын діндердің айрықша орыны бар.Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанымен де,қоғамдағы діннің орынын жоққа шығара алмаймыз.Осы негізде бұл зерттеу жұмысының өзіндік мақсаттарын атап айтуымыз керек.Кез –келген социологиялық зерттеуде оның не үшін жүргізіліп жатқанын және соңғы нәтижені алу,яғни зерттеу мақсатын анықтау өте маңызды. Дәл қойылған мақсат жаңа білімдерге жетелейді.«Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау» тақырыбындағы зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары деп төмендегілерді атауға болады:
• Қоғам мүшелерінің діни сауаттылық деңгейлерін,конфессиялардың көп түрлілігінен хабардарлығын анықтау.
• Әрбір тұлғаның діни –сенім жолын таңдаудағы ұлттық идентификацияның алар орынын анықтау.
• Қоғамдағы діни бірлестіктер тарапынан туындайтын діни қатынастардың мемлекеттік билікке ықпал ету мүмкіндігін анықтау.
• Діни –наным –сенімнің қоғам өміріндегі,тұлға өміріндегі маңызды шешімдер қабылдаудағы әсерін анықтау,қоғамның діншілдік деңгейіне баға беру.
Зерттеудің негізгі мақсаты берілген объектіде әлеуметтік ұйымдастыру деңгейін көтеру арқылы жаңа білім алу,болмыс пен тұрмыс,қоғамдық қатынас жағдайларын жақсарту.
Зерттеу жұмысының міндеті:Кез –келген зерттеудің міндетін анықтау оның мақсатына сәйкес жасалады.Міндетті анықтау –орын алған проблеманың шешу жолдарын жүзеге асыруға қажетті құрал.Бұл зерттеу жұмысының міндеттері қатарына мыналарды жатқызамыз:
• Әлеуметтік өмірге,жалпы социумге діннің,діни қатынастардың айтарлықтай маңызы бар екенін дәлелдеу,қажетті ұсыныстар айту.
• Осы зерттеу қорытындысы арқылы қоғам мүшелеріне,тиісті билік орындарына қандай да бір шешім қабылдауларына қажетті алғышарттар беру.
• Көп конфессиялы қоғамдарда болуы ықтимал дінаралық қайшылықтардың орын алу қаупін анықтау,оны шешу жолдарын ұсыну.
• Еліміздегі діни саланы реттеуге қажетті заңдық –нормативтік құжаттардың қаншалықты жеткіліктігіне мән беру,жалпы елдегі діни ахуалға қатысты көптеген ақпараттар алу.
Осы аталған міндеттер діни ахуалға қатысты анықталған проблемаларды шешуге бағытталуы тиіс.Әсіресе,бұл біздің көпұлтты,көпконфессиялы Қазақстан қоғамы үшін кезек күттірмейтін мәселе.
Бітіру жұмысының объектісі:Бұл зертеу жұмысының объектісі болып, негізінен еліміздегі дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер,түрлі діни бірлестіктер,нақты бір атауға ие діни секталар,діни ұйымдар мен қоғамдағы әлеуметтік өмір алынады.
Бітіру жұмысының пәні:Кез –келген зерттеу жұмысының пәні болып анықталған проблеманың орталық мәселесін қамтитын оның сипаттамалары мен қасиеттері болып табылады.Яғни бұл зерттеу жұмысының объектісі –діндер,діни бірлестіктер болғанда,пәні –осы діни ұйымдардың құрылымы,бағыттары,мүдделері болып табылады.Сондай–ақ қоғамдағы жеке тұлғалардың,әлеуметтік топтардың, діни бірлестіктер мен діндарлармен арадағы қалыптасатын діни қарым –қатынастарын да зертеу пәні ретінде басты назарға аламыз.Жалпы алғанда аталған жұмыстың зерттеу пәні ретінде –діни наным –сенімнің қоғам өміріндегі ықпалды әрекет ету мүмкіндігін қарастырамыз.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:Бітіру жұмысын жазу барысында дәстүрлі діндермен қатар жаңадан пайда бола бастаған дәстүрлі емес діндердің де қоғамымызға дендеп еніп келе жатқандығын байқадық.Сондай –ақ қоғамымыздағы азаматтардың көпшілігі діни сауаттылықтың қажеттілігін жеткілікті дәрежеде ұғынбайды,сұралғандардың көпшілігі діни сферадағы заңнамалық құжаттардан бейхабар. Зерттеу жұмысын талдап,қорытынды шығара келе,Қ.Р. –да мемлекеттік тұрғыда діннің мәртебесі оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси,рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған.Осындай белгі¬сіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге бай¬ланысты анық та айқын аңғары¬луда.Осыған орай,көпшілік эксперттер мен дін адамдарының ортақ келісімдеріне сай,еліміздегі оқу процестеріне«Дінтану»оқу пәнін тек ЖОО да ғана емес, колледж, лицей, мектептердің оқу бағдарламаларына енгізу мәселесін қолға алу қажеттілігі анықталды.

I.Діни ұғымдардың теориялық - методологиялық негіздері.

1.1.Дін және дін социологиясының өзара байланысы.

Дін дегеніміз не?Ол қашан,неге пайда болды?Адам өмірінде ол қалай пайда болды?Оның тіпті пайда болмай қалуы мүмкін бе еді?Адам дінсіз өмір сүре ала ма?Осы сияқты дінге байланысты көптеген сауалдар ежелден-ақ адамдарды ойландырып,айтыс-таластар туғызды.Бұл сұрақтарға әр түрлі тарихи дәуірдің ойшылдары әр қилы жауап береді.«Дін»деген сөздің өзі латынның «байланыстыру»,«қосу» деген етістігінен алынған. Аталмыш құбылыстың аты да діннің мазмұнына сәйкес келеді, яғни дін адамдарды бір сенімге біріктіреді.Дін адамдары өз сенімдерін көзге көрінбей өздерін құдаймен байланыстырып тұрады деп сенеді.Дін ілімі және оған жақын объективті идиалистік пайымдаулар діни феноменді мәңгілікпен,құдайдың өзі берген мәңгілік нәрсе деген тезистер негізінде түсіндірді.Екеуі де дінді дүниедегі тылсым күштен шығарады.Оны теология Құдай деп атаса,идеалистік философия трансценттік,«абсалюттік ой» деп атайды.Олардың пікірінше киелі мен кездесуге адамдар абсалюттен келіп қосылуға барынша ұмтылады.Сондықтан,діннің мәні мен болмысы туралы мәселе Құдайдың мәні мен болмысына,ал діннің негізі Құдайдың негізіне айналады. [1.] Діннің пайда болуы туралы мәселенің,оның табиғатын түсінуде үлкен маңызы бар.Бұл тақырып төңірегінде осы күнге дейін айтыс-таластар тоқтамай келеді.Бізге белгілі болғандай,барлық мамандықтардағы дін иелері діннің табиғи пайда болуы туралы мәселені жоққа шығарып,әуел бастан-ақ оны құдай берген деген пікірге саяды.Осы пікірді бірқатар ғылымдар да қуаттайды.Олар қандай ғылымдар?
Антропология -- ол адамның жан-жануарлар дүниесінен бөлініп шығуын,оның қалыптасу процессіндегі еңбек қызметінің ықпалымен адамдық болмысының қалыптасуын зерттейді. Ол ежелгі адамдардың материалдық, мәдени мұраларының қалдықтарын, еңбек құралдарын, мүрделерді зерттеп, осылардың негізінде алғашқы қауым адамдарының тұрмыс –тіршіліктерінде де, діни сенімдерінде де, өзгеріс болады деп қорытынды жасайды.Тілдің түрлерін(ауызша немесе жазбаша)зерттейтін лингвистикаға да әр түрлі тарихи дәуірлердің ерекшеліктері,адамдардың өмірі мен тұрмысы өз таңбаларын қалдырған.Мысалы,фольклористика ауызша шығармашылықтың аңыздары мен басқа да ежелгі мұраларын зерттейді;Этнография –кейбір тарихи себептермен дамуы жағынан адамзат эволюциясының алғашқы сатыларында қалып қойған әртүрлі халықтардың тұмысын,өмір салтын,діни сенімдерін зерттейді.
Бүгінгі ғылым алғашқы қауымдағы діни түсініктердің ара жігін ашуға мүмкіндік беретін мол материал жинақтады.Олардың жалпы түлеріне тоқталып өтсек:Фетишизм –кейбір табиғи заттарға және оның құбылыстарына табыну.Магия-белгілі бір манипуляциялардың барысында (мінәжат ету,болжау,әдет-ғұрып көмегімен)табиғи заттар мен құбылыстарға, қоғамдық өмірдің барысында,кейбір тылсым күшке сену арқылы әсер ету. Тотемизм –белгілі бір жан –жануарларды,өсімдіктерді нақты адам ұжымдарының(қауым,тайпа) арғы бабаларының шыққан тегі ретінде қабылдап,соларға сену.Шаманизм –кейбір адамдардың (сиқыршы,шаман) аруақтармен қарым-қатнас жасау мүмкіндігі бар екеніне сену,адамдардың ауруды жазу,жақсы аңшылықты қамтамасыз ету,жауын жаудыруды қамтамасыз етеді деп сену.Табиатқа табыну—әртүрлі жан-жануарлар мен өсімдіктердің,аспан денелерінің – күн, ай,жұлдыздар рухтарына сену. Ата-баба рухтарына сену—қайтыс болған ата-бабалардың рухтарына сиыну,олар туыстарын желеп –жебеп жүреді немесе оларға жәбір жасайды дегенге сену.Диқаншылыққа,мал өсіруге табыну –егіншілік пен мал өсірудің жеке сала ретіндегі қалыптасуынан туындайды.Бұл жерде мал иелерімен,дән иелерінің табынуы.Анимизм –айналадағы заттардың тіршілік ететініне,табиғаттан тыс елестердің –жандармен рухтардың әрекеттеріне сену.
Осы кішкене тізбеден-ақ алғашқы қоғамдық құрылыстың өзінде діни сенімдердің әр қилы және түрлі мәнде болғанын байқаймыз.Солай бола тұрса да оларға ортақ нәрсе –айналадағы нақты дүниенің үстінен тылсым күштің үстемдік ететініне сену. Еліміздегі дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана, негізделе бастағанын ескерген жөн. Бұл туралы пікірлерімізді баяндамас бұрын, алдымен дін социологиясының зерттеу тақырыбы және дамуы хақында айталық. Қысқаша айтқанда адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатнастарын зерттейді.Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында діннің нормативті күші шектелген сайын, діни феномендердің зерттелуі таза теология мәселесінен гөрі социология, саясаттану,антропология,құқық,психология сияқты эмпирикалық ілімдердің зерттеу нысанына айналған.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі бір әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді. [2.] Мәселен,белгілі бір діннің яки сектаның мүшелері өздерінің діни нанымдары негізінде белгілі бір әлеуметтік іс –амалдарды жүзеге асырып жатса,бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді. Адамдардың діннен туындайтын әлеуметтік қатынастарында - дін анықтаған«киелі және киеліден тыс»ұғымдар,ұстанымдар һәм мәмілелердің айтарлықтай маңызды әсері бар.Осы мәліметтер негізінде дін социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады:этно -социология, әлеуметтік философия, құқық, дін психологиясы, теология, әлеуметтік антропология,діндер тарихы және феноменологиясы.Енді дін социологиясының зерттеу әдістері туралы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дінтану дипломдық жұмыстар, Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]