Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу

Мазмұны


Кіріспе
1. Кәсіптік оқытудың әдістемесі
1.1. Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
1.2. Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
1.3. Кәсіптік оқыту әдістері
2. Жобалау объектісін таңдау және негіздеу
2.1. Шығармашылық негіздерді талдау
2.2. Жобалау объектісіне қойылатын талаптар
2.3. Объект моделі модификацияларын құру
2.4. Негіздеу және материалдарды таңдау
2.4.1. Материалдар мінездемесі (сипаттамасы)
2.4.2. Конфекциондық карта
3. Өңдеу тәсілдерін және қондырғыларды таңдау
3.1. Өңдеу режимдері
3.2. Қондырғыны таңдау және сипаттау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстан жолының жаңа кезеңі- экономиканы нығайтудың, халықтың әл- ауқатын арттырудың жаңа міндеттері.
Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу- өмірлік маңызды нәрсе.
Менің тапсырмам бойынша Үкімет қағидатты түрде жаңа Жұмысқа тартуды қамтамасыз етудің бағдарламасын бекітті. Онда үш маңызды міндет қойылған. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамытуға септесу. Үшіншіден, еңбек ресурстарының жинақылығы, Қазақстанның экономикалық тұрғыдан белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыруға басымдық беру. 2011 жылы бұл Бағдарлама қанатқақты режімде 60 мыңға жуық адамның қатысуымен сынақтан өтті.
Біздің маңызды міндетіміз- басқарушылардың білікті саяси табын дайындау. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырамын. Арнаулы комиссия кандидатураларды білімі мен кәсібилігі, жоғары моральдық сипаты, бастамашылдығы мен тапсырылған учаскедегі жұмысының табыстылығы өлшемдері бойынша іріктеледі. [1]
Егемен ел атанғалы екінші онжылдыққа қадам басқан республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі- әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның, оның экономикасы мен білімнің бәсекеге қабілеттіліңгін арттыру.
Бағдарламада кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендірі көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандар даярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бағдарламада кәсіптік білім жүйесінің құрылымын өзгертіп дайындалатын мамандарды стандарттау жүйесі ұсыныстарына сәйкестендіру көзделген. Аталған шаралар іс жүзіне асқанда білімді басқарудың тиімді жүйесі құрылып, кәсіби шараларды өздігінен творчествалық тұрғыдан шеше алатын бәсекеге сәйкес мамандардаярланып тұлғаның кәсіби- бәсекелестігін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы білім әлемінде болып жатқан революция оның адам өмірдегі алатын орнын түбегейлі өзгертті. «Бүкіл өміріне жететін білім» деген қағида «Өмір бойы алатын білім» талабымен алмасты. Оған негіз болған қазіргі өзгертіп жатқан техология мен ақпарат ағымдарының қарқынды дамуы, адамның алған білімі мен мамандығының тез ескіріп сәйкессіз болып қалуы. Адамзаттың ойлау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер өмірдің барлық саласын қамтыған. Аталған құбылыстан сырт қалу қоғамымызға үлкен сын. Бұл тұрғыда әлемдік өркениеттің ұйытқысы болып отырған біліктілік пен білім кеңістігін интеграциялау бағыты мен бағдары бүгінгі күннің негізгі проблемасы. Сондай- ақ оқушыға өздігінен ұғыну талдау, ақпаратты тиімді пайдалану,қоғамда пайдалы тұрғыдан араластыру құзыреттілі негізгі қажеттілік.
Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында кәсіптік білім беру ескірген материалды- техникалық база мен оқу- әдістемелік құралдармен, сондай- ақ арнайы инженерлік- іскерлік педагогикалық дайындықтан өтпеген оқытушылармен жүргізіледі. Сондықтан бүгінгі күнде еліміздегі үздіксіз кәсіптік білім беру жүйесін реформалау үшін нарықтың дамуы мен өтпелі процесстерді есепке алмай оқу орындарының бірі мен бірінің ара қатынас жүйелеріндегі және де оқушылар мен өндіріс ерекшеліктерін ескертуді қажет етеді. Кәсіби мамандар даярлау жаңа көзқараспен яғни еңбек ету білім мен біліктіліктің сұранысына сәйкес болуы керек. Мамандар даярлайтын оқу орындары тек қана бір сатылы болып, бір деңгейде кәсіптік білім беріп, ал ол нарық жағдайында шығынды болып, білім мазмұнының демократияға сәйкессіздігіне соқтырады. Кәсіби біліммен сусындаған бүгінгі ұрпақ ел болашағының тірегіне айналатынына күмәніміз жоқ. [2]
Тігін өндірісінің басты мақсаты- халықтың мәдени даму деңгейін көтеру. Тігін өндірісі адамдарды сапалы және кең көлемде киіммен қамтамасыз ету. Халық тұтынатын тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың
маңызды мақсатының өркендеуі Тігін өндірісі қазіргі кезде жеке тігін салондары мен сән ательелері жақсы жұмыс жасауда. Сән ательелерінде, көбінде жаңа тігін машиналар қолдануда. Бұл киім сапасын кең көлемде арттыруда. [3]
Халық тұтқаның тауарларды өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың комплексті бағдарламасында халықтың матаға, киімге, аяқ киімге, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық тауарларына (әсіресе демалыс, туризм және спорт үшін) көпшілік қолды басқа да тауарларға жан- жақты сұранысын мейлінше халықтың түрлі топтарының тілегіне сай ассортиментте әзірлеу белгіленген. Бұйымдардың сапасының едәуір жақсаруы, олардың техникалық және эстетикалық деңгейі, пайдалануға шыдамдылығы артуы тиіс. Тігін бұйымдарын үлгілеу мен құрастыруды айтарлықтай жақсарту қажет. Тігін өнер кәсіби қазіргі кездегі халық шаруашылығының индустриялық саласы болды, онда автоматтандыру және механикаландырудың соны құралдары, электронды- есептеу техникасы, сондай- ақ өнеркәсіптің басқа да бірқатар салаларының жетістіктері пайдаланылады. Мұның бәрі маман- тігіншілерден мол білім, іскерлікпен кәсіби дағдырларды талап етеді. Алға қойылған міндеттер жоғары оқу орындары, колледждер мен кәсіптік- техникалық білім беру жүйесінде даярланатын маман кадрларсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Елімізді әлеуметтік- экономикалық жағынан дамыту міндеттері жастарға кәсіптік-техникалық білім беру ісіне, халық шаруашылығы үшін маман жұмысшылар даярлау сапасына жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары талаптар қойып отыр. Қазір кәсіптік- техникалық білім беру жүйесі алдында- жас ұрпақты оқыту, оларға еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру және ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сәйкес қоғамдық пайдалы еңбекке даярлау сапасын көтеру міндеті тұр. Дипломдық жұмыс барысында зерттеліп отырған тақырып «Кәсіптік білім беру және жас қыздарға арналған сәнді көйлекті өндеу».
1. Кәсіптік оқыту әдістемесі
1.1 Кәсіптік оқытудың мазмұны және міндеттері

Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс- шараларды жүзеге асы-рудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі замаңғы әдістемелер мен технологияларды енгізу.
Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев Университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде.
Кәсіптік- техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педагогтік білім берудің үлгі - қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңдіріс педагогтардың біліктілігін артыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет.
Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.
Үкіметке қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажет. Перспективалы ғылыми- зертеулерді қаржыландырудың бюджеттік шығындарын инновациялық гранттарды бөлу арқылы ұлғайту маңызды.
«Ғылыми туралы» жаңа заң ғылымды жүйелі мемлекеттік қолдай үшін негіз қалайды. Отандық ғалымдарды қолдау қажет.
Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық- интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс. Астанада жоғары технологиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми- білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар. Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс- қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет. [1]
Қазіргі заман талабы- оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдырдың бірі. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында оның міндеттерінің бірі ретінде «Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәртебесін арттыру, оның ережесін, міндеттерін, құрылымын қайта қарау» көрсетілген. Терминология мен термин мәселесінің тап қазір кезеңде қаншалықты маңызға ие болып отыр. Сондықтан Елбасының Жарлығымен бекітілген осы мәселе алдығы уақытта міндетті түрде шешіміш табуға тиіс.
Терминология бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. Қазіргі жаңа оқулықтарда термин сөздер көп келтірілген.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз»- деп баса айтты.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты- техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.
Қазіргі лицейдің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етіліде.
Білім – болашақ бағдары, кез- келген маман даярлайтын оқу орнының басты міндеттерінің бірі- жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет- оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс- әрекетіне қажетті блім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік- оқушының әрекет тәсілдерін жан- жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері- білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол- оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілетті болып табылатына жаңа сапа. [3]

1.1.2 Пәнаралық байланыс негізінде еңбекке оқыту процесін ұйымдастыру

Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн- тәртібіне қойылып отыр. Оқу- тәрбие процесінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық ақыл- ойын байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды, заңдылықтарды бір- бірімен өзара байланыстылықта қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс- әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.
Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріспен қоғамдық дамудың жаңарту процесіне тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесін пәнаралық байланыспен өткізу ерекше көкейкесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуды.
Я.А. Коменский: «өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек»,- деп жазды.
Пәнаралық байланыс ұғымы өз ішінде мынадай үш бөліктен тұрады:

Бірінші- байланыс құрамы. Бұған байланыстардың негізгі обьектілері кіреді (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыптары және пәндік хабарламалардың обьектілері).
Екінші- байланыс амалы, құралы. Бұл бір пәннен екінші пәнге және басқаларына хабар беру арқылы жүзеге асырылады. Ал хабар кнез келген теориялық жаңалық деп түсіндіріледі. Байланыс амалдарын таңдау әр түрлі жағдайлармен шешіледі. Білім деңгейіне, көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын, әр түрлі жабдықтарды қамтамасыз етумен анықталады.
Үшінші-байланыстың бағыттылығы. Хабардың, кейбір мәліметтердің бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты. Сөйтіп, пәнаралық байланыс- маңызды дидактикалық әдістемелік категория және оқыту жүйесінің бір проблемасы ретінде танылады. Еңбекке оқыту әдістемесі де технология пәнін басқа пәндермен байланыстылығына назар аударған. Технология пәні барлық пәндермен тығыз байланысады.
Мектеп тәжірибесінде еңбек пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс негізінде сабақ өткізу барысында «Киім конструкциясы», «Маталардың қасиеттері», «Еңбек туралы мақал- мәтелдер», т.б. тақырыптарды ұсыну арқылы оқушылардың білім байлығын, шығармашылық қабілетін, дағдыларын шебер қолданылуын, олардың өздеріне зерттеу әдістемелік тұрғыдан қажеттілігін дәлелдейді. Еңбек- қоғамды дамытудың құралы. Ендеше еңбек- адамның ақыл- ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер- білім қазынасын меңгерудің құралы. Пәнаралық байланыс танымдық іс- әрекеті негізінде басқа пәндерден алған білімдерін еске түсіру арқылы ойлау қабіліттерін арттырады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Қазақ халқының ершілер өнері
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ұлттық өрнекті пайдалана отырып аналар комзолын әшекейлеу
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Теріден көркем бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі

Іздеп көріңіз:
дипломдык Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, Кәсіптік білім беру және сәнді көйлектің технологиялық өңдеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]