Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет

Дипломдық жұмыс: Политология | Әлеуметтік мемлекет

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінде жол ашқан акт болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жөніндегі идеяда көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес. Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі көрсеткендей, алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі тарихи уақыт, табанды талап, белсенді шығармашылық, іс-әрекет қажет. Конституцияның маңызды артықшылығының бірі-оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен қағидаларға бейімділігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат туралы” тұжырымдамасында әлеуметтік мемлект идеялары туралы былай делінген: “Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері туралы айтылғандары ескере отырып, қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықты қоғамдық та, мемлекеттік те институттар қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп, түбегейлі конституциялық принцип – барша халықтың игілігіне арналған экономикалық даму, Конституцияда “меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” деп жарияланғандықтан, экономиканың мемлекеттік те, жеке секторларында да, өмірге еніп іске асуға тиіс.
Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттік тәуелсіздігін бекітуге қазақстандық патриотизм қағидасының маңызы зор. Оны нығайту үшін мемлекеттің, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептің бірлескен күш-жігері қажет.
Республика қызметінің түбегейлі конституциялық идеясы ретінде мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу мемлекеттік институттардың, саяси партияларлың, басқа да қоғамдық бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде де мүмкін болады.
Бұл орайда, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға беру олардың жұмысының формальды-статистикалқ көрсеткіштерімен шектелмеуі тиіс. Бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттік заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан әлеуметтік мемлекет идеясын қалыптастыру және шынайы әлеуметтік мемлект ретінде Қазақстанды дамыту болашақтың үлкен атқарылар ісі болып табылады. Бұл айтылған жағдайлардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін және күн тәртібінде тұрғандығын көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың негізгі таным жолы ежелгі ойшылдарды бей - жай қалдырып қойған жоқ. Сондықтан да, әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгі нысандары, оны қалыптастыру туралы ұсыныстар антикалық ойшылдардың еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Атап айтқанда, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзінің шығармаларында мемлекеттің қоғам үшін пайдалы болуы туралы пайымдауларын жасады. Кейінгі кезеңде әлеуметтік мемлекет идеясы туралы еуропа ойшылдары да көптеген пікірлер білдірген болатын. Әлеуметтік мемлекеттің кейбір қырлары Т. Гоббстың, Ш.Л. Монтескьенің, И. Канттың, Г.В.Ф. Гегельдің еңбектерінде өзінің негізгі ғылыми сипаттамасын алып отырды.
Қазақ даласында да әлеуметтік мемлекеттің негіздері туралы өзінің пікірін білдірген ойшылдар баршылық. Солардың қатарына ортағасырлық ойшыл Ж. Баласағұнды, оның «Құтты білік» атты еңбегіндегі әлеуметтік мемлекетті қалыпастыруға қатысты ойларын айтуға болады. Кейінгі алаш қайраткерлері де мемлекеттің әлеуметтік сипатына кең мән берді. Олардың қатарына Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты, Х. Досмұхамедовты т.б. жатқызуға болады.
Әлеуметтік мемлекет идеясы және оның Қазақстан жағдайында жүзеге асырылуы елімізге белгілі ғалымдар: С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, М.Т. Баймахановтың, В.А. Кимнің, Ө.Қ. Қопабаевтың, А.К. Котовтың, В.А. Малиновскийдің, Э.Б. Мұхамеджановтың, С.Н. Сабикеновтің, Ғ.С. Сапарғалиевтің, А.А. Черняковтің, М.Х. Матаеваның, А.Т. Ащеуловтің, Ж.Н. Баишевтің, С.К. Амандықованың, Э.Б. Абдрасуловтың, Ж.Д. Бусурмановтың, К.К. Атхожиннің және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Басқа да шетелдік ғалымдар: А.С. Автономов, О.Е. Кутафин, В.Д. Мазаев, Н.А. Михалева, Б.С. Эбзеев, Т.Е. Хабриева, В.Е. Чиркин, В.О. Лучин, О.О. Миронов, Л.П. Шмайлова, Б.А. Страшун, Б.Н. Топорнин және т.б. еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз етілді.
Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі пайымдау объектісіне Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі әлеуметтік мемлекетке қатысты теориялық мәселелері жатады.
Диплом жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың және мемлекеттің әлеуметтік функциясының әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудағы орны мен ролі жатады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
– Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі (шыққан)
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында
– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
– Қазақстан — әлеуметтік мемлекет
– Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам
– Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері
– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі.
Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т.б. қолданылды.
Сонымен бірге, ізденуші дипломдық жұмысында отандық белгілі ғалымдар С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, С.Н. Сабикеновтің, М.Т. Баймахановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, З.Ж. Кенжалиевтің, С.А. Табановтың, Ө.Қ. Қопабаевтың, В.А. Кимнің, В.А. Малиновскийдің, А.К. Котовтың, А.Т. Ащеуловтың, А.К. Айтхожиннің, Б.А. Майлыбаевтың және т.б. еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға арқа сүйеді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми жаңалығы ретінде әлеуметтік мемлекеттің негізгі идеяларын және Қазақстан Республикасыда әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық және мемлекеттік базасын қалыптастырудың негіздерін айқындайды.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты жазушының қол жеткізген дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституция теориясын, оның ішінде конституция идеяларын, зерттеу ісін одан әрі ғылыми тұрғыда байыта, жетілдіре түседі. Елімізде жүзеге асырылатын конституциялық реформаларды ғылыми негіздеуде басшылыққа алуға болады.
Дипломның ғылыми нәтижелері жоғарғы заң оқу орындарында, мемлекет және құқықы теориясы мен тарихы, конституция теориясы және т.б. пәндерден дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтар өткізуде өте пайдалы.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен, жеті бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері
Мемлекет қай қоғамда болмасын, сол қоғамның алдына қойған мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған саяси ұйымның көрінісі болып табылады. Сондықтан да, мемлекет өзінің алдындағы мақсатына жету үшін оны жүйелі түрде жүзеге асыратын функционалдық негіздерге ие болуы қажет. Бұл мемлекет қызметінің негізгі мәні де болып табылады. Мемлекет қызметі динамикалық құбылысқа жатады. Себебі, мемлекеттің алдына қойған бағытына сәйкес, сол мемлекеттің негізгі қызметтері айқындалады. Мемлекет қызметін зерттеу, біздің ойымызша, сондықтан да, әр уақытта өзінің өзектілігін жоймайды. Қазіргі таңдағы елімізде демократиялық құқықтық мемлекеттерді орнықтыруға бет алған кезеңде мемлекеттің қызметі, оның теориялық мәселелері өте өзекті сипатқа ие болып отыр.
Мемлекет қызметі туралы ой-пікірлерге зер салып қарайтын болсақ, қоғамның талап-тілегіне сәйкес мемлекеттің атқаратын қызметтері де, өзгеріп, күрделеніп, дамып отырған. Кезінде кеңестік ғылымда мемлекет қызметі коммунистік идеологияның шырмауында қалып, өзінің толықтай ғылыми бет-бейнесін жасай алған жоқ. Мемлекет қызметіне байланысты жүргізілген зерттеулер көбінесе эмперикалық негізде жүргізіліп, оның шынайы ғылыми сұлабасы ашылмады. Қазіргі кезеңде, біздің ойымызша мемлекет қызметінің концептуалдық негізін қалыптастыру қажет болып отыр. Қазіргі қоғамның дамуы да, осыны қажет ететіндей.
Кеңестік кезеңде мемлекет қызметіне байланысты мәселелерді жүйелі түрде саралап, талдаған ғалымдардың қатарына М.И. Байтин жатады. Ол өзінің еңбегінде мемлекет қызметіне байланысты кеңестік және шетелдік ғалымдардың тұжырымдарын саралап, оның жалпы бағытын айқындауға ұмтылды [1, с 190-234]. Кеңестік кезеңдегі мемлекет қызметіне байланысты теориялық тұжырымдар, бүгінгі таңда өзінің маңыздылығын жойды. Қазір еліміздің алдына қойған мақсаты тұрғысынан, мемлекет қызметін теориялық тұрғыда қайта талдап, концепуалдық негізін қалауымыз қажет. Бұл мақсатқа жету үшін жалпы мемлекет қызметіне байланысты ой-пікірлердің жай-күйіне үңілуіміз керек. Мемлекет қызметі жалпы функция деген терминмен сипатталған болатын. Егер философиялық энциклопедияларға көз жүгіртетін болсақ, функцияға мынандай анықтама беріледі: “Функция – (лат. functio–атқару, орындау) қандай болмасын қатынастар жүйесіндегі белгілі бір объектінің сыртқы көрінісі, мыс, организмдегі сезім мүшелерінің қызметі, ақшаның қызметі, мемлекеттердің қоғамдағы және т.б. функциялары. Бірқатар идеалистік бағыттар ғылымды тек қана функцияның объектілерін тізіп, анықтаумен шектеледі деп, олардың мәнін (махизм, бихевиоризм т.б.) тануды жоққа шығарады. Математика мен логикада функция деп кейбір класстардың әрбір элементттерінің салыстыру операцияларын айтады. Анықтаушы ретіндегі функцияның элементтерін оның дәлелдемелері деп атайды, ал мәндер жайындағы элементтерді-функцияның мәндері дейді” [2, 469 б]. Ал қазақстандық белгілі ғалымдардың бірі, Ө. Қопабаев пен С. Өзбекұлы мемлекет қызметінің мәнін сипаттай келе, мынандай тұжырым жасайды: “Мемлекет басқару, билік жүргізу үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар. Сол міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы функциялар қажет. Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар) құрылымынан динамикалық қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады. Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы, Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған демократиялық, құқықтық мемлкет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің фукциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары” [3, 49 б]. Ал, Т. Ағдарбеков болса, мемлекет қызметтерінің негізгі ұқсастықтарын саралай келе, мемлекет қызметінің мынандай ерекшеліктері бар деп есептейді:
“1 Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметттерінің ұқсас жақтары қоғамдық қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне қарай бір функцияға бірігеді.
2 Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы-оның қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа шығарамайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды шешуде басты рольдерді ойнайды. (Мысалы, Қарулы күштердің елді сыртқы шабуылдан қорғау функциясы). Сондықтан, мемлекет функциясын, оның органдарының функциясын айыра білу қажет.
3 Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы жұмыстары, нақты іске асырылады.
4 Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмыс түрлерінен айыра білу қажет. Себебі, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса, мемлекеттің әр түрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі тергеу, кедендік бақылау т.б. жатады.
5 Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен салыстыруға болайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы негізгі құқықтық нысандарыға, құқықтық шығармашылық, атқару-билеу және құқық қорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әр түрлі даму кезеңдерінде алдына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык Әлеуметтік мемлекет жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар Политология дипломдық жұмыстар, Әлеуметтік мемлекет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]