Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

Мазмұны

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1 ЖАСТАР САЯСАТЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 10
1.1. Мемлекеттік жастар саясатының рөлі мен маңызы 10
1.2. Қазақстанның егемендігі - жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алгы
шарты 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮРДІСІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 18
2.1. Мәдениет пен білім саласындағы жастар саясаты..................18
2.2. Жастарды әлеуметтік саладағы қорғау саясаты.........................................33
3 МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ
БАСЫМДЫҚТАРЫ............................................................................................49
3.1. «Қазақстан - 2030» Стратегиясына орай Мемлекеттік жастар саясаты
дамуының перспективалары.............................................................................49
ҚОРЫТЫНДЫ ..................................................................................................56
СІЛТЕМЕЛЕР.....................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы алғашқы атқарылуы тиіс мәселе жастар саясатының қалыптасуы, жүзеге асырылуы болып табылады. Бұл салаға басымдық берілуінің басты себебі Республиканың демократиясы мен экономикасы дамыған елге айналуға көмек болар тіректерді түзуінде жатыр.
Бүгінгі таңның ең ұлы мұраты - тәуелсіздік идеясын қалыптастыру болып отырғаны анық. Жас ұрпақтың санасын қалыптастыру мақсатында Республикамызда жастардың жаңа саясаты жасалуда, әлеуметтік белсенділік мәселесіне, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігінің нығаюы барысындағы жастардың орны мен рөліне баса назар аудурылуда.
Біріншіден, қазіргі кезеңдегі ел дамуындағы ең өзекті мәселе мемлекеттің жастарға деген жаңаша қарым-қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев былай деген болатын: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпаққа сүйене отырып, бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1]. Осы теориялық-әдістемелік тұжырымға еліміздің жүзеге асырып жатқан жастар саясатының маңызы мен рөлі жинақталған.
Екіншіден, Қазақстан қоғамының дамудың жаңа сатысына көтерілген кезеңінде жастар әртүрлі әлеуметтік топтардың конгломератынан тұратын (топтарды) ерекше демографиялық топты құрап отыр. Ол топ саяси көзқарастарымен, ұлттық құндылықтарға деген ұмтылыстарымен ерекшеленеді.
Үшіншіден, қазақ ұлты жастарының ұлттық идеясы өз дәрежесінде емес. Оны тіл, діл, дін, салт – дәстүр салаларындағы келеңсіздіктерден байқауға болады. Олардың санасы жеке меншіктік, бай және кедей психологиясы дәрежесінен аса алмайтын жағдайда.
Төртіншіден, кейбір саяси партиялардың атынан шығып жүрген жастар ұйымдары акциялары арзан ырду - дырдулардан әрі бара алмауда. Оларды Отан сүйгіштік рухта, әртүрлі саяси күштердің жетегінде кетпейтіндей етіп тәрбиелеу қажет. Мақсат - Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатын корпоративтік мүдделер шегінен шығарып, оны жалпыұлттық дәрежеге көтеруде болмақ.
Бесіншіден, жастар арасындағы девиантты мінез - құлық көбеймесе азаяр емес. Есірткі мәселесі жастар үшін үлкен күрделі проблема. Оған қарсы күресті бүкіл қоғам болып жүргізіп,бұл мәселе қоғамдық ұйымдардың да алдындағы міндеттердің бірі екенін ескеру керек.
Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты - жастардың шығармашылық, жаңашылдық қуатын қоғамды алға бастар күшке айналдыру. «Бақытты бала, бесікте еркін өседі» [2] - деп белгілі саясаткер Әлихан Бөкейханов айтқандай, алтыншыдан, бұл мәселе жастар арасында орын алып жатқан негізгі заңдылықтарды жинақтап және сараптап, ғылыми тұжырым мен ұсыныстарды қарастырып, мемлекеттІк жастар саясатын тұтастай ойластырғанда ғана шешімін таппақ. Осы айтылғанның барлығы егеменді Қазақстанның

стратегиялық бағыттарының жүзеге асудағы маңызын, дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін айқындайды.
Мәселенің ғылыми зерттелу деңгейі. Жастар саясатын зерттеу кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады. Өткен он төрт жылдың ішінде әлеуметтік және гуманитария салалары бойынша жарық көрген ғылыми және публицистикалық еңбектер жастар қызығушылығының қалыптасуы саясат тақырыбын баян еткендігі байқалады. Кеңес дәуірінде жазылған жастар мәселесіне қатысты зерттеулер мен диссертациялар негізінен идеологиялық бағыт шырмауынан шыға алмады.
Қазақстан тәуелісіздігін алысымен жастар мәселесімен қатар, саяси мәселелерге жаңа қырынан қарап зерттеу кең өріс алды. Бірінші кезекте Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев рөлінің ел дамуындағы маңыздылығын көрсететін Е. Н. Ертісбаев, И. Н. Тасмағанбетов, М. Б. Қасымбектовтердің жұмыстарын атап өткен жөн [3]. Мемлекеттік дамудың жаңа сатысы бұрындары әлеуеметтік-гуманитария ғылымы қарастырмаған түрлі бағыттар мен мәселелерді зерттеуге үлкен мүмкіндік береді. 1990-жылдардан бастап, жастар саясаты тақырыбы ғылымының түрлі салаларын (саясаттану, философия, педагогика, тарих, әлеуметтану) қызықтыруда.
Республикамыздағы жастар саясатының тұжырымын жасаудың заңды актілері бола тұра, мемлекеттік органдар бұл мәселеде немқұрайлылық танытып келеді. Жастар саясатына деген қызығушылықтың өте үлкен екенін осы тақырыпқа қатысты жоспарлы жұмыстардың күн санап өсіп келе жатқандығынан байқауға болады.
Бұл жас ұрпақтың күш-қуатын әлеуметтік, психология, саясаттану, тарих, этнография, педагогика, экономика, демография, статистика, құқық және тағы басқа тәріздІ ғылым түрлерімен бірге зерттеуге болатындығымен түсіндіріледі. Р. Б. Әбсаттаровтың, Т. С. Садықовтың, Е. 3. Батталхановтың, А. К. Бақаевтың, Л. А. Байділдиновтың, С. Я. Дьяченконың, Ш. Е. Джаманбалаевтың, Ж. Жоробековтың, Г. Ж. Ибраеваның, А. С. Сәрсенбаевтың, Г. Т. Телебаевтың, А. Т. Шайкеновтың, Е. А. Кузнецовтың, Ш.А. Құрманбаеваның, С. 3. Нарматовтың, А. А. Нұрмағанбетовтың, Т. С. Сәрсенбаевтың, М. Б.Тәтімовтың, А. Ш. Ишмұхамедовтың [4] және тағы басқа ғалымдар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, елімізде орын алып жатқан қоғамды қозғаушы жастардың интеллектуалды және инновациялды мүмкіндіктерін пайдалану тәрізді мәселелерді қарастырды. Республикамыздағы демократиялық реформаларды жүзеге асырудағы жастар рөлін тарих тұрғысынан зерттеп диссертация жазғандар: О. А. Құрамысов, Н. 3. Нығматуллин, А. К. Самаевтар [5]. Жастар ортасында саяси-мәдениеттің қалыптасуы, жастар мәселесінің саяси аспектісі тақырыбы Н. П. Калашникованың, Д. А. Калетаевтьң, В. И. Зыряновтың диссертациялық жұмысына арқау болды [6].
Бұл зерттеулердің барлығы жастар проблематикасын әртүрлі қырынан қарастырғанымен, сондай - ақ, еліміздегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу мәселесі әлі де болса дау туғызып жүргендіктен жаңа зерттеулер өз-өзінен сұранып тұр. Ғылыми жұмысты жазу барысында мерзімді баспасөз материалдары пайланылды. Әсіресе, Т. Галимовтың, Г. Арабаеваның, С. Тупицынның, В. Веденконың, Ж. Сағадидің, Т. Устинованың, А. Тесленконың, Д. Қазымбетовтың және т. б. еңбектері көп көмектесті.
Қоғамның күн санап дамып бара жатқандығын және саяси-әлеуеметтік оқиғалар қарқын ала бастағанын ескере келе жастар мәселесіне арналған зерттеулер әлі де жетіліксіз, шикі екендігін атап өткім келеді. Жастар тобы ортасындағы жаңа әлеуеметтік ойдың қалыптасуы, саяси мәдениеттіліктің дамуы, ұлтаралық қарым-қатынас пен ғылыми, кәсіби белсенділіктің артып келе жатқандығы назардан тыс қалып отыр.
Елміздің дербес, өз алдына жеке ел болып дамып келе жатқандықтан, автор «Қазақстанның егемендігі - жаңа жастар саясатын қалыптастырудың алғы шарты» деген мәселеге ерекше тоқталуды жөн деп тапты. Бодандық құрсаудан құтылған соң, ұлттық сана қалыптасып Қазақстан демократиялық дамудың сара жолына түсті. Осы орайда еліміздегі көппартиялық жүйе, ой-пікірдің алуандығы, жаңа экономикалық қатынастар жастардың әлеуметтік белсенділігіне әсер етпей қоймасы анық.
Жастар мәселесі мен саясатын бүгінгі таңда зерттеуде егеменді республика қалыптасуының жаңа тарихын ескеру өзіндік ерекшелігі болып табылады. 1991 жылы Тәуелсіздік алған кезде жаңа нарықтық катынастарға көшкен кезде, мемлекеттік құрылымның жаңадан инстиуттарға бүлінген кезінде ғылым саласындағы ұғынықтылық және әдістемелік аппаратар ғылым саласында қайта қарастыруда қажет етеді. «Жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары»[7]. Ғалымдар бірінші кезекте «жастар саясаты» дегенге анықтама беруі керек, себебі біз «жастар саясаты» дегенде «жаңа жастар саясатын» сөз етеміз. Бірнеше ғылыми еңбектер «жастар саясаты» дегенге өздерінше анықтама беруге тырысты. Кейбір ғалым-зерттеушілер бүл ұғымға жастардың жеке түлғасына әсер етпей олардың өмір сүруіне жағдай жасаудағы мемлекеттің спецификалық өзіндік әрекеті деп санайды [8].
Келесі бір зерттеушілер тобы бұл ұғым жастардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын жүзеге асыруды және сақтаудағы теоретикалық-практикалық негізділік деп есептейді.
Алайда, біздің пайымымызша «жастар саясаты» жастардың қоғамдық-саяси потенциалын және олардың өзіндік қарым-қабілеттерін жүзеге асыруға бағытталған жалпымемлекеттік проблема. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңында «мемлекеттік жастар саясаты -мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және кұқықтық шаралар жүйесі»[9]. Біздің бұл көзқарасымыз, ресейлік ғалымдар: И. М. Ильинскийдің, Н. Сердюкованың, В. Цыпленконың, И. Маримованың пікірлерімен үндес. Мұндай бағыт «қоғамның өзін-өзі жаңа, жоғары деңгейге көтерілуіне көмектеседі»[10].
Ғылыми әдебиеттерде жастардың қоғамдағы орны жөнінде әртүрлі түсінік беріледі. Зерттеуші-ғалымдардың бірі жастарды әлеуметтік әрекеттің субъектісі деп таниды. Біз бұл тәрбиелік процеске кері әсер ететін қате тұжырым деп санаймыз. Бүгінгі қоғамның жаңа келбеті әлеуметтік топтағы индивидтардың қызметіне өзіндік жаңалықтар қосуда. Жастар мемлекет өмірін саясат объектісі деп танығанда ғана оған белсене аралсады. Осы жұмыстыңавторы осы позицияны құптайды. Мәселеге осы тұрғыдан қарау бірінші кезекте мемлекеттің өзіне тиімді болмақ.
Жастар дамуын танып-білу деңгейіне баға берер болсақ, мәселеге қоғамның қайта қалыптасу кезіндегі саяси және әлеуметтік тұрғыдан қарау жетіспейді. Жастар ортасында жаңа сананың пайда болуы, саяси мәдениеттіліктің жаңа деңгейі, ұлтаралық мәдениет, жастардың ғылыми, кәсіби белсенділіктері назардан тыс қалып отыр. Біздің ойымызша, жастардың шығармашылығы, саясатта жаңа бағыттардың пайда болуы, дарынды жастарды іздеп табудағы жаңаша жолдарды табу, нарықтық қатынасқа өту кезінде жастардың белсенділігін арттыру, жекеменшіктің жаңа түрлерін қалыптастыру, үндірістің жаңа сапасы, коммерцияға, мэдени өмірге араласу, элеуметтік-саяси инфроқұрылымдарды дамыту, мемлекеттік қүрылымды басқару бағыты өзекті болмақ. «Сөздерінде жалын бар, Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!»[11] - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, демократиялану кезеңінде жастар мәдениеттілігі мен әдептілігі ісінде плюрализм негіздерінің қалыптасуы, халықтың тарихы, ұлттық мұрасы, адамзат құндылықтары мен жаңа еңбек және кәсіби қатынастар даму кезінде зерттеулердің көкейкестілігі арта түспек.
Соңғы кездегі саяси оқиағаларга қатысты жаңа мәліметтердің пайда болуына байланысты зерттелінген мәселелерді қайта қарап шығу қажет. Бұл үрдістер біріншіден, әлеуеметтік және жеке бас пайдасының ерекшеліктерін түбімен өзгертеді; екіншіден, саяси ойындар мен қажеттіліктер жаңа құрылымның пайда болуына әсер етеді және саяси жүрістің объектілері мен субъектілерінің өзара айырбасына түрткі болады; үшіншіден, орын алып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың эволюциялық дамуына, қарым-қатынастардың динамикалық негізде әртүрлі болуына ықпал етеді; төртіншіден, саяси арена және саяси қайраткерлер мен фукнционерлердің жаңа типін қалыптастырады.
Жастар саясатының әсіресе, саясат ғылымында жеткіліксіз зерттелуі бірнеше себептерге байланысты. Біріншіден, Қазақстанның егеменді ел ретінде танылғанына он төрт жылдан енді ғана асты. Бұл тарихи уақытта жаңа жастар саясаты феноменін ғылым толық танып болмады және қалыптасу процесі де әлі аяқталған жоқ. Өткен уақыт мемлекеттіліктің негізгі ұстанымдарының қалыптасуымен, ашық демократиялық қоғам құрудағы тоталитарлық режимнен өтпелі кезеңге өтудің тұрақсыз тенденцияларымен сипатталады. Біз жаңа мемлекеттіліктің пайда болуының басында және оның саяси, әлеуеметтік институттарының даму кезеңдерінде тұрмыз. Екіншіден, орын алып жатқан оқиғалар мен процестерді зерттеудің әдістемелік, ғылыми, теориялық негіздері енді жасалуда. Қазіргі кезеңде зерттеушілер, ғалымдар өзіндік ерекшеліктерді, тенденцияларды, басымдықтарын, негізгі бағыттар мен құралдарды анықтап, сараптап көрсетуге ұмтылуда.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асуындағы ерекшеліктерін сараптау болып табылады. Бұл мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленді;- жас ұрпақты халықтың ерекше әлеуеметтік-демографиялық топ ретінде
статусын және жаңа әлеуеметтік-саяси жағдайдағы олардың саяси және
әлеуметтік белсенділігін анықтау;
- әдістемелік және теориялық тұрғыдан кешенді мемлекеттік жастар
саясатын қажеттілігін негіздеу;
- жаңа жастар саясатын қалыптастырушы негізгі шарттардың бірі ретінде
өтпелі кезеңдегі тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-саяси ерекшеліктерін
зерттеу;
- республикада жүргізіліп отырған жастарды әлеуеметтік қорғау
мемлекеттік саясатын зерттеу, ұйымдастыру құрылымын сараптау;
- бұрынғы КСРО кезінде жүргізІлген жастар саясаты мен жаңа жастар
саясатын жүзеге асыру механизмдерімен салыстыра отырып сараптама жүргізу;
- жастар ортасындағы ұлттық сананың қалыптасу үрдісінің ерекшеліктерін зерттеу;
- мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға әлеуметтік
сауалнамалар, статистикалық деректердің есебі, материалдық жағдайын,
жұмыспен қамту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың
құқықтық мәртебесін жақсартуға арналган заңдар мен мемлекеттік құжаттар
негізінде теориялық-практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Қорғауға ұсынылатын диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары:
1. Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік бағыты
айқындалған мемлекет екенін ескере отырып, біздер үшін жастар саясатын
қалыптастыру және жүзеге асыру оңды болмақ. Қазақстан егемендігін алған
сәтте саяси мемлекеттік құрылым, өндіріс тәсілі, нарықтық қатынастарға
өтудегі жаңа экономикалық реформалардың енгізілуі салдарынан жастар
саясатының бағыты елеулі қиындықтар мен күрделіліктерге тап болғандығын
ескеру керек.
2. Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптасу және нығайту процесінде
қоғамның демократиялануы және мемлекеттің экономикалық негіздері
жастардың әлеуметтік мәртебесіне, әлеуметтік-саяси белсенділігіне әсер
еткенін ойдан шығармау қажет.
3. Мемлекеттік жастар саясаты күн санап өзгеріп жатқан қоғамдағы
саяси-экономикалық жаңалықтар мен қоғамның жаңа санасына (жастар
санасының да) сай құрылуы қажет. Жастар ортасы қоғамның реформаланушы
және шынайы идентификациялық процестердің - этникалық, азаматтық,
әлеуметтік ықпалында болып табылады. Жас ұрпақтың ұлттық санасы өзгеріп
жатқанын ескере отырып, жаңа мемлекетгік құндылықтардың қалыптасуы
жолында саясатты жүргізген жөн. Жастардың қоғамдық-саяси іс-шараларға
араласуы көппартиялық, ой-пікір алуандығы, сөз бостандығы және адам құқы
тәрізді демократиялық құндылықтарды орнықтыру және жүзеге асыру ісі тіпті
өз дәрежесінде емес.
4. Егемендік алғаннан кейінгі жаңа қоғамдық құрылымның әлеуметтік-
экономикалық құрылымының ең әлсіз қорғалған тобы жастарды әлеуметтік
жағынан қамқорлыққа алу қажет. Бұл орайда жастар ортасында әлеуметтік-
психологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу қажет. Бұл өз кезегінде
девианттық мінез-құлықты жастарды жөнге салуға, қылмыс әлемінің өршіп
кетпеуіне жәрдемдеседі. Жас ұрпақты әлеуметгік қорғау саясаты мемлекеттің
дамуында үлкен маңызға ие.
5. Мемлекеттік жаңа жастар саясатын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік,
аудандық және жергілікті жерлердегі ұйымдастыру жұмыстарын шешу
жұмыстарына баса назар аударған жөн. Биліктің білім, денсаулық сақтау, білім,
әлеуметтік қамсыздандыру, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және әрбір жеке тұлғаның рухани қажеттлгін өтей білетін реформаларды сауатты үйлестіре білген жағдайында ғана «Қазақстан - 2030» Стратегиялық Бағдарламасының он жылдықтарға жоспарланған бір тармағы ретінде жастар саясатын жүзеге асыру мүмкін болмақ.
6. Жастар саясатының рөлі мен маңызын және оның қалыптасуы
Қазақстанның тәуелсіз ел болып қалыптасуының басты шарттарының бірі
болып табылады. Біздің еліміздің әлемдік демокартиялық қауымдастыққа
интеграциялануы жастар ісінде, ұлттық таным, дәстүр, рухани-мәдени
құндылықтар мәселесінде еліктеу т.б кемшіліктерге тосқауыл қоя отырып,
әлемдегі өзге мемлекеттерден тәжірибе алмасуға да көңіл бөлу керек.
7.Саясаттанушы, заңгерлер және мемлекеттік қызметкерлер даярлайтын
жоғары оқу орындарында жастар саясатының проблемаларына арналған
арнайы курстар болмай отыр. Сондықтан соны жоспарға енгізіп, талапты
жастардың назарын қордаланып жиналған проблемаларды шешуге аударсақ
одан біз көп нәрсе ұтқан болар едік.
8. Республикадағы әр бағыттағы жастар қозғалыстары мен
ұйымдарының бастарын біріктіріп материалдық құндылықтар мен қатар рухани
құндылықтарды да естен шығармайтын бірыңғай ұлттық мүддеге бағытталған
Республикалық жастардың органын құратын мезгіл пісіп жетілді. Демографиялық жағынан алғанда жастар Республикада көпшілікті құрайтынын ескеріп, Қазақстан Республикасы Парламентінде жастардың әл-ауқаты мен жастар проблемаларын көтеру үшін Жастар ұйымының атынан бір ғана емес кем дегенде он депутат болып, жастар фракциясы болуы керек.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеудің теориялық-эдістемелік негізі ретінде біз тэуелсіздіктің негізгі үстанымдарына, жастар саясатына, экономканың элеуметтік бағытына, нарықтық қатынастарға, еңбек мэселесі қарастырылған, білі, элеуметтік қамсыздандыу жэне т. б. нақты анықтама берілген Елбасының «Қазақстан - 2030», «Тәуелсіздігіміздің бес жылы», «Бейбітшілік кіндігі», «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» кітаптарына, еңбектеріне, жолдауларына сүйенеміз. Зерттеуде негізгі дереккөздер болып табылатын Президенттің республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын зерттеуге арналған Жарлығы мен басқа да құжаттарында жастар саясатын дамыту мэселесіне жаңаша қарап, талдау аңғарылады.
Зерттеудің негізгі дерек көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар мен өзге де заң актілері, Н. Ә. Назарбаевтың жарлықтары, зерттеуге арналған кезеңдердегі сөйлеген сөздері, ағымдағы мұрағат құжаттары, эксперттік және басқа да бұқаралық сауалнамалар, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің мемлекеттік жастар саясатына, саяси партиялар мен жастар қозғалысының, монографиялар, мақалалар, зерттеу қызметтерінің ғылыми жарияланымдары құрайды.
Демократиялық, экономикалық жағдайдың жаңа нарықтық жағдайларға бейімделу деңгейІн, білім беру мен кәсіптік деңгейлерінің көрсеткіштерін «Қазақстан жастары - 2000» жобасының өткен Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің республикалық әлеуметтік зерттеулерінің, 1999 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының тапсырысы бойынша 1999-жылы Қазақстанда басылған «Азаматтық даму туралы есеп», 2004 жылғы «Қазақстандағы кедейшіліктің себептері мен оларды шешу жолдары», 2003-2004 жылдары жарық көрген «Адам дамуы туралы есеп» материалдарының негізінде сараладық.
Зерттеудің хронологиялық шегі. Қазақстаннық 1991 жылы Егемендік алған тұсынан бастап, бүгінгі күнге дейін. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселесіне келгенде әсіресе соңғы онжылдықтар қарастырылды. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Политология | Оңтүстік Қазақстан облысындағы жастар саясатының дамыту
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасында ақша несие саясатының бағыттары мен перспективалары
» Дипломдық жұмыс: Политология | Саяси әлеуметтендіру процесін қалыптастыру
» Дипломдық жұмыс: Журналистика | Теледидардың жастардың пікіріне ықпалы
» Дипломдық жұмыс: Политология | Микроәлеуметтік қауымдастықтағы қазақ, орыс тілдерінің қызметі

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Политология дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын қалыптастыру

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]