Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ
I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ.
1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері...... 1.2. Бастауыш сыныпта оқытудың әдістері және алу үлгерімі мәселелері...........
II-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.
2.1. Бастауыш сыныпта оқушыларды оқыту және оқу үлгерімін жетілдіру.........
2.2. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру әдістемесі.....
ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................
Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.
Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.
"Бастауыш-білім негізі" деген пікір орынды айтылған, сондықтан білім берудің басты міндеті сапаға зейін аудару, ұғымдар, ережелер, амалдар-педагогикалық іс-әрекеттер арқылы қалыптастырылып, жүзеге асырылуы тиісті. Бастауыш мектеп-баланың дамуының іргетасы қаланатын ерекше кезеңі болғандықтан, олардың алғашқы ұғымдары да осы уақытта қалыптасады.
Бастауыш мектептің жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекеттіміздің болашақтары-жан-жақты жетілген, дамыған, табанды жеке тұлғаны қалыптастырды.
Бастауыш сатыға білім мазмұнын жаңарту және оқу үрдісінің жаңаша ұйымдастыру-сапалы білім беру, оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіруді қамтамасыз ету, анық философиялық, педагогикалық, психологиялық негіздердің терең, жүйелі зерделеу, салыстыруды қажет етеді.
Ғылыми педагогикалық еңбектерде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру (Ю.К.Бабанский, И.П.Подласый,Т.Қ.Оспанов және т.б.) бастауыш сынып оқушыларының даму ерекшеліктері (Л.В.Занков, В.В.Давидов, Д.Б.Эльконй және т.б.), бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау (А.Колашникова, К.Ә.Өтеев, Ж.Т.Қайықбаев және т.б.), оқыту технологияларын (В.П.Бесыаяско, В.Ф.Шаталов, К.Ә.Ерешова және т.б.) мәселелері зерттелген.
Қазақстандық ғалымдар А.Х.Аренова, Ә.М.Мұқанбетжанова, Т.С.Сабиров және т.б. бастауыш білім мазмұның, бастауыш сынып оқушыларының тоқу іс-әрекетін, танымдық іс-әрекетін, жеке тұлғаның дамуы өз бетімен білім алуын қалыптастырудың тиімді жолдарын қарастырған.
Бастауыш сынып оқушыларының ақиқат дүниені ұғымдар арқылы тануын қалыптастыру мәселесін зерттеуде М.Н. Скаткин, В.А.Сластенина, Ш.К.Алиева, Н.Ш.Султанова, Г.И.Уәйісова, Ә.Е.Жұмабаева, Қ.Б.Сейталиев, Ә.М.Мұханбетжанов
тардың еңбектері нәтижелі болып табылады.
Қазақстандық ғалымдар Қ.Айтмағанбетова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова, Ә.Әмірова, М.Тұрсынкелдиева, М.Сәлімбекова, Ф.Жұмабековалвр және т.б. өздерінің зерттеу жұмыстарында білім беру теориясы, әдістемесі, оқу үрдісінің жетілдіру, білім беру сапасын арттырды, дамытуға ерекше көңіл бөлді.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялары және оқу үрдісіне қатысты зерттеулерде Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, Ы.Елікбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. жүргізіп, бастауыштан сапалы тәрбие, сапалы білім беру арқылы оқу үлгерімі арттырылатындығы қарастырылған.
Зерттеу барысында психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары маңызды екендігі белгілі:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- типтік оқу бағдарламасы;
- мемлекеттік аралық бақылаулар;
- қалдық білімдеріне бақылау;
- ұлттық бірыңғай тесті және т.б.
Білім сапасы, даму дәрежесіненің көрсеткіштерін жоғарлатуды қажет етеді. Оқу процесінде оқу үлгерімін жоғарлатуға қарама-қайшылықтар болғандықтан кедергілерді жасайды. Осы қайшылықтарды іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбы.
"Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары" деп таңдауымызға себеп болады.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеу, тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу, және анық әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының теориялық негіздерін айқындау.
- Оқу істері әрекетінде бастауыш сынып оқушыларының алғашқы ұғымдар, ережелер, талаптар, еңбек-іс-әрекеттерін қалыптастырудың педагогикалық жауаптарын анықтауың
- Бастауыш сынып оқушыларның оқу үлгерімін жетілдіру жолдарына қатысты білім беру әдістемесін жасау және тәжірибелік сынақ-тәжірибе арқылы тиімділігін тексеру;
- Бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын жасау;
Зерттеу нысаны:бастауыш сыныптағы білім беру процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдарының педагогикалық шарттары.
Зерттеу базасы:Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан
және қосымшадан тұрады.
I-ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН МӘНІ.
1.1. Бастауыш сыныпта оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында:"Ұлттық бәсекелестікке қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңестілігіне кіру білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз",-дегені белгілі.
Осы талапты жүзеге асыру үлкен үлесті мұғалімдер қауымы атқарады, олар-мектептің алтын арқауы. Білім негізі бастауышта, тіпті бірінші сыныпта қаланады десек, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндердің туған жерге деген сүйіспеншілігі мен жанашарлығы, еңбек сүйіспеншілігі,адалдығы мен шыншылдығы нақ осы кезеңнен бастау алады.
Бастауыштан оқушылардың оқу тәртібін, жалпы әдептілігін, мәдениеттілігін қалыптастыру, оқу процесін ереже, талаптарға, жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарламамен, сабақ кестесі, уақыт кестесімен, оқыту үдерісінде оқудың, іс-әрекеттің уақыттың пайдалы әсер коэффициенттін жоғарлатып, сапалы білім берумен бірге, әрқашанда жас ұрпаққа жан жылуын беру ерекше маңызды. Білім бастауы бастауышта, олай болса сабақ үлгерімін алғашқы күннен күн тәртібінде болуы шарт.
«Бастауыш мектеп жасындағы оқушы» деген термин тың ұғым болғандықтан біз осының орнына «кіші оқушы» деген сөз қолданамыз. Осыған орай біз-кіші оқушының психикалық ьұрғыдан өзіндік сипатына тоқталық. Бұрын балалар оқымаған кезінде «Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтінін біз ескергенбіз. Бұл жастың \7-11 жастың\ өзінде жас кезеңіне бөлінуі оқудың \әсіресе орта оқу мектебінің\ көп елдерде жаппай оқу үстем алып дамып келуінен, осы жас кезеңнің өзінше бөліп алып қараудың себебі-бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу әрекетінің ұқсастығы, көпшілігіне тең ұқсас психикалық қасиеттер тудырады. Міне, бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.
Үш түрлі қиыншылықтардың кездесетінін 1 кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ кластарға келсек, мұндағы оқушылардың жағдайы бірінші класта қалай оқығанына байланысты. Әдетте, баланың бәлендей обьектіге қызығуы мен оның ықыласының барлығын ажырату керек. Қызығу деп бәлендей обьектінің бір жағы сырттай біреуге ұнайтынын айтады. Қызығу көбінесе аз уақытта кездеседі де, кейін сөніп кетуі ықтимал. Ал ықылас балада іштей ұмытылып іске берілуінен пайда болады. Әрине, қызығу кейде ықыласты, не бәлендей нәрсеге құмар болуға апарып соғуы мүмкін. Бірақ бұл сирек кездеседі. Сондықтан, осы мәселеге 1-кластан мән беру қажет. Жалпы алғанда 2-3 кластағы балалардың көпшілігі ойдағыдай оқып кетеді. Оның себебі, біріншіден, кіші оқушының ниеті таза, ішіндегісі тілінің ұшында болып тұрады. Екіншіден бұлар үшін мұғалім үлкен абырой және бедел. Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады. Кіші оқушылардың анатомия-физиологиялық дамуына көшелік.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығайып қалады. Қол бармағының нығаюы \сүйектенуі\ 9-10 жаста қалыптасады да, табаны 10-11 жаста сүйектеніп бітеді. Осының нәтижесінде кіші оқушының 10-11 жасқа толғанша жазуға тез болдырып, қиналады. Сондықтан бастауыш мектеп дасындағыларды жазба жұмысымен көп айналыстыруға, әсіресе бірдемені көшіріп жазуға көп уақытын жіберуге болмайды. 7-8 жастың арасында бала жылына 2,5 кг-дай қосады. Биіктігі жылына 5 см өседі. Бұл кезде әсіресе кеудесі көтеріліп, жүрегі мен тыныс органдары недәуір қалыптасып қалады. Бірақ жүрегінің соғуы 84-90-ға дейін барады \ересектердікі 70-72 жиілігімен соғады\. Осының өзі баланы недәуір қиналдыратын болса да, қан айналыс системасының жұмысынан онан әрі жақсартады. Мұның себебі қан айналыс тетіктері диаметрінің көлемі ересектерден 2 есе артық. Осының нәтижесінде бас миына түтіктер арқылы қан көп құйылады да көп жұмыс істесе де шаршамайтын болады. Бас миының салмағы \7 жастан 11 жасқа дейін\ 1000 гр-нан 1400г. Дейін өседі, әсіресе оның маңдай бөлігі недәуір қалыптасады. Маңдай бөлігі ой мен сөйлеудің орталығы болғандықтан осының қалыптасуы балада ақыл-ойдың кеңінен өріс алуына мүмкіндік береді.
Ал физиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, ми клеткаларындағы қозу мен тежелудің өзара мөлшері \оң және теріс индукцияларының өзара көлемі, иррадиация мея шоғырлану заңдылықтары\ күрделі болып қызмет атқарады. Әсіресе балада теріс индукциясының негізінде болатын тежелеу үстем алып, осының нәтижесіне кіші оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерінде өзін-өзі тежеле алуына мүмкіндігі бар. Бірақ осылай деудің өзін шешіп кету керек. Теріс индукцияның негізінде болатын тежелу санасыз жүзеге асатын болса, онда нәтиже бермейді. Тіпті ойланбай қолайсыз іс жасап қоюы ықтимал.
Сондықтан, теріс индукциянын тежелуі санаға бағынса ғана нәтиже бермек. Осыған бала бірте-бірте үйреніп өзінің қимыл-қозғалысын керек деген жерінде тежелттіріп санасына бағындырып, осының нәтижесінде мектептегі тәртіп пен үлкендерді кісілер сыйлау мөлшерлерін орындауға ұмтылады. Бұл болып келген баладағы анатомо-физиологиялық өзгерістер. Келесі кезде оқуға, еңбек етуге жағдай туғызуға, тиісті тапсырмаларды мүдірместен орындауға мүмкіндік береді.
Кіші оқушылардың оқу әрекетіне келелік. Оқуда өзінше әрекеттің бір түрі дегенде бәлендей мазмұнды сөз, не нақты бейне арқылы белсенділікпен ұғынуды айтады. Оқу әрекеті тек білім алуымен шектелмейді. Осыған ептілік пен дағдылану керек.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр салаларына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әртүрлі.
Жеке пәндерден сабақтарды ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып жарымайды.
Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып осыдан нәтиже шыққанда мадақтау керек.Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы орындауға түрткі болады.Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар. Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал жанама ықылас сәл нәрсе қызық болмаса да жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы келгендіктен болады. Ықыластың соңғы түрі кіші оқушылардың өмірінде негізгі роль атқаруы тиіс.
Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың тәсілін жақсы білмейді. Мысалы, бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Солай болуы осылардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.
Бастауыш мектепте тапсырма балаларға мынадай екі түрлі жолмен беріледі:біріншіден,берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі. Мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол мәтінге сүйене отырып бала оны жаттап алады.
Ал тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп тапсырманы орындаудың бірінші түрін және пробемалық мәселелерді орындай білуді айтады. Осыған әр түрлі пәннен айталық грамматикалық, географиялық, математикалық т.б. есептер шығару жұмысы жатады.
Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекетену, яғни проблемалық мәселені шешу дегенде осының мынадай үш сатыдан тұратынын айтады: біріншіден берілген тапсырманың шартымен танысудан, екіншіден, соны орындаудан, үшіншіден, осының қалай \дұрыс, я, бұрыс\ орындалғанын тексеруінен. Пәндер неше түрлі болғандықтан, осы сатыларды орындау түрліше кездеседі. В.В.Давыдовтың айтуынша, оқу әрекеті мынадай бөлшектерден құрастырылады:1\ тапсырмадан яғни оқу ситуациясынан. 2\ тапсырманы орындаудан. 3\ орындалған тапсырманы тексеру кезеңінен. 4\ баға қоюдан. Мысалы, біздің әуелгі схемамыздағы тапсырманың шартымен танысу дегенді мұнда оқу жағдайы деп атайды. Себебі бала үшін тапсырма өзінше проблемалық ситуация болатыны екендігі жөнінде айтылып отыр.
Ал соңғы саты-баға бұл өзінше баланың тапсырманы қалай орындаған дәрежесін оған білдіру. Бұл мектептің күнделікті өмірінде кездеседі.
Тапсырма яғни оқу жағдайы деп отырғаны сол тапсырмаға кіріспей тұрып, соны орындауға арналған ережелерді білу, не сол жөнінде тиісті мәліметтерге ие болу, мысалы, диктовка жазу үшін соған кіріспей тұрып, бірнеше сабақтарда жеке сөздердің құрамын, солардың қандай буындардан тұратынын біліп және сөз бен сөйлемдерді құрудағы ережелерді \емлені\ білу қажет. Егер осыларды білмесе, оқушы диктовканы дұрыс жаза алмайды. Сол сияқты тиісті есепті шығару үшін, әуелі мағлұматтардың \сандардың\ өзара байланысын, байланысты қалай табу тәсілдерін бір операциядан екінші-операцияға көшуді т.б. білу қажет. Осыларды білудің қажет екені мынадан: баланың әрекеті ілгеріде айтқандай, үш кезеңнен тұратыны рас болғанымен, пәлендей мәселені шешу \диктовка жазу, есеп шығару т.б.\ сол кездегі әрекеттесудің жемісі емес. Мұны орындау үшін оқушы алдын-ала дайындық жұмысынан өтуі тиіс. Егер бала тиісті дайындық кезеңдерінен өтпей, оның немесе бірнеше тізбегін орындауға үйренбей тастап кетсе, тапсырманы орындай алуы мүмкін емес. Бұл жерде оқу ситуациясы деп отырғаны бәлендей жұмбақ мәселелерді шешу үшін осыған орай жағдайды \ережелерді т.б\ еске алу керек деген мағынаны білдіреді. Себебі тиісті тапсырманы орындаттыру үшін, соған қатысты мағлұматтармен жақсы танысып, соларды тиісті ситуацияға қолдана білу қажет.
Ал оқу әрекетінең ендігі бөлшегіне келсек, осының өзі тиісті мағлұматтарды пайдалана отырып, сол тапсырманы орындаудан тұрады. Осыны оқу әрекеті дейді. Тапсырманы қалай орындауда және пәндер сабағына тәуелділігі түрліше келеді. Айталық, кіші оқушылар сөздің құрамы және осындағы морфемалардың ролін білу үшін мынадай бірнеше әрекет жасауы қажет:
1\ берілген сөздің шығу тегін \этимологиясын\ біліп, осыны тап сондай, не ұқсас вариттармен салыстыру қажет;
2\ әуелі сөздің мағынасын одан шыққан сөздің мағынасымен салыстыру керек;
3\ әуелі сөздің формасын \жазылуын,не дыбысын\ одан пайда болған сөзбен теңдестіру қажет;
4\ тапсырма ретінде берілген сөздегі морфемалардың қандай қызмет ақпаратынын тексере білу керек. Осылардың бәрі жеке оқу әрекеті болып саналады. Осы ережелер, яғни нұсқаулар қазірге дейін кейбір қазірге дейін болып келген алгоритмаларға сүйеніп баланы оқыту қажет дейтін кейбір психологтардың \Н.Ф.Талызина т.б./ талабына ұқсас сияқты. Бірақ бұл бөлек операцияларды орындауға кіріспей тұрып, осыған байланысты ситуацияларды еске алуы керек. Тек сонда ғана тапсырманы бала дұрыс орындайтын болады.
Осы сияқты жеке әрекеттер орындалған соң, солардың қалай орындалғанын баланың өзі тексере білуі шарт. Егер орындағаны дұрыс болып келсе, бала келесі тапсырманы орындауға көшеді, қате болса, соны қайтадан орындауға көшеді. \Мұны «қайта оралу хабары» деп атайды\.
Бұл келтірілген оқу әрекетінің құрамына қарағанда тапсырманы баланың өзі орындайды және қалай орындағанын өзі тексереді. Мұғалім тек баға қояды. Оқу әрекетінің осы құрамы бастауыш мектеп балаларының жұмысында кездеседі. Бірақ тапсырманы орындауға кіріспей тұрып, әдейі осыған орай ситуация жұмысын жасауға дайындық болғандықтан, балалардың тапсырманы орындауға арналған мәліметтерінде үзілді-кесінділер кездесіп тұратынан бұл жаңа талапты жүзеге асыру үшін осыған біраз дайындықтың болуы қажет.
Ал осындай үлгі арқылы тиісті пәннің мазмұнын "пішіп" оқытуға баланы қалайша баулу қажет? Оқытудың бұл түрін қазіргі дәстүр болып келген тәсілдерге сүйене отырып қалыптастыру қиын. Дегенмен осы жаңа талапқа байланысты өнерлерге баланы талпындыру қажет. Бұл үшін балаға тапсырма берерде, сол тапсырмаға орай не біледі, нені есіне түсіруді қажет екенін тексеру керек. Егер,тиісті мәліметтерді және не істеуді бала түгел білсе, тапсырманы орындауда қиналмайтын болады.
Ал оқу әрекетінің тексеру кезеңіне келсек, осыған мән берудің үлкен маңызы бар. Күнделікте, кейбір балалардың нашар оқуының себебі тапсырманы орындап біттім деген соң, соның нәтижесін тексермей, сабаққа бірден келуінен мұндай сәтсіздік оқушының кішкентай жасынан бастап осыған мән бермеуінен \оқушының жалқаулығынан\ кездеседі. Ал мұнымен күресті тапсырманы орындаған соң, соның қиыншылықты дұрыс екенін оны тексере білуге үйретсе, балалардың бәрі қатесіз оқитын болар еді. Себебі бала тапсырманы қате орындағанын үйде отырып білсе, уақытын бос өткізбей, сол қатені жоюға әрекет жасаған тболар еді.
Кіші оқушылардың ойынына көшелік. Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Енді оқу оның негізгі қызметіне айналса да, бала ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де бұрынғысындай ойнағысы келеді. Бірақ жағдай өзгергендіктен оның осыған бұрынғысындай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Осыған орай кіші оқушының бұрынғысынан өзгеріліп көбінесе жаңа мазмұнда кездеседі. әрине, осы жастығының ойыны бұрынғысындай бәлендей маманның \машинистің, дәрігердің, малшының т.б.\ролін ойнайды. Бірақ осы ойынының бұрынғысынан өзгешілігі мынадай, сол рольдердің азаматтық сапасына, айталық қайраткерлігіне, ептілігіне, батырлығына т.б. мән береді. Демек, кіші оқушы «мен Бәленше боламын» демей, сол бейнелердің мінез-құлқын таңдап, солардың қайсысы әсем, қайсысы әсем емес екенін ажыратып, өзі соларға еліктеуге тырысады, 1 және 2-3 кластағылардың ойыны бірдей емес. 1-кластарда бала: "мен ұшқыш болам","Маған сондай роль ұнайды" деп айтып, бірақ соны орындауға әрекет жасамайтын болса, 3 кластағылар роль ойынына еліктеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады. Демек, сөзден сол бейнелерді арындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті айлакер болуы үшін әрекет жасайды. Осы өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы кезі-бұл ойын мақсатының мүлде өзгерілуі деп түсіну керек. Өйткені ойын бұрын ермек болып келсе, енді кіші оқушы үшін өзін-өзін тәрбиелеудің құралына айналып отыр.
Рольдік ойындармен да кіші оқушы 2-3 кластарда айналыса бастайды. Мысала, шахмат не футбол ойнау. Егер шахмат баланың ақыл-ойын дамытуға әсерін тигізетін болса, футбол қайраткелігін, дене мүшелернің \қолының,аяғының\ ептілігін дамытады. Футбол ойнау, егер қозғалу ойынның түріне жатса, соның өзі, екіншіден, рольдің ойынның түріне де қатысы бар. Мысалы, қақпашының ролін бала атқарып допты торға тигізбеуге әрекет ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сынып математика сабагында ойын есептерін қолдану
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы
Іздеп көріңіз: