Дипломдық жұмыс: Педагогика | Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік символдардың рөлі
Мазмұны
І бөлім. Балалардың мемлекеттік символдар туралы когнитивтік қатынасы
1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін
қалыптастырудың педагогикалық тұрғысы.
ІІ бөлім. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі мемлекеттік
символдардың рөлі мен маңызы
2.1 Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде көркем шығармаларды
пайдаланудың рөлі
2.2. Балаларды мемлекеттік символдарға деген когнитивтік
қатынасын тәрбиелеудің маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І БӨЛІМ. БАЛАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СИМВОЛДАР ТУРАЛЫ КОГНИТИВТІК ҚАТЫНАСЫ
1.1 Париоттық тәрбиедегі конгитивтілік мәселесі
Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.
Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір суріп жатқан барша адамның міндеті болмақ.
Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімен, сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты.
Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық ұлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ.
Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас белігі, ортақ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады.
Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу турғысынан қарау керек.
Міне, осы сапаларды оқу-тәрбие барысында студент жастар бойына сіңіру бүгінгі куннің өзекті мәселөлерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Патриоттық тәрбие жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі және жастардың патриоттық, жоғары азаматтық сезімін қалыптастыруға бағытталатын мақсатты ұйымдастырылған және басқарылатын психологиялық-педагогикалық үрдіс болып табылады.
Патриоттық тәрбие негізін дамытудың мәні жеке тұлғаның жоғары әлеуметтік белсенділігін көрсететін және қалыптастыратын идеялық-адамгершілік, моральдық еріктілік, еңбек және дене сапаларын тәрбиелеудегі ішкі байланыстарды анықтау және саралау болып табылады.
Патриоттық тербиеде қолданылатын іс-әрекөт түрлері тәрбие процесінің нақты мазмұнын анықтайды. Ондай іс-әрекеттерге оқу-танымдық, спорт-қорғаныс, ойың еңбек, қоғамдық-саяси, көркемдік-эстетикалық іс-әрекеттерді жатқызуға болады.
Студенттің патриоттық іс-әрекетке дайын болуы оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзіндік таныту шегіне көтерілуімен де анықталады.
Бұл іс-әрекеттердің жүзеге асуы оқытушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық кезқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, жастардың дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі технологияларын мақсатты түрде таңдап, олардың уздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, кеп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.
Алматы қаласы.
Музыка сабағы арқылы ұлттық тәрбие беру. Тәрбие ісі адамзаттың бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие - бір ұрпақтың өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады. Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-тәрбие берудің басқа ұлтта қайталанбайтын бай тәжірибесін жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін дүниеге әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне ете үлкен ықпал жасайды.
Қай ұлт болса да оның үлттық үрдісі, өзіндік әуені, білікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болашақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады.
Бүгінгі заман талабы - еліміздегі болып жатқан саяси-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени өзгерістерге байланысты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті, рухани ойлау дәрежесі биік, шығармашылықпен қызмет атқара алатық қоршаған табиғи ортаға, әлеуметтік ортаға икемді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру болып табылады.
Қазіргі кездегі жалпы білім беретін мектептердің оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына, саяси әлеуметтік, эканомикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда. Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды, қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп түсінуіміз керек. Яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет. М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді: "Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтаң әрбір тәрбиеші, сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол үлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті".
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алатыны белгілі. Ал ұлттық тәрбиенің қайнар көзі фольклорымызда екені даусыз. Себебі дәстүрлі мәдениетіміздің ұмыт бола бастаған қай түрік қай саласын болса да сол "фольклорымыздан тауып, ажыратып ала аламыз. Біз бұл жерде ұлттық тәрбиенің көздерін музыкалық фольклордан қарастырмақпыз.
Патриоттық тәрбие мемлекеттік символдар арқылы және мемлекетіміздің ата-бабамыздан сақталынып келе жатқан құндылықтары арқылы танымдық қатынасы тәрбиеленеді. Жүріп өткен тарихи тағылымдарға көз жүгіртетін болсақ, таным сөзі психологияда когнитивтілік терминінде пайдаланылған екен. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік символдарды танымас бұрын психологиялық тұрғыда мемлекеттік символдарды конитивтендіру мәселесіне көз жүгіртейік.
Когнитивті психология адамның дүниені тануы, мәліметтерді талдауымен қоса, тұлғаның түрлі туындап отырған ситуациялар мен мәселелерді қалай парасатты шешетіндігін, яғни адамның когнитивті қабілетінің дамуы қалай жүретіндігінде қарастырады.
Брунердің когнитивті тұжырымдамасында (1966), біздің әлемді тануымыз сезімдік және қозғалыстық сипатта болады: ешбір ой біздің сезім және әрекеттік белсенділігімізсіз болмайды деп көрсетеді. Сондықтан шындықты сенсоматорлық бейнелеу балалық шақта шешуші роль атқарады.Дүниені бейнелеудің келесі тәсілі – иконикалық бейнелеу. Мұнда қабылданған нақты объектілер ес-жадында образ түрінде, ойлы образ түрінде жүреді. Жеткіншек жаста дүниедегі образдарды иконикалық бейнелеуі енді заттық формадан енді түсініктерді символикалық бейнелеумен толығады. Мұнда, дүниені қабылдау образдары тілді пайдаланумен шектеледі. Брунердың айтуынша, тіл – когнитивті процесті дамытудың ең негізгі құралы.
Швейцар психологі Жан Пиаже (1896-1980) «адам шындық дәрежені қалай таниды» деген мақсат қоя отырып, баланың ойлауының даму заңдылығын зерттейді. Сөйтіп, мынадай қорытындыға келеді: «когнитивті даму ол біртіндеп болатын процесс және ол бірізділікте болады және ол бірнеше кезеңнен тұрады. Баланың интеллектілік дамуы баланың не білетіндігі мен сол білуге деген талпысы арасындағы үнемі болатын тепе-теңдік ізденіс нәтижесінде болады. Мұны барлық балалар басынан өткереді. Дегенмен кейбір осы кезеңдердің барлығын басынан өткізгенімен, оларда белгілі бір кезеңде бір немесе бірнеше қажетті фактілерді жетіспеуіне байланысты дамуында тежелу немесе блокодалық болады. Алға жылжу жүйке жүйесінің жетілуі, түрлі заттармен айналысу тәжірибесінен және тіл тәрбие сияқты әлеуметтік факторлардың бірлескен әсерімен белгіленеді.
Тұлғаның когнитивті теорясы «танушы», «түсінуші», «талдаушы», сияқты адамның түсінуінен барып шығады. Адам мәліметтер әлемінде өмір сүреді, ол оны түсінеді, бағалайды, пайдаланады.
Адам әрекетінде үш түрлі компонент бар:
1. әрекеттің өзі;
2. ой ;
3. сезімі
және мұның барлығы белгілі-бір әрекетті орындау барысында болады.
Сырттай қарағанда бірдей болып көрінетін әрекеттің өзі ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты әр түрлі болады. Ондағы ой мен сезім түрліше болуына байланысты.
Субъективті ситуацияны интерпретациялау сол ситуацияның «объективті» мәніне қарағанда, бұл факторға шынайы шешім қабылдау деген сөз. Өзі қатысып отырған әрекетте, адамның ситуацияны әртүрлі «көруіне» байланысты талдама берушілік (интерпретациялық) әр қилы болады. Нақты ситуациялық схеманы өзіндік интерпретациялау өзіндік ішкі өзгермеліктерімен байланысты:
- адамның өзінің болашақ мінезінің болу себебін болжауының жетіспеушілігінен;
- нақты ситуациялық жағдайға тап болғанда адамның сол кездегі уақыттың аздығы немесе білімінің жетіспеушілігі немесе т.б. себептер мәселені жан-жақты талдауға мүмкіндік бермейтіндігінен;
- шешім қабылдау қажет болған жағдайда оған таңдау мүмкіндігі беріле бермейтіндігі;
-белгілі бір әрекет атқаруда эмоциональдық жағдайдың басымдылығынан дұрыс шешімнің қабылданбауы.
Міне ,мұның барлығы әрекетті қажет етеді.
Әрекет - ол мәлімет көзі, өзі туралы немесе өзге туралы пікірді өзгертуге немесе қалыптастыруға сол әрекет мүмкіндік береді. Олай болса, адамның реакциясынан кейін өзінің белгілі-бір мінезінің субъективті талдауды жүзеге асырады, оның жетістік деңгейі тиісті түзету немесе болашақ туралы белгілі бір қорытынды жасауына байланысты болады.
Психолог Зимбардо, антиәлеуметтік мінез формаларын зерттей отырып жағымды әрекеттің көп бөлігі ситуациялық және тұлға аралық факторды талдау көмегімен түсіндіріледі. Ең жақсы деген адамның өзі күрделі жағдай мен ситуацияларды қателесіп жатады. Ситуациялар адамның жоспарын, ниетін, қарым-қатынасының орындалуында кедергілерге кезігеді немесе жүзеге асыру потенциалының артуына күш береді. Ситуациялық құбылыстарда тап бола отырып немесе оны арнайы құра отырып, адам мінезін күрт өзгертуге болады және керісінше, көп күш жұмсай отырып, адамға сырттай әсер етудің нәтижесінде де өзгертуге болады деген қорытындыға келеді.
Психолог Эллис, адамның дұрыс емес мінез-құлқы ең алдымен «белсенді ситуацияларды» тудыратын ақыл жетпейтін (ирроционалды) ойға байланысты деп есептейді. Бұл жағдайда адаммен бірлесіп сол жағдайға тап болдырған ситуациялық жағдайды талдау керек. Терапевтің негізгі міндетіне пациентінің ойлау процесін зерттеу және ойлау мазмұнын оның санасына иррациональдық моменттерді жеткізу кіреді. Адамның болған оқиғаны объективті қабылдауға үйрету жаңа әрекет шешімін іздеуге алып келеді. Міне, осылай мінезді бейімделмеген формасы біртіндеп жаңа, барынша тиімді формамен алмасады, яғни адамдағы ой модификациясы (түр өзгертушілік) мінездің өзгеруіне алып келеді.
Американ психологі А. Бек, «адамның қалай ойлайтындығын олардың қалай сезінетіні мен қалай әрекет ететінін айқындайды». Эмоциональдық жағдай паталогиясы мен адекватты емес мінез «бейімделмеген» когнитивті процес нәтижесінде болады. Сондықтанда, когнитивті терапияның мақсаты «дисфункциональды сенім модификациясы мен мәліметті қайта өңдеудегі қате тәсілмен шектеледі». Қабылдау және ойлауды өзгерту аударуға әсерленушілік модификациясы мен мінез-құлық реакциясына алып келеді. Бек «автоматты ойда» белгілеп және феноменін сипаттады, ол ағымды мәліметті қайта өңдеумен байланысты, олар еріксіз, жылдам, бейсаналы және тікелей эмоциональды және мінез реакциясына алып келеді. Бек, эмоциональдық бұзылуда (қамыққа, тынышсыз аффект, жоғары қозушылық) автоматты ойлау белгілі-бір өзіне тән ерекшеліктерді айырады: қайғыру- жоғалту ойлауына лайықты қойылады, қаһарлану – қандайда бір стандарттың бұзылуы туралы ойлау; қамығу - өзі, дүние, адамдар, болашақ туралы негативті мазмұнды ойлау; үрей – сыртқы қорқынышты ойлау және онымен өзінің күресе алмайтынын белгілейді.
Автоматты ойға бейімделмегендік сыртқы ситуация бағалаудың қателігі базистік алғышарт негізінде жатқан дисфункциональдықпен түсіндіріледі. Базистік алғы шарт ол адамның өзі және айналадағы қоршаған дүние туралы терең түсінігін көрсетеді, онда оның барлық өмірлік тәжірибесі бар, әсіресе балалық шақтағы көңіл-күйі мен отбасының әсерін онда негізгі рольде болады. Психикалық бұзылушылығы бар адамдарда белгілі-бір базистік алғы шарттардың дисфункциональдығы, оның сол ағымдық ситуацияны қабылдау мен бағалаудың теріс болуына итермелейді және соған сәйкес жағымсыз эмоция мен адаптацияланбаған әрекетті басынан өткізеді.
Психотерапевтің пациенттің сол идеяны болжам ретінде көз алдына келтіріп, пациентпен бірге сол болжамның валидтілігін тексеруге және альтернативті ізденушілікті жүзеге асыруға көмектеседі; егерде алғашқы жағдайда идея империялылығы дәлелденбесе, онда пациенттің автоматты ойлауын айқындап, базистік алғы шарт дисфункциональтығын танып және оның бағытын түзету керек
Тұлғаны когнитивті тұрғыдан қарастырғандардың бірі-Д. Келли. №2 кестеде қарастырылады....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Журналистика | Атырау газетіндегі патриоттық тәрбие мәселесі
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазақстан Республикасының өлкетанулық библиографиясы
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары
Іздеп көріңіз: