Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы
Мазмұны
КІРІСПЕ................................................................................................................
І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері............................................................................................
1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы.....................
1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі.........................................................................................
ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ
2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру........................
2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру..................................................................................................
2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері....................................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................................................
КІРІСПЕ
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.
Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деді [1].
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].
Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.
Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған[5]. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.
Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.Е. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде жазылған[6].
Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды. Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша болды.
Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].
Зерттеу пәні: орта мектептердегі 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу нысанасы: орта мектептердегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу мақсаты: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- орта мектептерде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
- экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:
- орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
- сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
- экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
- жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең (2008 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.
Екінші кезең (2009 жылы). 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.
Зерттеу жұмысының негізгі базасы:
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласы №30 орта мектепте өткізілді.
Зерттедің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің
педагогикалық негіздері
Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.
Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций, А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы»,- деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», - деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді[8].
ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н. Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты[9,10,11].
Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік»,- деді[10]. Д.И.Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», - деген болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.
Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].
Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, «басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам», - дейді.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.
Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», - деді[15].
Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».
Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.
Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген[16]. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», - деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.
Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
» Дипломдық жұмыс: География | География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ұлттық өрнекті пайдалана отырып аналар комзолын әшекейлеу
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру
» Дипломдық жұмыс: География | География сабағында экологиялық тәрбие беру әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ұлттық өрнекті пайдалана отырып аналар комзолын әшекейлеу
Іздеп көріңіз: