Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРІШСТЕРІ
1.1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелілігі
1.2. Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушыларға сипаттама
1.3. Кіші мектеп оқушыларының мінез құлқының ауытку себептері.
2. МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА АУЫТҚУЫ БАР БАЛАРҒА
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
2.1. Мектеп тәжірибесінде мінез-құлқында ауытқуы бар
балаларды анықтау
2.2. Мінез-құлқында ауытқуы бар балаларды коррекциялау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі - мінез-құлқында эмоционалдық үйлеспеушілігі бар балаларға тиімді көмек көрсету. Бұл проблеманың аспектілері психологияда жан-жақты талданған. Оған үлес қосқандар И.Кант, Э.Торндайк, И.П.Павлов, К.Роджерс, А.Маслоу Л.Е.Личко т.б. ғалымдар.
Қазіргі кезде тәжірибелік психологияда қолданылатын әдістемелер жинақтары қазақ тілінде жоқтың қасында. Сондықтан оқушылардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікті диагностикалау өте қиын болып отыр, ал мінез-құлқында ауытқуы бар балаларға дер кезінде көмек көрсетудің маңызы үлкен екенін дәлелдейдің қажеті жоқ проблема екені баршаға аян.
Дипломдық зерттеу барысында осы проблеманы шешу жолдарын анықтап, оның қыр-сырына түсіну үшін тақырыпты «Оқушылар мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары» деп анықтадық.
Дипломдық зерттеу мақсаты - мінез-құлық үйлеспеушілігі факторларын, себептерін анықтау, диагностикалау әдістерін жүйеге келтіру.
Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланды:
- мінез-құлық формалары мен оларға әсерін тигізетін факторларды анықтау;
- мінез-құлық үйлеспеушілігі себептерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйеге келтіру;
- мінез-құлық ауытқуларын диагностиклау әдіс-тәсілдерін анықтау;
- мектеп оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми еңбектерді талдау, мінез-құлық ерекшеліктерін талдау және психодиагностикалық әдістемелерді қолдану арқылы оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, мазасыздану деңгейін анықтау тестерін, акцентуация түрлерін анықтау тестерімен зерттеу жүргізу.
Жинақталған материалдардың логикасына қарай отырып диплом жұмысының құрылысын анықтадық. Ол кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының тақырыбының көкейкесті мәселені зерттеуге бағытталғандығы дәлелденіп, зерттеу мақсаты мен міндеттері анықталған.
«Мінез-құлық және оның негізгі көріністері» - деп аталатын бірінші бөлімінде мінез-құлықтың негізгі көрсеткіштері және олардың көрініс беру ерекшеліктерін түсіндіретін теориялық қағидалар талданып, мінез-құлықтардағы ауытқулар деген не екені көрсетілген. Оқушылардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге сипаттама берілген.
«Мінез-құлқында ауытқулары бар балаларға психологиялық қызмет көрсету» деген екінші тарауда оқушылардың мінез ерекшеліктерін зерттеу, балалардың мазасыздану деңгейін және акцентуациясын зерттеу нәтижелері берілген.
Қорытындыда зерттеу барысында жасалған тұжырымдамалар мен балалар мінезіндегі үйлеспеушіліктер байқалғанда оларға психологиялық қызмет көрсету жолдары анықталған.
1. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1. Мінез-құлық формалары және оның жүйелігі
Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенін ғылым тарихында алғаш рет сипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күмәнданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестер жататын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент - адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық);
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с);
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:
1. Сыртқы мотивация және оған сай мотиві бар немесе себебі бар мінез-құлық.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау
» Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншек жастағы мінез-құлқы қиын балаларды анықтау және коррекциялау
» Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері
Іздеп көріңіз: