Дипломдық жұмыс: Психология | Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Психология | Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ.......................................................................................................... 4
І. ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу.................................................. 18
1.2 Отбасылық қарым -қатынастың жеткіншек тұлғасының дамуына психологиялық әсері............................................... 31
1.3 Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас стилдерінің ерекшеліктері...................................................................... 41
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ............................................. 41
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеттері ........ 42
2.3. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы мен барысы ............................ 45
2.4. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі мен сапалық талдауы............................................. 57
ҚОРЫТЫНДЫ...............................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .................................................
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.
Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді.
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады.
Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.).
Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г. Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша – «отбасы –бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады». Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы жүйе - деп берген анықтамасы А.Г Харчевтің отбасы ұғымына жалпылама болып табылады.
Практикалық маңыздылығы. Қазіргі кезде отбасы мәселелерінің арасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда. Сондықтан отбасында орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын жан-жақты зерттеу қажет болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу мақсатында зерттеу тақырыбын «Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері» деп анықтадық.
Тақырыбы: Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктері
Мақсаты – Отбасындағы ата ана мен бала қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу.
Болжамы - Отбасындағы тәрбиелеу стилдері мен жеткіншектердің қарым-қатынас ерекшеліктері арасында тығыз байланыс бар.
Зерттеу міндеттері:
1. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың ерекшеліктері туралы ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау.
2. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін жинақтау.
3. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындау экспериментін жүргізу.
4. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынас ерекшіліктеріне жүргізілген зерттеулерді қорытындылау, психологиялық ұсыныстар жасау.
Зерттеу әдістемелері:
1. Ата-ана жеткіншек қарым-қатынасын анықтау әдістемесі (А.Н. Варга, В.В. Столин).
2. Р.Ф. Беляускайтенің “Менің отбасым” проективті әдістемесі
3. Дж Мореноның социометриялық сауалнамасының модификациялық нұсқасы
Зерттеу мерзімі: 20 наурыз – 25 сәуір 2013 жыл.

I . ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне теориялық шолу
Отбасылық қарым- қатынастың маңызы. Өмір есігін ашысымен кез-келген адам қандай да бір қоғамға келіп түседі. Ол сол қоғамда өсіп, өркендеп, қалыптасып әрі сонда өледі. Адамның дамуына көптеген факторлер оның ішінде биологиялық және әлеуметтік факторлер әсер етеді. Тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды фактор ол - отбасы. Отбасыда қанша адам бар екеніне, отбасыдағы адамдардың қарым-қатынасына байланысты т.с.с. отбасылар әртүрлі болады. Отбасыда адам өзінің әлемге өзіндік көзқарасын қалыптастырады. Отбасыдағы қарым-қатынас адамның болашақ өмірін қалай жасайтынын, қай жолмен жүретінін айқындайды.
Әрбір баланың өмірінде ата ананың орны ерекше. Олар балаға жүріс тұрыстың жаңа үлгісін береді. Солардың көмегімен ол өзін қоршаған әлемді таниды. Ол барлық іс әрекетінде соларға еліктейді. Бұл тенденция баланык ата анасымен арасындағы жағымды эмоционалды байланыстардың арқасында күшейе түседі. Бала әкесі мен анасына ұқсауға тырысып бағады. Балаға үйреткісі келетін барлық адами қасиеттерді өз әрекеттерімен тырысатын болады. Бұндай тәрбие процессін саналы деп айтуға болады. Себебі басқа адамдармен қарым қатынас кезінде өзін өзі қадағалау отбасыға үлкен мән беру баланы қолайды жағдайларды тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Осындай отбасыда бала жан жақты болады.
Отбасы ересектерге бала тәрбиелеу арқылы ғана ықпал етпейді. Отбасыда әртүрлі ұрпақ өкілдерінің ара қатынасы үлкен роль атқарады. Отбасы кішкентай әлеуметтік топ болғандықтан, өзінің мүшелеріне ықпалын тигізеді. Олардың әрқайсысы жеке ерекшеліктерімен өздерінің жүріс тұрыстарымен отбасы өміріне әсер етеді. Бұл кішкентай топтың жекелеген мүшелері, оның басқа мүшелерінің рухани құндылықтарының қалыптастыруына және бүкіл өмірлік қағидаларымен мақсаттарының қалыптасуына ықпал ете алады.
Отбасы тұлғаның дамуында үлкен маңызы зор. Оған туысқан, жақын адамдардан тұратын кішкентай топтың өміріне араласа алмайтын бала яғни отбасысы жоқ бала көп нәрсені жоғалтады, әсіресе бұл отбасыдан тыс балалар үйінде немесе сол сияқты жерлерде тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларда қатты байқалады. Бұл балаларда тұлғалық даму отбасыда тәрбиеленіп жатқан балаларға қарағанда өзгеше болады. Бұл балалардың ақыл-есімен әлеуметтік дамуы кешігіп жатады, ал эмоциялық дамуы тежеліп қалады. Ересек адаммен де дәл осындай жағдай болады. Жекелеген қатынастардың аз болуы жалғыздықтың болмысы болып келеді. Ал бұл көптеген теріс құбылыстардың көзіне айналып тұлғаның күйреуіне әкеліп соғады [1].
Көптеген адамдардың жүріс тұрыстарына басқа адамдардың қатынасы әсер ететіні бегілі. Көптеген адамдар басқа адамдардың көзінше өздерін жеке қалған кездегіден өзгеше ұстайды. Егер адам достық қатынасты сезетін болса, ол адамда осындай әрекеттерге деген стимул пайда болады. Ал ол өз алдына қоршаған адамдардың қолауын тауып оған жақсы жағынан көрінуге көмектеседі. Егер адам қастық қатынасты сезетін болса, ол адамда қасарысушылық пайда болады. Ол бар күшін салып қасарысатын болады. Жақсы тәрбие көрген адам бұндай қастықты саналы күрес арқылы жеңеді.
Достық қарым-қатынас орнаған кішкентай топтарда, коллективтің тұлғағаға үлкен ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе рухани құндылықтардың қалыптасуында, жүріс-тұрыс үлгілерінің, адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуынан көрінеді. Отбасы кіші топ ретінде өзінің ерекшелігінің арқасында өзінің мүгешелерінің эмоциональді қажеттіліктеріне жағдай жасайды. Ол адамның қоғамға қажет екенін сезінуне, сол арқылы басқа адамадарға көмек көрсеткісі келетін сезімдердің оянуына көмектеседі.
Ата-ананың ролі жан-жақты. Ата-ана баланың өмірлік позициясын таңдауына ықпалы зор болғандықтан, үлкен жауапкершілікке ие. Баланың дүниеге келуі және оның дамуына қажетті заттармен қамтамасыз ету отбасылық өмірдің қандай да бір ұйымдасқандығын талап етеді. Баланы асыраудан басқа, ата-ана баланың тұлға болып қалыптасуында да ролі жоғары. Баланың гармониялық дамуы тек ата-ананың әрқайсысы белсенді әрекетімен және қатысуына ғана байланысты емес. Олардың тәрбиелеу кезінде бір-бірімен бір келімге келулеріне байланысты.
Ата-ана бір ымыраға келмей баланы әрқайсысы өз жақтарына тартқылайтын болса, бала ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата алмай есі шығады. Онымен қоймай ата-ана арасындағы ымыра бұзылып, ұрсысып жатса, оның үстіне бұның бәрі соның кесірінен болып жатқан күнде естіп жүретін болса, ондай бала өз өзіне деген сенімділікті жоғалтып алады. Бұндай жағдайда ол өзін қауіпсізмін сезінбейді. Бұдан келіп балалық үрей туады. Бала қорқақ болып, тіпті жүйке ауруна шалдығуы мүмкін. Бала үшін отбасы мүшелерінің ара-қатынасы өте маңызды. Әсіресе ересектердің оған деген қарым-қатынасы қандай екенін сезіну ерекше маңызды [2].
Ата-ананың балаға деген эмоциональді қарым-қатынасының сипатын ата-аналық позиция деп атауға болады. Бұл фактордың басымдықтан бастап толық бей-жайлыққа дейін бірнеше вариациялары бар. Оларды балаға үнемі телу де, балаға мүлдем қармай қою да балаға зиян. Бала саған өз тарапынан жылылық көрсеткісі келген ата-анаға баламен қатынасты дұрыстап алу өте маңызды. Баланы тым еркелетіп те, тым өзіңнен алыстатып та қажеті жоқ. Баламен арадағы қарым-қатынас еркін болу керек. Бала шынымен нені қалайды соны түсінуге тырысу қажет. Және сол қажеттіліктерді беруге ұмтылу керек. Балаға тек бұйрық беріп, немесе тек оның айтқандарын істей бермеу қажет. Белгілі бір деңгейде оған еркіндік яки тәуелсіздік беріп, дұрыс емес жақтарын көрсетіп отыру қажет. Баламен ортадағы қатынастың бұзылғанын шамадаг тыс агрессивті болудан немесе баланың мінез-құлқын толық түзеуге күш салудан байқауға болады.
Өте ерте жастан бастап баланың даму прцессінің дұрыс болуы бірінші орында ата-ананың мейіріміне байланысты. Кішгкентай бала ата-анасынан ойлауды, сөйлеуді, түсінуді, өзінің реакцияларын қадағалауды үйренеді. Ата-анасының тұлғалық үлгілерінің арқасында ол басқа отбасымүшелерімен қалай араласк керек екенін үйренеді. Қалай жақсы көру керек, кімнен аулақ болу керек, кіммен санасу керек, кімге өзінің симпатиясын я болмаса антипатиясын көрсету керек, қай кезде өз реакцияларын ұстап қалулары керек деген сияқты қатынастарды бала бірінші орында ата-анасынан үйренеді.
Отбасы баланы қоғамда болашақ жеке өмір сүруге дайындайды. Ол рухани құндылықтарды, моральді нормаларды, жүріс-тұрыс үлгілерін, салт-дәстүр, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның мәдениетін дәл осы отбасыдан үйренеді. Ата-ананың келісіліп жасалған тәрбие тәсілдері баланы аламгершілік қасиеттерге сай өзінің сезімі мен әрекеттерін басқара алуға үйретеді. Балада құндылықтар әлемі қалыптасады. Бұнлай жан-жақты дамудың барысында ата-ана өздерін үлгі ретінде көрсету арқылы балаға үлкен көмек көрсетеді. Алайда кейбір ата-ана өздерінің балаларының жүріс-тұрысын қиындатып, тежеп, тіпті бұзылуына себеп болып жатады [3].
Тұлғалық үлгі ата-ана болған отбасыда тәрбиеленген бала келесі әлеуметтік рольдерге дайындық алады: әйелдер немесе еркектер, әйелі неме күйеуі, ана немесе әке. Онымен қоймай әлеуметтік қысым өте күшті. Балаларды әдетте оның жынысына қарай мақтайды, ал ұрсіанда қарсы жынысқа зиян тигізгенде даттап, ұрсады. Дұрыс жыныстық тәрбие, өзінің жынысына тән сезімнің қалыптасуы тұлғаның ары қарай дамуының бірдін бір негізі болады. Дұрыс мақтау, қолпаштаулар көрсету арқылы адамды тұлға ретінде тез қалыптасуына себеп болуға болады. Егер балаға жазалау керек болатын болса онда оның намысына тиіп кетпейтіндей әділ жазалау қажет. Бала ата-анасы жазадап жатқан кезде не үшін жазалап жатқанын өзі түсінуі қажет. Егер баланы тым қатты жазалап қойса балада қорқыныш немесе ашу сияқты сезімдер пайда болуы мүмкін. Балаға қол жұмсалатын болса онда балада кез келген ұнамсыз нәрсені күшпен жеңуге болады екен деген теріс пікір қалыптасуы мүмкін.
Баланың жүріс-тұрысы көбіне үйдегі көрген тәрбиесіне байланысты болады. Осылайша, ересектер тарапынан көретілегн теріс яки дұрыс қатынас балада өзін өзі бағалауы қалыптасады. Өзін өзі бағалауы төмен балалар өздеріне көңілі толмай жүреді. Бұл ата-ана көп ұрсып баласының алдына тым жоғары мақсаттар қоятын отбасыларда болатын жағдай. Онымен қоймай ата-анасының бір-бірімен тіл табыспай жүргендерін көрген бала, оған өзін кінәлайды.
Нәтижесінде өзін өзі бағалауы төмендеп кетеді. Бұндай бала өзін ата-анасының қалауына мүлдем сәйкес келмейтін сияқты сезінеді. Бірақ тым тәкәппарлық деген де проблема бар. Әдетте тәкаппар балалар не бүлдірсе де бәрән аузына тосып, мүлдем жазаламайтын отбасылардан шығады. Өзін дұрыс бағалай алмайтын бала кейін өзіне де маңайындағыларға да қиындық тудырып жатады. Сондықтан да ата-ана өз балаларының бойында қалыпты бағалаудың қалыптасуына тырысу керек. Бұд жерде жазадау мен мақтауда сақтық танытқан жөн болады. Баланың көзінше таң өалып тым мақтауға болмайды, және тым қатал жазаны да қолдануға да болмайды.
Өзін өзі бағалаумен қатар ата-ана талаптану деңгейін де береді. Талаптың жоғары деңгейіне ие, өзін өзі бағалауы тым жоғары балалар тек жеңісті ғана көздейді. Ал егер жеңіліп қалса ол оларға үлкен психикалық соққы болады. Ал талабы төмен оған өоса өзін өзі бағалауы да төмен балалар болашақта да осы шақта да ешнәрсене ұмтылмайды. Олар алдарына жоғары мақсаттар қоймайды. әрдайым өздерінің мүмкіндіктеріне күмәнданып жүреді. Жеңілісті оңай қабылдайды, бірақ сөйте тұра өмірде көп жетістіктерге қол жеткізеді.
Әрбір отбасыда тәрбиенің қандай да бір түрі қалыптасады. Көбінеки отбасыларда әлі толық жетілмеген тәрбие жүйесі қалыптасқан. Тәрбиенің мақсатын түсіну , тәрбиенің түрлерін түсіну, баланы тәрбиелегенде не нәрсе болады не нәрсе болмайтынын білу керек. Ол үшін отбасыдағы тәрбиені төрт тактиға бөлуге болады . Сонымен бірге отбасылық қарым-қатынасқа жауап беретін төрт типке бөлеміз: диктат яғни артықшылық, қамқорлық, «араласпау», серіктесіп бірігіп істеу.
Балалардың беделі мен ынтасын үнемі түсіре беруі отбасыда диктатты бар екенінің белгісі. Әрине ата-ана тәрбиелеу мақсатында өзінің баласына әртүрлә талаптар қоюы керек. Алайда ол талаптардың ішіндегі асыра сілтеушілікке бала екіжүзділікпен, өтірік айтумен, дөрекілік көрсетумен, тіпті кейде ащық түрде жек көретіні көрсетумен қайтаруы әбден мүмкін. Бірақ қарсыласу әлсіз сипатта болса онда ол баланың бойындағы өз өзіне деген сенім, ынталылықтың жойылуы, дербестік сияқты барлық жақсы қасиеттердің де жойылып кету қаупі төнеді. Бұл жағдай тұлғаның сәтсіз қалыптасуының кепілдігі болады [4].
Отбасыдағы қамқорлық дегеніміз ата-ананың баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істеп, баланы қандай да бір болмасын қиындықтардан қорғап бала үшін жанын беруге даяр қарым-қатынас жүйесін айтады. Тұлғаның белсенді түрде қалыптасуы туралы мәселе екінші орынға кетеді. Ата-ана балаларының үйдің сыртындағы шындыққа дайындық процесін гектен тыс қамқорлығымен жауып тастайды. Бұндай шектен тыс қамқорлық, тығыз эмоциональді қатынаста шектен тыс баланы қадағалау гиперқамқорлық деп аталады. Ол баланың енжар, тұйық, өздігінен еш нәрсе істей алмайтын болып өсуне жағдай жасайды. Бұған қарама-қарсы гипо қамқорлық деген ұғым бар. Ол дегеніміз атаөананың бала тәрбиесіне қалай болса солай қарап, өз бетімен жіберуі. Бала ойна келгенді істеп жүре беруге мүмкіндік алады. Нәтижесінде өскен кездерінде ондай балалар ешкімді силауды білмейтін, өздері силауға татымайтын өзімшіл, міншіл онымен өоймай, өзінің тілегін орындауды талап еткіш болып шығады.
Балалардың ата-анасыз, ата-ана балаларсыз дербес өмір сүуге болады деген отбасыда тұлғааралық қатынас жүйесі «аралспау» тактикасынан пайда болуы мүмкін. Бұл жерже екі әлем болуы мүмкін деп қарастырылады. Яғни бала және ересек әлемі. Екеуі бір бірінің шекарасынан аспау керек. Ара қатынастың бұл типінің негізінде ата-ананың тәрбиеші ретінде енжар болуы жатыр. Бірлесіп, ақылдасып істеу деп отбасыда тұлға аралық қарым-қатынаста ортақ мақсат пен міндеттер қойып оны ұйымдастыруды айтады. Дәл осындай жағдайда ғана баланың өзімшілдігін жеңуге болады. Ара қатынастың ең жоғары типімен тәрбиелеп жатқан отбасы өте жоғары деңгейде дамыған топ болады.
Көптеген ата-ана балаларының өтпелі кезеңін қорқынышпен күтеді. Кейбір балаларда бұл кез мүлдем білінбей өтіп кетеді, ал біреулерде кәдімгідей қиындықтар туады. Жақында ғана тіл алып тып-тыныш жүрген бала аяқ астынан ашуланшақ, маңайындағылармен қақтығысқа түсе беретін болып кетеді. Бұл ата-ана мен мұғалімдерде ойланбай теріс әрекет жасап қоюына түрткі болады. Олар балаға дегенімізді істетеміз деп қатты қателеседі. Егер күшпен көндірмек болсаңыз жағдай мүлдем ушығып кетеді. Бала бұндай жағдайда ересектерден қашып кеткісі келеді. Өтпелі кезеңде бала ата-анадан оның таусылмас қамқорлығынан құтылғысы келеді. Ата-ананың махаббаты мен қамқорлығына мұқтаж болса да дербес болғылары келеді. Бұл қиын кезең өткеннен кеін қарым-қатынас ары қарай қалай дамитыны дұрыс тәрбиеге байланысты. Ата-ана баласының ересекпін деген сезімін қабылдауы керек [4].
Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен немесе қаны бір туыстығымен, тұрмыстың ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Ер мен әйел – отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады.Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелеріне қамқорлық та осында іске асырылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары
» Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының үлгермеуіне мұғалімнің- қарым- қатынас стилінің әсері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру
» Дипломдық жұмыс: Психология | Қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің деңгейі
» Дипломдық жұмыс: Психология | Студенттердің қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін зерттеу

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Отбасындағы ата ана мен бала қарым -қатынасының психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]