Дипломдық жұмыс: Психология | ПДК-ген балалардың аумақты елестетулерінің қалыптасу жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ................................................................................................................ 3
I тарау. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына қатысты әдебиеттерді шолу
1.1. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына анықтама .... 10
1.2. Оқу мен жазудың психологиясы................................................................. 21
1.3. Жазба тілін ұйымдастырудағы кеңістіктік айырмашылықтардың орны................................................................... 40
1.4. Мектепке баратын балалардың кеңістіктік білімдерінің дәрежесі ... 45
1.5. Сауаттылықты меңгеруге балалардың дайындығы .. 46
II тарау. Мектепке баратын, жеті жастағы балалардың кеңістіктік білімдерінің қалыптасу жағдайы
2.1. Негізделген тәжірибенің мақсаты, міндеті және әдісі ............................ 59
2.2. Тәжірибе қорытындысының талдануы..................................................... 60
Қорытынды ....................................................................................................... 63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................. 66
Кіріспе.
Бала өмірінде оқу және жазудың рөлі ерекше. Оқу және жазба тіліне қатысты, бала оқу мен жазу білімін меңгеру деңгейі бүкіл педагогикалық процестің дамуына әсерін тигізеді.
Сөйлеу мәнері және танымдық қасиеттері бұзылған балалардағы сөйлеу мен оқу кемшіліктерін В.В.Воронкованың, Г.А.Кашенің, Р.Е.Левиннің, Д.И.Орлованың, И.Н.Садовникованың қарастырулары бойынша, оқу мен жазудың бұзылу себептеріне сөйлеудің әр түрлі дәрежедегі бұзылулары жатады: айтудағы, фонематикалық қабылдаудағы, дыбыстық талдау мен синтездегі, лексика-грамматикалық дамудағы өзгерістер, сонымен қатар гностикалық қызметтердің бұзылуы: аумақты қабылдау, оптика-аумақтық талдау және әріптер гиозисі, қолды қозғалту қызметі, дыбыс есту координациясы, уақыттағы бейімділік.
Кейбір зерттеулерде оқу мен жазуындағы бұзылулардың жазу үстінде туындайтын баланың психикалық қасиеттеріне қатысты ерекшеліктерімен: барлық жазу операцияларының үйлесіміндегі қиындықтармен, олардың әр қайсысына көңіл аудару мен бірінен біріне өту қиындықтарымен байланысты екендігі аталып өтеді. Сөйлеу-есту қасиеттерімен, сөйлеу-естуді есте сақтаумен, т.б. байланысты жазба тілінің әр түрлі бұзулулары көзге түседі.
Г.И.Данилкиннің ойынша, сөзді дыбыстық және морфологиялық талдауды меңгеруге дайындықтың жеткілікті болмауы, балалардың ана тідін меңгерудегі танымдық деңгейінің жеткіліксіз болуына негізгі себеп болып табылады. Бұл сөздегі орындарына байланысты әр түрлі дыбысталатын дыбыстардың жиынтығында, сөздегі ұқсас дыбысталатын дыбыстарды ажыратуда үлкен қателердің туындауы. Бала естіген сөзіне қарап жазатын болғандықтан, дыбысты талдаудағы және синтездеудегі қателіктер, міндетті түрде сөйлеудегі және сөзді жазудағы қателіктерге апарады.
Жазу мен оқуды қабылдаудағы кедергі келтіретін тағы бір себеп, танымдық деңгейлері жетілмеген балалардың дыбысты сәйкес әріппен байланыстыра алмауы екені белгілі.
Бұл шешім сондай балалардың дыбыстық қорытындысына негізделген.
Ана тілін меңгеру қиындықтары, сонымен қатар, оқушылардың әріп пен оның белгіленуін үйренгенде туындайды. Г.И.Данилкиннің пайымдауынша, танымдық деңгейлері қалыпты дамыған балаларға қарағанда, бұл балаларға әріпті жазып үйренуге айтарлықтай уақыт кетеді, және оларда кейбір ұқсас әріптерді ажырата алмау мәселесі де көп кездеседі. Олардың танымдық бағдары мен көрулік қабылдауларының бұзылуы соған себеп дей аламыз.
Танымдық деңгейлері жетілмеген - балаларда, көбіне, моторлық аймақ пен орын болады. Ол майда бұлшық еттердің сәйкес қимылдарының үйлесіміндегі өзгерістер немесе кемшіліктерден, саусақ бұлшык еттерійін, толық дамымауынан, қолдың білегінің тұрақсыздығынан туындайды. Тіпті
байланысты олар тез шаршап, жұмыстары бәсеңдей түсіп, орындап отырған тапсырмаларында қателіктер пайда болады. (Мовкебаева 3. A. ) (2)
Арнайы мектептің бірінші сыныпына жаңадан келген баланың ұйренуге дайындығын тексеру үшін мұғалім оқудың бірінші аптасында оқушының қарапайым қорытындыларының деңгейін анықтайды. Баланың бір топқа жататын заттарға жалпылама сөздерді, қолдану дәрежесін, топтарға жататын жеке заттарды, өзінше атау қабілетін жетік тексеру мақсатында, мұғалім олардың әрқайсысымен жеке әңгіме құрады.
Мұғалім балалардағы қарапайым қабілет пен білімді анықтайды, атап айтқанда:
1. Өздігінше берілген әріптерді атай алу және таныс әріптерді айту
бойынша жаза білу.
2. Оқу қабілеті (әріптеп буындап, сөздеп)
3. Сөзге талдау және синтез жасай білу.(сөздерді буынға бөлу, әріптерден буын құрау, буындардан сөздер құрау)
4. Сөздердегі дыбыстарды ажырата білу.
5. Сөйлемдерді құрай және талдай білу.
6. Есту арқылы бөлек буындар, сөздер, сөйлемдер жазу қасиеттері және графикалы білімдер.
Бұл жұмыс әр оқушымен жеке әліппеге дейінгі уақытта жүргізіледі, және бақылау күнделігіне енгізіледі. Бұдан басқа, күнделікке оқушының басқа қассиеттері деенгізіледі (сөйлеудегі, фонематикалық естудегі, көру және танымдық қабылдаудағы, моторикадағы, өзін ұстаудағы кемшіліктер ерекшеліктер).Бұл бақылаулар жұмыстың жалғасуында оқушылардан кейбір кемшшіктерді бағдарламалар арқылы дамытуға көмегін тигізеді.
Логопедияда балаларды сауаттануға дайындығының ерте білінуіне, көбіне сөздің дыбыстық құрамын талдауды қабылдайтын қолданылады. (Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Т.П.Бессонова, О.Е.Грибова).
Логопедиядағы педагогикалық сауаттанудағы пайда болу мүмкін қиындықтардың алдын - алу идеясының инициаторы Г.А. Каше.(3). Жазу мен оқудағы кемшіліктер мен тіл дамуындағы жетіспеушілктер арасында байланыс тудыра отырып, Г.А.Каше, дефектология институтының логопедия секторындағы мамандармен біріге отырып, жоғарғы мектепке дейінгі балалардың сөздің морфологиялық және дыбыстық құрамын меңгеруін қамтамасыз ететін жүйе ойластырып тапты. Оның негізіне балаларда қалыптасатын таза, дұрыс тілмен бірге, жазудағы кемшіліктердің пайда болу мүмкіндігін ескерту принципі жатады.
Г.А.Каше мектепке дейінгі балаларды сөздің дыбыстық және морфологиялық құрамын меңгеруге үйрету арқылы сауаттылыққа үйретудегі
қиындықтардан қашуға дәлелдей алды. Бұл шешім тілдің жүйелік құрылымына» психикалық процестердің иераихиялық құрылымының теориясына арқа сүйейді.
Арнайы логопедиялық топтарда алдын алу жүйесінің іске асу жоғары деңгейде болды. Г.А.Кашенің дайындаған бұл методикасы фонематикалық қабылдауларында кемшіліктері бар, сөйлеу қабілетінің ақаулар бар есту қабілеті мен дату қабілеті дұрыс жеті жастағы мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылады. Олардың ең басты ерекшеліктер сөйлеудегі дыбыстық қалыптаспағандық болып табылады.
Алдын-алу әдісінің іске асуы, қорытындылардың жаксы ба әрине, интелектуалдық дамуында, сөйлеу қабілетінде ақаулары мәселелесін жасына дейінгі балаларды оқу мен жазу үйренуге қалыптастыру терең дамытуға түрткі болды.
Зерттеудің өзектілігі.
Күннен-күнге қоғамның тәрбиеге және білімге деген сұраныстары арта түсуде. Өмір заңдылығына байланысты, білім беру әдістеріне, ұйымдарына жаңа, әсерлі психологиялық педагогикалық ұсыныстар табуға тырысады. Олардың шешімдері балалардың мектепте лайықты біліп алуларымен байланысты.
Мектепке дейінгі және мектептегі білім берудің қалыптасқан көптеген психологтармен сынға түсті. (Д.Б.Эльконин, В-В-Давыдов).
Мектептеп білімге дайындық мәселесін, олар, мектепке дейінгі жатағы оқудың негізі және бастамасы ретінде қабылдаған.
А.Р.Лурияның, Т.Г.Егорованың, Л.С.Цветкованың еңбектерінде оқу мен жазу процестерінің бірқалыпты дамуы үшін жалпы және жеке моторикалардың даму деңгейі және аумақтық айырмашылығы арқылы қабылдаулары жоғары дәрежеде болуы керек деп айтылады.
Б.Г.Ананьевтың пайымдауынша, баланың барлық анолизаторлық
жүйелерінің біртіндеп қалыптасуы, оның қоршаған орта кеңістігінде қабылдау қасиеті кезеңмен дамуымен байқалады.
Бұл қабылдаулардың дамуында жарықтық, дыбыстық, т.б. қозғалыс
анализаторлардың орны ерекше. Өз денеңдегі жүйені бағдарлай алу, екі өлшемдік кеңістіктегі алғашқы бағдарлады қабылдау бастапқы кезең болып табылады. Соның негізінде кеңістіктегі одан күрделі бағдарлар қалыптасады.(оның ішінде, жазу және оқу)
Баланың алғашқы әріптерді үйрену процесі наразылық тудырудың
кешені болып табылады, бұл жағдайда аумақтық белгілері (түрі, көлемі, бағыты) алға шығады. Әріптерді үйрену оны толықтай қабылдаудан басталады. Балаға әріптің арнайы бөліктерін өзгеше игеру қынға түседі. Балаларға жазуды үйренудің бастапқы кезеңінде бөлшексіз,біріккен түрде қабылдау тән. Белгіні көзбен қабылдауды тереңірек талдау жүргізу, оның жазудағы қалпы дәл болып келеді.
Жазу процесінің дамуында әріптер айырмашылықтарын салыстыру яғни, олардың кеңістіктік бір - бірімен қарым - қатынасының орны ерекше.
Графикалық білімді игерудің қиындығы, балаға жазатын қолды басқару
қиынға түседі, ол қолдың жазуға үйреніспегендігіне байланысты. Балаға алғаш рет жазуға тура келеді, сонымен бірге сол жоқтан бастап оң жаққа қарай жазу керек. Сонымен бірге, әр әріп өзінің бейнеленуімен ғана қиын емес, оны белгілі бір кеңістікте салудың өз қиындығы бар.
Жазу мен оқуды үйренудегі алғашқы уақыттағы баланың тарататын қиындығы психологиялық процестің қалыптаспауымен байланысты. Олар -ауыз екі тілдің жеткілікті дамымауы, кеңістікті көзбен қабылдаудағы кемшілік, есту-моторлық және оптика-моторлық координация.
Рыбина Е.В., сөз дыбыстардың кеңістіктік қалыптасуы болып табылады, сондықтан жазудағы әріптердің дұрыс қалыптасуы мен дыбыстық талдау жүргізбестен бұрын, балалардың кеңітікті қабылдауын және кеңістіктегі бағдарларын дамыту керек.(Мовкебаева З.А.)(5).
Олардың қалыптасуының уақытындағы көрінуі және оқылуы, олардың дамуының белгілі бағыттарының бөлінуі қазіргі уақытта проблема болып табылады. Бұл проблеманың негізі теориялық және методикалық тұрғыда әлі толық қарастырылмаған.
Бүгінгі уақытта оқу мен жазудытолық меңгерудің негізІ болып табылатын тілдік немесе тілдік емес білімдердің дамуына бағытталған методикаларды үйрететін жүйе қалыптасқан. Сондықтан баланың сауаттануға дайындығын анықтап, процестерді қабылдаудағы қиындықтардың алдын алатын мектеп жасына дейінгі оқу методикасын құрастыру керек.
Бұл мәселенің маңызды екендігі көрініп тұр.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен өзектілігі зерттеу жұмысының тақырыбына негіз болып табылды: "ПДК-ген балалардың аумақты елестетулерінің қалыптасу жағдайы".
Зерттеу мақсаты:
- Сауаттылыққа үйретудің алғышарттарының бірі болып табылатын, әліппеге дейінгі балалардың кеңістікті айыруының қалыптасуында көрінетін теориялық негізделген методиканы өңдеп шығару.
Зерттеу міндеттері:
а) Ақыл – ой кем балалардың кеңістікті қабылдаудың жағдайы.
б) Оқушыларды кеңістік бағдарлауға үйрету жолдарын анықтау.
в) Кеңістікті бағдарлаудағы алған білімдерін практикалық түрде қолдана білу.
Зерттеу объектісі:
Оқушылардың оқуға және жазуға дайындау үрдісі.
Зерттеу пәні:
Балалардағы кеңістік білімдерінің көріну процесі олардың сауаттануға дайындықтарының негізгі маңызды міндеттерінің бірі ретінде.
Зерттеудің өзектілігіне, мақсатына, аумағына байланысты зерттеудің келесіміндеттері анықталды:
1. Мектеп жасына дейінгі балаларға «сауаттылықа дайындық» және «кеңістік білімдер" деген түсінктердің мағынасын aшy.
2. Танымдық деңгейлері толық дамымаған жеті жастағы балалардың кеңістікті қабылдауларының ұлыптасу деңгейін анықтау.
Зерттеудің болжамы:
Егер ақыл – ойы кем балалардың оқуға және жазуға дайындығын анықтау, онда зиятында ауытқуы бар балалардың әліппеге дейінгі дағдыларын қалыптасу жетілдіре отырып кеңістікті бағдарлаудағы маңызын арттырады.
Зерттеу әдістері:
Зерттеліп отырған мәселеге байланысты психологиялық педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау, оқушылардың оқу үрдісін бақылау, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеу базасы:
Эксперимент №7 арнайы (түзету) мектеп – интернатында өткізілді. Оған 0а сынып пен 2 сынып аралығында 36 бала қатысты;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
Кеңістікті бағдарлау ұғымына анықтама түсінік беріліп, оны қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалды:
Зерттеудің практикалық мәнділігі.
- Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыру әдістемесі жасалды;
- Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруға байланысты ғылыми – әдістемелік ұсыныстар жасалды;
- Оқушылардың қарым – қатынас мәдениетін қалыптастырудың теориялық тұжырымдамалары, әдістемесі қорытындылары болашақта, сондай – ақ мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары жұмыс практикасында маңызы зор;
I ТАРАУ. САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕНУГЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ӘДЕБИЕТТЕРДІ ШОЛУ.
1.1. Сауаттылыққа үйретуге балалардың дайындығына анықтама.
Мектепке бару - мектепке дейінгі кезеңде қалыптасқан тәрбиенің динамикалық стереотипті сынығымен жалғасатын сәттердің бірі.
Осы уақытқа дейін психологияда "мектепке дайындық" және "мектептік жетілу" түсініктеріне жеке және анық түсініктеме жоқ. Бұған дәлел осы аумақтағы белгілі мамандардың бұл түсініктерге берген анықтамалары болын табылады.(В.А.Аверин, 2000)(6)
Мектептік жетілу - бұл біліммен, мүмкіндікпен бірге, мектептік бағдарламаны оптималды игеруге қажетті басқа да мінездемелерге ие болу, -деп есептейді, Анна Анастази(7).
Мектептік жетілу - мектептегі білімді игеруге қабілетті болатын кездегі, дамудың осындай дәрежесіне жету,- деп есептейді белгілі чех психологы И.Шванцар.
В.С.Мухинның пайымдауынша, мектепке бару - балалар өміріндегі өзгерісті уақыт, ересектер мен құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға, қоғамдағы жаңа орынға, жаңа міндеттерге, жаңа өмір сүруге көшу.
Білімге дайындық жүріс-тұрысты өзіндік меңгерудің, танымдық қызығушылықтардың, ойлау қызметінің анық даму деңгейінен қалыптасады.(Рогов Е.И. 1995)(9).
В.А.Авериннің ойынша, кішкентай мектеп оқушысының өзіндік іс-әрекеттері, оның білімге дайындығын анықтайтын негізгі түс болып табылады, өйткені, ол жеке танымдық процестермен қатар, ересек адамға(мұғалімге), құрдастарына және өзіне деген қатынасынан көрініс табады.
Бұл байланыста балалардың мектепке дайындық мінездемесі үш аспектіні құрайды: физикалық, негізгі және психологиялық.
Білімге физикалық дайындық, ең алдымен,баланың функционалдық мүмкіндіктерін және оның денсаулығының жағдайын бейнелейді.
Баланың мектепке баратын кезіндегі денсаулығын бағалай отырып, келесе мәселелерді негізге алу керек: физикалық және жүйке-психикалық даму деңгейі; дененің негізгі жүйелерінің қызмет деңгейі; қалыптасқан дерттің болуы немесе болмауы; жағымсыз жағдайларға дененің қарсы тұру қалпы; баланың қоғамдағы жағдайы.
Дайындықтың негізгі аспектісіне келетін болсақ, оның астарнында
еріктік-дайындықты нұсқайды.
Интеллектуалдық дайындық дегеннен кейбір танымдық процестердін даму деңгейін талап қылуды түсінуге болады. Е.И.Роговтың санауылша, білімге интеллектуалдық дайындықты жан-жақты бағалауда ең маңыздылары:
-қабылдаудың дифференцялығының деңгейі,
-аналитикалық ойлау (мысал тудыра алатыннегізгі белгілер мен жағдайлар арасында байланыс тудыра алу мүмкіндігі)
-шындыққа рационалдық көзқараспен қарау (фантазия рөлінің әлсіреуі) -логикалық есте сақтау
- қол қимылдары мен көру қлзғалыстарының дамуы
- ауызекі сөйлеуді қабылдау және символдарды түсіну мен қабылдау мүмкіндігі
- білімге қызыгушылық және оны алу үшін қосымша еңбек.
Тұлғалық дайындық диагностикасы ең қиыны болып саналады, өйткені,
баланың ересектерге, құрдастарына, өзіне деген қатынас даңгейін бағалау керек болады. Тұлғалық дайындық мотивациялық сфераның белгілі даму деңгейін белгілейді.
Психологиялық дайындықтың соңғы соңғы аспектісі - бұл эмоционалды-ерікті сфераның даму диагностикасы, дәлірек айтқанда, эмоционалдық зейіннің деңгейі. Эмоцогиендік факторлар баланың психикалық жұмыс қабілетіне жақсы әсерін тигізеді.(В.А.Аверин, 2000).
Оқушының байқалатын ерекшелігі, оның оқуы қоғамдағы белгілі қызметі, оның оқуы міндетті болып табылады. Ол сол үшін мұғалімнің, мектептің, ата-ананың алдында жауапкершілікке ие. Оқушының өмірі барлық оқушыларға бірдей, ауыр жүйеге бағынышты. Оның негізгі мазмұнына барлық балаларға бірдей, білім игеру болып табылады.
Ұзақ және жүйелік оқу сабақтары, қозғалыстың азаюы, белгілі статикалық жүк, жаңа міндеттер мен тәртіп талаптары - бұлардың бәрі бірінші сынып оқушыларына қиындықтар тудырады. Көп балаларда, әдетте оқудың бірінші апталары мен айларында айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Соның негізінде, "мектептік стресс", "адаптациялық ауру", "мектептік шок" деген аурулар жайында айтуға тура келеді.
Егер бала организмі туындайтын қиындықтардан өтуге көбірек дайын болса, соғұрлым адаптация кезеңінен жеңіл өтеді. Сондықтан да мектептік жетілу мәселесі, оптималдық жасты дайындау, жүйелік оқудың бастамасы, рационалдық формаларды, әдістерді іздеу көптеген елдердің педагогтарын, бала дәрігерлерін, психологтарын ойландырады. Бірақ "мектептік жетілу", "білімге дайындық" түсініктерінің нақты анықтамалары жоқ. Және баланың жүйелік оқуға дайындығы жөнінде сенімді критерийлер белгіленбеген.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі балалардың дайындық бағдарламасы мектепте оқуға психологиялық дайындықтың кейбір бөлімдерінің негізінде құрылған.:
- қоғамдық-тұлғалық,
- интелектуалдық
- физикалық дайындық
Қоғамдық-тұлғалық дайындық ересектерге, құрдастарына, ө:зіне қарым-қатынасының қалыптасуына көзделген, тәрбиелік-білімдік жұмыстың негізгі бағдарламаларын қамтиды.
Интеллектуалдық дайындық - оқу қызметінде маңызы бар білімнің, ілімнің белгілі жиынтығы.
Физикалық дайындық - қозғалыс ілімдері мен қабілетін білдіреді, баланың дамуы мен бой көрсеткіші, тік дене, т.б.
Гигиенисттер "Мектептік жетілу" деген терминді ойлап тапты, яғни баланың жүйелік білімге дайндығы. Морфологиялық және функционалдық дамудың белгілі деңгейі оқу мүмкіндігін тудырады.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Психология | Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Зиятында ауытқу бар мектеп жасына дейінгі балалардың фонематикалық түсінігі
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Дефектология | Ақыл есі кем балалардың сөздік қорын молайтудың ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: