Дипломдық жұмыс: Филология | Араб тілінің есімді және етістікті болымсыз сөйлемдер
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау. Есімді болымсыз сөйлемдер
1. 1 Араб әдеби тіліндегі предикаттық конструкцияның екі типі
1.2 Есімді болымсыз сөйлемнің құрылымдық сызбасы және болымсыздық құралдарының жүйесі
1. 3 Есімді сөйлемнің құрылымдық сызбасы
1. 4 Түрлік болымсыздық құрылымы
ІІ Тарау. Етістікті болымсыз сөйлемдер
2. 1 Араб әдеби тіліндегі етістікті болымсыздық мәселесі
2. 2 Етістікті сөйлемдегі болымсыздық құралдарының жүйесі
2. 3 Етістікті сөйлемдегі болымсыздықтың білдірілуі
2.4 Етістікті болымсыз сөйлемдегі мезгілдің, шақтың білдірілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бұл зерттеу жұмыстағы зерттеу нысаны араб әдеби тіліндегі болымсыз сөйлемдер болып табылады. Болымсыз сөйлем бұл жерде болымсыз пайымдаудың семантикалық– синтаксистік категориясысының бөлшегі ретінде қарастырылады. «Пайымдау – бір нәрсе жайында, біреу туралы пікір. Болымсыздық ұғымы бір нәрседен бір нәрсені жоққа шығару туралы пікір». Бір нәрсеге тән құбылыс жоққа шығарылып айтылуы мүмкін, ал бір нәрсеге тән емес құбылыс соған қатысты болады және мұны осы шақпен байланыстырамыз, не біреу айтқан пікірдің бәрін де жоққа шығаруға болады немесе біреу жоққа шығарып тұрған нәрсенің бар екенін дәлелдеуге болады. Бұл жерден шығатыны, «барлық пікірлерге қарсы қарама – қайшылықты пікірлер жатады және барлық жоққа шығаруларға қарсы – пайымдаулар жатады», /1, 96/ - деп Аристотельдің дәлелдегені.
Болымсыздық мәселесін синтаксистік тұрғыдан қарастыру оны қазіргі тіл білімі, әсіресе шет тілі білімі аясында зерттеуде жетекші роль атқарады. «Болымсыздық әрекетінің шеңбері сөйлем болып табылады», - деп Б. Рассельдің ізінше Е. В. Падучева дәлелдеп кеткен /2, 143/. «Болымсыздық және соған сәйкес, оның анықталған тұлғалары әрқашан сөйлем деңгейіне қатысты болады», - деп көрсеткен Н. Ю. Шведова. Тақырыпқа мұндай қадам жасау зерттеу мәселелерінің ортасын айқындайды, оның өзі жалпы тіл білімі аясында және болымсыздық категориясын зерттеумен байланысында жекелеген тіл білімдерінде қарастырылады.
Зерттеу пәні болымсыздық категорияларының және предикаттық құрылым деңгейінде қызмет ететін басқа категориялардың өзара қарым – қатынасы болып табылады. «Синтаксистік категория болып табыла отырып, болымсыздық сөйлемге қатысты басқа да категориялармен анықталған өзара қарым – қатынасқа түседі», - деп толықтырған Е. И. Шендельс /3, 65/. Оның ішіндегі маңыздысы предикаттылық категориясы болып есептеледі. Жекелеген түрде, пайымдау болымсыздық категориясының қосмүшелі сипаттамасы оның предикативтілік категорияларымен өзара қарым – қатынасын алдын – ала айқындайды, сонымен қатар «бұл категорияның бір мүшесінің еріктілігі осы позицияда екіншісінің де еріктілігіне жатқызылады, ал оның біреуінің міндеттілігі екіншісінің мүмкіншілігі болмайтындығын білдіреді». Демек, бұдан ұғынғанымыз, сөйлем құрамындағы предикативті қос мүшенің бірі болдыруды білдірсе, екіншісі болымысздықты білдіреді. Яғни әрекеттің жүзеге асу– аспауы екеуінде керісінше жүзеге асырылады.
Кез-келген айқын сөйлемдерді ұйымдастыруда болымсыздықтың сипаттамасы мен ролі әр түрлі болып келеді. Мұның өзі зерттеушілердің алдына түрлі шешімін таппаған мәселелерді қояды. Бір жағынан, болымсыздық предикаттық қатынастардың туу механизмдеріне тиіспейтін сөйлемдердің шартты болымсыз тұлғалары зерттеледі. Бұл байланыста, жекелеген түрде болымсыздықтың «сөйлемдердің дербес типтерінің жүзеге асырылуын» шектейтін әсері қарастырылады, немесе – морфологиялық категориялар шеңберінде – сөйлем мүшелерінің қатысуына шектеулі түрде әсер ету, яғни әр түрлі жүйелі шектеулердің алынып тасталуы, мәселен, морфологиялық сипаттамасында байқалады. Екінші жағынан, зерттеудің арнайы нысаны ретінде болымсыздық «сөйлем құрылымын құрастыруда және мүшеленудің логикалық – грамматикалық, синтаксистік деңгейлерінде маңызды роль атқаратын» предикативтік конструкцияларға бөлінеді, мұнда болымсыздық предикаттарды тудыруда үздіксіз қатысады.
Жалпы тіл білімінің зерттеушісі Фердинанд де Соссюрдің тіл мен сөйлеудің дихотомиясы туралы концепциясы «нақты синтаксистік конструкциялардың негізінде оның «лексикалық толығуымен» бірге тілде обьективті түрде бекітілген аталмыш конструкциялардың сызбасы болады» деген ойдан туындаған. Сонымен қатар «тек нақты пікір емес, конструкциялар сызбасы синтаксистің жеке пәні болып табылады, ал сипатын анықтау және бұл конструкциялардың байланысын белгілеу синтаксистің бағыты болып табылады». Осыдан кең қолданылып жүрген зерттеу әдісі шығады – моделдеу әдістемесі.
Болымсыз сөйлем үлгілері тілдің анықталған шағын жүйелері ретінде зерттеу аясында қарастырылатын мәселелердің кең ауқымында маңызды сұрақтарға айналған. Бәрінен бұрын,болымсыздық мағынаны білдірудегі құрылымдық сызбаның өзіндік бөлшектері ретінде шығатын барлық лексикалық тілдік бірліктер көрінеді. Қимылды білдіретін сөздерге жататын бұл тілдік бірліктер жабық күйінде қарастырылады. Оның құрылымдық сызбаның басқа құраушы элементімен өзара қарым – қатынасы сипатталады.
Болымсыз сөйлемнің жекелеген мәселелері қазіргі араб тіл білімінде қарастырылған, жекелеген түрде, Аббас Хасан, Хассан Тамам, Анес Ибрахим, Абдуррахман Аюб және басқалар зертеген. Қазіргі араб лингвистері дәстүрлі араб тіл білімінің ізімен жинақталған білімдер мен мәліметтер қорын жүйелеу бағытында еңбек етіп келеді.
Араб әдеби тіліндегі болымсыздықтың морфологиялық көрінісі, болымсыз сөйлемдердің этимологиясы, болымсыздықтың шақ және рай түрлерімен өзара қарым – қатынасқа түсуі, болымсыздықтың модальдылықпен байланысы, экспрессивтілікпен қарым– қатынасы, болымсыз сөйлемдердің таралу жолдары, «классикалық» және «дәстүрлі» араб әдеби тіл біліміндегі болымсыздық қызметтің біршама ерекшеліктері, болымсыздықтың конструкциясының синтаксистік және семантикалық құрылымы, араб тіліндегі болымсыздық конструкцияларды басқа тілдермен салыстыру – бұл мәселелердің барлығы да европа арабтанушыларынының еңбектерінде қарастырылды, атап айтар болсақ олар мыналар: К. Броккельман, К. Бравман, А. Ф. Л. Бистон, К. П. Каспар, В. Монтея, В. Райа, Сильвестра де Сас, В. Фишер, Г. Флейш, сонымен қатар орыс зерттеушілері Н. В. Юшманова, Б. М. Гранде, И. С. Данилева, А. А. Ковалева еңбектерінің зерттеу нысанына айналды.
Араб тілінің грамматикасынан болымсыздық мәннің білдірілуі тілдік бірліктердің қатысуы арқылы жүзеге асатынын біз білеміз. Осыдан келіп болымсыз құралдардың маңызды сипаттамасы шығады. Зерттеу нысаны ретінде аталған бірліктердің формальдық құрылымы, сонымен қатар оның үйлестіруші қызметінің ерекшеліктері болып табылады. Араб әдеби тілінің болымсыздық құралдар қабатының жеке өкілдерінің үйлестіруші және функционалдық ерекшеліктерінің негіздерінің көрінуі қажет болып табылады.
Аталмыш зерттеу еңбектің зерттеу нысаны болып табылатын мәтіндік деректер танымал египет жазушысы Таха Хусейннің «الايام» - «Күндер» автобиографиялық повестінен, қазіргі араб жазушылары – Махмуд Теймур мен Нагиб Махфуз, Джебран Халил Джебран, Рыбван аш – Шаггал, Бурхан әл Хатыб, Амиль Хабиб және басқалардың шығармаларынан алынған.
Араб әдеби тілінің предикаттық құрылымының жүйесі үшін есімді және етістікті сөйлемдердің қарама– қарсы қойылуы болып табылады. Тілдік ақиқаттың фактісі болып табыла отырып, ол Араб Шығысында ортағасырларды араб әдеби тілін эмпирикалық зерттеу негізінде өзінің даму қарқынымен араб тілі теориясынан көрініс тапқан. Араб дәстүрлі грамматикасында қабылданған сөйлемдерді топтастыру бәрінен бұрын араб әдеби тілінің грамматикалық құрылысымен айқындалады, және ғалым Габучанның көрсеткеніндей, орыс грамматикасында бөлініп алынған «есімді сөйлемдермен» ешқандай ортақ байланысы жоқ және сөйлемдерді есімді сөйлемдерге, сонымен қатар етістікті сөйлемдерге бөлуге де қатысты емес. Ол «тілдік тұлғаның сан алуан түрлерінің бірі болып есептелетін» және «морфологиялық және синтаксистік құбылыстардың тұтастығы болып табылатын» сонымен қатар «ойды білдірудегі ерекшелік» /4, 53/ ретінде есептелетін сөздердің орын тәртібін де қарастырады. Сонымен бірге «етістікті сөйлемдерде оқиға мен іс - әрекет туралы баяндалады, сонда ғана есімді сөйлемдер аталмыш нысан ретінде сипатталады».
Араб тілінің теориясында предикативті құрылымдардың мүшелері есімді немесе етістікті құрылым типтеріне қарай әр түрлі атауларды зерттейді. Бұдан басқа, модальды шылаулар мен толық емес предикациядағы етістіктердің қатысуымен жасалып шыққан есім түріндегі предикативті құрылымдардың жеке модификациялары араб тілдік санасында жетілген құрылымдар болып есептеледі, олардың компоненттері жеке модификацияланған атауға ие болады.
Предикаттық байланыс компоненттерінің синтаксистік ролін көрсететін араб терминдері қандай типтің шеңберінде қарастырылатындығы жайлы көрсеткіштерден де тұрады. Басқаша айтқанда, бұл топтың кез келген грамматикалық термині қарым – қатынастың анықталған жүйесіндегі анықталған синтаксистік қызметін көрсетеді.
1 ЕСІМДІ БОЛЫМСЫЗ СӨЙЛЕМДЕР
1. 1 Араб әдеби тіліндегі предикаттық конструкцияның екі типі
Араб тілінің теориясында предикаттық құрылымдардың мүшелері құрылым типінің есімді немесе етістікті болуына қарай, әртүрлі атауларға ие. Бұдан басқа, модальды шылаулар мен толымсыз құрылым етістіктерінің қосылуынан жасалып шығатын есімді типті құрылымдардың жекелеген модификациялары араб халқының тілдік санасында жақсы жетілген құрылымдар ретінде қабылданады және олардың жекелеген модификациялары да атауларға ие.
Предикаттық байланыс компоненттерінің синтаксистік ролін көрсетіп тұратын араб тілінің терминдері сонымен қатар оның қандай типтің аясында қарастырылатындығын, немесе предикаттық қатынастардың қандай айырымдарында бұл міндеттің орындалатынын да нұсқап тұрады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл топтың кез келген грамматикалық термині қарым-қатынастың анықталған жүйесіндегі анықталған синтаксистік қызметін көрсеткендей болады. Бұл жүйелер өздерінің өзгеріссіз қалатын предикаттық сипатында формальды, функциональды және құрамды белгілер негізінде дифференфиациялануы мүмкін.
Әр түрлі типтердің құрамдық аспектілерінің және предикацияның айырымдарының арасындағы айырмашылық араб тілінің теориясында, жекелеген түрде, жеткізілетін ақпараттың көріну сипатымен байланыстырылады. Бұл сонымен қатар есімді сөйлемді етістікті сөйлеммен қарама-қарсы қойып салыстыру барысында қолданылатын терминдер мәнімен де расталады.
Предикаттық қиысуды білдіру үшін есімді предикаттық құрылымда аталатын «مبتدأ» сөзі жалпытілдік мән «бастапқы», «алғашқы» деген мағынаға ие. Оның терминденуі «خبر» сөзімен қарым-қатынасында анықталады. «خبر» предикатты түрде қиысатын есімді предикаттық құрылымның элементін білдіру үшін қызмет етеді. Бұл сөздің мәні - «ақпаратты жеткізу». Ақпарат жеткізумен байланысты бұл сөздің коммуникативтік сипаты айқын. Мұндай сипатқа,сонымен қатар онымен бір терминологиялық өрісте қатар орналасқан «مبتدأ» сөзі де ие болып табылады. Бұл терминдердің коммуникативтік сипаты араб тілінде және есімді предикаттық құрылымдардың компоненттеріне морфологиялық талдау жасау барысында расталады, бұл бойынша бірінші орынға оның анықталған-анықталмағандық мәні шығады.
«مبتدأ» мен «خبر» терминдері, бір жағынан, «тақырып», «өзек», «ядро», «рема» - бұлардың әрбірі жиынтық тұлғада және тілдік бірліктердің коммуникативтік ролінде анықталатын «негіз» немесе «бастапқы пункт» деген сияқты коммуникативтік мүшеленудің мезгілдік мәнін білдіретін сөздерден ерекшеленеді. Сондықтан араб грамматикасының терминдері «مبتدأ» қазіргі кезде еуропа тіл білімінде қабылданған, есім типті предикаттық құрылымда ойдың иесі болып, тақырып ретінде танылатын «бастауыш» деген ұғымдар жиынтығымен сәйкес келеді. Ал «خبر» термині есім типтегі предикаттық құрылымда ойды аяқтап, тұжырымдап, «рема» болып тұратын «баяндауыш» деген ұғыммен сәйкеседі.
Қазіргі қазақ тілінде бастауыш пен баяндауыштың тұрлаулы мүшелер болып табылатыны сияқты, «مبتدأ» мен «خبر» терминдері де араб грамматикасындағы негізгі ұғымдар қатарынан саналады.
Араб грамматикасына бұлайша зерттеу жасау әр зерттеушіден өзіндік еңбекті талап етеді. Бұл жерде араб әдеби тілінің предикаттық құрылымдар жүйесіндегі есімді сөйлемдерді танытатын анықталған фактілерге назар аударуға тура келеді. Есімді сөйлемнің бұл ерекшелігі берілген типтегі сөйлемдердің коммуникативтік мүшеленуінде түйінделеді және бір уақытта коммуникативтік және синтаксистік мүшеленудің бірмәнді сәйкестігімен сипатталады. Тақырып – бастауыш және рема – баяндауыш.
Араб тілінің теориясында, әсіресе рема-баяндауыш позициясының жүзеге асу нұсқасына көп көңіл бөлінеді. Бұл бойынша барлық нұсқалар үшін аталған позицияның анықталмаған мәні анықталмаған есімді сөзтұлғамен қатар өзгеріссіз қалады және ол мезгіл мен мекен үстеулерімен, есімдердің үстеулік тұлғасымен, көмекші есімді септікпен жүзеге асу мүмкін, сонымен қатар есімді және етістікті типтегі етістіктердің орындарын ауыстыруы мүмкін. Рема-баяндауыш қалпының жүзеге асуының әр түрлі нұсқалары сөйлемнің синтаксистік және коммуникативтік сипатын өзгертпейді, есімді типті сөйлемге ауыспайды. Бұл мән араб тілінде сипаттау деп анықталады. Сипаттау берілген заттың қасиетін суреттеу, оның белгілері туралы жалпы ұғымдар тұтасып келіп үлкен ойды құрайды. Үлгісі өзінің синтаксистік-коммуникативтік сипатымен тек қана анықталған құрылымды тип ретінде көріндейді, сонымен бірге араб әдеби тілінің предикаттық құрылым жүйесінде дербес семантикалық типті құрайды. Н. Д. Арутюнованың анықтауы бойынша, бұл тип «сапалық құрылым» сөйлем ретінде сипатталады. Оны жергілікті предикацияның «логико-семантикалық» қатынастардың кең көлемі қамтиды /5, 233/.
«Бұл, өте бір ақылсыздық болып табылады».
Теориялық үлгісінің айырымдарының бірі болып табыла отырып, берілген құрылымдық сызба рема-баяндауыш позициясының басында қарастырылған сипатынан өзгешеленеді. Бұдан бөлек, осы үлгіде берілген сөйлем өзінің дербес мағыналық құрамымен ерекшеленеді.
Аталмыш үлгіге формальды түрде талдау жасау оның барлық сипаттарының анықталған мәнмен айқындалатынын көрсетеді. Араб тілінің теориясында анықталғандық мән «тыңдаушыларға ақпаратты жеткізе алу» сөзтұлғасымен байланысады, тура осылай да анықталмағандық мән «тыңдаушыларға ұғымды емес» ақпараттарды жеткізумен байланысады. Қарастырылып отырған үлгі бойынша сөйлемдердегі әрбір компонент жекелеген түрде белгілі ақпаратты жеткізумен және тыңдаушыларға белгісіз ақпараттарды жеткізумен байланысты. Мұнымен бірге, араб тілінің теориялық ережесі есімді типтегі сөйлемлерде тек қана белгісіз ақпарат болу керек деген тұжырымға сүйенеді. Себебі мұндағы «белгісіздік» ойдың аяқталуынан ерекшелену керек, «ақпараттық аяқталғандықты» білдіру керек /6, 33/.
Қазіргі тіл білімінде мұндай мағыналық сөйлемдер сөйлемнің бірде-бір компоненті «жаңа» ақпаратты білдірумен қатыспаса, ал «жаңа» ақпаратты білдіру олардың арасындағы констатацияларға қатысты болған кезде «теңдестірілген сөйлемдер» деген атқа ие болады. Бұл сөйлемдер тек қана «семантикалық жағынан емес, сыртқы құрылымы жағынан да» анықталған болуы керек. Араб тілінде егер сөйлемнің қос бөлігі тең дәрежеде байланысса, онда олар бір сөз табына жатады. Бұл тап өзіне жіктеу есімдігін, жалқы есімдерді, сілтеу есімдіктерін, артикльдермен сүйемелденетін атауларды қосып алады.
Теңдестірілген сөйлемнің басқа да ерекшелігі мәтіндегі ойдың әрі қарай таралуымен де байланысты болып келеді. Теңдестірілген сөйлемнің кез келген бөлігі өзінің өзгеріссіз және прономинализацияланған түрінде тақырып-бастауыш болып табылуы мүмкін. Бұл араб тілінің синтаксисін зерттеудегі ең маңызды ерекшелік болып табылады.
Және, теңдестірілген сөйлемнің ерекшелігін айқындайтын тағы бір белгісі – оның болымсыздықты білдіруі. Теңдестірілген сөйлемдердің болымсыз тұлғасының мәні деп көрсетеді Н. Д. Арутюнова «екі есімді сөздің бірінде жеке референт жататын көрсеткішпен ұқсас келеді».
Теңдестірілген сөйлемнің сипаты болымсыздық қызметінде және формальдық көрінісінде байқалып отырады. Ол бұл тұрғыдан келгенде, өзгеріссіз. Сондықтан бұл семантикалық типтегі сөйлемді қарастыру керек.
«Сенде ақша бар».
Араб тілінің теориясында құрылымдық сөйлемдердің интерпретациялық орындары бар болады. Мұндай интерпретация осы үлгідегі сөйлемдердің коммуникативтік мүшеленуімен көрінеді және есімді типті сөйлемдерге қатынасынан көрінеді.
Есімді сөйлемдердің бастауышы мен баяндауышының синтаксистік қалпы (сәйкесінше, «مبتدأ» мен «خبر») коммуникативтік мүшеленудің қандай элементтеріне тәуелділігінен тыс олар сол өздерінің эмпирикалық үлгілерімен сәйкес келеді, олардын синтаксистік деривация кезінде байқалатын ортақ морфологиялық сипаттамалары аңғарылады.
Бұл принциптермен толық сәйкестігінде араб дәстүрлі грамматикасында «туынды сөйлемдер» де қарастырылған, бұл сөйлемдердің бастапқы орнында кана типіндегі етістікті сөз тұрады, және сонымен қатар мезгілдік және фазалық мәндерді білдіруге арналған инна модальды шылауы тұрады.
Кана сөзі мен осы қатардағы етістіктер үшін келесідегдей ережелер тағайындалады: туынды және бастапқы сөйлемдердің формальдық құрылымының сәйкестігін реттейтін бастапқы сөйлемдегі баяндауыштың синтаксистік позициясында тұрады, атау септікте болады, туынды сөйлемде табыс септіктің қызметіне ауысады.
ان сөзі мен осы қатардағы шылаулы сөздер үшін келесідегдей сипаттама тән: туынды және бастапқы сөйлемдердің формальдық құрылымының сәйкестігін реттейтін бастапқы сөйлемде бастауыштың орнында тұратын атау септіктегі сөз, бірақ бұл да туынды сөйлемде табыс септігіне орын ауыстырады.
«Болымсыздық құралдары» табының өзегі етістікті сөз ليس болып табылады. Өзек ретінде анықталатын бірліктің «жалпы мәні» ретінде қарастырылады. Болымсыз сөйлемдегі жүзеге астын барлық мүмкіндіктер осы бірлік арқылы орындалады. Морфологиялық, синтаксистік және желілі құрылымда, синтаксистік позицияларды ауыстыруда ليس сөз қолданылады. Болымсыздықты білдірудің қалған элементтерінің берілген тілдік бірлікке қарағанда, мүмкіндіктері аз болады.
Осы себептен болымсыздық құралдары табының ортақ ерекшеліктерін зерттеу ليس болымсыз тұлғасын қарастырумен шектеледі.
ليس сөзімен келген желілі құрылым келесідегідей ережемен реттеледі: ليس абсолютті бастапқы позицияны иеленеді, предикаттық құрылымдардың есімді компоненттерінің орналасуы бір-біріне қатысты іске асады.
Жай қараған кезде болымсыз сөйлемнің өзіне қарама-қарсы келетін болымды сөйлемнен айырмашылығы оның компоненттерінің санында ғана емес екендігін көреміз. Олардың арасындағы айырмашылық сөздердің өзгергіштік жиынтығымен де түйінделеді. Болымды сөйлем үшін бұл: атау септік+атау септік. Болымсыз сөйлем үшін бұл: атау септік+табыс септік. Болымды сөйлем өзінің есімді типінің сөздің өзгергіштік тұлғасының біртектілігімен сипатталады, ал болымсыз сөйлем өзінің әртектілігімен сипатталады.
Бұл көрсетілген фактілердің байланысы біздің алдымызға екі маңызды мәселені қойып отыр. Біріншісі, болымсыз сөйлемдердегі предикаттық қатынастарды білдіру үшін сөздің өзгергіштік тұлғаларының нәтижесі қандай болады? Бұл үшін біз сәйкес келетін болымды және болымсыз сөйлемдерде болымсыздықты білдіру «дайын» предикаттық қатынастарға сүйенетінінен бастаймыз......
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістіктің болымдылық-болымсыздық мағынасы мен қызметі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазiргi қазақ тiлiндегi бір құрамды сөйлемдер
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер
Іздеп көріңіз: