Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы

Мазмұны

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
1.1. Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда болуы.
1.2. Үнді-Европа тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі
1.3. Түркiтаным әлеміндегі және қазақ тіл біліміндегі
сөз таптастыру мәселесі
ІІ ТАРАУ. СӨЗ ТАПТАРЫ – ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІ.
2.1. Сөздерді таптастырудың лексика-грамматикалық ерекшелiгі
2. 2 Сөз таптары жүйесіндегі атауыш сөздер
2. 3 Сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөздер
2. 4 Сөз таптары жүйесіндегі одағай сөздер.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ тіл білімінің бастан өткізген тарихи белестерін жан-жақты айқындап, бүгінгі жай-күйімен сабақтастығын ашып көрсету(негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Өткенді безбендемей, алға басу жоқ. Морфологияның өзекті мәселесінің бірі – тілдегі сөздерді түрлі семантика-құрылымдық топтарға жіктеу теориясы да тіл білімі тарихын айқындауда өзіндік орны, салмағы бар мәселе екені анық. Бүгінгі таңда да жекелеген тіл білімдерінде (қазақ тіл білімінде) сөз таптастыру межелеуіштерінің (критерий) жетекшілік мәні, өзіндік маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық ілімнің проблема ретінде қазақ тіл білімінде алғаш қойылып, пайда болуынан бастап, оның қалыптасу, даму процессін жан-жақты зерделеудің, осы даму барысындағы әр бағыт, әр кезеңнің өзіндік жетістік, кемшілігін нақты талдаудың қажеттілігі жұмыстың өзектілігін анықтады.
Зерттеу обьектісі. Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Тіл біліміндегі әрбір теориялық ілімнің пайда болу, даму, қалыптасу жолдарын айқындау, осы арқылы дәстүр жалғастығын ашу, болашақ зерттеулерге бағыт-бағдар нұсқау – маңызды іс болып табылады. Осы қағиданы меже ете отырып, жұмыста қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының пайда болу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын, бүгінгі жайын саралауды басты мақсат етіп қойдық. Негізгі мақсаттан төмендегі міндеттер туындайды:
─ Әлемдік тіл біліміндегі, түркологиядағы сөз таптастыру проблемасының тарихымен, бүгінгі жай-күйімен байланыстыра отырып, сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі дамуын ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлу;
─ Қазақ тіл біліміндегі сөздерді семантика - құрылымдық топтарға жіктеу барысында болған бағыттарды, олардың негізгі қағидасын анықтау;
─ Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі бүгінгі жайына баға беріп, осы мәселеге қатысты әлі түйіні шешілмеген проблемаларды бөліп шығару.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.
Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория  оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
1. Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеудің қазақ тіл біліміндегі ірі грамматикалық теория ретінде күрделі даму жолынан өтіп, қалыптасқандығы;
2. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамып, қалыптасуы барысында бір-бірінен айырмашылығы бар семантикалық және лексика-грамматикалық аталатын бағыттардың болғандығы, олардың негізгі ұстанымдары;
3. Қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы (позициясы) тұрғысынан келуі себепті сөз таптарының саны да, кейбір сөз таптарының сапасы да өзгеріп отырғандығы;
4. Бүгінгі таңда қазақ тілші-ғалымдарының сөздерді түрлі топтарға бөлу мәселесінде жетістіктерге қол жеткізуі нәтижесінде сөз топтастыру теориясының қазақ тіл білімінде негізінен орныққандығы.
Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан басқа екі тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. СӨЗДЕРДІ ТАПТАСТЫРУ ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1.1. Сөздердi таптастыруға байланысты алғашқы ғылыми көзқарастың пайда болуы.

Жеке, нақтылы тілдердегі немесе тілдердің тобындағы сөздерді сөз таптарына топтастыруда сөз таптарының жалпы теориясына общая теория частей речи сүйену өте-мөте қажет. Әрине, жеке, нақтылы бір тілдегі сөз таптарының санын да, табиғатын да сол тілдің өзіндік ерекшеліктерін ескермей немесе сол ерекшеліктерге байланыссыз айқындау дұрыс болмаған болар еді. Бұл жерде әңгіме сөз таптарының жалпы теориясының жеке, нақтылы тілдердегі сөздерді сөз таптарына дұрыс топтастыра білуге қатысы жайында болып отыр. Жеке тілдегі немесе тілдердің тобындағы сөз таптарын айқындауда сол тілдердің немесе тілдер тобының грамматикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, сөз топтарының жалпы теориясына негізделу қажет. Мұнсыз сөздерді сөз таптарына классификациялау мәселесі өзінің дұрыс шешімін таба алмайды.
«Жалпы теорияның негізінде ғана тілдер үшін сөз таптарының арнайы теориялық қажетті көрнекі мысалдармен және түсіндірмелермен жасала алынады. Мұндай теориялардың жалпы және арнайы теориялардың өз ара қатынасы жалпы тіл білімі мен нақтылы тіл білімінің, жалпы теориялық грамматика мен жеке тілдердің грамматикаларының арасындағы ара қатынастардан басқаша болмауы керек. Кім сөз жүзінде емес, іс жүзінде жалпы теориялық білімінің, тілдің жалпы теориясының, тіл туралы қазіргі ілімнің саналары ретіндегі жалпы фонетиканың, жалпы лексикологияның, жалпы грамматиканың қажеттілігін мойындаса, сол жалпы ғылыми грамматиканың бөлімдерінің бірі сөз таптарының жалпы теориясын жасау тәжірбиелерінің жөн екендігін мойындамай тұра алмайды.
Сонымен тіл білімінде сөз таптары және олардың классификациясы туралы мәселе сөз таптарының жалпы теориясы тұрғысынан қарауға тиісті мәселе болап табылады. (1, 152-154).
Лингвистика тарихын әр түрлі кезеңдерге бөліп қарастырушылық бар. Олар: 1) Ежелгі заман лингвистикасы, 2) Орта ғасырлар лингвистикасы 3) Қайта өркендеу дәуірі лингвистикасы, 4) ХІХ ғасыр лингвистикасы 5) ХХ ғасыр лингвистикасы.
Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бұрынғы египедтіктердің, шумерлердің т.б. Шығыс халықтарының жоғары мәдиниеті болғандығын, әр түрлі жазуларды пайдаланғандарын ескерсек, тіл білімінің көне ғасырлардың бірі екендігін байқауға болады. Бірақ египеттіктердің, шумерлердің тілге байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен жоқ. Тіл мәселелеріне байланысты айтқан пікірлері біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі Ежелгі Қытай, Үнді, Ежелгі Греция елдеріне тән.
Ежелгі дәуір – лингвистикалық ой-пікірдің жаңа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кездегі өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.
Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі түрлі күрделі проблема болды. Оның бірі-атау, ат қою, екіншісі-грамматикалық өнер (исскуство) проблемасы.
Ат қою теориясы мен грамматикалық өнер теориясы Ежелгі Қытайда да болған. Сондай-ақ, грамматикалық өнердің де негізгі ілімі көне жазуы – иероглифке негізделген.
Иероглифтік грамматикаларда морфема сөздер мағынасы, этимология мәселесi болмаса қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Адамзат тарихында өзіндік орны бар Қытай жеріндегі грамматикалық ілімнің негізін салған әкелі-балалы Ван-Нянь-Сунь мен Ван-Инь-Чжи қытай тілі сөздерін мағыналы сөздер (шицзы), мағынасыз сөздер (сюйцзи) және көмекші сөздер (чждцзи) деп бөліп, сөздерді іштей зат есім, сын есім, етістік деп ажыратты (2, 6). Бірақ бұл тілде жазылып сақталған тарихи материалдар басқа тілдерге, әсіресе европалық тілдерге дер кезінде аударылмағандықтан, ғылым әлемінен шектеп қалып келеді. Лингвистикалық нұсқалар жағдайы да осындай.
Сондықтан лингвистка тарихын зерттеген Европа ғалымдарының барлығы дерлік әңгімені Ежелгі Үндістан, Ежелгі Грециядан бастайды.
Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша тіл туралы ғылымның алғаш пайда болуы ежелгі үнділерден басталады. Үнділерден бізге жеткен зерттеулер жыл санауымыздан бұрынғы V ғасырдан басталады. Бұл материалдардың ғылыми жүйелігіне, ой тереңдігіне қарағанда Үндістан лингвистикасы бұдан да бұрын болғанға ұқсайды. Тіл білімі мұнда практикалық қажеттіліктен туған. Үнділердің өте ерте ежелгі дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын кітаптары болған. Біздің дәуір алдындағы VІ ғасырларда белгілі болған бұл жинақты үнділер қасиетті, киелі деп санаған және қазір де солай санаушылық бар көрінеді. «Веда» жөніндегі зерттеулер үнділердің аса көрнекті лингвисі Яски мен Панини жазған еңбектер арқылы біздің заманымызға жетті.
Яски біздің дәуірімізге дейінгі бесінші ғасырларда өмір сүрген. Ол – «Веда» тілінің бес томдық сөздігін жасап түсінік жазған адам.
Панинидің біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ ғасыр шамасында жазған «Аштадхьяй» (Грамматикалық ережелердің сегіз бөлімі) деген еңбегінде төрт мыңнан астам грамматикалық ереже берілген. Бұл еңбегінде Панини «Веда» тілін қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған үнділердің санскрит деп аталатын көне әдеби тілінің және «Веда» жыры тілінің дыбыстық жүйесін, сөз туғызу, сөз өзгерту жолдарын жан-жақты зерттелген. Панини еңбегі – тіл білімі тарихындағы біздің дәуірге жеткен тұңғыш сипаттама грамматикасы. Ол санскрит тілінің грамматикасы деп те аталады. Мұнда сөздерді тапқа, түбірге, түрлі қосымшаларға бөлу, жұрнақ, префикс дегендердің бәрі де бар. Панини грамматикасы ережелерінің дәлдігіне, зерттеулерінің терең және жан-жақтылығына қарап, бірсыпыра ғалымдар Үндістанда тіл білімі Панинге дейін де даму басқышынан өткен, бірнеше грамматикалық еңбектер жазылған болу керек деп жорамалдайды. Бірақ ондай еңбектердің болған болмағына ғылымда әзірше белгісіз.
Үнділер тілдегі барлық сөздерді есім, етістік, предлог, демеулік деп төрт топқа бөлген де әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты сипаттаған. Етістіктің шаққа бөлінуі, есімдерде жеті түрлі септік жалғаудың барлығы т.б. көптеген грамматиканың мәселелер өте дәлдікпен шешілген.
Шынында да, үнділер тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан. Тіл фактілерін зерттеуде олар синтетикалық тәсілді де, аналитикалық тәсілді де қолданған. Сол арқылы тілдік элементтердің өзара ұқсастығын және бір-бірінен өзгешеліктерін айқындаған.
Кейінгі дәуірлерде Үндістанда Панини грамматикасының мән-мағынасын талдап түсіндірген оның жолын ұстанған лингивист-ғалымдар болды. Солардың бірі – біздің дәуірдің үшінші ғасырларында өмір сүрген Вараручи Катьяна. Ол Панини еңбегіне талдау жасаумен қатар, орта дәуір үнділерінің пракрит деп аталатын санскрит тіліне салыстыра зерттеген. Сөйтіп, лингвистикада бірінші болып тарихи – салыстыру әдісін қолдануға талпынған, тілдің тарихы, дамуы мен ұғымдарды алғаш сөз еткен ғалым. Ол өзінің «Пракрит грамматикасы» дейтін еңбегінде фонетика мәселесіне ерекше көңіл бөледі, әрбір дыбыстың даму жолдарына, оларда болатын өзгеріс-құбылыстарға, үндесу заңдарына талдау жасайды. Мұндай құбылыстарды Катьяна морфологиялық өзгерістерге байланысты қарайды.
Ежелгі Үндістан лингвистикасы тарихының тағы бір көрнекті өкілі – философ-лингвист Бхартхари. Бұл – тіл мәселелерін философияға байланыстыра қараған ғылым.
Үндістан лингвистикасының кейінгі дәуірлердегі өкілдері ұзақ заман бойына осы үш ғалымның (Панини, Катьяна, Бхартхари) мұраларын жинақтап, талдап түсіндірумен болды.
Эренбург университетінің профессоры Джон Лайонз 1978 жылы орыс тілінде жарияланған «Теориялық лингвистикаға кіріспе» деп аталатын еңбегінде Паниниден кейін Үндістанда он шақты грамматикалық бағыт болған. Бізге олардан көне үнді грамматикасын зерттеген мыңға жуық еңбек жетті. Олардың көпшілігі Панини дәстүрін қолданған деп жазады.
Ежелгі дәуірі лингвистикасының тағы бір отаны Ежелгі Греция. Грецияда туған лингвистикалық ой-пікір бүкіл Европа лингвистакасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. В.Энгельстің «Греция мен Рим қалаған негіз болмаса, қазіргі Европа да болмас еді», - деген сөзін тіл біліміне байланысты айтуға болады. Тіл мәселелеріне байланыста сол елден бізге жеткен жазба материалдар жыл санауымызға дейінгі V ғасыр шамасынан басталады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лнигвистикасы Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады. Эллинизм дәуіріне дейін тілді лингвистикалық тұрғыдан емес философиялық тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді соның ажырамас саласы деп есептеген ежелгі Греция философтарының бір ерекшелігі – тілді құдай жаратты деген діни көзқарасқа қарсы оны дүниеге келтірген адамның өзі деген пікірді уағыздауы.
Грек ғалымдары көтерген тағы бір лингвистикалық проблема – грамматика мәселелері. Грамматиканы да алғашқыда философия, әсіресе логика ғылымына тәуелді соның бір саласы ретінде логикалық категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қарады. Бұл саладағы алғашқы пікір Платон пен Аристотель еңбектерінде кездеседі. Платон тілдегі сөздерді есім, етістік деп екі топқа бөлсе, Аристотель алдыңғы екеуі үстіне жалғауыш дегенді қосып, үш топқа бөледі. Күні бүгінге дейін қолданылып жүрген грамматикалық катергориялардың, терминдердің көпшілігі сол Аристотельден қалған.
Яғни, екі кезеңге бөлінген (философиялық кезең V-ІІІ ғғ., филиологиялық кезең ІІІ-ІV ғғ.) Грецияда философиялық дәуірдің көрнекті өкілдері Платон, Аристотельдер сөздерді логикалық негізде жіктеп, есім, етістік, жалғауыш деп ажыратты.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы грамматикалық құрылысы
» Дипломдық жұмыс: Филология | Түркі тілдері
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ - қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Түр- түске байланысты топонимдердің этнолингвистикасы

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]