Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Т.Әлімқұловтың күйішлік өнер және көркемдік жинақтау

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Т.Әлімқұловтың  күйішлік өнер және көркемдік жинақтау

Мазмұны

КІРІСПЕ………………………………………………………...............................
1 КҮЙІШЛІК ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖИНАҚТАУ
1.1 Өнерпаз тағдыры және суреткерлік таным....................................................
1.2 Күй тарихы және өнерпаз психологиясы.....................................................
2 КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
2.1 Т.Әлімқұловтың туындыларындағы күй сазына қатысты сюжеттік желілер және көркемдік шешім.........................................................................................
2.2 Өнер тақырыбы: дәстүр және жалғастық....................................................
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты.
Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз.
Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ. Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов, Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға бейімделмеді.
Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жаңаша талғам, шынайы тарихи-салыстырмалы арнада қайта жүйелеп, қайта іріктеп, зерттеу, саралау. Әсіресе, Тәкен шығармашылығының халықтық сипаты, ұлтгық болмыс-бітімі, ұлттық бояу-бедері, ұлттық кейіпкер сомдаудағы суреткер қол жеткізе алған көркемдік амал-тәсілдерді әр қырынан қарастыру, жүйелеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мынау фәни дүниеден бақи дүниеге көшкеніне ширек ғасыр жуықтап келе жатқан қаламгердің аса көркем, ойлы шығармаларына оралып, туған әдебиетіміздің игілігі үшін суреткер қандай олжа салды деген сұрақ тұрады. Бұл - бір. Екіншіден, Т.Әлімқұлов дәстүрлі мәдениет үлгілерін, әдеби мұраларды, ұлттық өнерімізді, ұлттық салт-дәстүр тақырыбын қалай, қай деңгейде игергендігі, өз шығармаларына арқау еткендігі бүгінгі оқырманды қызықтырады. Осы жәйіттерді бүгінгі заман талабынан қарай отырып, зерттеуші ғалымдардың, өнер иелерінің пікірлері мен көзқарастарын негізге ала отырып өзіндік ғылыми болжамдар жасалынды.
Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізі: Ат басын Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына тіреуіміздің тағы бір себебі - жазушының өз туындыларында өзіндік құнарымен, стильдік өрнегімен көріне алғандығында. Суреткерлік тіл - көркемдік шеберліктің бірінші шарты десек, бұл жөнінен келсек, жазушының өз тұстастарынан оза шапқанын айтпау қиянат.
Жалпы Тәкен Әлімқұлов қаламынан проза жанрында алпысқа жуық әңгіме, 7 повесть, 2 роман дүниеге келіпті. Жазушының прозашы ретінде көбірек танымал болғандығы да осы дүниелердің арқасы. Оның үстіне жарық көрген төрт поэтикалық жинақты қосамыз. Бұлар да қаламгер талантының бір қырын танытатын аса құнды көркем туындылар. Ал енді барша ақындардың ұстазы Абай жайынан жазылған "Жұмбақ жан" атты зерттеу - бітімі бөлек дүние. Үш кітабында бірнеше әдеби-сын мақалалары жинақталды. Санымен емес, сапасымен оқырманын елең еткізген бұл әдеби-эстетикалық талдаулар әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымында әлдеқашан өз орнын тауып, керек болса қазіргі әдебиеттану мәселелерін, қазіргі қазақ сөзінің қадір-қасиетін ажыратуға да қызмет жасап жатыр десек қателеспейміз. Очерк, аударма саласындағы елеулі еңбектері де қаламгердің сан қырлы талант иесі болғандығын танытады. [1; 184 б].
Тұтастай айтсақ, Тәкен Әлімқүловтың қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра қалған жоқ. Жарияланып үлгермеген, жазушы қоржынында қалып қойған құнды дүниелердің өзі бір төбе, бөлек әңгіме. Қайталап айтсақ, мәселе санда емес, сапада. Сапа болғанда көркемдік сапаны айтамыз. Осы сапасымен қаламгер шығармалары бізді қызықтырады.
Осының бәрі ескеріліп, диплом жұмысында жан-жақты қарастырылып, теориялық, іс-тәжірибелік маңыздылықтары анықталды. Зерттеу жұмысының қорытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде, жоғарғы оқу орнынының практикалық сабақтарында, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауда қолдануға болады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында ізденіс әдісі маңызды болды. Ол бұрын белгісіз болып келген әдеби мұраларды жан-жақты саралауда қолданылды. Зерттеу ісі мәліметтерді өңдеу, сараптау-талдау (анализ) және жинастыру (синтез), топшылау, салыстыру, жүйелендіру, тұжырымдау әдістері арқылы жүргізілді. Зерттеудің басты әдісі талдау-жинақтау мен тұжырымдау болды.
Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті, ғылыми жаңалығы, зерттеу нысаны сөз болады.
Бірінші, екінші тарауларда Тәкен Әлімқұлов шығармаларына талдау жасалынады.
Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымдалады.

1 КҮЙІШЛІК ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖИНАҚТАУ

1.1 Өнерпаз тағдыры және суреткерлік таным

60—80-жылдардағы қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ, қазақ прозашылары өз шығармаларында ұлттық рухани байлығымыздың алатын арқауы — күй өнерін жасаушылардың өмір-тағдырына жиі-жиі оралып отырған. Күйші бейнесін көркем әдебиетімізде сомдаудың мән-мағынасын қазақ қаламгерлері терең түсінген.
Сонау алты алаштың ардақтылары Қоркыттың, Ықыластың, Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Абылдың, Сейтектің, берідегі Динаның, Сүгірдің, Төлегеннің, Әбікеннің, Дөнештің тағы да басқа күйшілердің образын бейнелеуге қазақ қаламгерлері халқьмыздың осы бай дәстүрлі күй, күйшілік өнер тарихын терең танып, таразылап, ұзақ жылдар зерттеп барып ат басын тірегендігін аңғарамыз. Қазақ күйшілерінің қайшылықты тағдыры мен олар өмір кешкен заманның, әлеуметтік ортаның қыр-сырына терең бойлауды мақсат еткендерін байқаймыз. Осы мақсатта олар туралы халық жүрегінде, ел жадында сақталып қалған, болмаса аңыз-әңгімелердің, жыр-өлеңдердің, тағы басқа сол сияқты дәстүрлі халықтық мәдениетіміздің сирек үлгілерінің архауына жатқан әдеби, рухани нұсқалардың, барлығының қазақ прозасында ұтымды, шебер ең бастысы көркемдік тұрғыдан үлкен талғаммен, терең таныммен пайдаланылғанын пайымдаймыз.
Айталық, "Телқоңыр" әңгімесінде сөз зергері Тәкен Әлімқұлов атақты күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты оқырманға бірден байқалатын бір шындық — Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі. Осыны мьна әңгіме дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі. [2; 154 б].
Жазушының "Сейтек сарыны" повесінде Сәруар шал болып тіл қататын Сүгірдің кейбір мінез қырларына қанық едік. Онда ол көбінесе Сейтек тағдырымен, Сейтек күйлерімен сабақтас бейнеленетін. Ал мына әңгімеде енді әкесі мен бала арасындағы, яғни Сүгір мен әкесі арасындағы қарым-қатынас, қам-қарекет ой-парасат арнасында өріледі. Сүгірдің сұрапыл күйшілігі, әкенің алғырлығы, көрегендігі, ой-түйсігінің ұшқырлығы, ұтымдылығы алдыңғы қатарға шығады. Түптеп келгенде барлық оқиға Сүгір домбырасынан атақты "Телқоныр" күйінің дүниеге келуі төңірегінде топтастырылған. [3; 84 б].
"Телқоңыр" күйінің тарихы тосыннан өрбіп, өте тартымды, қызғылықты баяндалады. Әуелде Сүгірдің шығармашылық күйінің тоқыраған, домбырасын қолына алғанмен, жанынан ой таба алмай қиналған сәті суреттеледі. "Баптағанда, машық күйлер жаттығу тілемейді. "Ілмені", "Ыңғай төкпені", "Бозінгеңді", "Тоғыз тарауды" үйқыдан ояна сап тартуына болады. Ықыластың күйлері өз алдына. Бұл өңірде Сүгірге тең келетін домбырашы жоғы және аян". Осылай домбыра шертісі елден ерекше, атағы алты алашқа асқан дәулеткер домбырашының түйықка тірелген, көңілі жарым, жүрегі қобалжулы кезеңіне қаламгер соғып өтеді. "Неге екені белгісіз, Сүгір көнетоз күйді жаңғыртпак болады. Бірақ күй төгіліп кетпей, күрмеле береді. Көкейдің күйттілігі жетіспей жатыр. Бәлденейін десе, бәл жоқ. Назданайын десе, наз жоқ. Өкінейін десе, ӨКІНІШ жоқ. Шолақ келген қызыл-қоңыр домбыраны әрі сабалап, бері сабалап, әрі шертіп, бері шертіп, мандырта алмай қойды". Өнер адамының өмірінде мұндай сәттер аз смес. Шығармашылыктың азабы деген осы. Өнер туындысы да өнерпаздың жанын осылай езіп, азапқа салып барып туады. Жазушы шығармашылык процестің осы бір ауыр, азапты сатысын да әсерлі жеткізеді.
Кішкене оқиға ширығып келіп, терең толғаныстарға тамырлы ойларға бастайды. Қызыл құлынның күтпеген жерден Сүгір шаңырағына сау ете калған ауыл атқамінерлерінің қонақасына сойыльп кетуі, бір қарағанда қарапайым оқиға. Сүгір өмірінен алынған осы қарапайым көрініс, әңгіме соңында терең психологиялық, философиялық түйіндеулерге келіп сабақтасады. Жанары жаудыраган жас құлынның тағдыры адам тағдырымен астасады. Ақырында күй болып төгіледі.
Сүгірдің жан дүниесін астан-кестең еткен бұл жағдай із-түзсіз кетпейді. Құлынның енесін іздеп шырқыраған даусын, қас-қағым сәтте құлынынан айрылған ене биенің сағынышы мен шерін жүрек сыздататын күйге сыйғызған Сүгір таланты тайға таңба басқандай танылады. Осының барлығын қаламгер тамылжыған тілмен , терең сезім толқындарымен тербеп отырып суреттейді. Қызыл құлын бауыздалар сәттегі суретті жан-жүрегің елжіремей, бауыр етің егілмей оқу киын. Ой терендігінің, сөздегі суреткерліктің шым-шымдап көрінер тұсы осы. "Бала сары сәскеде қызыл құлынды шыркырата айдап келе жатты. Енесінен ажырасқан кұлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Құлын от басына жақындаған сайын сұмдықты сезгендей шырқырап, қоныраулы үнімен кісінеп, жанұшыра бастады. Үш қырқаның аржағындағы енесі бірге кісінеді. Ол да туған төліне ұқсап, жылқышыдан катты қағажу көріп, аяусыз таяқ жеді. Бұны сезінген сайын қызыл құлын шыжкөбелек боп, бәйектеніп, бауырынан іріді. Қызғылтым түгі терге шомылып, қылшығы жапырылып, күнәсіз көзі жасқа толды. От басына жақындағанда, арттағы сағыныштан, алдағы үрейден қаны бұзылып, басы айналды. Қуғыннан өкпесі күйіп, тәлтірек қақты". Осылай, құлын трагедиясы қанды жасы сорғалаған күйінде суретке, бейнеге айналады. Адам трагедиясын, болмаса аң, құс, жылқы трагедиясын суреттеген тұстарда Тәкен өзгеше өнерпаздық танытады. Оқырманын сендіреді, сендіріп қана қоймайды, өзімен бірге тебірентеді, терең толғанысқа түсіреді. Қызыл кұлынның осылайша бір сәттік намыс, яғни қазақтың сүйекке біткен қасиеті — қонағына жалғыз тұяғын жығып беруге дайын тұратын қонақжайлығы кесірінен пышаққа ілінуі Сүгірдің білместігінен болады. Қызыл құлынның бауыздалғалы тұрғанынан хабар алған Сүгірдің әкесі жанұшыра ұлының үйіне жетеді. Бірақ кеш қалып: — Қап! — деп, санын бір-ақ соғады. Аққудай аппақ шал қара құстай қалбаңдап тұрып іштегі күйігін жеткізеді: "Оның бәрі мақұл ғой, құлынның етінің бұзылғанына күйінемін" – дейді. Айтса айтқандай, алдыға ас келгенде қонақтың бірі құлынның етінің Іріп кеткендігін ескертеді. Оның сырын Сүгірге әкесі түсіндіреді. Жылқы баққан ел құлынды енесімен бірге айдап келіп, сойысқа шалатындығын әке аузынан естиміз. Енесін қимаған, жарық дүниемен қоштасатынын алдын-ала сезіп, шырқырап, жантәсілім жасайтын жануар жарықтықтың жар дегенде жалғыз төлі — жас құлынның жайрап түскенін, соңынан құлынынан айырылған көк биенің байыз таппай, сарнап, кісінеп, күндіз-түні төлін Іздеген зары кісінің сай-сүйегін сырқырататындай көркемдік қуатпен, шынайы суреткерлікпен беріледі. [4; 18 б].
Анасын іздеп шұрқыраған, қолды-аяққа тұрмай сағынған қас-қағым сәттің өзі оның қанын қарайтып, етін күйдіреді. Мұны жылқыны жанына балаған, қанатына балаған қазақ қана сезіп, біле алған. Жылқы баласының бар қасиеті осында еді.
Ажалмен бетпе-бет жалғыз қалған жас төлдің үрейден талшықтай етінің тарам-тарам езіліп, іріп кеткендігін қаламгер шығармаға кездейсоқ кіргізбеген. Осының шын өмірде қалай болатындығын көзіміз көрген жоқ, ал енді мына контексте бұл сурет құлын трагедиясын шарықтау шегіне жеткізген. Көркемдік жүк көтеруі одан да биік. Ары қарай әке аузымен тағы да бір шындық айтылады. Ол "жылқы малының сырын бір адамдай мен де түсінемін" деген Сүгірге сұмдық нали тұрып: "Сенің "Бозінгеніңді" жүре тыңдайтынымды неге болжамайсың? Сен түліктің сырына шорқақсын. Күйіңде түйсік аз, өзіңде парасат аз", - деп кейіген сұс танытады. Сүгірдің аты шулы күйшілігінен оның тіршілік сырын, ер қанаты — тұлпар сырын түсінуінің төмен жатқаңдығын автор жасырмайды. Артық-кемімен көзге түсетін Сүгір табиғаты, күйші болмысы осынысымен қымбат көрінеді.
Қос құлынның ішінен сойысқа қызыл құлынды таңдағанының да кешірілмес білместік екендігін әке баласының бетіне тағы басады. Болашақ тұлпарды пышаққа қиғанын Сүгір сонда барып түсінеді. Оған әкенің төмендегі сөздері қамшыдан ауыр тиеді: "Бұл құлын құнанында қар" көк, дөненінде алқара көк болатын еді. Бестісінде тарлан ашып, жыл өткенде жүйрік боздың өзі боп шыға келетін еді. Бұның енесі қарабайыр да, атасы будан. Арғы атасы - арғымақ. Бұралған тірсегі атасына тартқан". Арғымақтай асыл «жылқы тегінің тапа-тал түсте біреуден емес, өз қолынан мерт болғандығы күйшінің өкініші мен қайғысын қоюлата түседі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Т.Әлімқұловтың күйішлік өнер және көркемдік жинақтау дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]