Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері

Мазмұны

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1 тарау. Т. Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық тұжырымдама.
2 тарау. Жазушы повестерінің проблематикасы және образдар жүйесі
3 тарау. Т. Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі (тіл өрнегі, стильдік оралымдары)
III. Қорытынды

Кіріспе
Әдебиеттің зерттеу нысаны адам яғни адамтану екенін ескерсек, әрбір адам өзінше бір дүние, ашылмаған зерттелмеген қазына емес пе? Барлық нәрсенің өлшемі болып табылатын - Адам болмысының табиғи, биологиялық, физикалық , психологиялық ерекшеліктерін әр ғылым саласы өз тұрғысынан зерттеп зерделейді.
«Адам психикасы оның құпиясы мол табиғаты, есті және ессіздік т.б. секілді психологиялық үдерістер философия, психология және әдебиеттану ғылымдарына жан талдау тәсілін тудырып, адам
мәселесін терендей зерттеуге зейін қоя бастады» (1,3) деген пікірге ден қойсақ, көркем әдебиеттің ерекшелігінің өзі сонда, ол адам жанының құпия қалтарыстарын, күйініш – сүйініштерін бір сөзбен айтқанда, адамды психологиялық барша болмысымен толық ашып беретіндігімен тікелей байланысты.
Көркем шығарма табиғатын психологиялық тұрғыдан талдау ,
жалпы прозадағы психологизм, лиризм, сондай – ақ көркемдік тәсілдің түрлері ретінде «ішкі – монолог» «ой ағыны» т.б. мәселелер де көптеп сөз болып жүр. Психологиялық талдау дәстүрі кімнен басталып қазақ әдебиетіне қайдан келді. Алғашқы үлгілері қай жазушылардың творчествасында көрініс берді.
Психологиялық талдау дәст үрлі әлем әдебиетіндегі жаңалық
ретінде негізінен XIX ғасырдың екінші жартысында ғана
дүниеге келгені мәлім. Алғаш рет австралиялық дәрігер - психолог З. Фрейд(1856 – 1939) ашқан психологиялық талдау тәсілі бастапқыда жүйкесі сырқат жандарды емдейтін медициналық термин болып қалыптасқанымен бертін келе адам психикасын зерттеу аумағы кеңейіп, өзге де өнер салаларында, соның ішінде әдебиетте көркемдік тәсіл ретінде қолданыла бастайды.
Ал, орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л.Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.
Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов,
И.А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын
тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский
Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов,
Л.Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л.Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.
Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.
Мұндай кемелдіктің түп – төркіні М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Б.Майлин сынды жазушыларымыздың әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін творчестволықпен меңгерген көркемдік ізденістерде жатыр. ХІХ ғасырда пайда болған прозадағы психологизм ағымын қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрге айналдырып оның кең қанат жаюына олардың қосқан үлесі зор. Алайда, тақыр жерге еш нәрсенің шықпайтынын ескерсек, психологизм мәселесі қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры сонау есте жоқ, ескі заманда пайда болып, қалыптасқан ауыз әдебиеті үлгілерін де жатыр. Мысалы, ауыз әдебиетінің құнарлы бір саласы ертегі, өлең – жырларда қаһарманның қайғы – зарын суреттейтін тұстарда психологизм элементтері бұрыннан - ақ бар.
Ал ХХ ғасырдың басындағы өзге жазушыларға тоқталып жатпай – ақ, бір ғана М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т .б. әңгімелеріндегі терең психологизмді айтпағанда, психологиялық очерк деп ат қойып, айдар тапқан «Қасеннің құбылыстары» атты шығармасының өзі психологиялық прозаның алғашқылары еді.
Екіншіден, қазақ әдебиетінің 70 - 80 жылдардағы көркемдік көкжиегіне көз салғанда, әсіресе, қазақ прозасына тосын тақырыптарымен келген талантты да, талапты бір топ жастарды байқайтынымыз анық. Қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн , түр, тақырып жағынан ерекше байытты.
Осы кезеңнің әдебиетіміздегі ерекше көзге түсер өкілдеріне О. Бөкей, Д. Исабеков , Қ. Ысқақов, Ә. Тарази,
Ә. Сараев, М.Сүндетов, Т. Нұрмағанбетов т.б. жатқызуға болады. Әдебиетке алғаш 1969 жылы «Көкжиек» атты тұңғыш әңгімелер жинағымен келіп қосылған Т. Әбдікұлы, бүгінде біршама әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы.
Жазушының: «Көкжиек», «Күзгі жапырақтар», «Ақиқат»,
«Айтылмаған ақиқат», «Өліара», «Таңдамалы», «Оң қол» атты жинақтарын қазақ әдебиеті қазынасына қосқан үлесі екенін білеміз.
Бұлардың ішінде «Өліара» романы өз алдына бір төбе
десек оған грек аңыздарының басын құрастырған аудармаларын «Біз үшеу едік» атты драмасын қосуымызға болады. Сан жағынан алғанда Төленнің шығармалары аздау.
Төленнің даралық қасиеті өзі сол аз жазатындығымен, аз жазса да саз жазатындығымен бағалы. Содан да болар, сыншы, әдебиетшілердің Т. Әбдікұлының кейбір жекелеген шығармаларына жол – жөнекей соға кеткен бірді – екілі пікірлері болмаса, арнайы зерттеу обьектісіне айналмаған. Шығармашылығын толық ауқымды қамты арнайы жүргізілген зерделі зертеуді кездестіре алмадық. Алайда, бұдан жазушы шығармаларының көркемдік деңгейі төмен екен деген ой тумаса керек. Керісінше аз жазса да , сапалы жазуға тырысуы, сондықтан да оның туындылары анда – санда бір туатын арыстанның күшігіндей, күн сайын мұхит түбіне үзбей сүңгіп айда - жылда бір жолықтыратын інжу – маржандай болса, онда ол тақиямызға тар келетін аса құнсыз дүние емес. Ендігі сөз Төленнің әңгімелері туралы.

Т.Әбдікұлы әңгімелеріндегі авторлық тұжырымдама.

Өзге жазушылар секілді Т. Әбдіков те әдебиетке алғаш әңгімелерімен келді. Алғашқы туындысы «Райхан» Қазақстан жазушыларының 1964 жылы жарық көрген «Таңғы шық» атты жинақта жарық көрді.
Т.Әбдікұлын өзге жазушылардан даралап тұрған қандай қасиет танымның ең жоғарғы сатысы болып табылатын интелекті қабілет – қарымы қандай деген сұрақ туады.
Бұл мәселелер төңірегінде Т. Әбдікұлының әңгімелерін талдау барысында ой қозғамақпыз. Ұлы Отан соғысының ар жақ, бер жағында дүниеге келген Төлен замандастарының бозбалалық, жас тық дәурендері Кеңес одағының материалдық жағынан да, моральдық тұрғыдан да біраз әл жинап, оңалған кезіне келеді. Сондықтан да бұл кеңес толқын жазушылардың өздерінен бұрынғы буындарына қарағанда үлкен өнерге институттар мен университеттердің қабырғаларында білім алып оқып жүріп араласты. Кеңес үкіметінің балалық шағында әдебиетке араласқан қызыл пролетар жазушылар секілді олар шығармашылық кәсіпті өнердің әліпбиінен бастаған жоқ, жазушылық қаламды әлемдік классиканы біршама меңгерген тұста қолдарына алды.
Ендеше Т.Әбдікұлы туындыларының ішінде ерекше тоқталуды қажет ететін бітім – болмысы бөлек дүниесі «Оң қол» әңгімесі . Біріншіден, «Оң қол» Төленді талантты жазушы ретінде танытып, атағын шығарса, екіншіден, «Оң қолды» мақтауға да, мақтануға да тұратын кесек дүние. Асыра мадақтап қызыл сөздің көрігін қыздырудан аулақпыз. Десек те мұндай шығармалар қазіргі қазақ прозасында саусақпен санарлық екені анық. Оның себебі біздің ойымызша Төлен түрен салған тақырып тосындығы болса, соған орай көремдік ізденістің авторлық тұжырымдамамен шебер қиюласуында жатса керек.
«Ал көркемдік тұжырымдама термині бүкіл творчествоға да белгілі бір жанрда жазылған шығармаға да, сондай-ақ шығарма шоқтығын асырып тұрған сапалық ерекшелік – сипаттарға да қатысты айтылып жүр» (4 ,73).
Қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін терең зерттеп жүрген ғалым Г. Пірәлиева «Жетпісінші жылдардың басы мен орта тұсында қазақ прозасында бір құбылыс әдеби жанрда бұрындары байқала қоймаған тың көркемдік тәсілдер туа бастады.
Мәселен , роман – монолог «Аңыздың ақыры» - Ә. Кекілбаев, роман – диалог «Ақиқат пен аңыз» - Ә. Нұршайықов, әңгіме – түс көру «Оң қол»Т.Әбдіков, повесть - новелла «Ақ ару – ана» - С.Санбаев және басқалар.
Мұның бәрі қазақ сөз өнеріне өзіндік қол таңбасымен, стильдік
ерекшеліктерімен жаңаша леп әкелгендей еді» деген пікірді айтады.
Сондай – ақ «Алғаш американ теориктерінің сөз қолданысында пайда болып, әдеби тәсіл ретінде көркем өнерде өрнегін сала бастаған ой ағымының артын ала орыс әдебиетіне, әсіресе, Достаевский мен Л.Толстой шығармаларында ішкі монолог, іштей талдау, адам ішіндегі адам, жалпы психологизмнің көркемдік болып көрініс табуы қазақ прозасына да әсер етпей қойған жоқ» дей келіп, негізінен психологиялық тереңдік, ойшылдық сияқты қасиеттерді талап ететін бұл стильдік ағымға екінің бірі бара бермейтінін, Т.Әбдікұлының «Оң қол» әңгімесі нақ осы стильдік ағымдағы жаңалықтың бірі болды деп бағалайды (5,76).
Шағын ғана әңгімедегі шымырлық пен шеберлік сияқты жанр талабына тән қасиеттер бірден көзге шалынады. Автор бас кейіпкері - Алманың түсі арқылы адам санасындағы үздіксіз жүріп жатқан процесті, үрей мен қорқынышты өмір мен өлім арасындағы арпалысты, жан толғанысын көркемдікпен жетелей білген. Шығармадан үзінді келтіріп өтсек, парктегі гүлді жұлдырып, дәрігер жігіттің сезімін сынайтын сұлу да, тәкәппар, адал да, ерке Алманың сырқаты тұқым қуалайтын қауіпті сырқат.
«Оң қол Алмаға терең қалың ұйқы құшағында енгенде шабуыл жасайды. Яғни өзіне қанша түсініксіз болғанымен, өзін-өзі өлтіру ниеті қыздың миында бар деген сөз. Бірақ ол ниет кімнің ниеті, қайдан келген. Алманың бүкіл өткен өмірін мінез-құлқын , адамдармен қарым – қатынасын зерттей келіп, мұны өз басынан туған ниет деуге себеп таба алмадым. Бұл қалайда қан-мен, тұқым қуалап келген деген ниет деуге болмайды. Науқастың шешесі, иә әкесінің әкесі бір кезде өзін - өзі өлтірмек болған. Енді олар әлде бір құпия заңдылықпен Алманың санасында тұрып, өздерін - өздері өлтіргілері келеді. Бірақ олардың өздері жоқ. Сананың иесі қыз өлуге тиісті»(6,223 – 224) .
Бұл сырқат сирек те болса, өмірде кездеседі екен. Оны ме-
дицинада дененің екі жарылуы десе, әдебиеттануда адам ішіндегі
адам деген тәсілді жазушы өте шебер пайдалана білген. Шығарма сюжетін берудегі суреткер шеберлігі күшті.
«Қаламгер қай кейіпкерінің бейнесін жасамасын ол сөзге сараң, автордың ішкі сезімін сездіре бермейтін салкынқанды. Кейіпкерлері тек өз табиғатына, дәрежесіне тән сөздерді сөйлеп оларды толғайды. Шағын әңгімеде шашырап жатқан ой, оңды - солды пайдаланған сөз жоқ. Әдеби шығармада кейіпкер болмысын кесектеп, ішкі жан сырын ашуда айрықша рөл атқаратын түс ішкі монолог ретінде көрініс тапқан. Әңгімені әсерлі етіп, оқиғаны қоюлатып отырған түс - автордың үлкен табысы»(5,77).
Бұл пікірге орай ой өрбітсек түс көру тәсілі басқа да жазушыларымыздың шығармаларында көрініс беретінін байқау қиын емес. Ғалым Ж. Дәдебаев «Оң қолды» О. Бөкей шығармаларымен салыстырады.
Мәселен : Т. Әбдіковтің «Оң қол» әңгімесінде бір тұлғаның бойындағы біріне - бірі жат жау екі сана туралы сөз қозғалады. Автор «бір дене ішіндегі екі түрлі жан иесінің» кезектесіп не қатар өмір сүруін «мидың шешілмей жатқан жұмбақтары» ретінде түсіндіреді. О.Бөкеевтің «Жасын» әңгімесіндегі адамның түрі қолы қып – қызыл қан, ізі сап - сары болып күйіп қалған, ақ шапанының ар жағында белдігіне қырық пышақты қара шапанды ақ тер, қара тер боп қаншама шешсе де тауыса алмай дымы құриды» деп отырып мынандай қорытынды жасайды.
«Бірінші әңгіме санасы ауруға шалдыққан қыздың әректіне негізделген. Екінші әңгіме Қиялшыл Қиялханның түсінен. Екі шығармада да жұмбақтылық, бейнелілік басым. Ақиқат болмыс ретінде осы жұмбақтылық пен бейнелілікті, олардың логикалық шешімін қабылдау керек пе, жоқ па оны ашып көрсетуді авторлар қажет деп таппаған. Көркем шығарманың шын тіршіліктің дәл өзі ретінде қабылдау ешқашан міндетті делінген емес. Алайда, жазушы қандай шартты форманы пайдаланғанда да обьективті дүниенің суретін жасауды мақсат тұтады. Реалистік шығармада символ – белгі – нақты мазмұнның формалық көрнісі. Мазмұн – мағынадан тыс жұмбақтылық, шарттылық жоқ . Осы ретте жоғарыдағы шарттылықтардың да өз мәні болуы тиіс. Жоғарыда айтып өткеніміздей адам жан дүниесінің екіге жарылуы - қазақ әдебиетінде бұрыннан бар, адам психологиясын тереңнен түсіндірудегі ерекше құрал екенін көрдік. Бұл сөзімізге тағы дәлел келтірсек. Бұл адам бойындағы қос қасиеттің тартысқа түсіп, оның бірде – бірі, бірде - екіншісі жеңіліске ұшырап отыратын психологиялық құбылыс. Мәселен, Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы бас кейіпкер бойынан да, осы құбылысты көруге болады. Ақбілек қанша адал , пәк адам дегенмен де , ол кейде қара мұрт офицердің құшағынан тыныштық тапқандай да болады ғой. М. Әуезовтің де «Қаралы сұлу» туралы да осыны айтқан жөн.(2О,11)
Адам баласының қоғам өмірінде алар орны , жай адам емес , жаратылысы жұмбақ , құпия қатпары көп адам жанының кілті екінің біріне ашыла бермесі анық . Оның құпиясы көп бітім – болмысын тек талантты суреткер ғана көре білмек , біліп қана қоймай , терең зерттеген.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]