Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Түр- түске байланысты топонимдердің этнолингвистикасы
Мазмұны
КІРІСПЕ..........................................................................................
І.ТАРАУ. .«АҚ» ЖӘНЕ «ҚАРА» ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ
І.1 «Ақ» және «кара» түр-түс атауларының мағыналық даму шеңбері..........................................................................................
І.2. «Ақ және «қара» түр-түс атауларының тұлғалық дамуы...........................................................................................
І.3. «Ақ» және «қара» түр-түс атауларының қолданыс аясы және қарама-қарсы жүйеде қолданылуы.......................................................
1.4. М.Мақатаев өлеңдеріндегі «қара» түсінің қолданысы.............
II.ТАРАУ. ТҮР- ТҮСКЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАСЫ...............................
ІІІ.ТАРАУ. ТҮР-ТҮСТЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БЕЙРЕСМИ ЕСІМДЕРДІҢ ЭТНИКАСЫНА ҚАТЫСЫ........................................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................
КІРІСПЕ
Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.
Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Негізінен қандай да бір ұлттың тіліндегі түр-түс атаулары сол ұлттың тіл байлығы ретінде қарастырылады. Себебі, басқа тілдер сияқты, қазақ тілінде түстердің барлығы тек өзінің негізгі мағынасында ғана қолданылмай, қосалқы бір жасырын мағынасында да жұмсалуы мүмкін. Бұлар қандай да бір халықтың материалдық-рухани мәдениеті, әдет-ғұрпы, тарихы, наным-сенімдері жайлы ақпарат бере алады. «Қара» түс, керісінше. қара қоңыр, қара қошқыл, қара торы, шойын қара т.б. осы сияқты қараңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді. Басқаша айтқанда, «ақ» және «қара» түстері бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.Табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің сан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояу-нақышын келтіріп бейнелейтін әр қилы түр мен түсті, олардың сан түрлі реңктерін білдіретін атаулар мен тұрақты және жай тіркестер табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі болып саналады.Қазақ тілінің сөздік байлығында ерекше топ ретінде орын алатын түр-түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағына –мәндері мен комбинаторлық тұлғалары, қолданыс аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде мыңдап саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қырлы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының «түр-түс әлемі» деп аталатын айрықша бір тобына жататын мағынасы бай, қолданыс аясы кең, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.Түр-түс әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған жай және тұрақты (фразеологизм, салыстырмалы тіркес, жұмбақ, мақал–мәтел) тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарастырып шығу әрине, мүмкін емес. Сондықтан да біз «түр-түс әлеміне» байланысты зерттеу нысанымызды тек «ақ» және «қара» түстерге ғана бөліп алып, осы екеуін бағыштап, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең, әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.Тақырыпты осылай анықтап, зерттеу мақсатымызды нақты осы мәселеге арнауымыздың себебі мыналар: біріншіден «ақ» және «қара» түстері жалпы түр-түс жүйесіндегі, жалпы таным жүйесіндегі (ұлттық ұғым-түсінік бойынша) ең негізгілері, олар қүрылымы тұрғысынан түр-түс гаммасын екіге бөліп тұратын қарама-қарсы (конрастивті) түстер. Екіншіден, осы екі түске қатысты табиғи-қоғамдық ортада түр-түс әлемі атауларының тілдік және тілден тыс атқарылатын қызметін, қолданысын, оларға қатысты нысандардың түрін, ерекшеліктерін түгел аңғаруға болады. Үшіншіден, зерттеу объектісіне байланысты «ақ» және «қара» атаулары бойынша мол жинақталған материал теориялық ой-пікірімізді кеңірек айтуға мүмкіндік береді.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі «түр-түс әлемі» зерттеуге қатысты , кейін толықтырылып басылған Ә.Қайдар т.б. авторлардың еңбектерінің орны ерекше. Бұл тақырыптың негізгі мәселелері де осы еңбектерде қарастырылған. Алайда, ұлттық болмыс және ұлттық таным тығыз байланысты. Бұл күрделі де кешенді құбылыстың түйінді бір – мәселесі. Осы екі атауды бөліп алып,арнайы зерттеуді қажет етеді. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі тур-түс атауларын тек тілдік тұрғындан ғана емес, этнолингвистикалық тұрғыдан да қарастыруға, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, ана тілі ұлттық болмысымызды тануға байланысты өзекті мәселеге жатады. Адамзат ғұмыр кешіп отырған барша дүниені «Адам», «Қоғам», «Табиғат» деп, белгілі шарттылықпен үлкен үш салаға бөліп қарау - ғылымда қалыптасқан жүйе. Түр-түс құбылысының атқаратын қызметін, оның мән-мағыналарын, калыптасқан атауларын осы жүйеде қарастыру өте тиімді. Мұның өзі жалпы түр-түс атауларына, соның ішінде, әсіресе «ақ» және «қара» түстеріне жүктелген қызметтің ауқымы соншама зор және алуан түрлі екенін сипаттайды. Олардың ішіндегі негізгі ұғымдар мен түсініктер рухани және материалдық мәдениетіміздің ең өзекті салаларына жатады. Сондықтан да болар, салт-сана, әдет-ғұрып, заттар мен құбылыстарды іштей жіктеп - жіліктеп, танып - білуде де, нарқын айыруда да тілшілер қауымы түр-түс әлеміне жиі жүгінеді. Бұл құбылыстың көріністерін сан-алуан өнер саласынан да байқауға болады. Халықтық ұғым - түсініктер мен өмір - тіршіліктің өзіндік қыр-сырын түсініп, құндылықтарын бағалауда да түр-түс әлемінің аңғартар мағұлұматы мол, қызметі зор.
Демек, түр-түске байланысты атауларының қалыптасуы мен мағына–мәнінің дамуын, қолданыс аясының ауқымын қарастырып, оларды жан-жақты айқыштай түсүдің тілдік теорияға қатысы бар, ғылыми сипатқа ие құбылысқа жатады..
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың жалпы мақсаты түр-түс әлеміне тән атаулар ішінен қолданыс аясы кең, мағыналық реңктері мол, денотаттық мәнінен де коннотаттық мәні басым әр түстің атауларының жеке-дара түрінде де, тіркес құрамында тұрып та атқаратын қызметіне арнайы тоқталып, қолданыс дәстүрі мен сөзжасам тәсілдерін айқындау, сол арқылы олардың лексикалық қордан алатын орны мен ұлттық тарихи – мәдени тұрғыдан этнолингвистикалық табиғатын танып - білу. Бұл мақсатты орындау үшін зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер қойылады:
- түр-түс әлеміне қатысты бас-аяғы әлі жинақталып болмаған, тіл корының қойнауларынан түгел теріліп алынбаған лексикалық қордан әр түстің атауларын, солардан туындаған тіркес түріндегі атауларын және тұрақты тіркестер құрамындағы қолданысын жүйелеп көрсету;
- түр-түс атауларының қолданыс аясы, семантикалық, тақырыптық топтарын айқындау;
- Түр-түс атауларының қолданылуы барысында негізгі лексикалық мағыналарынан өрбіген қосымша мағыналарының пайда болу себептері мен уәжділігін (мотивациясын) көрсету;
- түр-түс атауларының мағыналарына сәйкес тілімізді көптеп кездесетін және жұптаса қолданылатын контрастивті (қарама - қарсылы) тіркестердің этнолингвистикалық табиғатын зерделеу;
-Қазақ тіліндегі түр-түс атауларын 3 сала - «Адам», «Қоғам», «Табиғат» - бойынша жіктеп, осы салалардағы нақтылы құбылыстар мен заттарға қатысты қолданысына қарай оларды лексика-семантикалық және тақырыптық топтарға бөліп қарастыру;
- Түр-түстердің түбірлерінен синтетикалық, аналитикалық және семантикалық тәсілдер арқылы туындаған тұлғалардың жасалуын саралау;
- тұрақты тіркестердің (фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар т.б.) құрамындағы түр-түстер атауларының мағынасын талдап, қолданыс жиілігін ауыс мағынасынан анықтау;
- топонимдердің этнолингвистикалық атауларын және олардың қатысуымен жасалған тіркестердің басқа тілге аударылуын лингвомәдениеттанымдық негізде қарап, заңдылығын анықтау т.б.
Зерттеудің дереккөздері. Қазақ тіліндегі түр-түстердің атауларына қатысты сөздер мен саналуан (негізінен анықтауышты) тіркестер ең алдымен қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, орфографиялык, фразеологиялық, диалектологиялық сөздіктерінен, әр түрлі кәсіпке байланысты терминологиялық сөздіктерден, сондай-ақ әдеби, тарихи, этнографиялық, фольклорлық , паремиологиялық т.б. көздерден жиналып, сұрыпталып берілді.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Жұмыста негізінен сипаттама, семантикалық талдау, тарихи-салыстырмалы әдістер қолданылды. Түр-түс атауларының туынды, ауыспалы, рәміздік, кәделі мағыналарының пайда болу уәждерін айқындау мақсатында бұл атаулар ретроспективті бағытта талданып, этнолингвистикалық ізденістер жүргізілді. Сонымен қатар жүмыста салыстырмалы және статистикалық әдістер де пайдаланылады.
Зерттеудің теориялық мәні мен практикалық құндылығы. Әр түстің атаулары мен олардан туындаған сан алуан тіркестердің жасалу уәждеріне, лексика-грамматикалық, семантикалық тәсілдеріне қатысты талдаулар мен тақырыптық, лексика- семантикалық топтарға жіктелуіне байланысты зерттеулер қазақ тіл білімінің сөзжасам, әсіресе оның этимология, семасиология, ономасиология, синонимия, омонимия салаларына өз дәрежесінде теориялык- практиқалық үлес қосты деп айтуға болады.
Қазақ тіл біліміндегі түр-түс атаулары мен олардан туындаған жай және тұрақты тіркестердің ауыспалы, символикалық, метафоралық, кәделі т.б. мағыналарын ашып, айқындап, қолданыс аясын анықтау тек конгнитивті функционалды лингвистикаға немесе этнолингвистикаға ғана қатысты емес, сонымен бірге практикалық (оқыту процесі, мәтін талдау, лексикографиялық тәжірибе т.б.) қажеттілігімен де құнды.
Нақтылап айтқанда, бүгінгі таңда халықаралық қарым -қатынастардың жанданып, рухани, мәдени және экономикалық байланыстардың дами түскен кезеңінде жалпы сөз байлығымен қатар түр-түс атаулары әлемін де жан-жақты терең білудің практикалық мәні зор. Өйткені бұл құбылыс қазақ тілінің байырғы, әрі көне лексикалық қорына жатады. Олардың бәрін басқа (орыс, ағылшын, неміс т.б.) тілдеріне бірден оп-оңай аудара салуға келмейді. Ол үшін сол атау, тіркестердің негізінде жатқан, олардың уәждік мәнін айқындайтын салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім, дүниетаным сияқты ұлттық факторларды жетік білу қажет. Осыған байланысты жұмыста көркем шығармалардағы түр-түс атауларының орысшаға аударылу үлгілері де қарастырылды.
Түр-түс әлемінің құнарлы да көп мағыналы, ерекше дамыған компонент саналатын түр-түстер атаулары мен олардан туындаған тіркестердің табиғатын зерттеудің нәтижелері жоғары оқу орындарында қазақ тілі лексикологиясын, оның семасиология, этимология, терминология, фразеология т.б. салаларын оқытуға қажетті, жүйеге келтірілген, анықталған бай әрі құнды материал болып саналады. Бұл материал қазақ тілін үйретушілер мен үйренушілерге де, лексикографиялық еңбектер (қазақша-орысша, орысша-қазақша, фразеологиялық, түсіндірме сөздіктер т.б.) жазуға да қажеті бар деп білеміз.
Зерттсу жұмысының кұрылымы. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне байланысты жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және косымшадан тұрады.
Зерттеу жұмысының мазмұны. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, ғылыми жаңалығы негізделіп, мақсаты мен міндеттері, теориялық және практикалық құндылығы, негізгі теориялық-методологиялық бағыты мен зерттеу әдіс–тәсілдері, талқылауға ұсынылған тұжырымдар мен сараптау сипаты айқындалды.
І.ТАРАУ.«АҚ» ЖӘНЕ «ҚАРА» ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫ
І.1. «Ақ» және «кара» түр-түс атауларының мағыналық даму шеңбері
«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының мағыналық және тұлғалық дамуы - деп аталатын қазақ тіліндегі жалпы түр-түстерді ішінен зерттеу нысаны етіп, ерекше бөліп алып, қарастырылған «ақ» және «қара» түр-түс атауларына қатысты ең өзекті мәселелердің бірі - өте кең шеңберде қолданылатын сан түрлі мағыналары мен әр алуан түрлі тұлғаларын анықтау оның ең басты себебі бұл түр-түс атауларының күрделі табиғатына, басқа түр-түс атауларымен салыстырғанда қолданыс аясының кеңдігіне, тұлғалық жағынан өзгерістерге бейімділігіне байланысты.
«Ақ» және «қара» түр-түс атауларының табиғаты күрделі дейтін себебіміз - бұл екеуі екі - ақ түсті білдірумен шектелетін құбылыс емес. Табиғатты жай көзбен және арнайы аспаптар арқылы көруге болатын түстердің жалпы саны табиғатта 2 мыңнан 30 мыңға дейін болса [2.23], бірақ Ньютонның 7 түрлі заңы бойынша олардың өзі екі - хроматты және ахроматты топқа бөлініп, солардың қосымша ахроматты тобына тек «ақ», «кара», «сұр» түстері ғана жатса, мұны қалай түсіндіруге болады? Біздің пайымдауымыз бойынша, түр-түс кұбылыстарының сапасы мен саны, сыны мен сипаты, оларға сәйкес атаулары барлық тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны 70 - тен асып жығылады. Олардың 30-ы негізгілері де, 40-тан астамы туынды түрлеріне жатады. Осылардың ішінде тұлғалық өзгерістерге ұшырауы жағынан да, мағынасының күрделілігі жағынан да «ақ» және «кара» түр-түс атаулары ерекше көзге түседі. Тек «ақ» атауының өзі ғана 15 түрлі (бағыт-бағдарды, кәдені, геосимволикалық, ауыспалы, қосыміпа т.б.) мағынаны білдірсе «қара» атауы 23 түрлі (осы тәрізді) мағына түрін білдіретінін көреміз.
«Ақ» және «қара» атауларының бұл қасиетін тек көпмағыналық ерекшелігі ғана емес, онда да кеңірек құбылыс деп қараған жөн. Демек, олардың бұл толассыз дамуы, бір жағынан, қолданыс аясының кендігі мен жиілігіне, екінші жағынан өмір-тіршіліктің сан алуан ситуациясында тура мағынасында да, болмаса, салыстырма түрінде де кең қолданылуына байланысты деген соз.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік қазақстан өңірі ландшафттық топонимикасы ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | ҚР ның несие жүйесінің дамуы және банктік несиелердің кеңеюі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Парсы тіліндегі зат есім мен сын есімнің жасалу тәсілдері
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер
» Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Іздеп көріңіз: