Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Ұялы байланыс: интерактив қарым-қатынас.
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................... 5
1. ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тілдік қатынас негіздері 7
1.2 Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеті 23
2. ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС: ИНТЕРАКТИВ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
2.1 Ұялы телефон арқылы байланыстағы сөйлеу әрекеті 31
2.2 Ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер 36
2.3 Ұялы байланыстағы смс-тер, термин сөздер мен жарнамалар 39
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................ 42
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................. 44
КІРІСПЕ
Тілдік қатынас – күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы тілге байланысты екені анық. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілдік қатынас сол тілдің қарым-қатынасқа қатысты ерекшеліктерін қамтиды.
Тілдік қатынас қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Оның қоғамда алатын орнын тілдің атқаратын қызметінен көруге болады. Қатысымдық тұлғалар тіл ғылымының салалары – лексикология, семасиология, грамматиканың зерттеу объектілерімен қатар қолданылады. Қатысымдық тұлғалар мен тілдік тұлғалардың өзіндік арақатысы, байланысы, ерекшеліктері бар.
Сонымен қатар тілдік қатынастың негізі – пікір алысу, сөйлеу, адамдардың сөйлеу процесі. Осы сөйлесу, ұғынысу тікелей тілдік бірліктердің қатысымен іске аса келіп, қатысымдық тұлғалардың қызметі нәтижесінде болады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Тақырыптың өзектілігі сөйлеу әрекеті мен тілдік қатынас барысындағы коммуникацияны және сөйлеу әрекетін әр түрлі дамыған технологиялар тұрғысынан зерттеумен тығыз байланысты. Мысалы, қазіргі ақпараттық технологиялардың дамыған таңында сөйлеу әрекетін әр түрлі тұрғыда қарастырады, олардың бірі ғаламтордағы сөйлеу әрекеті, адамдардың қарым-қатынасы. Осы тұрғыдан алғанда ұялы байланыстағы адамдардың қарым-қатынасын, олардың сөйлеу әрекетің зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Ұялы байланыстағы қарым-қатынасты, ондағы сөйлеу тілін зерттеу ақпараттық технологиялардың дамуымен байланысты.
Ұялы байланыс – ұялы желі негізінде құралған, радио байланыстардың бірі. Ұялы байланыстағы адамдардың сөйлеу әрекетін, сөйлеу этикетін зерттеу бүгенгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Зерттеу пәні: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас.
Зерттеудің нысаны: Ұялы байланыстағы қарым-қатынас, сөйлеу әрекеті.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ұялы қарым-қатынаста жиі қолданылайтын сөздерді қарастыру. Алға қойылған мақсатқа жету үшін біршене міндеттер қамтылды:
– Тілдік қатынас теориясын қарастыру;
– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттерін сипаттау;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикетін көрсету;
– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздерді сипаттау;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету.
Тілдік қатынас (лат. contactus - жанасу) ағыл. linguistic contacs – бірінің немесе көпшілігінің сөздік құрамына және құрылымына ерекше георграфиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлардың әсер етуі салдарынан екі және одан да көп тілдің өзара әрекеттесуі [1].
Тілдік қатынас – ойлау мен сөйлеудің қатысы арқылы тілдік тұлғалардың таңбалық жүйесі мен дыбысталу қасиеті нәтижесінде жүзеге асатын, қатысымдық тұлғалардың семантикалық бірлігі мен байланысу заңдылықтары арқылы берілетін, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, тек адамзатқа ғана тән күрделі тілдік қоғамдық-әлеуметтік процесс.
Зерттеуде қолданылған әдістер (тәсілдер): Зерттеу барысында әр түрлі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда сипаттау, жинақтау, салыстыру әдістері.
Диплом жұмысының дереккөздері: Диплом жұмысының дереккөздері ретінде http://www.nokia.kz/home, http://www.samsung.com/kz_ru/, http://www.activ.kz/kz/, http://www.beeline.kz сайттарын алынға мақалалар мен жарнамалар, термин сөздер мен смс-тер (сообщение), қарапайым байланыста қолданылатын сөздер алынды. Материал көздері ретінде тілдік қатынастың, сөйлеу әрекетінің теориялық мәселелеріне арналған әр түрлі ғылыми әдебиеттер, монографиялық зерттеулер, интернет желісінен алынған мақалалар алынды. Сөйлеу этикеті теориясына арналған еңбектерге ерекше назар аударылды.
Диплом жұмысының мазмұны: Жұмыстың мазмұны екі тарауды құрайды. Алғашқы тарауда тілдік қатынас, коммуникация, сөйлеу, сөйлеу әрекеті, сөйлеу этикеті ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік қатынастың теориялық негіздеріне шолу жасалады. Жұмыстың екінші тарауында қарым-қатынастың ерекше бір түрі ретінде: ұялы байланыс және ұялы байланыста жиі қолданылатын сөздер қарастырылады.
Диплом жұмысының нәтижелері: Тақырыпқа сай ғылыми-теориялық негіздемелерге сүйене отырып, зерттеу барысында төмендегідей нәтижелер алынды:
– Тілдік қатынас теориясы қарастырылды;
– Қарым-қатынастағы сөйлеу әрекеттері сипатталды;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу этикеті көрсетілді;
– Ұялы байланыста жиі қолданылаты сөздер сипатталды;
– Ұялы байланыстағы сөйлеу әрекетінің ерекшеліктерін анықталды.
1. ТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тілдік қатынас негіздері
Тілдік қатынас күрделі қоғамдық-әлеуметтік құбылыс бола келіп, көптеген ғылым салаларымен тығыз байланысты. Бұл саланың басқа ғылымдар негізінде қалыптасып, тіл біліміңде жетекші орын ала бастауы – кейінгі жылдардың жемісі. Сондықтан тілдік қатынас мәселесінің түпкі тамырларын белгілей отырып, оның ғылымдағы орнын және онымен тікелей байланысты ілімдермен арақатысын айқындаған жөн.
Кез келген тіл, сол сияқты қазақ тілі – «адам қатынасының аса маңызды құралы» бола келіп, адамзаттың бір-бірімен түсінісу, пікір алысу, сөйлесуіне жол ашып қана қоймайды. Сонымен қатар ішкі, сыртқы қоғамдық жағдайларға әсер етеді, халыққа қажетті әлеуметтік, экономикалық істерді аңғаруға мүмкіндік жасайды; бірлесіп еңбек етуге дәнекер болады; қоғамдық-саяси күштердің өз мақсаттары үшін күресуіне қызмет ететін саяси құралы болады. Сөйтіп, жалпы көпшілік қауым мен саяси топтар арасындағы көпір болып табылады.
Қоғам мен табиғаттағы ең күрделі құбылыс адамзаттың ой-санасы мен тілі болғандықтан, адамның ойлау жүйесі де, сөйлесе білу қабілеті де – ерекше қоғамдық мәні бар үрдістер.
Адамның ойы мен санасы қаншама күрделі болғанымен, тілсіз ой жүзеге аспайды. Сондықтан да тіл – қоғамдық объективті шындықты танудың, оны өмірде пайдаланудың құралы болып табылады.
Қоғамдық-әлеуметтік кезеңдердің қай-қайсысында болсын қазақ тілі қазақ халқының ана тіліне тән әлеуметтік мәнінен айырылмауға тырысады. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту, үйрету барысында, біріншіден, оның қазақ ұлтының, қазақ халқының ана тілі екенін, оның ертеден дамыған тарихы барын, әдеби тіл дәрежесіне көтерілген салаларын, жазба тілге тән т.б. басты қасиеттерін түсіндіру қажет.
Екіншіден, қазақ тілінің сол халықтың өзіндік қатынас құралы болуымен қатар, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасауға негіз болатын, ұғынысуға, пікірлесуге жол ашатын ұлтаралық қатынас құралы екеніне баса назар аудару керек.
Үшіншіден, қазақ тілінің қатысымдық сипаты оның ел аралық қатынаста қолданылатын қоғамдық мәнінен және ресми іс-қағаздарда жұмсалатын әлеуметтік қызметінен көрінеді.
Төртіншіден, қазақ тілі – қоғамдағы барлық салаларда пайдаланылатын мемлекеттік дәрежеге жеткен қарым-қатынас құралы.
Бесіншіден, ол – рухани мәдениет пен өркениет, өнер жолында қолданылатын, адамның сезімі мен көңіл-күйін т.б. жеткізетін құрал.
Сол сияқты қазақ тілінің ең басты қатысымдық қасиеті – адам мен адамның, үлкен мен кішінің, жеке тұлға мен топтың, т.б. өзара түсінісуіне, ұғынысуына жол ашу, қарым-қатынас құралы ретінде бүтіндей қоғамға қызмет ету.
Қазақша тілдік қатынас тіл ғылымының қоғамдық мәні мен тәрбиелік маңызын қатар меңгертуге тырысады.
Тілдік қатынастың педагогикалық негізі – табиғат пен қоғамдағы ерекше құбылыс адамға, оның өмірдегі орнына, тілдік қарым-қатынасына байланысты.
Көптеген әдебиеттерде белгілі бір ғылымның не процестің педагогикалық негіздеріне оқытуға қатысты білім жүйесі, оның сандық көлемі (сағаты), білімнің мазмұны мен сабақтың әдіс-тәсілдері жатқызылып жүр.
Ғылымның дамуы мен оқыту жүйесінде бұл айтылғандардың атқаратын маңызы зор. Білім жүйесі, көлемі, мазмұны, әдістер әр процестің ілгері басуына ықпал ететін нақтылы мөселелер бола келіп, істің мәнін анықтайды. Олардың тілдік қатынасты меңгеруде де алатын орны ерекше.
Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммуникация адамдардың тіл арқылы түсінуін қамтамасыз етіп қана коймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі. Олар (адамдар) бір-бірімен сөйлесумен, пікірлесумен шектелмейді, тілдесудің нәтижесінде бірінің жанын бірі ұғады, бірінің сезіміне, мінезіне еқіншісі әсер етеді. Сөйтіп, жалпы адамзаттың тәрбиелік жүйесі қалыптасады.
Тілдік қатынас тілді меңгерумен бірге адамды тәрбиелеуді қатар алып жүреді. Белгілі бір тілді ұлт өкілдеріне үйрету арқылы біз тілдік қарым-қатынасты да жолға қоямыз. Тілді меңгерумен қатар сол елдің мәдениетін, тарихын, әдебиетін, өркениетті жақтарын да үйретуге тырысамыз. Немесе тілді үйрету барысында оның тәрбиелік мәнін де естен шығармаймыз.
Тіл арқылы оқушылардың іскерлігін, сөйлеу дағдыларың, әдептерін қалыптастырамыз.
Осы тұрғыдан келгенде, тілді үйретуге бөлінген білім көлемі неғұрлым көп болса, мазмұны қаншалықты сапалы болса, әдіс-тәсілдері неғұрлым тиімді болса, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас соғұрлым жан-жақты болып, тілді үйренудің нәтижесі терең болады.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты.
Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың рөлін атқарады.
Белгілі бір тілде сөйлеу үшін адам тілдік құралдарды саналы, дұрыс пайдалана білу керек. Оны дұрыс қолданудың ережелері көзбен көру, құлақпен есту, мимен ойлау арқылы іеке асады.
Адамның ойлау жүйесіне байланысты болғандықтан, тілдік коммуникацияның психологиялық негізі күрделі болады.
Ойлау жүйесінің нәтижесінде тілдік және қатысымдық тұлғалар дұрыс қолданылып, тілдегі сөйлесім өрекеті маңызды рөл атқарады. Сондықтан тшді үйрету барысында әрбір окушының жеке қабілеті, саналығы еске алынып, жаң-дүңиесі ескеріледі, оның ойлау дағдысын бекітуге күш салынады. Тілдік қатынастың психологиялық негізі – тілді оқыту барысында оқушының сана-сезіміне әсер етіп, оның іптігі және маңызын түсіндіріп, пәнге деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру. Сонымен, тілдік қатынаетың ең басты психологиялық негізі тіл, ойлау және сөйлесім құбылыстарына келіп тіреледі.
Тілдік қатынасқа қатысты құбылыстардың ішінде тіл мен сөйлеуге соқпай өтетін мәселелер жоқтың қасы. Сондықтан бұл мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор.
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон Гумбольдт пен Орыс лингвисі И.Э. Бодуэн де Крутенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты қажеттіліктен туған процесс деп қарастырады.
Бұл жөнінде В. Гумбольдт: «необходимая все повторяющаяся деятельность, чтобы можно было познать сущность живой речи и создать верную картину живого языка» [2, 78 б.] – десе, И.Э. Бодуэн де Куртэнэ тілді: «как беспрерывно повторяющегося процесса, основывающаяся на общительном характере человека и его потребности воплощать свои мысли в ощущаемые продукты собственного организма и сообщать их существам его подобным», – деп бейнелейді [3, 77 б.].
Тіл мен сөйлеу туралы ерекше концепция – Фердинанд де Соссюрдің тұжырымы. Ол тілді қалыпты, сипаттамалы құбылыс ретінде тани келіп, оны дыбыстық материяның тұтас жүйесі түрінде қарастыру керек деп санайды.
Ғалым тілді ерекше қүрылымы бар, жүйелі, бірақ қалыпты құбылыс деп көрсете отырып, ондағы дыбыстық ерекшеліктерді, тілдік тұлғалардың дыбысталуын, сөздердің айтылуын – бәрін түгелімен сөйлесімге (речь) қатысты қарастырады.
Ф. де Соссюрдің пікірінше, тіл – дыбыстық материяның жиынтығы, форма, карым-қатынас құралы; ал сөйлеу – дыбыстың өзі, дыбысталу. Яғни тіл – барлық дыбыстық таңбалардың жиынтығы болса, сөйлесім – дыбысталудың жиынтығы.
Тіл мен сөйлеуге тілші тағы да мынадай анықтама береді: «Язык – это система знаков и правил из комбинирования: речь же – это использование нашей знаковой системы в целях общения» [4, 57 б.].
Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді.
Автордың айтуынша:
1. Тіл әлеуметтік, ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс.
2. Тіл тұрақты және ұзақ өмір сүретін процесс, ал сөйлеу тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады.
3. Тіл – адамның миымен, санасымен бірге озі қалыпта-сатын процесс, ал сөйлеу – әркімнің өзі дамытып отыратын процесс.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі
» Дипломдық жұмыс: Аударма ісі | Мұнай газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі
» Дипломдық жұмыс: Аударма ісі | Мұнай газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі
Іздеп көріңіз: