Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. Ш. ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ЛИРИКАСЫ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы омоним сөздердің қолданысы
1.2. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы антоним сөздердің қолданысы
1.3 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы синоним сөздердің қолданысы
1.4 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы фразеологизмдердің қолданысы
1.5 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы перифраздардың қолданысы
1.6 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы сөз жасау тәсілдері
II. ТАРАУ. Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҚҰРАЛДАРДЫҢ СТИЛЬДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы эпитет пен теңеудің қолданысы
2.2 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы метафора және
кейіптеудің қолданысы
2.3 Ш.Құдайбердиев лирикасындағы метонимия мен шендестірудің
қолданысы
2.4. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы қайталау тәсілінің
стильдік ерекшелігі
Қорытынды

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Ш.Құдайбердиев сияқты ХХ ғасыр басындағы әдебиетіміздің белгілі өкілдерінің бірінің шығармашылығы әдебиеттану ғылымында бірнеше ғылыми зерттеулерге өзек болды. Ал оның шығармаларын тілдік және стильдік жағынан қарастыру мәселесі кенже қалып отыр. Ақын шығармаларын тілдік тұрғыдан зерттеген көлемді зерттеу, мақалалар жоқ деп айта алмаймыз. Бұл ретте зерттеуші А..Қонарбаева өз диссертациясында [1] Шәкәрім шығармашылық өнерінің тілдік қолданыс ерекшелігін қарастырған. Бірақ Шәкәрімнің шығармашылық ауқымы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жұмыстың жазылуына сонымен бірге ақын шығармаларының тікелей әсері болды. Яғни, әдеби тіліміздің белгілі кезеңіндегі көркем әдеби стильдің ерекшеліктерін көрсете алатын, қазақ тілінің бейнелілігін танытуға тиісті Ш.Құдайбердиев шығармалары сияқты әдеби үлгілерді зерттеу нысанасынан тыс қалдырсақ, онда өткен ғасыр басындағы әдеби тіліміздің ерекшеліктері түгел болмас еді.
Шәкәрім шығармашылығын зерттеуді бұлайша саралап қарастыру ғалым Р.Сыздықованың айтуынша, «ойшыл, аудармашы әрі заманында мерзімді баспасөз беттерінде өзінің азаматтық үнін қосқан көп қырлы таланттың ұлттық әдеби тілдің нормалану процесіне тигізген ықпалы мен үлесін айқындаудан туып отыр ... Қоғам өміріндегі күрт өзгерістер соны ұғымдарды туғызды, ал ол өз кезегінде ана тілінің сөздік қорынан көрініс тапты. «Шәкәрім мұрасының» стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көркемдік тәсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге барғандығы, қаламына тән ерекшеліктердің молдығы мен әр алуандығы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы зерттеуді қажет етеді» [2,187] – деген филология ғылымының докторы Р.Сыздық.
Осы тұрғыдан келгенде, Ш.Құдайбердиев лирикасының тілін лингво-стилистикалық тұрғыдан зерттеп, өлең құрылысындағы лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен сөздердің көркемдегіш құралдар түрлерінде қолданылу сипатын айқындап беру – тіл білімінде ғылыми ізденісті қажет ететін өзекті мәселе.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Ш.Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін, кейбір аффикстердің қызметін, бейнелегіш амал-тәсілдерін анықтау және талдау жасау. Аталған мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді атқару көзделді:
- Ш.Құдайбердиевтің поэтикалық тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктеріне тілдік-стильдік тұрғыдан талдау жасау.
- Кейбір аффикстердің қызметтерін ғана емес, олардың актив-пассивтігі, стильдік немесе басқа да мотивтерге орай пайдаланғандығын қарастыру.
- Ш.Құдайбердиев өлеңдерінің поэтикалық тіліндегі, атап айтқанда, эпитет, теңеу, метафора, метонимия т.б. көркемдегіш құралдардың семантикалық және стилистикалық табиғатын ашу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ш.Құдайбердиевтің ақындық шеберлігін зерттеу барысында оның поэтикалық тілі бейнелегіш-көркемдегіш сөздерге бай екендігі және оның ұтымды қолдануда өзіне ғана тән ерекшеліктері бар екендігі ашылды. Ақын лирикалық шығармаларында тілімізде бұрыннан бар фразеологизмдердің жаңа құрылымдарын жасап, варианттылық әдісіне көп жүгінген, сөзге образдылық сипат беруге барынша көңіл бөлген. Ақын стильдік құралдарды – троп түрлерін, омонимдерді, антонимдерді, синонимдерді, тұрақты сөз тіркестерді тағы басқаларды шебер қолданған. Сол арқылы Ш.Құдайбердиевтің қазақ поэзиясына, әсіресе, сөздік құрамының баюына көп үлес қосқандығы белгілі болды. Бұл диплом жұмысында алғаш рет Шәкәрім шығармашылығындағы кейбір сөзжасамдық тұлғалардың қолданылу ерекшелігі айқындалады. Ақынның поэтикалық тілі қазақ поэзиясын жаңа белеске-көркемдік дәрежеге жеткізгені анықталады.
Зерттеудің нысаны. Ш. Құдайбердиев шығармашылығындағы қазақ әдеби тілінің лексикасын және сөз жасау тәсілдерін саралап, мағыналық реңктерін талдау, жүйелеу, көріктеуіш тәсілдерін зерттеу мәселелері жатады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
1. Ш.Құдайбердиевтің жаңадан сөз тіркесімдерін жасау арқылы бұрын кездеспейтін мағыналық реңктерді поэзияға енгізе алғандығы;
2. Тілімізде бұрыннан бар сөздерді жаңа қырынан соны бояумен, өзгеше өңмен жұмсай білетіндігі;
3. Фразеологизмдер мен перифраздарды қолдану арқылы, өзінің поэтикалық қорын молайтқандығы;
4. Көркемдегіш құралдарды сан алуан өзгерістерге түсіру арқылы жаңа тілдік қолданыстарды көбейткендігі.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

I. ТАРАУ. Ш.ҚҰДАЙБЕРДИЕВ ЛИРИКАСЫ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКА-ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы омоним сөздердің қолданысы

Шәкәрім поэзиясында омонимдердің бояуы әр түрлі мақсатта қолданылады. Ақын өз шығармасының көркемдік дәрежесін биіктету мақсатымен омоним сөздердің орнын тауып қолданған. Омонимдер белгілі контексте, әсіресе, өлең жолдарында кездесіп келіп ой ойнақылығын тудырады. Ұқсас сөздерден мағынасы мүлде ұқсамайтын мағына аңғарылады. Омоним сөздерді дұрыс қолдану образды бейнелі, әсерлі көрсету үшін тіл көркемділігінің шынайылығымен жан-жақты мағыналық топтарын анықтау үшін қажет. Кез келген көркем шығармада омонимдерді ажырату көп мағыналы сөздерден контекстік сипаты басым келеді. Қазақ тілі лексикасы бір буынды түбірден болған омонимдерге бай. Бір буынды түбірден болған мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзіліп, полисемиядан ажыраған омонимдер Шәкәрім поэзиясында көрнекті орын алған.
«Жарымның нұрына жанып,
Тәнім көмір бола қалып». [294]
«Жардың сөзін құран қыл,
Шатақ дін мен заңнан без!» [59]
Осындағы омоним сөздер- «жар». Шәкәрім шығармаларында «жар» (әйел) өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, Құдай бейнесін беретін идеалды образ, символ деңгейіне дейін трансформацияланған. [3,35]
Сондай-ақ, «жар» сөзі іс-қимылды білдіріп, етістік қызметін де атқарып тұрады. Мысалы:
«Ішін жарып, ішек жалғап, сүйек қиып,
Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін.» [138]
«Жүрегімді жарып алып,
Ағызды арамын, насын.» [145]
«Жар» сөзі тура мағынасында келіп әйел мағынасын білдіреді:
«Бейісте бар сұлу жар,
Мінсіз таза, хор қыздар.» [243]

«Жар сүймесе баласы жай білмесе,
Қанды жасы көзінен қайтып ақпас». [162]
«Өзге асықтар қызғанады,
Басқалардан өз жарын». [254]
«Жар» сөзі табиғат әсерінен (жел үрлеп, су шаюдан) пайда болған, биік қабақ тік жаға мағынасында да қолданылған. Соған қоса қиыншылық көріп, тауқыметін тартқан азабын аңғарту сияқты ұғымды білдіріп, аңғартады:
«Жарға жетсем болғаны,
Суалған көңіл толғаны.
Басыма қыдыр қонғаны,
Ақсам-дағы миллион жыл!». [249]
Шәкәрім шығармашылығында омоним сөздерді қатарластырып алуы да кездесіп қалады. Мысалы:
«Кетті еріншек өкпелеп,
Қайта келіп қонбасқа.
Өкпеге тағы тепкілеп,
Тарланды салдым болмасқа». [54]
Осындағы өлеңнің бірінші жолындағы «өкпелеп» іс-қимылды білдіріп, адамның көңіл-күйін білдірсе, үшінші жолдағы «өкпе» заттық мағынада тұрып, анатомиялық атау болып тұр.
Бір сөзде бірнеше мағына болуы мүмкін, бірақ, бұл байлықты аса сақтықпен абайлап пайдаланған дұрыс. Өйткені омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдыратып, көмескі, түсініксіз тіпті кейде екі жақты мағына беруі мүмкін ... шын өнер иелері омонимді сарабдал таңдайды. (4,19)
Өлең жолдарында қатар тұрмай, қатар алынбаған омонимдер ой мен сезімге көркем шығарманы ажарлауға қызмет ете алмайды.
Шәкәрімнің поэтикалық тілінде мұндай омонимдер көп-ақ:
«Газетке жаз, кітап жаз,
Бастыр,оқыт қазаққа». [53]
Осындағы жаз етістік омонимі, бірақ осының басқа мағына беретін түрлері бұл өлең жолдарында кездеспейді. Бірақ басқа өлең жолдарында кездеседі. Мысалы:
«Суыр неге қазады таудың сайын?
Жаз жиып қыстық азық қылар дайын». [262]
«Кейде күннің райын,
Сипаттаған түсі бар
Бір айы мен бір айын
Жазы, күзі, қысы бар». [143]
Атын өлең жолдарында өрнек тауып әдемі бояу үшін жиі қолданылатын омонимдер бар: «жас», «жүз» т.б
Жас I. Үстеу. Өмір өлшемі.
«Жас күнде бойды үйретпе ерінгенге». [169] Жас II. Зат есім. Жылағанда көзден шығатын сұйық зат. Көз жас
«Айла таппай адастым,
Қайғы артылып мойныма.
Ақылымнан шатастым,
Жас төгілді қойныма». [47]
«Сүйте-сүйте ашылып арандарын,
Алғызарсың бұл елдің қанды «жасын». [156]
Жас III. Зат есім. Адам.
«Жастарым, құмар болма көрінгенге» [59]
«Күндемей, шын міндесең» разымын,
«Қайта, жастар сөйтсін» деп тілегім бар [66]
Жас IV. Сын есім. Қарсы мағынасы-кәрі.
«Жас көңілде жарық бар,
Кәріде кемдік анық бар». [38]

Жүз. I. Зат есім, синонимі-бет, өң, келбет, дидар мағыналарында жұмсалады:
«Жүзіңді көргелі
Күн шықты қайтадан». [45]
«Көңілден суреті кетпес,
Жүзі-сиқыр, шашы –тұзақ». [212]
Жүз II. Сан есім
«Неше жүз автомобиль, арбаменен
Жіберсе де көңілі бір сенбеген». [154]
«Жүз мың ділдә алды да кедей сатты,
Шыдадым деп баланың қазасына» [152]
«Бұл күнде жүз түрленіп, мың құбылып,
Көзіңді қызықтырар тым жылпылдап». [73] Жүз III. Сын есім. Адамның мінез-құлқын білдіреді:
«Молдеке-ау, оған таңданба,
Сол кіреді бейіске.
Екі жүзді сандалма,
Сен қаласың кейісте». [342]
Жер жүзі IV. Зат есім, синонимі- дүние жүзі, әлем мағыналарында жұмсалады.
«Жер жүзіне қып-қызыл гүл бітірем,
Көзімнен қанды жасым сорғаласа» [259]


1.2. Ш.Құдайбердиев лирикасындағы антоним сөздердің қолданысы

Антонимдер Шәкәрім поэзиясының стильдік қызметінде жиі көрінеді. Ақын өз шығармасының көркемдік қуатын арттыру үшін қарама-қарсы сөздерді өте ұтымды пайдаланған.
Жеке суреткердің антоним сөздерді қолдануы шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі. Демек суреткер өзі суреттеп отырған құбылыстың, оқиғаның екі жақты мәнін ашып қарастыруды мақсат етеді. Дүниенің басталуы мен аяқталуы бар сияқты заттар мен құбылыстардың қарама-қарсы мәні бар. Сөз жоқ, Шәкәрім поэзиясында барлық суреткерге тән антонимдер түгел қамтылған, «дос-жау», «күн-түн», «жер-көк», «өмір-өлім», «жақсы-жаман». Мұндай антонимдер Абай шығармаларында жиі ұшырасады.
«Ішім өлген сыртым сау,
Көрінгенге деймін-ау,
Бүгінгі дос ертең жау,
Мен не қылдым япырау» [5,64]
Осындағы дос, жау адамдардың арасындағы әлеуметтік топтардың атауларына тән мағынада алып суреттелген.
Шәкәрім өлеңдерінде – «дос», «қас» қарама-қарсы ыңғайда жиі алынып, антоним сөздерді алудағы өзіне тән стильдік өрнектердің ерекшелігінің арнасын анықтайды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Ш. Құдайбердиев лирикасы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]