Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1. 12 Жылдық білім беру жүйесіне көшудің әлеуметтік –
педагогикалық алғышарттары
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің жалпы сипаты........
1.2 Жалпы орта білім берудің әлемдік даму тенденциясы..........................
1.3 Қазақстан Республикасындағы жалпы орта берудің кезеңдері............
1.4 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беруге көшу
саясаты............................................................................................................
2. 12 жылдық білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық –
психологиялық алғышарттары
2.1 12 жылдық білім беруге мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық –
психолгиялық ерекшеліктері.....................................................................
2.2 12 жылдық мектептегі құзіреттілік тұрғы..............................................
2.3 12 жылдық мектептің құрылымы.............................................................
2.4 12 жылдық мектептегі бейіндік оқыту мен бағалау жүйесі..............
Эксперименттік бағдарламалар...................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі туындады.
Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет.
ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау керек .
Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер : Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова , С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина , Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертті.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру , білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды .
Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы , Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе туралы зерттеулері , еңбектері .
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге
бейімдеу
- Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
- Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.
1.12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ .
1.1 Қазақстан Республикасындағы орта білім берудің
жалпы сипаты .
Білім саласындағы жоғарғы сапалы реформалар мемлекет пен қоғамның экономикасының тұрақты дамуының кепілі болып табылады.Қазақстан Республикасының білім жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі мақсаты – Жаһандану заманындағы нарықтық экономика уақытында азаматтарға сапалы да заманға сай білім берумен қамтамасыз ету.Білім саласын реформалау жаңа құқықтық, ғылыми - әдістемелік , қаржылық жағдайларды құрумен қатар , кадрлық мәселені де дұрыс , толыққанды шешуді қажет етеді.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Б.А.Қ өкілдерімен бір кездесуінде , олардың сұрақтарына жауап бере отырып , былай деген еді: « Қазіргі экономиканың қарқынды даму кезеңінде әлеуметтік сфера мәселелерімен тұрақты айналысатын уақыт болды.....Мұнда өз шешімін күтіп тұрған көптеген мәселелер бар , орта және жоғарғы білім берудегі заманауи реформаларды аяқтау керек. »[ 1 ]
Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес 12 жылдық білім беруге сәйкес 2008 жылдың қыркүйек айынан басталмақшы. Осы күнде 12 жылдық білім берудің Мемлекеттік жалпыға бірдей орта білім беру стандарты дайындалып , соған сәйкес пәндік бағдарламалар дайындалуда .Осыған орай 12 жылдық білім беру мәселесін жүзеге асыруға жалпы білім саласы қызметкерлерін бейімдеу мәселесі өзекті болып табылады.
Білім беру жүйесін реформалау барлық елдерде жүргізіліп отырады.
Шетелдерде жүргізілген білім бе ру саласындағы реформалар қоғамның тікелей қажеттіліктеріне байланысты . Өзіндегі жағдайға байланысты әр мемлекет реформа жүргізуде өзіндік мақсаты мен міндеттерін айқындап алады.
Адамзат дамудың постиндустриалдық , ақпараттық қоғам дәуіріне өтіп , гуманитарлық , экономикалық және экологиялық қарама - қайшылықтардың шйеленісуі , қоғамдық және экономикалық даму кеңістігіндегі жаһандану құбылысының өрістеуі сияқты проблемалармен кездесіп отырған қазіргі күрделі кезеңдерде әрбір мемлекет адам капиталын молайту , оның мәдени - интеллектуалдық деңгейін көтеру , саяси ұлтаралық , конфессиярлық әлеуметтік және гендерлік теңсіздіктер мен жанжалдардың алдын алу , қылмыс пен террорлық әрекеррерді азайту , қоршаған табиғи ортаны сақтау , салауатты өмір салтын қалыптастыру сияқты мәселелерді шешудің , бірден – бір пәрменді және кешенді жолы есебінде білім жүйесін жетілдіріп , оны тұрақты даму деңгейіне көтеруге ерекше мән берілуде.
2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005 – 2014 жылдары " Білімді тұрақты дамыту декадасы " болып жарияланды. Бұл декада адамзат алдындағы ғаламдық проблемаларды барлық елдердің білім жүйесін бір кеңістікте өзара үйлестіріп , қарқынды және тиімді дамыту арқылы шешу , әлемдік білімнің философиясы мен әдіснамасында іргелі жаңғырулар енгізіліп , білім жүйесінің алдында адамдардың болашаққа бағдарланған ноосфералық ой - өрісін , гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру , әрбір тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық және жан – жақты жүзеге асыру , ғаламдық проблемаларды әлемдік бір кеңістікте қарастыра отырып рухани – интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді шешу мақсаттарын қойып отыр.
Білімді тұрақты дамыту тұжырымдамасы осыған дейін ЮНЕСКО аясында 1990 жылы Джомтьенде (Тайланд)өткен Білім жөніндегі Әлемдік форумда және 2000 жылы Дакарда қабылданған , білім саласында алты түрлі басты мақсатта белгіленген “ Баршаға білім беру ” бағдарламаларымен , 2003 жылы БҰҰ қабылданған “Сауатсыздықпен күрестің он жылдығы ” бағдарламасымен астасып жатыр және соларды бір жүйеге біріктіретін басты бағдарлама.[2]
XX ғасырдың соңы XXI ғасырдың алғашқы жылдары осындай халықаралық бағдарламалар аясында білім жүйесін жетілдіру реформаларын жузеге асырған кейбір елдердің тәжірибелерінен үйренуіміз керек.
Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы осындай әлемдік жоғары талаптар деңгейіндегі ұлттық білім жүйесін қалыптастыратын , адами ресурстарын , интеллектуалдық капиталын молайту , сол арқылы Қазақстан қоғамының тұрақты даму деңгейіне көтерілу міндеттерін шешетін іргелі бағдарлама есебінде бағаланып отыр .
Мемлекеттік бағдарламаның басты бетбұрыстарының бірі - 12 жылдық орта мектеп жүйесін құру. Қазақстандық 12 жылдық орта мектептің мақсаты оқу мерзімін ұзарта отырып , ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар аясында , оқушылардың білімділігін , біліктілігін , өзгермелі , бәсекелестік ортада табысты қызмет жасау қабілеттілігін , өзін - өзі дамытуға және жүзеге асыруға бейімділігін қалыптастыру , білім мазмұнын ізгілендіру , білім беру мен басқару тәсілдерін жетілдіру , білім сапасын бағалаудың халықаралық стандарттары мен нормаларына көшу , әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп ықпалдастыру болып белгіленген .Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып , экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткiздi.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң , елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң , адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi . Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге , одан ұтқырлықты , жаңа тарихи кезеңнiң болмысына бара бар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.[3]
Жедел өзгерiп тұратын әлем және ақпарат легiнiң ұлғаюы жағдайында iргелi пәндiк бiлiм мiндеттi , бiрақ ол бiлiм берудiң жеткiлiктi нысанасы болып табылмайды . Оқитындар қазақстандық бiлiм беру жүйесi бағыт алған бiлiмнiң , дағды – бiлiктiң жиынтығын (бiлiм үстемдiгi) меңгерiп қана қоймауға тиiс . Оқитындардың өзiн барынша көрсете бiлу және қоғам өмiрiне пайдалы түрде қатысу үшiн (құзыреттiлiк) ақпаратты өз бетiнше табу , талдау , құрылымдау және тиiмдi пайдалану дағдысын бойына сiңiру әлдеқайда маңызды да күрделi. Қазақстандық бiлiм беру жүйесi оның әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiнде лайықты орын алуына мүмкiндiк бермейтiн ескiрген әдiснамалық базасы , құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда . Бiлiм беру мазмұны фактологиялық күйiнде қалып отыр және оқитындарды қоғам өмiрiне құзыретті , жауапты әрi шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған . Өңiрлiк деңгейде бiлiм берудi басқарудың бiрiздендiрiлген жүйесiнiң болмауы , бiлiм беру бөлiмдерiнде мамандардың штат санының жетiспеушілiгi бiлiм берудi басқарудың тиiмдiлігіне керi әсер етеді. Жалпы бiлiм беретiн мектептегi реформалардың шетелдiк тәжiрибесi оқытудың мерзiмiн 12-13 жылға дейiн ұзартуды, жоғары сатыдағы оқушылардың оқудағы жетiстiктерi мен кәсiби оқытуды сыртқы бағалау жүйесiн енгiзудi көздейдi.
Қазақстанның жалпы орта бiлiмi жалпы бiлiм беретiн мектептер санының көбеюiмен әрi демографиялық және көшi-қон процестерiне орай жекелеген өңiрлерде шағын жинақталған мектептердiң өсуiне ықпал еткен оқушылар контингентiнiң азаюымен сипатталады.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектеп оқушыларына Экономика негіздері пәнінен сабақ беру
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие беру
» Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кәсіби білім беру жүйесіндегі Түлкібас агробизнес және туризм колледжінің қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялары
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектеп оқушыларына Экономика негіздері пәнінен сабақ беру
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық білім беру жүйесінде мектеп оқушыларына құқықтық білім мен тәрбие беру
Іздеп көріңіз: