Дипломдық жұмыс: Психология | Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы
Мазмұны
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Темперамент және тұлға туралы жалпы ұғым .............................................8
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері және темпераменттің физиологиялық негіздері.........................................................24
1.3.Бастауыш сынып оқыушыларының тұлға ретінде қалыптасундағы темпераменттің рөлі .............................................................................................40
Бірінші бөлімінің қорытындысы .....................................................................53
ІІ ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ-ТӘЖІРБИЕЛІК БӨЛІМІНІҢ МАҒЫНАСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген психологиялық диагностика .................................................................................................................................55
2.2 Тұлғалық қалыптасудағы темпераменнтің рөлін анықтайтын эксперименттік жұмыстың мазмұны...................................................................60
2.3. Зерттеудің нәтижесін талдау........................................................................66
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................74
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................78
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................80
КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.
Конституциялық теория темпераменттің биологиялық негізі ретінде дене құрылымын, дене мүшелерінің пішінін және өлшемдерін қарастыра отырып, әр адам өз дене құрылымына қарай өзіндік психикалық ерекшелікке ие деп санаған. Бұл теорияның авторлары темперамент түрлерін адам организімінің конституциялық айырмашылықтарымен байланыстырған. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінен кеңінен тараған Э.Кречмердің «Дене құрылымы және мінез» атты еңбегімен берілген конституциялық типология болды. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Осы ғасырдың 40-шы жылдарында АҚШ-та бұл теорияны одан әрі У.Шелдонжалғастырды. Шелдон да темперамент типтерін дене құрылымына қарай ажыратты, бірақ оның қосқан жаңалығы эмбриологиядан алынған терминологиясы болды.
Нейрофизиологиялық теория адамның бойындағы психикалық процестер жүйке жүйесінің қызыметімен байланысты екендігін көрсетті.Бұл теорияның негізін қалаған және эксперименталды түрде дәлелдеген И.П.Павлов пен оның шәкірттері: Б.М.Теплов, П.С.Купаловтар болды.
Сонымен, темперамент – ғасырлар бойы ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адам бойында болатын дара өзгешеліктер. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі,қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары баршылық. Себебі, әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтықсыз дәлелденгеніне қарамастан, қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы әлі ғылыми шешімін таппаған. Бірақ темперамент проблемасына байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай, оның жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы екендігін ғалымдар мойындап отыр .Сондықтан, тұлғаның дамуы әрқашан даралаған және қайталанбас процесс болғандықтан жоғарыдағы деректерге сүйене отырып бізде өз диплом тақырыбымызды: «Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы » деп таңдадық.
Зерттеу объектісі: Бастауыш мектеп оқушыларының темперамент ерекшеліктері.
Зерттеу пәні: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуындағы темпераменттің ықпалы.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуындағы темпераменттің ролін анықтау.
Зерттеу болжамы: Бастауыш мектеп оқушыларының тұлға ретінде қалылтасуына темпераменттің ықпалы бар болуы мүмкін.
Зерттеу міндеттері:
1) тұлға мен темпераменттің теориялық және методологиялық негіздерін талдау;
2) темпераменттің физиологиялық негіздерін қарастыра отырып, бастауыш мектеп оқушыларының таным процестеріндегі психологиялық ерекшеліктерін анықтау;
3) бастауыш мектеп оқушыларының таным процестеріндегі психологиялық ерекшеліктерімен санаса отырып, оқушының тұлға ретінде қалыптасуындағы темпераменттің әсерін көрсету.
Теориялық және методологиялық негіздері: Бастауыш мектеп оқушыларын зерттеудегі қазіргі жаңа психология ғылымындағы базалық теориялар мен концепциялар негізге алынды.Гуморалды теория (Гиппократ, Гален, И.Кант), конституционалды немесе морфологиялық теория (П.Ф.Лесгафт, Э.Кречмер, У.Шелдон), нейрофизиологиялық теория (И.П.Павлов, Б.М.Теплов, В.Д.Небылицин). Гуманистік бағыт өкілдері: Т.Кампанелла, Д.Локк, Д.Дидро, Ш.Фурье, Р.Оуен және Сен-Симон. Тұлға мәселесін тереңінен қарастырған: Н.В.Савин, Б.Г.Белинский, Ж.Қоянбаев, З.Фрейд, К.Юнг, Э.Эриксон, А.Бандура, А.Маслоу, т.б.
Зерттеу әдісі:
- психолого-педагогикалық бақылау;
- әңгіме (оқушылармен және мектеп мұғалімдерімен);
- тест «Ойша санай білу», «Кубик Рубика» және «Матрица Равена»
- тест «Темперамент формуласы»
Зерттеудің ұйымдастырылуы және кезеңдері: зерттеу процесі екі кезеңнен құралып, 2011-2012ж.ж. аралығында өтті .
І-ші кезең – зерттеу тақырыбын анықтау,бұл проблемамен айналысқан психологиялық теориялық арқылы оның зерттелінген деңгейін білу, зерттеудің ғылыми аппаратын анықтау, зерттеудің жоспарын және мазмұнын құрy (2011-2012ж.ж.).
ІІ-ші кезең-осы проблемаға байланысты әдебиеттерді қарастырып талдау,мектеп психолгі және бастауыш сынып оқушыларымен әңгімелесу, тәжірибе барысында алынған мәліметтерді жалпылау, жүйелендіру және нәтижесін қорытылындау(2012-2013ж.ж.).
Тәжірибелік мәні: Экспериментальды зерттеулер нәтижесі келешекте мектеп психологының жұмысына ата-аналармен, мұғалімдермен және мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге нұсқау ретінде көмек береді.
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Темперамент және тұлға туралы жалпы ұғым.
Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ (б.э.д. Vғ.). Оның тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» - қан, шырыш, өт, запыран - өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален (б.э.д. І Іғ) алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырды. Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius - қан), флегматик (phlegma – шырыш), холерик (chole - өт), меланхолик (melaschole – запыран).Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүз жылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.
Сонау көне заманнан бері адамзат өзінің іс қимылын, мінез-құлқын, ұстамды-ұстамсыздығын, олардың себептерін білгісі келген. Неге адамның мінез-құлқы, өмірге бейімделгіштігі әр түрлі? – деген сұрақтарға адам баласы талай ғасырлар бойы жауап іздеген. Ең алғаш осы мәселелерге жауап берген гректің ғұлама ғалымы Гиппократ екені мәлім. Ол барлық адамдарды төрт темпераментке, яғни мінез-құлық топтарына бөлген. Холерик-албырт. Мінезі өте шапшаң, қызба, белсенді, қайратты көңілді адамдар жатады. Олар өте іскер, жылдам қимылдап, шаруаның бұлқан-талқанын шығарып істеп тастайды. Сангвиник-ширақ. Пысық, ұстамды, іскер, жайдарлы, көпшіл, көңілшек адамдар тобы. Олар мақсатына жетуге жігерленіп, қайраттанып, аянбай еңбек етеді. Флегматик-салмақты. Байсалды, сабырлы, аздап енжарлы, самарқау, іс-әрекеті баяу жандар тобы. Істеген жұмыстары көпке созылады, бірақ нәтижелі болады. Мақсатына жету үшін табандылық, төзімділік көрсете алады, бірақ жайбарақаттылық байқатады. Меланхолик-ынжық. Бұған жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дәрменсіз, мұңшыл, жасқаншақ, жуас, сескеншек адамдар жатады. Өмір өзгерістеріне өте баяу, қиналып бейімделеді. Сезімталдығы өте төмен, тұйық мінезді көңілсіз жандар. Осы аталған мінездемелерді бірінен бірін ажыратып қалай анықтауға болады? – деген сұраққа Гиппократ өзінің шәкірттерімен бірге жауап бермекші болған. Олардың пікірінше, ағзаның бойындағы қан, өт, шырыш сияқты жылжымалы сұйық заттардың азды көпті болуынан мінез қалыптасады. Егер бауырдан шығатын өт көп болса, холерик, қаны толық адамдар – сангвиник, шырыш көбірек болса – флегматик, ал өт қапшығынан шығатын қара өт көп болса – меланхолик болады деп тұжырымдаған. Гиппократтықтар ғылымының сол дәуірдегі деңгейімен мінездемеге түсініктер берген. Ал қазіргі психофизиологиялық деректерге олардың айтқандары сәйкес келмейді, өйткені мінез-құлық жоғары жүйке әрекетінің сипаттамасының бірі, жүйкенің қызыметімен қалыптасатын ағзаның қызметі. Бірақ Гиппократтың темперамент туралы ілімдегі мінез топтары осы уақытқа дейін маңызын жойған жоқ .[2.с,31-32].
Қазақтың әйгілі жазушысы Ж.Аймауытов Гиппократтың іліміне көп көңіл аударған. «Психология және өнер тану», «Психология» деген өзінің ғылыми еңбектерінде мінез туралы өте жақсы пікірлер айтқан. Ол күйгелек, «ыстық қанды», «салқын қанды», қызбалы аяныш жанды, құмартпалы, ұйытқымалы, сары уайымшыл деген сипаттамаларын берген.[8].
Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтіруге атсалысқан. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организімдегі химиялық заттардың құрамына байланысты екендігін түсіндіруге тырысты.Кейінен темперамент организмнің түрліше физологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға,ішкі секреция бездеріне т.б.байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И.Кант(1724-1804)өзінің «Антропология»деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді.Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс ала бастады. Мәселен,неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе,орыс антропологы ЗеландН.Л.(1833-1902)ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1987-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады [1,б. 226-234] ,[4,5] .
К. Юнг, Г. Аизенг барлық адамдарды экстраверт, интраверт және невротиктерге бөлуге болады деген. Экстраверттерге әр алуан сыртқы әсерлерге еліктегіш кісілер жатады. Интроверттерге, керісінше тұйық мінезділер, невротиктерге жабығу күйі басым адамдар топтасады. Егер де біз Юнгтің ұстамына жүгінетін болсақ, «әрбір индивидтің экстроверсия және интроверсия миханизмдеріне ие екендігін және бір механизмнің басқаларға қарағанда салыстырмалы күші ғана тип жөнінде сөз етуге беретінін көреміз... Осындай психикалық функциялардың жиілікпен алмастырылып отыруы қалыпты тіршілік әрекетін сипаттайды. Сырытқы жағыдайлар және ішкі бағдарлар көбінесе бір механизммге жәрдемдессе- басқасын қиындатады немесе тежейді. Мұның, әрине, бір механизімнің басқасының алдындағы үстемдігіне әкелетіні анық. Егер мұндай үстемдік қандай да бір себептермен тұрақты болатын болса, онда біз тип жайлы үйреншікті үстем механизм ретінде айта аламыз... «Тип» ұғымы ешқашан механизімді басқасы толық жоққа шығаратын мағынада тіршілік ете алмайтынын оңай түсінуге болады»....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сыныптарын эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
» Дипломдық жұмыс: Психология | Мектеп оқушыларының мазасыздануының психологиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 110 м кедергімен жүгіретін жүйріктерге шыдамдылықтың роли мен мағынасы
» Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сыныптарын эстетикалық тәрбиені қалыптастыру жолдары
Іздеп көріңіз: