Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ ................................................................................................................ 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ............................................. 5
1.1 Баланың гендерлік әлеуметтенуі жөнінде теориялық тұжырымдар ......... 5
1.2 Дамудың әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық дамудың гендерлік сипаттамасы ...................................................................13
1.3 Ер балалар мен қыздар тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық
ерекшеліктері ........................................................................................................ 15
1.4 Гендерлік білім беру және қазіргі заманғы ақиқат ...................................... 28
1.5 Баланың гендерлік дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау ......... 31
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ................................................... 39
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері, зерттеу жүргізілген орын мен зерттелушілер сипаттамасы .............................................. 39
2.2 Зерттеуде қолданылған әдістемелердің сипаттамасы .................................. 40
2.3 Зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талдауы ............................... 45
ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................................... 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................................... 57
КОСЫМША А ................................................................................................... 59
КОСЫМША Б ................................................................................................... 62
КОСЫМША В .................................................................................................... 64
КОСЫМША Г .................................................................................................... 67

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер тұлғалардың гендерлік сипаттамаларын өзгертуде. Бұрын әдетті болған дәстүрлі еркектік қасиеттер мен әйелдік қасиеттердің өзгеріп, аралас типтегі андрогинді тұлғалардың қалыптасуы орын алуда. Бұл қазіргі заман талаптарына, адамның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты еркектерде феминдік қасиеттер мен әйелдерде маскулиндік қасиеттердің байқалуынан көрініс табады.
Ең алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты зерттеу мәселелерінің бірі - гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс - адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықтарды және ортаның адамдардың биологиялық және жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендер - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қытыеасты айқындайтын, олардың әлеуметтік психологиялық және мәдени нормалары мен рольдерінің жиынтығы. GENDER сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жағы, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік, яғни, еркектік басымдық, ал феминдік, яғни, әйелдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурындардың (стереотиптердің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмі, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рольдер мен мәдениеттік мөлшерді псиологиялық көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін бағдарламалар саясатты және психологиялық білім беру жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік психологтардың тәрбие жөніндегі әдебиет талдауы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелік сипаттамаларының тұрғысында гендерлік білім беруді оқушылардың, студенттердің, ересектердің білім алуы ретінде қарастыруға болиды. Оқушылардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл бала немесе қыз бала ретінде өзін-өзі сәйкестендіруі, демек, осылайша нақты әлеуметтік рольді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады. Студенттерге гендерлік білім беру мәселесі жастардың ересектік өмірге аяқ басуда кездесетін гендерлік таптауырындарды түсіндіруде және сол таптауырындарды жеңудің құралдарын бірігіп іздестіруде. Ересек адамдар білім беру қорған әлемде жүріп жатқан өзгерістерге ыңғайлануға және туындап отырған қиыншылықтармен күресуге көмектесіп, адаптациялық сипатқа ие.
Көп елдерде гендерлік білім беру жүйесі гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағыттылған кемісітушулікті жою сияқты істерде үлкен нәтижеге жетті. Бұл тәсіл гендерлік принциптерін барлық білім беру жүйесі бағдарламалармен саясаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз дер кезінде оырындалып отырған көкейкесті мәселе екендігі күмән тудырмайды.
Зерттеудің мақсаты: білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
- «гендрология» ұғымының мән-мағынасын ашып көрсету;
- Қазақстан мектептерінде гендерлік тәрбиенің ену мәселесін зерттеу;
- мектептегі ер балалар мен қыздар тәрбиесін психологиялық тұрғыдан зерттеу;
- гендерлік білім берудің қазіргі жағдайын анықтау.
Зерттеу әдiстерi:
1. Р.Б. Кеттелл және Р.Д. Хаон бойынша бастауыш мектеп жасындағылардың жекедаралық ерекшелігін зерттеуге арналған тест.
2. Филлипстің мектептегі мазасыздық тесті;
3. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы.
4. Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған авторлық сауалнама.
Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы облысы Сархан ауданы Лепсі ауылы №54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы.
Зерттеудің жаңалығы:
- «Гендрология» ұғымының мән-мағынасы ашып көрсетілді;
- Қазақстан мектептеріне гендерлік тәрбиенің ену мәселесі зерттелді;
- Мектептегі ер балалар мен қыздар тәрбиесі психологиялық тұрғыдан зерттеліп, гендерлік білім берудің қазіргі жағдайы анықталды.
Бітіру жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде зерттеу тақырыбының көкейтестiлiгi, зерттелу дәрежесi, мақсаты мен мiндеттерi, нысаны мен пәнi айқындалып, әдiстерi негiзделген.

1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

1.1 Баланың гендерлік әлеуметтенуі жөнінде теориялық тұжырымдар

Гендерлік психология - жынысқа байланысты болатын адамдар арасындағы психологиялық айырмашылқытрады зерттейтін психология саласы.
Гендерлік психологияның зерттеу пәні болып жынысқа байланысы болатын психикалық айырмашылықтар табылады.
Гендер психологиясы келесі теориялық және практикалық мәселелерді шешуге бағытталған:
1. Ғылыми – зарттеушілік. Олардың қойылымдары кезінде ғылым пәні әртүрлі деңгейде қарастырылыды: гендерлік дамудың жалпы заңдылықтар деңгейінде және өмірдің жекелеген кезеңдерінде олардың спецификалық көрініс беруінің деңгейінде. Бұл мәселелер объект пен зерттеу пәні аса толық және терең түсінуге бағытталған.
2. Диагностикалық. Олар адам жыныстық дамуының әртүрлі кезеңдерінде оның сипаттарының индивидуалды және тұлғалы ересектік дәрежесін бағалауға және білуге, әртүрлі жастағы адамдардың психикалық дамуындағы әртүрлі ауытқуларды бағалауға, психикалық дамудың потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Коррекциялық. Психикалық дамудағы жыныс саласындағы дефекттерді түзетуге және әртүрлі ауытқуларды тудыратын себептерді алып тастауға бағытталған. Гендер психологиясы пәнінің күрделілігіне байланысты психологиялық ғылым тармақтарында әдістемелік тұрғыдан аса бір байы, нәрлісі.
Жыныс - бұл адамның әрқашан есінде жүретін атрибуты. Біз алдымызға тұрған адамның қандай киімде болғанын, шашының, көзінің түсі қандай екенін, онымен айтылған сөздердің мазмұны қандай болғанын есімізде сақтамауымыз мүмкін. Бірақ біз оның ер адам немесе әйел заты екенін еш ұмытпаймыз. Жеке мінез-құлық жайлы ойлансақ, гендердің ең маңызды екеніне тағы да көзіміз жетеді. Есіңізде ме өзіңізді қай жастан бастап ұл немесе қыз бала екеніңізді сезіне бастағаныңыз.
Гендерлік әлеуметтену – ер адам мен әйел адам түсініктеріне байланысты болатын адамның белгілі жүріс-тұрысқа, әрекетке үйренуі, құндылықтарды, міндеттерді игеруі. Гендерлік әлеуметтену ер адам мен әйел адам орны және рөлі туралы мәдени ұғымдарға сәйкес нормаларды, жүріс-тұрыс ережелері мен бағдарларды игеру процесі болып табылады.
Бұл процесс келесі психологиялық механизмдер арқылы жүзеге асады:
1. біртектілену арқылы;
2. әлеуметтік сүйемелдеу;
3. жыныстық родьді түсіну және қабылдау;
4. ата-ананың гендерлік схемасы арқылы.
Гендерлік біртектілену – адамның өзін-өзі белгілі бір жынысқа жатқызуы, өз жынысына лайықты болуы.
Гендерлік роль – гендер ұғымына байланысты әлеуметтік күтулер, жынысқа байланысты адам әрекетінің, статустарының, құқықтар мен міндеттерінің бөлінуі. Гендерлік роль жүріс-тұрыста, адамның құндылықтарында, мінез-құлқысында көрінеді.
Психологтар гендерлік теңестіру үрдісі бала туылған сәттен басталғанын айқындады. Енді осы жайлы қарастырайық .
Жекедаралану теориясының негізгі мәні - тұлғаның өз айналасындағы мәдениет үлгілерін, оның нормасы мен құндылықтарын және де әлеуметтену үрдісінің көрсеткіштері мен таптаурындарын игеруінде болып табылады. Әлеуметтену үрдісі адам өмірінің басынан аяғына дейін жалғасады. Игерудің бастапқы сатысы - баяу және санадан тыс жүреді, ал кейінірек ол саты саналы және шығармашылық деңгейінде қалыптасады. Гендерлік әлеуметтенудің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен, мәдениеттің ерекшелігімен және де жеке тұлғаның өмір сүру салтымен анықталады. Психологтардың айтуынша гендерлік ұқсастылық жас буындарда 5-6 жас аралығында қалыптасады.
Әлеуметтену үрдісі өмір жолының әр кезеңінде әр түрлі өтеді. Мысалы: балалықшақ кезеңінде (әлеуметтенудің алғашқы сатысы) әлеуметтену жанұясы, құрбы-құрдастары, араласатын ортасы яғни мектеп қабырғасындағы достары себебін тигізеді. Ал әлеуметтенудің екінші сатысында баланың араласу ортасы кеңейіп яғни жеке тұлға ЖОО-нына түседіде, қанша қауымдастықтармен қарым- қатынас жүргізеді, міне осындай ақпараттандыру құралдары жеке тұлғаның өзін теңестіруінде басты роль атқарады.
Адамның гендерлік қалыптасуын түсіну үшін ресоциализация ұғымын қарастырайық. Ресоциализация ұғымы Э. Гидденстің анықтамасы бойынша идентификация үрдісі барысындақалыптасып игерілген нормалар мен іс- әрекет үлгілерінің бұзылуы, яғни осы бұзылған нормалардың орнын толтыру ресоциализация процесі болып табылады. Бұл процесс көбінесе баланыңараласу ортасы өзгергенде жүреді.
Сонымен, әлеуметтену мен реәлеуметтену үрдісі қоғамның гендерлі мәдениетінің дамуымен қайта өндірілу негізінде жүзеге асырылады.
Баланың гендерлік әлеуметтенуінің кейбір фактілерімен механизмдерін қарастырайық.
Балалар жыныстық, рөлдік мінез-құлыққа қалай үйренеді? Осы сұраққа жауап беру үшін психологтар әлеуметтенудің негізгі механизімін анықтады.
Ол-саналы немесе санадан тыс игерілу әдістері мен әлеуметтік тәжірибенің қайта өңделу механизмі.
Бала мінез-құлқының жанұяда бір адамға ұқсауы бұл еліктеушіліктің нәтижесі. Яғни бала ата-анасының біреуіне көп еліктесе мінезі еліктеген жанға ұқсайтын болады. Берілген механизмнің дәлелін мектепке дейінгі балалардың ойындарынан көруге болады. Мысалы: кішігірім жанұя ойынын ойнағанда бала ойында қызының шешесінің, тәтесінің рөлін ойнауы мүмкін. Осындай әрекеттердің нәтижесінде баланың жанұяда не көгенін білуге болады. Бұл еліктеушілік механизімі.
Сонымен қатар, психологтар баланың жанұя мүшелері бейнеленген суреттеріне фигуралардың, түстердің қолданысына, өзін және өз ата-анасының қалай салынғанына қарап жас буының мінез-құлқын анықтайды.
Бала мінез-құлқының бұзылуы ата-ана бұрыс тәрбиесінен болуы мүмкін. Мысалы: ата-анасы нәрестенің ұл болуын күтеді, ал туылған қыз бала болса, олардың бнрген тәрбиесі өздері күткендей ұл балаға тән болады, осылайша қыз мінез-құлқы өзгеше қалыптасады, немесе мұндай мәселе тағы да мынадай жағдайда кездесуі мүмкін. Мәселен: бала тәрбиесімен бір ғана әкесі не тек анасы айналысқанда, анығырақ айтқанда қыз тәрбиесімен әкесі, ұл тәрбиесімен анасы айналысса жоғарыда айтылған мәселенің тағы бір келеңсіз жағдайы қайталанбақ.
Сонымен қатар, өсіп келе жатқан балаға айналасының ықпалы іс- әрекеттің бағалануы деп аталатын әлеуметтік механизм болып табылады.
Бала айналасындағы адамдардың қарым-қатынасына қарай оң немесе теріс тәрбие қабылдайды. Егер де баланың іс-әрекетін үнемі құптап, мақтап, әсіресе оның тәрбиесінің оң болғаны, ал керісінше қорқытулар арқылы айтқанын орындатып, жазалау қолданып жұмсаса ол бала тәрбиесінің теріс қалыптасуына әсерін тигізеді.
Әлеуметтік-психологиялық әдебиетте, әлеуметтену механизімі ретінде мынадай құбылыстар қарастырылған: конформизм, иландыру, топтық күту, рөлдік үйренулер және т.б.
Адамның гендерлік қалыптасуы әртүрлі әлеуметтік топтарда жүзеге асады. Осы топтардың ішіндегі ең маңыздысы жанұя, яғни бала тәрбиесіне көп ықпал етуші- жанұяның құрамы, типі, құрылымы, ата-ананың кәсіби рөлі және т.б.
Енді баланың психологиялық қалыптасуына ата-ана қарым- қатынасының ықпалын қарастырайық. Психологтар ата-ана қарым-қатынасының тура және жалғамассыз байланысын анықтады. Ата-ананың бала жынысына деген көзқарасы бала дүниеге келмей жатып- ақ қалыптасады. Мысалы: ата-ана алдымен баланың ұл-қыз екенін анықтайды, жас туылмаған сәбиге ат таңдайды, болашаққа жоспар құрады, мұндай ата-ана әрекеттерінің барлығы олардың дүниеге келмеген сәбиге деген қарым-қатынасының бастамасын білдірді.
Бала туылды. Баланың ұл немесе қыз қыз бала екендігі анықталды. Алайда, уақыт өте келе ұл бала өзін нағыз ер адам, ал қыз бала өзін - әйел заты ретінде санай алатынына кім кепілдік бере алады? Бұл сұраққа белгілі бір қалыптасқан жауап жоқ, дегенмен бұл мәселе биологиялық алғышарттар мен тәрбиеге байланысты. Тәрбие үрдісі жанұя, білім беру жүйесі, мәдениет мұның барлығы бала санасына сіңіп анық айтқанда гендерлік нормалар мен стереотиптерді қалыптастырады. Ата- аналары, туыс- бауырлары баланы «қандай әдемі!, Ол спортсмен» - деген еркелету сөздермен баланы қанша мадақтасада жас буын оны басқаша қабылдауы мүмкін, яғни ол өзін ондай мақтауға тұрмаймын деп есептейді.Мұндай жағдай көбінесе тәрбие барысында бала жынысына қарай еркелету сөздерін ата- ана дұрыс қолданбағанынан болуы мүмкін.
Ұл немесе қыз баланы тәрбиелеуде ата-ана неге сүйенеді? Бірінші кезекте олар өзінің ер адам мен әйел затының қандай болу керек екені жайлы жеке түсініктеріне сүйенеді. Қоғамда көбінің ойынша ер адамға, салмақтылық, ұстамдылық, биіктік, төзімділік қасиеті тән деп есептесе, ал әйел затын нәзіктік пен жұмсақтықтың символы ретінде біледі. Осы көзқарасқа дәлел ретінде ғалымдар мынадай зерттеу жұмысын жүргізді: Жас аналарға 6-айлық баланы көрсетеді. Бір тобына балаға көгілдір ползунки кигізіп ұл бала ретінде көрсетсе, ал екіншісіне - күлгін көйлек кигізіп қыз бала ретінде таныстырады. Қорытындысында ата-аналар ұлды әлді, баяу, әлсіз деп бейнелейді. Иә, бұл зерттеу жұмысынан көптің көзқарасы ұқсас және анық екені түсінікті болды.
Жанұя құрылымында ата-ананың балаға деген қарым-қатынасынан басқа, баланың баламен қарым-қатынасы да орын алады. Бұл қарым-қатынас түрі көбіне көп балалы жанұяларда кездеседі. Қазіргі заманғы психологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша нақ осы жас балалардың арасындағы қарым- қатынас бала мінезінің өзінше біріне- бірі ұқсамай өсуіне көп әсерін тигізеді. Белгілі психологтар Д. Дэниелс пен Р. Плолиен баланың жеке мінезіне сыртқы әлеуметтік және экономикалық факторлардың 5 пайызы ғана әсер етеді, ал 35 пайызы жанұядағы бір-бірімен қарым-қатынас барысының еншісіне енбек [1].
Бір жанұядағы балалар арасында туылатын психологиялық айырмашылықтар себебін психолог Ф. Саллоуэй былай түсіндіреді: «Балалар бір-біріне ұқсамайды, өйткені олар бір-бірімен жасты емес. Бала үлкен бе, кіші ме, әлді ме, әлсіз бе, саналы ма, санасыз ба - мұның бәрі өзіндік мінез-құлығымен ерекшеленуіне әсерін тигізеді» [2].
Ата-ана бірінші балаға дайындықсыз тәрбие береді, ал екіншісі дүниеге келгенде олардың берер тәрбиесі сәл де болса ұлғайған түрде болады. Яғни баланың жанұядағы реті де маңызды екені айдан анық болып тұр. Саллоуэй теориясының негізгі мәні – баланың жанұядағы өз орны үшін күресінде жатыр. Осы мақсатпен ғалым 6560 адамның биографиясынмен танысып зерттеген. Нәтижесінде жанұядағы бірінші балалар өз-өзіне сенімді, өзінің жетістікке жететініне күмән тудырмайтын, басқарғанды ұнататын жандар болып келеді. Дегенмен зерттеу қорытындысы бойынша алғашқы балалардың көбісі тәуекелге баруға қорқады екен. Ғалымның айтуынша, Нобель сыйлығының лауреаттары, саяси көшбасшылардың көбісі жанұядағы алғашқы балалар . Мысалы: Дж. Клинтон, У. Керчилль, Саддам Хусейн, Б. Ельцин.
Қанша дегенмен кіші балалар өздерін басқаруға жол бермейді. Үлкендердің диктатурасы яғни бұйрық беруі кішілердің үлкендерге қарсы тұруына, көптеген амал- тәсілдер ойлап табуына көмегін тигізеді. Сондықтан да олар кез-келген сынаққа дайын болады. Себебі олар осы қасиеттердің арқасында жанұядағы бос тұрған орынды иелене алады. Кішілерден көбіне революционерлер, реформаторлар, алғашқы ашушылар шығады (Н. Коперник, М.Ганди, М.Л. Кинг, С. Кастро, Хо Ши Мин).
Психологтар тағы бір ерекше қызықты атап көрсетеді: егер жанұя үлкені мен кішісінің жынысы бір болатын болса онда үлкеніне қарағанда кішісі пысықтау болып келеді.
Міне осылайша, баланың өз жынысы жайлы көп ақпарат алуына, өз жынысына қарай мінез-құлқын қалыптастыруында жанұя көп себебін тигізетін алғашқы және негізгі орта екенін білдік.
Сонымен қатар, болашақ ер адам мен әйел затының қалыптасуында балалық шақта ойналған ойындар мен ойыншықтардың да рөлі маңызды. Мысалы: бала «дәрігердің, емделушінің, шофёрдің, ананың, қызының» рөлін ойнағанда балалар үлкен өмірге қадам баса бастайды. Олар осы ойын арқылы болашақ өмірдегі әр адамның өз орнын және қарым-қатынасын түсіне бастайды, сондай- ақ қуыршақпен ойнау қыз балаға ананың рөлін игеруге көмегін тигізеді. Қазіргі уақытта қуыршақты «Барби» деп дәстүрлі атап жүр, кейбір психологтардың пікірінше бұл дұрыс атау екен, себебі «барби» деген атау әдеміліктің, ханшайымның символы емес пе, міне қыз бала жастайынан барбимен ойнағанының арқасында әдемілікке еліктей алады.
Ал бала кезінде мұндай ойындарға қызықтаған баланың болашақта өз қатарларымен, жалпы айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуі қиынға соғады. Баланың гендерлік қалыптасуына өз қатарларының әсерін ғалым- психологтар аз зерттеді.
Осы мәселеге зейін қойған И.С. Кон мынадай тұжырымдама жасайды: өз қатарлары, сондай-ақ қарама-қарсы жыныстағы құрбы-құрдастары баланың гендерлік әлеуметтенуінің негізгі әмбебап факторы болып табылады. Бала өз құрбы-құрдастарының ортасында өзін белгілі бір жыныстың өкілі ретінде көрсетеді және жанұядан алған үлгі- тәрбиесін сол ортада қолданады. Егерде баланың дене бітімі кішірек яғни әлсіздеу болса онда оның өз қатарларындағы ұл балалармен тіл табысуы қиынға соғады, бірақ олардың қыз балалар арсында орны ерекше болады, сондай-ақ дене бітімі толықтау қыздар қыздардан қарағанда ұл балалармен тіл табысқыш келеді.
Дәл осы құрбы-құрдастардың балаға әсері кей жағдайда баланың өзі таңдаған өмірлік жолын, өз көзқарасын өзгертуге ықпалын тигізуі әбден мүмкін.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары
» Дипломдық жұмыс: Психология | Оқушылар жеке басы мінез-құлық үйлеспеушілігінің психологиялық проблемалары
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістер

Іздеп көріңіз:
дипломдык жумыс Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]