Дипломдық жұмыс: Психология | Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ӨЗІНДІК САНА ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жасөспірімдік шақтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1.2 Қарым-қатынас арқылы өзіндік сана дамуының психологиялық мәні
1.3 Қарым-қатынас дамуында оқыту технологияларын қолданудың маңызы
2 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАМУЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ӘДІС- ТӘСІЛДЕРДІ САРАЛАУ
2.1 Қарым-қатынас дамуында интерактивті әдістердің алатын орны
2.2 Жасөспірімдерде қарым-қатынас дамуын анықтауда ұйымдастырылатын іс-шаралар
2.3 Жасөспірімдерде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының, оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының, кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана – сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі.
Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды, саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г. Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина, В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин.
Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне дүниетанымдық сұрақтарын қояды: «Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін», «Онда мен қандай орынды аламын», «Менің қандай мүмкіндігім бар», «Мен қандаймын», «Болашақта кім боламын?» және т.б.
Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді: қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, «кім боламын» сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды..
Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен: Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов, Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы орайда зерттеу тақырыбын «Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі.
Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері.
Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады, өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.
Зерттеу міндеттері:
1. Жасөспірімдердің қарым-қатынасы туралы мәселелерді теориялық тұрғыдан негіздеу.
2. Қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктерін саралау .
3. Қарым-қатынас дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу.
4. Оқыту үрдісінде пайдаланылатын түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау, бақылау, эксперименттік жұмыстар, ойын-жаттығулар, тест, зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, Р.Г.Агеева, Б.Ф.Ломов, А.Маслоу, Л.Занков, В.Мараловтың ғылыми зерттеулері алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер жасөспірімдік шақта қарым-қатынас қалыптасуындағы жеке тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық механизмдері жайлы білімдерді толықтырады. Аталмыш мәселе бойынша теориялық және әдістемелік талдау жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеуден алынған нәтижелерді оқу- тәрбие үрдісінде қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мақсатында қолдануға болады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, № 48 қазақ орта мектеб.і
Зерттеудің кезеңдері:
1.Әдебиеттерге шолу, жинақталған материалдарды іріктеу, ғылыми аппарат жасау іске асырылды.
2. Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын анықтауда эксперимент ұйымдастырылып, ақпарат алынды.
3. Зерттеу нәтижелері өңделіп талданды, қорытынды жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша тіркелген материалдардан тұрады.
1 ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ӨЗІНДІК САНА ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жасөспірімдік шақтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің басталуымен аяқталатын даму стадиясы деп аталады. Жасөспірімдік шақтың көптеген теориялары бар. Биолоигиялық теориялар жасөспірімділікті организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, мішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Сициологиялық теория оны социолизацияның белгілі бір кезеңі тәуелді болғандықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлау, некелесуге өз отбасын құруға әзірлену. Бұл жасөспірімдердің өзін анықтайтын күрделі проблемасы болып табылады. Бұл проблемаларды жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешесімен, құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы жағдайында шешеді.
Біз теориялық білімдерді толықтыру мақсатында, жасөспірімдермен үйренісіп, олардың психологиясын меңгере отырып зерттеу жұмыстарын жүргіздік [1]. Біз алдымен педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталайық. Педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке деген сүйіспеншілігінен шығады деп білеміз. Сонымен қатар бұл қарым-қатынас жақсы да, жаман да болуы мүмкін, ықыласты немесе қарама-қарсы да болуы мүмкін. Ал осыған толық көзіміз жету үшін біз бұларды тәжірибемен байланыстырып көрелік.
Жасөспірімдік шақтағы оқушыда көбіне «мұғалыммен қалай ортақ тіл табысуға болады» деген сұрақ туындайды.
Оқушы мұғаліммен жақсы қарым-қатынаста болудың алғашқы қадамдарын мұғалімнің өзінен күтеді. Дәл осы кезде мұғалім әрбір оқушының жүрегіне жол таба біліп, алдымен олармен достық қарым-қатынасты орнатуға тырысады. Бұған мысал біз тәжірибе өткізген орта мектептің оқушыларымен және оқутышысы туралы бірер сөз.
9 “б” сыныбы, сынып жетекшісі осы сыныппен 1 жылдан бер жұмыс атқаруда. Сынып жетекшісі көп балалы ардақты ана сияқты. Мұғалім ойымен бөліскенде ол былай дейді: “Менің ойымша ұстазбен шәкірттің арасындағы қарым-қатынас шынайы болу үшін ұстаз бен шәкірт шынайы түрде бірлесе отырып жұмыс жасау керек. Мен осы сыныпқа алғаш жұмысқа келгенде бізде келіспеушіліктер көп болды. әрине, бірте-бірте біз оны жеңе бастадық. Бос уақытымда оқушылармен көп әңгімелесуге тырыстым. Тіпті қажет жағдайда әрбір оқушылармен жеке-жеке әңгімелесіп, ақылымды айтатын болдым. Осылай бірте-бірте сынып оқушыларының маған деген сенімі, сүйіспеншілігі артып келеді”.
Бұл мысалды біз педагогикалық қатынастың жақсы жағына, жемісті жағына жатқызайық. Ал келеңіз жақтары жасөспірім мен мұғалімге тікелей байланысты болатын жаңа құқықтары туралы талаптары үлкен адаммен болатын қарм-қатынасына өте әсер етеді. Мұғалім жасөспірім еркіндігін шектеп “кішкене бала” кұсап басқара, жазаласа және оның жеке ойымен есептессе жасөспірім осыған дейін үлкен ықыласпен орындайтын талаптарға қарсы шығады, ренжиді. Мұндай оқушыларды әңгімелескенде байқадық. Тағы да есепке алғанымыз жасөспірімдер өзін еркін тәуелсізбін, мені ешкім жәбірлеп, еркіндігімді шектемеуі керек деп есептейді. Қырсылық білдіріп бағынбаудың негізгі себебі жасөспірімнің үлкен адаммен бұрынғы қарым-қатынастан арылып жаңа тең құқылы қарым-қатынас түріне көшу. Жасөспірім өзінің ер жеткенін сезініп және оны айналасындағы адамдарға мойындатуға дейін талпынып өзге проблемма тудырады [2].
Жасөспірімдік кезеңнің мыңызы-дәл осы кезеңде балалық шақтан арылып, жаңа ересек кезеңге өтуі іске асады. Бұл кезеңдік ауысу жасөспірімдермен үлкен адам арасында әлеуметтік қарым-қатынас қаыптасуы процесінде жүреді.
Жасөспірімнің жаңа қарым-қатынас түріне өту кезеңі оңай болуы үшін мұғалім көмек көрсетуі керек немесе жасөспірімнің талаптарын есепке ала отырып өзінің қарым-қатынасын соған бейімдеуі қажет.
Бұл мысалдардың барлығы педагогикалық қарым-қатынастың мәселелері. Сонымен пелагогикалы қарым-қатынастың жақсы, жағымды немесе дағымсыз келеңсіз түрде қалыптасуы мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне тәуелді. Яғни педагогикалық қатынастың қандай болуы ол оқушының мұғалімге, мұғалімнің оқушыға деген сүйіспеншілігі немесе олардың керісінше жағдайда көрініс беруі. Сол арқылы “Мендік” жүйе дамиды.
Жасөспірімдік кезеңнің басында бала даумында өтетін ерекше өзгерістер жасөспірімнің жаңа қажеттіліктермен, талпыныстармен, құрбылардың және ересек адам арасындағы қарым-қатынасқа қоятын талаптармен анықталады. Бұл жағдай жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасының тереңдей түсуіне себеп болады.
Жасөспірімдердің бойындағы қызығушылықтарды еренсек адамнан гөрі құрбысы дұрыс түсіне алады.
Жасөспірімнің сыныптастарымен қарым-қатынасы жан-жақты. Жасөспірімдік кезеңде жақындақ жағынан түрлі деңгейдегі қырам-қатынас қалыптасады. Олар жолдастық болуы, жақсы жолдастық немесе жеке дос болуы мүмкін. Сонымен қарым-қатынас оқудан тыс сипат ала бастайды. Бұл қарым-қатынас жаңалықпен, қызығушылықпен, қақтығыстармен, жеңістермен, жеңілістермен, қуаныш ренішпен байланысты. Бұлардың барлығы бірігіп жасөспірімнің өмірін, жеке өмірін құрайды [3]. Құрбылармен қарым-қатынас жас өспірім үшін маңызды рөл атқаруы бірінші орынға шығады да оқу және туған туыстарымен қарым-қатынас екінші орынға кетеді.
Мұнда біздің байқағанымыз, жасөспірімнің мұғаліммен және өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауында қарым-қатынас функцияларының және сапаларының дамунда кезіккен жетіспеушіліктер, олқылықтар, кешеуілдеу болды. Сондай-ақ олардың қарым-қатынасындағы арнайы әдістердің, яғни қарым-қатынас белгілерінің жас ерекшелікке сай келмеу жағдайларының байқалуы, табиғи тілдің (сөздер, сөйлем, грамматикалық түрде дұрыс құрастырылған сөйлем) көмескілігі көрініс берді.
Енді, қарым-қатынастағы табиғи тіл көрінісін байқау мақсатында, жасөспірімдерге шығарма жазуды, оны талқылауды ұсындық. Тақырыбы: “Мен және менің достарыммен қарым-қатынасым”. Тексеру барысында, оқушылардың өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмайтындары, қарым-қатынас тек қызығушылыққа байланысты туындап отырады деген жауаптары көп байқалды. Сондай-ақ кейбір жұмыстарды талқылағанда, өз ойларын жеткізуде грамматикалық жағынан көмескілеп сөйлеу, жас ерекшелікке байланысты байланыстырып, нақты, жүйелі түрде өз ойын жеткізе білуде, әлі де қиналатын оушылардың бар екендігін көрдік. Әсіресе кейбір оқушылар тіл байлығы болғанымен, сынып алдында шығып сөйлеуге дәрменсіз екендіктерін байқатты. Осы орайда оқушыларды, өз пікірін ортаға ашылып салуға, қортындылап, грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрету қажетті бар екендігін көрдік.
Көптеген жасөспірімдер үлкендерге де, құрдастарына да бір мезгілде қатар теңеседі, осының өзінде олардың сол бір немесе соған ұқсас қасиеттеріне теңесуі жиі байқалады.Кейбіреулері көбіне өзінен үлкен балалар мен құрдастарына теңелгісі келеді. Бір маңыздысы, жасөспірімге әдетте оған өзәнен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары үлгі болады.Сондықтан мұндай жолдағы жасөспіріммен ересек арасындағы аралық басқыш сияқты. Қайсыбір жағынан өзінен гөрі есейген құрдасына теңесу арқылы жасөспірім өзін ересекке жақындатады, оған түпкі мақсатқа қарай одан әрі ілгерілеу оңайырақ. Жасөспірімдердің көбі ересек адамнан гөзі құрдас жолдасынан үлгі алған оңай деп санайды. Жасөспірім теңесетін үлгінің нақ құрбы-құрдасы болғаны өте маңызды [4].
Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан, олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару қажет. Осыған байланысты оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасын ізгілендіру мәселелері бүкіл психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті аспектілері болып келеді. Оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасын ізгілендірудің ерекшеліктері мен ролін негіздеу үшін ең алдымен осы мәселенің шығу тегі мен дамуын зерттеуіміз керек. Ғұлама ғалым, философ, ойшыл әл-Фараби еңбектерінде адамдар қарым-қатынасының мәселелері негізгі орын алған. Ол еңбектерінде адамның ойлы, парасатты болу қажеттігін, адам деген ардақты атақты алып жүру бақыттылық екенін айтқан.
Адам қоршаған ортамен, олардың іс-әрекетімен және қарым-қатынасымен тығыз байланыста. Адаммен қарым-қатынас тек қоғамдық моральдық негізгі көрсеткіші ғана емес, ол әрқайсымыздың өнегеміз [5]. Бұл қарым-қатынас жақсы да, жаман да болуы мүмкін, ықыласты немесе дұрыс пікірде болуы керек. Осы тұрғыдан алғанда ададар арасындағы іс-әрекет пен қарым-қатынасқа және жеке тұлғаның қалыптасуына міндетті түрде әсер етеді. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару бұл мұғалім мен жасөспірімнің жеке тұлға болып қалыптасуымен басқару деген сөз. Сондықтан да педагогикалық ғылымның классиктері оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына көбірек мән беріп, жеке тұлға ескі әкімшілі-авторитарлық әдіспен қалыптаса алмайды деген тұжырымға келді.
Мұғалімер жасөспіріммен дос болғанын қалайды. Өзара тіл табысып, тату болсын деген мақсатпен оларға: «Сендер бір-біріңмен дос болыңдар, көмектесіңдер, нағыз достар қиын кезеңде қасыңнан табылады, адал дос болу керек т.б.» дегенді жиі айтып, достықтың мәнін түсіндіруге тырысамыз.
Мұғалім баламен нағыз дос болуы үшін оның ең сенімді адамдарының бірі болуы керек. Баланың мұғалімге деген сенімсіздігі жойылған кезде бала бойында еркіндік пайда болады. Оның ішкі сырын бөлісетін адамы болу – бала үшін үлкен бақыт. Өйткені, айналасындағылардың басым көпшілігі оны бала деп санайды да, оның шын көңілімен ақтарып, салғысы келіп тұрған ой-пікіріне көңіл бөле бермейді.
Ал, мұғаліммен қарым-қатынасын шынайы достықтың деңгейіне жеткенде оқушы үлкен табыстарға қолы жеткендей қуанады. Мұғалім болса, оқушымен достасудың арқасында биік мұратына жетеді. Мұғалім жасөспірімдермен достықты нығайта түсу үшін, үнемі олардың жақсы істерін мақұлдап, арман-тілектеріне ортақтасып отырады.
Жасөспірімдердің ішінде шеттеп қалған бала болмауы керек. Мұғалім әрқайсысымен жеке-жеке сырласуға тырысады. Бірінің ісін біріне мадақтай отырып, өзара сыйластығын нығайтуды көздейді. Сенімнен шыққан оқушылар тм елгезек, тапсырманы тез орындауға, шамасының келгенінше еңбектеніп жатады. Олардың мұғалімге деген ыстық ықыласы мен білімге дегенынтасы мұғалім шабытын оятып, жанын қамшылауға ықпал етеді.
Жоғарғы сыныптарға барғанда ұстаз беделі төмендей бастайды. Өйткені, қазіргі оқушылардың сыртқы ортадан алатыны, көңілге тоқитыны өте көп. Сондықтан да оқушылардың ұстаздарға қояр талабы да өте зор. Осы арада ізденбейтін, білім таяз, эстетикалық талғамы төмен ұстаз әрқашан да беделін жоғалтатыны даусыз. Ең қынжыларлығы, оқушылармен тіл таба алмай, оларды сабаққа қызықтыра білмегендердің тыныш отырмаған немесе сабақтан шығарып жіберуі. Керісінше, ұстаз жасөспірімнің ойына, талап-тілегіне жол шып, сабағынтартымды да қызықты өтетін болса, ешбір шәкірт сабақтан қалмауға, кешікпеуге тырысады [6].
Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне дербес азамат деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, соларды жақсы білуден пайда болады.
Жеке тұлғаның қалыптасуына жасөспірім мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсіруге жиі кездеседі.
Мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан қаралатын күрделі мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы оқушы мен мұғалімі екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан бұл қарым-қатынас жасөспірімнің жеке қасиеттерінің қалыптасуна зор ықпал етеді. Ал екінші жағынан, ғалым М.Шульцтің көзқарасынша: «Мұғалім мен оқушының жеке қарым-қатынастары әс-әрекеттер атқару нәтижесінде туындауы қажет», осы пікір мен ол зтиканың фетишизмге қарсылығын білдіріп, бүкіл педагогикалық назарды оқу-тәрбие жұмылдыру қажет деп табады.....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
» Реферат: Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар
» Педагогикалық - психологиялық мінездеме
» Педагог - психологтың 2014 – 2015 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
» Сабақ жоспары (ұмж): Тірі ағзалардың қарым-қатынас түрлері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)
» Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
» Реферат: Педагогика | Қоғамдық қатынастар және тұлғааралық қатынастар
» Педагогикалық - психологиялық мінездеме
Іздеп көріңіз: