Дипломдық жұмыс: Аударма ісі | Мұнай газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Мазмұны
Қысқартулар тізімі….…………………………………………………………….
Кіріспе……………………………………………………………………………...
I. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
1.1 Мәтін туралы түсінік және оның түрлері……………………..…………
1.2 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері…………………….……………
1.3 Техникалық аудармаға қойылатын талаптар…………………………..
1.4 Техникалық мәтіндердің жіктелуі………………………………………
Түйін………………………………………………....…………………………...
II. Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктері…………………………………………………………..
2.1 Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексикалық трансформациялар……………………………………………………….
2.2 Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын грамматикалық трансформациялар……………………………………………………….
2.3 Техникалық мәтіндерді аударуда қолданылатын лексико-грамматикалық трансформациялар……………………………………..
2.4 Мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудармасына талдау……………
Түйін………………………………………………………………....…………...
Қорытынды……………………………………………………...……….……....
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы өнеркәсіп өнімдер көлемінің 40 пайызға жуығын мұнай-газ саласы құрап отыр. Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасын дамытуда, оның тұрақты қалыптасуына өз зор ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан саяси әлеуметтік және экономикалық өзгерістер мұнай-газ саласына жаңаша қарауды, оның бағыттарында қол жеткен жаңа табыстарымызды сын көзбен саралай отырып бағалауды, білім беру жүйесінде ғылым мен тәжірибеде жинақталған бай психологиялық, әдістемелік мұраны зерттеп, талдауды және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен енгізуді талап етеді.
Сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынаста технологияның дамуы, тілдегі лексикалық қордың өзгеруіне себеп болуы, жаңа терминдердің пайда болуы және олардың басқа шетел тілдерінен мемлекеттік тілімізге аудару мәселесі лингвистер мен аудармашылардың назарын аудармай қоймайды. Осылайша өзім секілді болашақ аудармашыларға маңызды болған арнайы мәтіндер тек ақпарат беру көзі ғана емес, тілдегі сөздік қорын жаңа сөздермен кеңейту болып табылады.
Сол себепті дипломдық жұмысымның өзектілігі: қазіргі таңда, ғылыми-техниканың дамыған шағында, тәуелсіз мемлекетімізде дамушы салалардың бірі техникалық сала, оның ішінде біздің еліміздің экономикасының дамуына көп үлес қосып отырған мұнай және газ саласы. Сол саланың тілдік ерекшеліктерін терең де жан-жақты зерттеу, және де осы салаға қатысты арнайы ақпараттарды түсіну, техника саласының дамып жетілуіне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты елімізде техникалық саланың тек теориялық білімі бар ғана емес, осы салада тәжірибесі бар мамандар қажет. Оның үстіне мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін зерттеу, және аудару барысында аудармалық шеберлікке, білімге ие болу және оларды қолдана білу өте маңызды. Ал біздің бұл дипломдық жұмыста қарастыратынымыз мұнай және газ саласындағы техникалық мәтіндердің аудару ерекшеліктерін анықтап осы өндірістік саланың дамуына үлесімізді қосу болып отыр.
Зерттеу жаңалығы: Бұл жұмыста біз ең алдымен техникалық мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қарастырылатын келелі мәселелерді қолға алып, олардың ерекшеліктерін және нақты мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндердің аз зерттелгендігін көрсету болды. Аударманың нәтижелілігін кітап, интернет және бұқаралық ақпарат құралдардағы аудармаға қатысты оқу-әдістемелік мағлұмат мен деректер арқылы көрсетуге тырыстық.
Зерттеу мақсаты: Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау.
Міндеті: Мұнай-газ саласындағы мәтіндерді аудару барысында түрлі трансформацияларды қолдана отырып мысалдарға талдау жасау; мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару кезінде кездесетін мазмұндық құрылымдардың ерекшеліктерін айқындау; техникалық мәтіндерді аудару кезінде кездесетін қиыншылықтарды көрсету және болашақ аудармашылардың біліктілік дағдыларының дамуына көмектесетін жұмысты ұсыну.
Зерттеу құралдары: Дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселесіне байланысты шетелдік және отандық ғалым зерттеушілердің еңбектері, әртүрлі электронды сөздіктер мен әдебиеттер енді.
Зерттеу нысаны: Зерттеу барысында жалпы мәтін түсінігінің сипаттамасы мен түрлері, одан келе техникалық мәтіндердің сипаттамасы, түрлері және оларды аударудағы қойылатын талаптары мен ондағы қолданылатын трансформациялар қарастырылды. Жұмыстың қайнар көзі ретінде техникалық мәтіндер түпнұсқалары қарастырылды. Өкініштісі қазыргі отандық баспада нақты зерттеліп бекітілген техникалық терминдердің қазақ тіліндегі сөздіктер мен әдебиеттердің сирек кездесуі айқын. Осыған орай біз зерттеу жұмыс барысында техникалық мәтіндердің аудару барысының құрамдас бөлігі болып табылатын термин мәселесін назардан тыс қалдырмауға тырыстық, техникалық мәтін, термин және олардың мемлекеттік тілге адекватты түрде берілу мәселесін дипломдық жұмыста сөз қылғанды жөн көрдік.
Теориялық мәні: Қазақ терминологиясымен техникалық аударманың қалыптасуы үздіксіз үрдіс және терминдердің мемлекеттік тілдегі баламасының жасалуы жан-жақты дамытуды қажет ететін бүгіннің талабы екендігін рас. Сол себепті, біз дипломдық жұмыста мұнай-газ, кен өндірісіне қатысты әр түрлі мәтіндердің аудару барысын сатылап мысалдар арқылы ерекшеліктерін көрсетуге және нақтылауға тырыстық.
Практикалық мәні: Жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары техникалық аударма ісі саласын тану бағытындағы зерттеулерге, жоғары оқу орны нақты аударма мамандығының студенттеріне және басқа да ізденушілерге айқын бағдар болмақ. Зерттеу нәтижелері мен жасалған тұжырымдар аударма саласын жаңа мәліметтермен толықтырады. Оның ішінде нақты мұнай-газ саласына тиесілі мәтіндер мен терминдердің аударма ерекшеліктерінің табиғатын анықтау шеңберін кеңейтіп, айқындай түсуге септігін тигізеді. Сондай-ақ, аударма табиғаты, оның тілдегі, ғылымдағы, ұлт өміріндегі орны мен маңызы, оған тіл, таным тұрғыларынан қойылар талаптар туралы түсініктерді нақтылауға, тілді орыстану саясаты ықпалымен қалыптасып, бүгінде санаға сіңіп қалған бірқатар келелі мәселелерді қайта қарауға түрткі және шетел сөздерінің мүмкіндігінше қазақша баламасын тауып, сөздік қорымызды байытуға негіз болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс қысқартулар тізімінен, кіріспе, негізгі бөлім, екі тараудан, ал олар бірнеше тараушалардан, түйіннен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған. Негізгі бөлімде жалпы мәтін түсінігі мен түрлері, оның ішінде техникалық мәтіндер, олардың классификациясы, қолданылатын трансформациялар және нақты мұнай-газ саласындағы мәтіндердің аудару барысы қарастырылды.
I. Техникалық мәтіндердің ерекшеліктері
1.1 Мәтін туралы түсінік және оның түрлері
Мәтін дегеніміз – құрылымдық-семантикалық бірлік ретінде қызмет атқаратын күрделі біртұтастық. И.Р.Гальпериннен кейін мәтін – ауызша сөйлеу әрекеті деген түсінікті жоққа шығарып, аяқталған ойды білдіретін, жазбаша құжат ретінде байланысқан, әдеби жағынан сәйкестендірілген, өзіне тиесілі тақырыптан және әртүрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланыстар түрімен біріккен ерекше бірліктер қатарынан тұратын шығарма ретінде қарастырылды [1,126].
Мәтін дегеніміз латын тілінен «Texus» – қосылу, құрылым, байланыс. Семантикада кез келген таңбаның байыпты реттілігі, қарым-қатынастың кез келген түрі соның ішінде салт, би және сол сияқты. Тіл білімінде мәтін ретінде төмендегілер ұсынылады. Мәтін сипаттамасы:
1) «тілдің өмір сүруінің феноменологиялық алғашқы тәсілі»;
2) жүйелі, байланысты, тұтас, тиянақты, қалыптасқан мағыналық жағынан өзара байланысқан сөйлемдердің бірізділігі;
3) коммуникацияға қатысушыға тән сөйлемелік бірізділігі;
4) жазу үлгісіндегі ауызекі сөйлеу шығармалары;
5) ауызша немесе жазбаша ауызекі сөйлеу шығармалары [ 2,453].
Лингвистика тұрғысынан, мәтін – аяқталған тілдік шығарма ретінде қарастырылады. Ал, кейбір жаңа зерттеу бағыттарының сипаты мәтінді шығарма тұрғысынан қарастыруды жөн санайды. Мәтінді тілдік шығарма ретінде жалпылыққа тән құбылыс [3, 608]. Осы анықтамаға сүйене отырып, мәтінді сөйлемдер жиынтығы немесе бір сөйлем, сөз тіркесі немесе бір сөз деп алу тиімді.
Мәтін – жазбаша немесе ауызша тілдік шығарма, кейбір құрылымдары қарым-қатынас кезінде қалыптасқан, өз алдына аяқталған дербес құрылым. Лингвистер «мәтін» атауын элементтер арасындағы байланыспен немесе фразааралық байланыспен түсіндіреді. Олардың ойынша, мәтін дегеніміз - әртүрлі байланыстар түрімен біріккен, жеке дара сөйлем ғана емес, сөйлемнен де ірі абзац, параграф сияқты бірліктер құрылымын айтады [4,8]. Кейде мәтінді «тұйықталған құрылым» деп түсінеді.
Мәтін мәнін осылайша түсіндіретін бұл топтың бір ерекшелігі «байланыстылық» категориясын енгізгендігінде болып отыр. Бұл топ өкілдерінің бірі Харвегтің анықтамасы бойынша, мәтін – парадигматикалық және синтагматикалық екі өлшемді үздіксіз алмастырушылар (субституттар) тізбегін құраған тілдік бөлшектердің (бірліктердің) жалғаспалылығын айтады. Алайда, Харвегтің берген анықтамасы мәтінді мағыналық, мәндік аясынан тарылтады [5,13].
Мәтін – белгілі мақсаттылыққа және прагматикалық бағдарға ие шығарма. Егер сөйлесімді дыбыстық қасиетке ие дейтін болсақ, мәтін графикалық қасиетке ие. Егер сөйлесімді оның бірілділігі оқшаулап тұрса, мәтінді оның көпөлшемділігі оқшаулайды. Сөйлесімді бірізді дейтініміз, ол дыбыстық қасиетке ие баспа (графикалық не магнитті лента) оның саласын өзгертеді. Осылайша ауызекі тіл қайтымсыз – дыбысталды және қандай да бір бөлшегіне оралу мүмкін емес. Мәтін көпөлшемді, себебі оның кез келген бөлшегіне көптеген оралу жолдары бар. Егер ауызекі сөйлеу қозғалыс, әрекетте болса, мәтін екіжақты қасиетке ие, яғни тыныштық қалпында болу және қозғалыста болу. Егер ауызекі сөйлеу тек сөйлеу процесі кезінде дыбысталу уақытымен шектелсе, мәтін ештеңемен шектелмейді. Мәтін шындықты бейнелеп қоймай, ол жайында хабардар етеді [6,12].
Мәтіннің семантикасы номинативтік және коммуникативтік компоненттерден тұрады. Мәтінде коммуникативтік, когнитивтік және эмотивтік қызметтері қиылысады. Коммуникативтік біртұтастықтың жоғарғы деңгейі ретінде мәтін – ашық және тұйық жүйе болып табылады. Мәтіннің тұйықтылығы оның аяқтылығы мен шетілігіне байланысты. Ал, мәтіннің ашық жүйесі оның қабылдану ерекшеліктеріне байланысты.
Мәтін дегеніміз – жүйелік пен жекеліктің бірлігі. Мәтіннің жүйелілігі тілдік кодтармен берілген мәтінді моделдеп, алушының жіберушіге деген талабымен сипатталады. Мәтіннің жекелігі әдеби бейнені өзімен алып жүрген заттық форманың шексіз вариациялық нәтижесімен сипатталады.
Р. Барттың мәтін жайында берген анықтамасында былай делінген: «байланысқан мәтін мазмұны жағынан біртұтастықты білдіретін, ішінара ұйымдасқан және коммуникативтік мақсатқа арналған аяқталған тілдік ілеспелілік» [7,18].
Сонымен, мәтін дегеніміз – жоғарғы тәртіптелген бірлік, ақпараттық, құрылымдық және коммуникативтік мағынасында байланыстылық, біртұтастық қызметке ие жазба түрінде берілген шығарма. Сондай-ақ, мәтін – өз алдына негізгі қасиеттері байланыстылық пен біртұтастық болып табылатын, мағыналық жағынан біріккен таңба бірліктерінің бірізділігі. Ол функционалдық, семантикалық, құрылымдық бірлік ретінде бір құралу ережесіне ие, өзін құрайтын бірліктердің формальды және мағыналық заңдылықтарын айқындайды деген тұжырымдамаға тоқталдық.
Ю.В.Ванников бойынша техникалық мәтіндердің классификациясы
Ғылыми техникалық саланың функциональдық стилі
I. Техникалық мәтіндер
Мәтіндер (Академиялық мәтіндер, оқытуға арналған мәтіндер, энциклопедиялық мәтіндер):
I. Техникалық мәтіндер
• Өндірістік техникалық мәтіндер (техникалық құралдардың сипаттамасы, технология және өндіріс тәсілдері, өндірісті ұйымдастыру және эксплуатация тәжірибесі);
• Инструктивті мәтіндер (эксплуатация бойынша басқарма); анықтама әдебиеті (анықтама, техникалық каталог);
II. Информациялық мәтіндер
(реферат, аннотация, қайталау, библиографиялық сипаттамалар, библиографиялық көрсеткіш)
III. Ресми-іскерлік мәтіндер
• Заң саласындағы мәтіндер (акт, келісім шарт, рекламация)
1) Басқару мәтіндер (шешім);
2) Іскерлік корреспонденция (арыз, ұсыныс хат, хат, жоба).
IV. Аралық мәтіндер
• Іскерлік мәтіндер (техникалық құжаттардың стандарттық ерекшеліктері (стандарт, спецификация, технодокументация, нормаль, норматив, фирмалық каталог); сипаттау (патент, авторлық құқық);)
• Публицистикалық мәтіндер (ғылыми танымал мәтіндер, өзіндік ғылыми публицистикалық мәтіндер)
1.2 Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды-стильдік ерекшеліктері
Бөлек функционалды стильдер әдеби тілдің тарихи даму процесінде пайда болады; олар бір-бірінен тілдік қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдік құрал жүйесімен ажыратылады. Әдеби тіл мен функционалды стильдің арасында жалпы және жалқы қатынас бар; әрбір функционалды стильде әдеби тіл нормасының дамуының жалпы бағыттарын көруге болады; әдеби тілдің функционалды стилі әдеби тілдің дамуының әрбір сатысындағы бірлікті қамтамасыз ететін өзара әрекеттестік процесінде болады.
20 ғ. бағытталған ғылыми техникалық прогресс өмірде қарқынды ақпараттың алмасуы мен басты қызметі когнитивті ақпарат болып табылатын ғылыми техникалық стильдің қалыптасуына түрткі болды. Лингвистикалық зерттеулердің нысаны болып табылатын көркем әдебиет тілінен өзгеше, 20 ғ. Лингвистердің назарларын аударатын ғылыми техникалық басылымдардың қарқынды дамуы байқалды.
Техникалық әдебиет тілін лингвистика жағынан зерттеулер, техникалық әдебиеттің барлық түрлерінің тілдік қарым-қатынас құралы ретінде маңызды дәрежеге ие екенін, өзіне қатысты ерекшеліктері мен белгілі тілдік құрылымдық стилі бар екенін көрсетеді.
Техникалық әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктері оның лексикасына, грамматикасына және стилистикалық белгілеріне де қатысты. Бұл жерде ең маңызды мәселе, техникалық әдебиет барлық тілдерге тән болғанымен де, оның ерекшеліктері, тілден тілге сол күйінде берілмейді, әр тілде өзінше аударылады. Бұл өзіндік сандық және сапалық сипатқа ие. Сапалық өзіндік әр тілдегі белгілі қатынас немесе ерекшеліктері ұқсас тілдік құрал арқылы емес, лексикалық құрал грамматикалыққа ауыстырылып берілуіне, ал сандық ерекшелік лексикалық, грамматикалық немесе стилистикалық құралдардың әртүрлі жиілікте қолдануында көрінеді.
Сонымен қатар, техникалық әдебиет аудармасымен жұмыс істей отырып, жүйелі-адекватты аударма алу үшін берілген тілдің ғылыми техникалық әдебиетін жалпы және арнайы ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Жалпы әр функционалды стильде аударма барысы мен нәтижесіне маңызды әсер беретін кейбір тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалыға Комиссаров В.Н. [8,56] бойынша ғылыми техникалық стильде ғылыми техникалық материалдардың лексико-грамматикалық ерекшеліктері, бірінші орында терминология және арнайы лексика болып табылады. Техникалық стильге қатысты ерекшелік – оның ақпараттылығы (мазмұндылығы), қисындылығы (қатаң жүйелік, басқы ой мен бөліктерінің арасындағы байланыс), дәлдік және дұрыстық және осы ерекшеліктерден шығатын айқындық пен түсініктілік.
Осы стильге қатысты мәтіндер аз немесе көп дәрежеде ережеге сәйкес ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Бірақ та осы сияқты мәтіндерде, осы сала қарым-қатынасына түрткі болатын, басымырақ қолданысқа ие құралдар бар. Лексика саласында барлығынан бұрын техникалық терминология және арнайы лексиканың қолданылу аясы бірінші орында тұратыны анық.
Қандай да болсын ғылым саласымен байланысты ұғымдар жүйесі – термин проблемасына тоқталатын болсақ: «Тілдің ілгері басып өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешімді болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға барған тілдің тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтаса да отырады» - дейді қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін қалаушылардың бірі, профессор Қ.Жұбанов. Оның терминге берген анықтамасы: «Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға – ғылым жолы қандай сатыда тұрса, міне осыны теліп отырады, сонымен қатар термин сөзінің терминдік ұғымы мен күнделік тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы мүмкін».
Жалпы «термин» сөзін латыннан аударғанда «шек», «шекара» деген мағынаны білдіреді. «Термин» атауының өзі жайлы С.Әсілжанов былай дейді: «Соңғы кезде қазақ тілінде термин сөзін «атау», «аталым», «атауыш» деген қазақша балама сөзбен ауыстырып қолдану кездеседі» [9,357].
«Терминді тұрақтандыру, жаңа терминдерді қабылдау ісіндегі кемшіліктің басы – термин деген ұғымды ғылыми негізде түсінбей, оған жалаң, схоластикалық тұрғыдан келуде жатыр. Сол үшін ең алдымен термин деген сөздің мәнің ұғынуымыз қажет. Онсыз жерде, қазыргі аудармада кездесіп жүрген былықтан құтылу мүмкін емес» - деп 1956 жылы Қазақ әдебиеті газетінің қарашадағы санында жарық көрген филология ғылымдарының кандидаты Ғ. Мұсабаев жазған пікірі болатын [10,178]. Содан бері жарты ғасыр өтсе де, қазақ тілінің өндіріс саласындағы техникалық терминологиясы әлі де ақсап келеді.
Мәтіннің терминдік деңгейде қолданарлықтай, түсініктемесі негізі толығымен қалыптаспаған. Мәтіннің әртүрлі түсініктемесі И.Р.Гальпериннің ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Микроконтроллер негізінде метро эскалаторының басқару жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Метрология | Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Банк рейтингін анықтаудың ақпараттық жүйесін жобалау
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру
Іздеп көріңіз: