Дипломдық жұмыс: Жануартану | Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар
Мазмұны
Нормативтік сілтемелер 7
Анықтамалар 8
Белгілеулер мен қысқартулар 9
Кіріспе 10
Әдебиетке шолу 12
1 Өзіндік зерттеулер 14
1.1 Зерттеу деректері және әдістері 14
1.2 Мекемеге сипаттама 14
1.2.1 Мекеменің заңды мекен жайы, құқығы, міндеті және қызметі 16
1.2.2 Ауа – райы және жер бедері, өсімдік әлемі, гидрологиясы 18
1.2.3 Жануарлар дүниесі 24
2 Ондатраның экологиялық және биологиялық ерекшелігі 28
2.1 Ондатрдың қоректенуі 32
2.2 Ондатрларға әсер ететін факторлар 33
2.2.1 Жаулары 35
2.2.2 Аурулары 38
2.3 Мекемедегі ондатр қоры 38
2.4 Ондатрды аулау құралдары және әдістері 39
3 Биотехниялық шаралар 42
4 Еңбек қорғау 46
Қортынды 48
Ұсыныстар 49
Пайдаланылған әдебиеттер 50
Қосымша 52
Жұмыстың өзектілігі – Ондатра дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см шамасында, салмағы 1,5 кг, құрлықта да, суда да тіршілік етуге бейімделген аң. Мойны қысқа, артқы аяқтарының саусақтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, суда жүзген кезінде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың әрі тығыз, қою қоңыр түстен кейде ашық қара түсті де болады. Ұйығып шағылысу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) зат бөлінеді.
Ондатрлардың негізгі отаны – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазіргі таңда Республикамыздың барлық өзен-көлдерінде 950 мыңдай Ондатралар мекендейді деген ұғым бар (2005). Бұл кеміргіштер өзен жағасы биіктеу болса, иірлендіріп ін қазады, керісінше аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Ондатрды Қазақстан суларына жерсіндіру табысты аяқталды. Өмір сүруіне қолайлы жағдайда тап болған аңдар тез көбейіп, біздің суларымызда оның саны артты. Соның нәтижесінде 1943-1944 жылдары Қазақстанда 6 жерде: Балқашта, Сырдарияда, Торғайда, Алакөлде, Қорғалжында және Зайсанда ондатр шаруашылығы құрылды. Республикамызда ондатр терісін дайындау 1956 жылға дейін өсе берді. Мәселен, 1949 жылы 900 мың, 1954 жылы 1400 мың, ал 1956 жылы тіпті 2 миллионнан астам ондатр терісін дайындауға мүмкіндік болды. Соңғы жылдары бұл бағалы аңды аулау жылдан-жылға төмендеп кетті. Қазірде Республикамызда бар болғаны 60-70 мыңдай ғана ондатр мемлекетке тапсырылады. Оның себептері өзен көлдерінің су деңгейлерінің өзгеруі немесе құрғап қалуы: ірі су құрылыстарының салынуы және ондатр аулауды ұйымдастырудағы кемшіліктер. Егерде, ондатр санын көбейтуге әсерін тигізетін биотехникалық шараларды жүзеге асырсақ, Қазақстан суларынан жылына 100-150 мыңдай бұл бағалы аң терісін дайындауға әбден болады.
Келешекте ондатр санын өсірудің және оның құнды терісін молырақ дайындаудың бірден-бір тиімді жолы - бұл аңды арнаулы фермаларда ұстап өсіру болып табылады. Екінші жолы - көктем мен жаз өсімдіктері мол, суы терең кейбір жеке көлдерді қоршап, онда ондатрды қолдан өсіріп алып, күзде олардың біразын аулап алу.
Жұмыстың мақсаты - Алматы облысы Бақанас орман шаруашылық мемлекеттік мекемесіндегі ондатр қоры және оның маңызын зерттеу.
Жұмыстың міндерттері - Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Бақанас орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінде ондатр экологиясы және шаруашылық маңызын анықтау. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
- мемлекеттік мекемесіне сипаттама;
- Бақанастағы ондатр экологиялық және биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
- мекемедегі ондатр қорын анықтау;
- ондатр аулау құралдарын және әдістерін зерттеу;
- ондатр қорын пайдалану тиімділігін анықтау.
Жұмыстың жаңалығы - Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінде сулы аймақ територясында мекен ететін ондатр жайлы ғылыми және нақты деректер жиналып, салыстырылып қорытындыланды.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Қазақстанға алғаш рет ондатрлар 1935 жылы Қызылорда облысының Телікөл көліне қоныстандырылды. Сол жылдан бастап Қазақстанда ондатрлар аулана бастады.
1943-1944 жылдары Қазақстанда алты мемлекеттік кісіптік ондатр шаруашылығы құрылды:
- Балқаш - Алматы облысында,
- Торғай – Қостанай облысында,
- Сырдарья – Қызылорда облысында,
- Алакөл – Талдықорған облысында,
- Қорғалжын - Ақмола облысында,
- Зайсан – Шығыс Қазақстан облысында.
Қызылорда облысы. Бұл олбысқа ондатр 1935 жылы мамырда жіберілді Телікөлге. Кейінгі жылдар осы көлден ондатрлар ауланып басқа жерлерге қоныстандырылды: Көксуға, Бескөлге, Құралыкөлге. Бұл облыстан жылына жүздеген мың ондатр аулауға болады.
Алматы облысы. Алғаш рет 1935 жылы ондатрлар Іле өзенінің төменгі жағына жіберілді. 1943 жылы Алакөлге жіберілді. Қоныстандырылу жақсы өтті, ондатрлар басқа Іле сағаларына және Балқаш көліне тез тарап кетті. Одан кейін ондатрлар Іленің бойымен жоғары көтеріліп барлық бастауларына тау шатқалдарына жетті.
Жамбыл облысы. Бұл облысқа ондатрлар өздері өзендердің бойын жағалап келді: Іле өзенінің төменгі жағымен.
Шығыс Қазақстан облысы. 1943 жылы ондатрлар Аягөз ауданына және 1944 жылы Зайсанға жіберілді. Кейіннен басқа жерлерге өздері тарап кетті.
Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл облысқа ондатрлар көрші Ресей жерінен ауып келді. Бірақ ондатрлардың таралуын тездеті үшін 1944 жылы Желенді көліне ондатрлар жіберілді. Қоныстандырылу жақсы өтті.
Көкшетеу облысы. Бұл облысқа 1945 жылы Серімбай, Шағлы көлдеріне және Шағлы өзеніне ондатрлар жіберілді.
Ақмола облысы. 1944 жылы ондатрлар Қорғалжынға жіберілді. Кейіннен олар Қона және Нұра өзендеріне өздері тарап кетті.
Қостанай облысы. Бұл облысқа бірінші рет 1936 жылы Торғай өзеніне ондатрлар жіберілді – Сарықопа көлінен Ақшығанақ шатқалына дейін. Ондатрлар Торғай өзенінің бойымен Ақтөбе облысына да тараған.
Оңтүстік Қазақстан облысына Шу өзені арқылы ондатрлар кірген.
Қарағанды облысына Нұра өзені арқылы енген.
Павлодар облысына ондатрлар көрші Ресей жерінен Омбы және Жаңасібір облыстарынан енген [1-20].
Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) – кеміргіштер отрядына жататын терісі аса бағалы аң. Қорек талғамайды, негізінен суда өсетін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына 2-3 рет балалап, 25-30-ға дейін ұрпақ әкеледі. Дене тұрқы 35 см, құйрығының ұзындығы 28 см, ал салмағы 1,5 килограмға дейін барады[].
Ондатр құрлықта да, суда да қатар тіршілік ете береді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын болғандықтан, жүзген кезде денесін бағыттап отыруға бейімделген. Түгі қалың да тығыз, қызғылт-сары, қоңыр кейде қара түсті болып келеді.[3]
Ондатраның шыққан жері – Солтүстік Америка саналады. Бұл аңды алғаш рет А. А. Слудский есімді ғалым Қазақстанға РФ-ның Вологда облысынан алып келіп, Іле және Торғай өзеніне 760 дарасын жіберген. Қазір олардың саны республика бойынша бір миллионнан асып отыр. [11]
Негізгі жаулары: жыртқыш аңдар мен құстар, әсіресе түлкі, қасқыр, сарғыш күзен, саз құладыны, су бүркіті, балықтардан жайын, шортан. Мәселен су маңында мекендейтін түлкі азығын кей жылдары 20-25% ондатрдан тұрған []
Ондатр ағзасында ішкі паразит құрттардың оннан аса түрлері кездеседі. Әсіресе бұл аң альвеококкоз аурумен ауыратыны байқалады. Оны осы аурумен аттас паразит жұқтырады [18].
Снымен қатар Ондатраға ең қауіпті аурулардың бірі туляремия ауруы. Өзен мен көлдерде оның су егеуқұйрықтарымен бірге тіршілік етуі осы аурудың таралуына себебін тигізеді. Ол кенелер (Laelaps multispinosus, L. Muris, Haemolaelfps glasgowi) арқылы тарайды [23].
1.ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
1.1 Зерттеу деректері және әдістері
Менің зерттеу нысанам жартылай суда жартылай құрғақта мекендейтін кеміргіш ондатра болды.
Жұмыс «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде» жүргізілді.
Олардың мекен ету ортасына байланысты, ондатрларды санау үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады: жер бетінде және су жағасындағы індерін санау; ал зерттелетін аумақтан алғашқы деректерді алу тәсіліне байланысты, санақтар түгелімен және таңдауымен деп бөлінеді. Түгелімен санағанда, тілімде зерттегенде кездескен жануарлардың бәрін немесе олардың тіршілік іздерінің белгісін есепке алады. Таңдау мен есепке алу кезінде аумақтың тек бір бөлігі зерттелінеді, алынған деректерді аумақтың барлық көлеміне көбейтеді.
1.2 Мекемеге сипаттама
“Қоршаған ортамыздың жомарттығына, адам баласы, зейін қойып балапандарын жауынан қорғап шырылдаған құстай аса қамқорлықпен қорғауыуы керек!”, “Табиғат бәріміздің анамыз”, - деп әдемі айтылған сөздер адам жүрегін тебірентеді.
Жалпы табиғат ана бар тіршілік иелерінің бастауы және адамзат баласын еріксіз ойландырып толғандыратын қасиетіде құдіретті күшті құбылыс иесі екендігін естен шығармауымыз керек. Адамзат табиғатты қадірілеп оғған зиян тигізбеуі керек, сондай ақ оны өзіміз аялы қамқорығымызға ала білсек қана ол бізге таусылмас қазына болып қала береді және тіршілік көзі екендігін есімізден шығармауымыз керек. . Жабайы табиғатты қорғау дегеніміз су,топырақ, өсімдіктер және жауарлар әлемін тағыда басқа оның компоненттерін тиімді пайдалану үшін бағытталған іс – шаралардың жиынтығы. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне жалпы 1 558 997 га. жеркөлеміндегі табиғаттың сарқылмас байлығы тиесілі (Сурет 1,2).
Табиғатты қорғау мемлекеттік мекеме инспекторлары –Балқаш аудан орталығы мен елді мекендердің көшелері мен бау – бақшаларын көгалдандыру кезінде алма, қарағаш, тал, өрік және тағыда басқа көптеген ағаш түрлерін еккен. Біздің ормандарда торанғы, жиделі, жынғыл, сексеуіл және басқада ағаштардың түрлері өседі. Негізінен құмды далалы аймақтарда жынғыл, сексеуіл, шенгел өседі. Ауданымыздың орман – тоғайларын қорғап, оның ресурстарын тиімді пайдалануда орман шаруашылық мекемесінің алатын орны ерекше екендігін ескереді. [12].
Сурет 1. Бақанас ОШММ- ің Картасы
2- Сурет. Бақанас ОШММ Орманшылықтарына тиесілі жер көлемі.
Аудан өңірінде өсетін орман – тоғайдың ауа - райы өте таза. Өсіп тұрған өсімдіктердің жапырақтары көміриқышқыл газын сіңіріп ауадағы микроптарды жоятын заттарды бөліп шығарады. Орманды қорғау, тиімді пайдалану маңызды істердің бірі. Қандайда болмасын табиғат байлықтарын түз тағыларын болсын, олардың өздері бейімделген ортасынан ажыратпай қорғап, қорын молайту, ісі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Кәзіргі таңда туған өлкедегі жабайы жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат жоқ, себебі жабайы жануарлардың сан мөлшері күрт төмендеп кетті. Тек қана мал шаруашылығына, елді мекендерге, шабуыл жасайтын жыртқыш аң қасқырға аулауға рұқсат етіледі. Жабайы жануарлардан басқа табиғи байлықтарды қорғау ерекше орын алады. “Жас орманшылар” “Мөлдір бұлақ”, “Жас өлке танушылар”, бағдарламалары қолға алынғалы бері, табиғатты қастерлеуге, аялауға көп көңіл бөлінуде, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге табиғатқа жанашырлық тәлім тәрбиелік іс шараларымен маңызды. Шет елдерде шығарылатын шикізаттардың басты көздерінің және жеңіл өнеркәсіптік шикізаттарының бірі – асыл терілі аңдардың бағалы терлері. Сондықтанда елімізде терісі бағалы жабайы жануарларды өсіру, көбейту және олардың қорын рационалды түрде тиімді пайдалану мәселелеріне үлкен мән берілсе демекпін. Біздің орман шаруашылығында да өте бағалы және тиімді шикізаттың бірі аң терісі болып саналынады. Қазіргі уақытта Қазақстан республикасының байлығының бұл түрі –терісі бағалы жабайы жануарлар өте нашар бағаланып келеді, осы мәселенің дұрыс шешілуін ұсынар едім. Терісі бағалы аңдар яғни жабайы жануарлар түрлерін арнаулы фермаларда өсірлсе. Мысалы алатын болсақ үй қоянындары өте өсімтал тез көбейетін жануар, көп пайда келтіреді. Бұл аңның терісімен қоса ет өнімдерін де падалануға болады. Осы сияқты бағыттарда жұмыстар ұйымдастырылып, басқада аңдарды жабайы табиғат аясында өсіріп пайдалануға әбден болады.
1.2.1.Мекеменің заңды мекен жайы, құқығы, міндеті және қызметі
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылы ақпан айының 03-ші жұлдызында №8-1907-02-мм куәлікке сәйкес Балқаш ауданы, Бақанас орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.
Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орманды күзетуде, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғауды қамтамасыз етуде, өзінің тұрақты пайдалануындағы орман қоры аймағын, бекітіліп берілген аң алқабында рұқсат беруге тікелей бағынышта құқықты және міндетті кәсіпорын болып табылады. Орман шаруашылық және жануарлар әлемін қорғау мекемесінің заңды мекен жайы:
Қазақстан Республикасы,
Алматы облысы,
Балқаш ауданы ,
Бақанас ауылы ,
Жетісу көшесі, № 6 үй.
Мемлекеттік мекеме Алматы обылысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына бағынышты болып саналады, және есеп берілу ережелеріне сәйкес болуға тиіс кәсіпорын.
Мемлекеттік мекеме өзіндік – құқығы бар нысанасындағы заңды тұлғалық кәсіп орын болып табылады, Мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлерімен мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкалары ,сондайақ заңнамаға сәйкес банкте есеп шоты болады.
Мекеме өз атынан азаматтықы- құқықтық қатынастарға түседі, егер оған заңдарға сәйкес уәкілдік берілсе, Мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар (Сурет- 3).
Сурет3. Бақанас Орман Шаруашылығы Мемлекеттік Мекемесі.
Жер көлемі 1 558 997 гектар жерді құрайды және мемлекеттік орман қоры алып жатыр.
Балқаш ауданы, Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде 37 адам жұмыс атқарса оның ішінде 24 адамы, орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекторлары болып есептелінеді. Мемлекеттік мекемеде бір директор, бас орманшы сондайақ бір аңшылықтанушы (охотовед) – және егерлер қызыметтерін атқарады....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары
» Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Қазақстан аумағындағы қорықтар
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
» Дипломдық жұмыс: Жануартану | Талдықорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіаумағындағы борсықтардың саны биологиялық ерекшелігі және санын молайту жолдары
» Дипломдық жұмыс: Жануартану | Нарынқол орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі аумағындағы қырғауылдар қорын зерттеу және оларды тиімді пайдалану
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Қазақстан аумағындағы қорықтар
» Дипломдық жұмыс: Ветеринария | ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
Іздеп көріңіз: