Дипломдық жұмыс: Құқық | Мектеп оқушыларына Экономика негіздері пәнінен сабақ беру
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1. Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары
1.2 Мектептегі ”Экономика негіздері” курсы мазмұны мен құрылымының жалпы сипаттамасы
1.3 Оқушылардың экономикалық білімдерінің сапасына қойылатын талаптар
2 ТАРАУ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАЛДАУ
2.1 Мектеп оқушыларына арналған «Экономика негіздері»пәні бағдарламасының құрылымдық ерекшеліктері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Соңғы жылдардағы қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы Республика мектептерінде “Экономика негіздері” пәнін оқытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Экономикалық білімге деген сұраныстың өсуі экономикалық білім берудің таралуының шапшаңдығын байқатуда.
Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерін, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыларға экономикалық білім беру мазмұны ғылыми негізде анықталды.
Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуына байланысты елімізде білімі терең, мәдениеті жоғары, өмір талабына сай бейімделген жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеу өте маңызды іс болып тұр. Бүгінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі мектептерде экономикалық білімді жүйелі де, сапалы түрде оқытуға баса назар аударылған. Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде білім берудің қажеттілігінің туындауына сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңінен жүргізу; соның бірі ретінде экономиканы негізгі пән ретінде жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына енгізу жұмыстарын жүргізу көкейкесті мәселе болып отыр. Сондықтан да қоғам дамуының өркениетті сатысында мектептерде экономикалық білім беруді енгізу мәселелеріне баса назар аударылуда. Болашақ ұрпаққа қойылатын талап - қазіргі өмір талабына сай экономикалық білімді игере отырып, өз өмірінде, өз қызметінде осы білімді пайдалана білу. Экономикалық білімнің практикалық қажеттілігі - оның адам тәжірибесінде күнделікті кездесіп жүрген түсініктерді ұғынуға көмектесетіндігінде. Экономикалық білімді қолданумен тығыз байланысты мамандықтар экономикалық білімнің жоғарғы деңгейде болуын талап етеді. Экономикалық білім берудің жалпы адамзат тәрбиесін, мәдениетін қалыптастырудағы және адамгершілікке, үнемділікке, іскерлікке үйретудегі үлесі зор. Осы экономикалық білім беру арқылы егеменді еліміздің экономикалық мәселелерін шешуде өзінің үлесін көрсете алатын азаматтар білім алып, тәрбиеленеді деп үміт етіп, экономика негіздері пәнін мектеп бағдарламаларына енгізу өте маңызды мәселе деп есептейміз.
Экономикалық білім 12 жылдық білім беру жүйесінде жалпы білім берудің құрамды бөлігі ретінде қарастырылып, “Адам және қоғам” білім беру аймағында интеграцияланған “Қоғамдық білім негіздері”, “Экономикалық білім негіздері”, “Экономика” пәндері негізінде берілу жоспарланған.
Оқу құралында мұғалiмнiң кәсіби шеберлiгiн жетiлдiру мақсатында экономикалық бiлiмнiң мазмұны және оны оқытып-үйретудiң өзiндiк ерекшелiктерi сипатталады.
Қазіргі кезде мектептегі экономика негiздерi бойынша әр сыныпқа арналған әр түрлі тақырыптық үлгi жоспарлары бар. Бірақ мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналып жазылған оқулықтарға қарағанда оқытудың әдістемесімен айналысатын ғалымдардың саны аз. Бүгінгі кезде осы мәселемен айналысатын ғалым әдіскерлердің бірі профессор Қ.Ағанина, ол «Экономикалық білім негіздері» пәнінен 5-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін арналған оқыту әдістемелерін орындап, оларды кітапша етіп шығарған.
Ғалымдардың бұл мәселеге жеткіліксіз көңіл бөлуі мектептердегі экономикалық пәндердің жағдайымен байланысты. Себебі бұл пәнге деген көзқарас әлі де төмен деңгейде: біріншіден, ол мектепте қосымша пән ретінде жүргізіледі, ал екіншіден, оны барлық мектептерде өтпейді.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларына «Экономика негіздері» пәнінен сабақ беру арқылы олардың бойында экономикалық мәдениет пен тәрбиені қалыптастыруды қарастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Тақырыпты зерттеудің мақсаты-Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту арқылы жеке тұлғаның қоғам дамуының барысында алатын орнын білуге, оның экономикалық сауаттылығын қалыптастыруға байланысты жолдарын анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында зерттеудің алдына келесідей міндеттер қойылады:
- оқушыларға экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту;
- экономикалық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен қызмет жасауына қажетті білімді дамыту;
- жеке экономикалық білімдерді қабылдау, бақылау және қазіргі экономикалық көзқарастарды түсіндіру;
- 8сынып оқушыларына арналған «Экономика негіздері» пәнінің бағдарламасы бойынша сабақ оқытуды қарастыру.
Диплом жұмысының ғылыми және әдіснамалық негіздері: ҚР білім беруді 12 жылдыққа көшіру, оқушылардың экономикалық білімі мен тәрбиесін қалыптастыруды арттыру мәселелерін қарастырған ғалымдар: А. Құсаинұлы, М.Н.Сарыбеков, А. Құсаинов, Қ.Ағанина және Р.С. Амандосова. Қазақстандағы қаржы рыногының қалыптасуы мен дамуының теориялық және әдістемелік аспектілері қазақстандық экономистер Я.Әубәкіров, Қ.Қ. Ілиясов, М.Ә. Тілеужанова, Г.С. Сейтқасымов, Б.А. Көшенова, С. Құлпыбаев, А.А. Арыстановтардың ғылыми еңбектерінде қарастырылған. Дипломдық жұмыс осы авторлардың еңбектеріне сүйеніп орындалды. Сонымен қатар БАҚ шыққан мақалалар пайдаланылды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, басқа да нормативтік құжаттар, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігінің, Қазақстан қор биржасының материалдары пайдаланылды.
Диплом жұмысының ғылыми және практикалық маңызы:Тараз қаласының № 5-орта мектебінде мемлекеттік педагогикалық практиканы өту барысында осы мектептің 8 сыныптарында «Экономика негіздері» пәнінен сабақтар өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Бұл жұмыс кіріспе, 2 тарау, 4 параграфтан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Диплом жұмысының көлемі:
1. «ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫН МЕКТЕПКЕ ЕНГІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.2. Жалпы орта білім беруді жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасының заңнамалары мен арнайы құжаттарында білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік саясат белгіленіп, қазіргі білім беру мақсаты мен міндеттері көрсетіліп, оны шешу бағыттары айқындалған. [1].
Қазіргі қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті ұлттық байлықтың маңызды құрамы ретіндегі сипатқа ие болып, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі, шығармашылыққа талпынысы және қалыптан тыс жағдайларда әрекет ете білуі Қазақстан Республикасының өрлеуіне негіз, ал тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шарт бола алады.
Еліміздің жаңа білім беру жүйесі әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы талаптарға сәйкес келетіндей білім алушыларды өздігінше дамуға, алған білімдерін шығармашылықпен жүзеге асыра білуге икемдейтін, күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыдағы білім жүйесі болуы қажет.
Жалпы орта білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, даму тракториясын белгілеу және соның негізінде күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуге бағытталған білім беру жүйесін жетілдірудің қажеттілігі арта түсуде.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің қазіргі жағдайына жасалған талдаулар негізінде білім беруді жетілдіру бағыттарын айқындауға үлкен мүмкіндік туады. Қазақстанның əлемдік білім беру кеңістігіне кіруі, елдегі білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оның мазмұнын ашуды талап етуде.
12 жылдық жалпы орта білім беру жүйесіне көшудің тұжырымдамалық негіздерін жетілдіру қазіргі күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі деуге болады [2].
12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе.
Жас жеткіншектің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, болашақ өмірге еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр
Кез келген жаңа идеяның өмірге еніп, жүзеге асырылуы оның ғылыми-тұжырымдамалық негізін жасаудан басталатыны белгілі.
Қазақстан ғалымдары еліміздің мектептеріндегі білім беру саласының белгілі тәжірибелі мамандарымен бірлесе болашақ мектептегі білім берудің негізгі ұстанымдарын белгілеп, соның негізінде нормативтік және процессуалдық құжаттар дайындауда
Білім беруді ұйымдастыруда негізгі тұрғылар ретінде:.
-жеке тұлғалық,
-іс-әрекеттілік,
-құзыреттілік
тұрғылар алынды, олар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда.
Құзыреттілік – білім, білік, дағдыларды шығармашылық негізде жүзеге асыра білу қабілеттілігі десек, бүгінгі таңдағы білім беру мазмұны әрбір білім алушының стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:
- мәселелердің шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік.
Білімділік көрсеткіші жоғарыдағы құзыреттіліктердің қалыптасу деңгейімен сипатталады.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес дайындалған 12- жылдық білім беруді жүзеге асыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының негізгі ерекшелігі:
- білім берудегі жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік және құзыреттілік тұрғыларының енгізілуімен,
- білім мазмұнын жетілдіруге негізделген кіріктірілген (интегрецияланған) пәндердің ендірілуімен,
- оқу және демалыс мерзімдеріне өзгертулер ендірілуімен,
- білім сапасын бағалау жүйесінің өзгертілуімен,
- бағдарлы оқыту бағытының кеңейтілуімен сипатталады.
Еліміздегі 12-жылдық білім беру жүйесіне енгізуге ұсынылған интеграцияланған пәндер және бағдарлы мектептегі жеке пәндер:
- Қоршаған әлем,
- Өзін-өзі тану,
- Көркем еңбек,
- Жаратылыстану,
- Қоғамдық білім негіздері,
- Көркем мәдениет,
- Әлемдік көркем мәдениет,
- Экономика,
- Құқық
ҚР білім мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттары:
-мектептегі білім мазмұнын қоғамның жылдам өзгермелі сұраныстарына сәйкестендіру;
-сұранысты қанағаттандыруға үйрету, өздігінше білім алуға және оны іс жүзінде пайдалана білуге, оқушыны іс-әрекет субьектісі ретінде нақты, үздіксіз дамуына жағдай жасау;
-білім мазмұнын білім алушылардың жеке дамуындағы білім беру ортасы ретінде қарастыру;
-білім мазмұнының білім берушілік компоненетін жетілдіру, яғни білім мазмұнына білім алушылардың игеруі қажет негізгі құзыреттілікті /компетенцияларды/, технологияларды енгізу;
-білім алушыларды жүйелі түрде бағытталған ғылыми таным әрекеттерімен таныстырып, ақпараттық технология негізінде жетекші мотивацияны қалыптастыратын оқу жағдайларын кеңінен қолдану;
-білім мазмұнын гуманизациялауды қамтамасыз ету және білім алушының білім алудағы талғамын ескеру.
Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Орта мектептердегі бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асыру жоспары жалғасуда.
Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Күтілетін нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғысынан келуді жүзеге асыратын білім беру жүйесінің жаңа үлгісі келесілерді қамтамасыз етеді:
- білім алушының «дайын білімдерді алушы» ретіндегі енжар қалыптан танымдық үрдістің белсенді субъектісі бола алатын білім алушыға айналуын қамтамасыз ететін мектеп қызметінің маңызды процесі ретіндегі оқудың ролін көтеруді;
- оқу пәндері арқылы білім беру процесінде білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуды;
- білім берудің әрбір деңгейінде орта білім берудің құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктеріне, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуін;
- білім берудің әртүрлі деңгейлерінде тұлғаның дамуының бірізділігін сипаттайтын күтілетін оқыту нәтижелерінің әрдеңгейлі жүйесін құруда сабақтастықтың сақталуын;
- білім берудің сәйкес деңгейлерін бітіруші түлектердің тұлғалық сапасы ретінде көрініс табатын құзіреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелерді болжауды;
- оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде білім алушыларды нәтижелі әлеуметтендіруді;
- білім алушылардың сәйкес құзреттіліктерді меңгерудегі оқу жетістіктерінің деңгейлерін анықтау негізінде білім алушылардың, мектептердің, білім беру жүйелерінің даму өзгерісінің мониторингін жасауды.
Болашақтағы жалпы білім берудің мақсат, міндеттері 12 жылдық білім беру жүйесін ендірумен сипатталады. 12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мынадай білім беру нәтижелері белгіленген: ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | Педагог мамандарға қойылатын талаптар
» Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық-әдістемелік негіздері
» Дипломдық жұмыс: Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту
» Дипломдық жұмыс: Педагогика | 12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту әдістемесі
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы
Іздеп көріңіз: