Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3

І ТАРАУ. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ
1.1 Халық ұғымын сипаттайтын демографиялық көрсеткіштер .................6
1.2 Еліміздің демографиялық жағдайы .........................................................8

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДАН АРЫЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Еліміздегі демографиялық проблемалар..................................................18
2.2 Халқымыздың репродуктивтік мінез-құлқының өзгеруі және
оның әлеуметтік-психологиялық себептері....................................................24
2.3 Халқымыздың көбеюіне әсер ететін негізгі факторлар ..........................34

Қорытынды.......................................................................................................43
Сілтемелер.........................................................................................................49


Кез келген мемлекеттің ең негізгі байлығы – оның халқы. Демографиялық жағдай әрбір мемлекеттің экномикасына, ұлттық және мемлекеттік қауіпсіздігіне тікелей әсер етері сөзсіз. Қазақстан Респуьликасы Президенттің ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясының кезек күттірмейтін негізгі міндеттерінің бірі – еліміздегі кең өріс ала бастаған демографиялық проблеманы шешу болып табылады. Өйткені, әсер көлемі бойынша Қазақстан бірінші ондыққа (9-орын) кіруіне қарамастан, халық саны бойынша тым артта қалып отыр (60-орын). Дегенмен, мәселе алықтың орналасу тығыздығына ғана емес. Бұл проблема жер көлеміш шағын, экономикасы дамыған Европа мемлекеттеріне де өріс алуда.
1960-жылдардан бастап 1980-жылдардың соңына дейін тұрақты түрде және де жоғары ырғақпен өсу жолында болған Қазақстанның демографиялық жағдайы 1990-жылдары тоқтап қана қойған жоқ, тіпті үлкен жылдамдықпен кері кете бастады. Бұл процесі 1990-жылдардағы өтпелі кезеңнің негативті жағы деп қарай салу заңды болып көрінуі мүмкін. Халықтың әлеуметтік жағдайы өте төмен деңгейде болып, ол өз кезегінде демографиялық жағдайға кері ықпалын тигізгені рас. Халықтың өлу көрсеткіші артып, туу деңгейі төмендеп кетуіне байланысты табиғи өсім мүлдем болмады.
Қазақстанда туу деңгейінің төмендеуі кезек күттірмейтін мемлекеттік проблема болып табылады. Себебі, еліміз екі өзара қарама-қайшы жағдайға тап болып отыр: біріншіден мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен нарықтық қатынастарды дамыту үшін негізгі қажеттік халық санын еселеп өсіру міндеті мемлекет алдында көлденең тұрған болса, екіншіден дәл осы жағдайда халқымыздың табиғи өсімінің күрт төмендеуі үлкен проблемаға айналып отыр.
Жалпы, 1987 жыл Қазақстан үшін демографияда туу шыңы болып қалды: сол жылы 417 мың адам өмірге келген, немесе 1000 адамға 25,7 адам сәйкес келді. Ал, 1997- жылы, яғни 10 жылдан соң туу деңгейі 1000 адамға шаққанда 14,7 дейін төмендеп кетті. Бұл республика бойынша алғандағы орта есеп, ал кейбір аймақтардағы көрсеткіштер одан да төмен: Алматы қаласында 10,6, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында сәйкесінше 11,3 және 11,4 деңгейінде болған. Оның үстіне сол кездегі халық арасындағы өлім-жітімнің көбейіп кетуі байқалып отыр. Егер 1987 жылы үлкендер саны 1000 адамға шаққанда 7,6 болса, 1997 жылы 10,1 дейін жоғарылап кетті. Осындай жағдайлардың нәтижесінде, яғни, туу деңгейінің төмендеуі төмендеуі мен өлім-жітімнің артуының арқасында 1987-1997 жылдары халықтың табиғи өсімі 4 есеге дейін төмендегені рас [1].
Демографиялық көрсеткіштердің (туу деңгейінің төмендеуі, жас нәрестелердің өлуінің күрт жоғарылауы) кері динамикасы әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қиын ахуалмен, мысалы өндірстің төмендеуі, инфляция деңгейінің жоғарылауы, жұмыссыздар санының артуы, бір сөзбен айтқанда халықтың әл-ауқатының нашарлауымен тікелей байланысты [2].
Дегенмен, осы демографиялық көрсеткіштердің кері бағытта өріс ала бастағынын тек қана Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған 1990-жылдармен, нақты айтқанда әлеуметтік экономикалық ауыр өтпелі жағдайлармен байланыстырып қана қою проблеманы шешіп бере алмайды. Өйткені, қазірде Қазақстан экономикалық қиын-қыстау кезеңді артқа тастап, өз алдына бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруді жоспарлы түрде мақсат етіп отыр. Олай болса еліміздің демографиялық жағдайы автоматты түрде дұрыс бағытта жылжуы заңды құбылыс болуы тиіс еді.
Рас, қазіргі таңда демографиямызға көз салсақ, халқымыздың сан жағынан өсуі біршама адамды қуантады. Еліміздің демографиялық жағдайы тұтастай оңала бастады. 1999 жылдан бастап республикада халықтың елден тысқары миграция баяулады, ал 2004 жылы бірінші рет елімізде тура бағыттағы сальдо миграция процесі байқалады. Сондай-ақ халқымыздың құрамына көз салсақ жастар санының (15-29 жас) қарқынды өсуі байқалады. Некелесу жағдайы да сол 1999 жылдан бастап жақсарып келеді. Мысалы, жалпы неке коэффициенті 1999 жылы 5,75% болған болса, 2005 жылы 7,7%-ға жеткен. Соған сәйкес туу деңгейі де біршама жоғарылаған: туу саны 1999 жылы 1,79 болған болса, 2005 жылы 2,21 жылы көтерілген (туу саны – бұл репродуктивтік жастағы бір әйелге сәйкес келетін бала саны). Туу коэффициенті 1999 жылы 14,6% болған болса, 2005 жылы 18,2%-дан аса бастаған (1999 жылдағы 14,6% соғыстан кейінгі ең төменгі көрсеткіш болатын). Жалпы, менің айтпақ болғаным, бүгінгі таңдағы демографиямыздағы оң өзгерістер тек қана салыстырмалы түрде алғанда біршама жоғарылаған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің жемісі ғана емес. Мұның кейбір басқа да себептері бар. Есіңізде болса, мен жоғарыда 1987 жыл Қазақстан үшін демографиядағы туу шыңы болып қалғанын айта кеткенмін. Тек қана 1987 жыл емес, жалпы 1970-1980 жылдар біздің еліміздің сан жағынан көтерілуіне ауыз көпіртіп айтарлықтай оң ықпалын тигізген. Міне, сол жылдары дүниеге келгендердің есебінен бүінгі таңда жастар саны солсын, некелесу саны болсын, туу көрсеткіші болсын автоматты түрде көбейе түсуде, яғни осы күнгі демографиялық жағдай сол кздердегі екінші демографиялық серпілістің нәтижесі болып отыр. Алайда бұл уақытынша – ең негізгі стратегиялық мақсаты осы аталған буынның репродуктивтік потенциалын барынша тиімді пайдалану болуы тиіс [3].
Әрине, Қазақстанның демографиялық болашағын тек осы буынға тәуелді өтіп қою дұрыс болмас, яғни мемлекет өз күшін қай буын болсын туу деңгейін өсіруге бірінші кезекте салуы тиіс.
Екінші бір мәселе, бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жағдай мен демографияның арасындағы байланыс өте тығыз деп айта алмайтындығымызда. Сондықтан да мемлекетіміз осы әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту арқылы халық санының өсуін тұрақты және толық түрде қамтамасыз етуі екіталай. Бұған әр түрлі дәлелдер келтіруге кез келген социолог қиналмаса керек. Мысалы, бұл проблема тек қана Қазақстан алдында тұрған жоқ, сондай-ақ экономикасы өте күшті дамыған Европа елдері де өздерінің демографиялық жойылу проблемасымен мемлекет болып қарсы тұрып, күресулеріне тура келіп отыр. Жалпы, бізде яғни Қазақстан территориясында халық санының қысқаруы ХХ ғасырда бірнеше рет болған, ал қазір төртінші рет байқалып отыр. Алдыңғы 3 ретте ол өте күшті болған еді. Алдыңғылардан айырмашылығы, ол кезеңдегі тұрғындардың азаюы күшті әлеуметтік сілкіністермен – бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1916 жылғы ұлты-азатық көтеріліс, 1930 жылдардағы аштық пен репрессив, 1941-1945 жылдардағы екінші дүниежүзілік соғыспен байланысты болса, қазіргі кезеңдердегі халық санының азаюы тұрғындардың бұқаралық демографиялық мінез-құлықтарымен тығыз байланысты болып отыр. Сондықтан да, қазіргі кездегі тұрғын халықтың азаюын тоқтату, туу деңгейін арттыру, алдындағы үш ретпен салыстырғанда күрделі, өйткені ол кездегі себеп өлім-жітімнің уақытша опатты өсуі еді. Олардың аяқталуымен тұрғын халықтың табиғи өсімі қайта көбейіп, өз қалпына келе бастайтын. Қазіргі таңда табиғи өсім нәтижесінде ел халқының қалыпты жағдайға келуіне сену қиынырақ, себебі Қазақстан Республикасы тұрғындарының азаюы ұзаққа созылуы мүмкін. Демограф ғалымдар мен БҰҰ-ның болжамы бойынша 2015жылға қарай Қазақстан халқының саны ең жақсы дегенде 15 млн. 778 мың адамды, ал орташа болса 15 млн. 328 мың адамды, ал ең төмен дегенде 14 млн. 885 мың адамды ғана құрауы мүмкін екен. Бұл дегеніміз – біздің Республикамыздың халық саны әлі де 1979 жылғы санақ көрсеткіштері бойынша тіркелген 14 млн. 684 мың адамнан аса алмай отыр. Сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен демографияның арасындағы байланыстың әрдайым оң бола бермейтіндігінің тағы бір дәлелі ретінде өзімізге таныс көруші болып табылатын Өзбекстан Республикасы мысалға келтіруге болады. Біздің еліміз секілді Өзбекстан мемлекеті де КСРО ыдырағаннан кейін ауыр кезеңдерді басынан кешті, оның үстіне Өзбекстан өзінің табиғи ресурсына байланысты бүгінгі таң да Қазақстан секілді мықтап аяқ баса алған жоқ, бұл мемлекетте әлі де кедейшілік өте басым. Алайда, соған қарамай өзбек халқы ұдайы өсе отырып, өз еліне симай, біздегі проблемаға кері демографиялық проблеманы өздеріне туғызып отыр.Соған сәкес биыл, яғни 2008 жылы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан Үкіметі бір отбасыға максимум екі бала деген қаулы енгізген. Яғни, көріп отырғанымыздай бүгінгі таңда демографиялық процестерге әсер ететін факторлар әр елде әртүрлі, тіпті бір елдің өзінде аймақтық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан өз демографиямызға нәтижелі әсер ету үшін проблеманы жан-жақты зерттеп шығу ауадай қажет екендігін М.Б.Тәтімовтың өзі қолдап отыр.

І ТАРАУ. ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӨРІНІСІ

1.1 Халық ұғымын сипаттайтын демографиялық көрсеткіштер

Қоғамдағы кез-келген әлеуметтік процесс адамның қатысуынсыз іске аспайды. Барлық әлеуметтік процесстерге адамзат баласының тіеелей ықпалы бар. Демек, өмір сүріп отырған халықтың құрамын, құрылымын, атап айтқанда ең алдымен санын, сапасын реттеу арқылы қоғамдағы жүріп отырған әртүрлі әлеуметтік поцесстердің бағыт- бағдарына, жылдамдығына, ауқымдылығына белгілі бір мақсатта ықпал жасауға болады. Ал, осы өмір сүріп отырған халықтың құрамын, немесе санын, сапасын реттеп отыру демография ғылымының ең негізгі міндеті болып табылады. Әсіресе, соңғы кездері демографияның маңыздылығы бүкіл дүниежүзінде артып отыр. Оған мына фактілердің өзі-ақ дәлел бола алады: Біріккен Ұлттар Ұйымының берген мәліметтер бойынша жер шарында төртінші миллард адам 1976- жылы 28 наурызда дүниеге келген екен. Одан 11 жыл уақыт өткен соң, яғни 1987 жылы 11 шілдеде планетамыздың халқы бір миллиард адмаға көбейген, яғни бесінші млрд. адам дүниеге келген. Тағы да 12 жылдан соң, дәлірек айтқанда 1999- жылы 12 қазанда планетамыздың халқы және бір рет бір млрд. адамға көбейді, яғни алтынша млрд адам өмірге келді. Бүгінгі таңда жер шарының халқы 6,5 млрд- қа жетіп үлгерді. Жалпы, осы келтірілген фактілерге сүйене отырып, статистиктер мен демографтар мынандай қорытынды жасаған: «жер шарында жарты жүзжылдықтың ішінде демографиялық жарылыстың болғаны рас, дегенмен дәл бүгінгі таңда планетадағы халық санының арту жылдамдығы бірден төмендеп кетті» [4].
Яғни, қарап отырсақ, қоғамдағы демография ғылымының орны айрықша екені рас. Өйткені, алықтың санының , құрылымының өзгеруінің негізгі себептерін, бұл өзгерістердің қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуындағы рөлі қандай болатындығын тек қана осы демография ғылымы анықтап бере алады. Басқаша айтқанда, қоғамдық өмірдің ең маңызды жағын- адамзат ұрпағының жалғасуын тоқтатса, қоғамның өмір сүруі де тоқтайтыны ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Сондықтан да демографиялық білім, біріншіден, қоғамның өмір сүруі мен өзгеруі заңдылықтарын үйрену үшін қажет болса, екіншіден, жақын және алыс болашақта қоғамаға қандай сандағы адам баласы қажет болатындығын алдын ала болжау үшін және қоғамның өзі осы қажеттілікті қаншалықты өтей алатындығын алдын ала көріп білу үшін қажет болып табылады [4, б. 11].
Мысалы, демографияның өте кең ауқымдылығын мынандай сұрақтарды да қамтитындығынан байқауға болады: «зейнеткерлердің зейнеақы көлемі қандай болуы тиіс, ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығына байланысты зейнеткерлік жасын 63 жастан 60 жасқа төмендету қажет пе? т.с.с.» Жалпы, осы сияқты қоғамның өмір сүруіне қажетті сұрақтардың барлығын демография ғылымы жауап бере алады. Және дәл осы соңғы айтылған сөйлемнің өзі «не үшін демографияны үйрену керек» деген сұрақтың толыққанды жауабы бола алады.
Ненің есібіне халық санының өсуі немесе азаюы (туудың азаюы, өлім – жітімінің артуы, миграциялық процесстер тағы басқа) жүріп отыратындығын демогрофтар ғана түсіндіре алады. Халықтың ұлттық діни, жыныстық- жастық, әлеуметтік құрылымын үйрену қоғамның дамуы үшін өте қажет[5].
Көріп отырғанымыздай демографияғылымының адамзат баласы үшін, оның өмір сүруі болашағы үшін қызметі орасан үлкен. Соған сәйкес демография ғылымы өте кең өлемді қамтып, қоғамның кез-келген саласымен тығыз байланыста болуына тура келеді, соныдықтан да демография ғылымы күрделі бағыт болып табылады. Дегенмен, халықтың туу көрсеткішіне, өлім- жетімге, тағы басқа процестерге қаншалықты мән берілмесін, бәрі бір демграфиялық феномендерді басқару мүмкіндіктерінің аясы тым тар болып келетіндігін мойындауымызға тура келетіні шындық. Сондықтанда демографияны бағыттап дамыту көбінде мүмкін бола бермейді.Өйткені, демографиялық процесстердің дербестігі, оның ішінде экономикадан, әлеуметтен, рухани және саяси салалардан автономдығы дүние жүзілік тәжірибеден айқын байқалған. Салыстырмалы түрде алғанда миграциялық феномендер басқару икеміне келетіні рас. Бірақ, миграциялық процесстерді, яғни көші-қонды белгілі түрде басқаруға болатынымен, реттеу нәтижесі тым мардымсыз болып келеді, оның үстіне миграциялық процесстерді ретеуді экономикалық шығын өте көп. Соған қарамай, Қазақстан үшін миграция, соның ішінде иммиграция феномені маңызды рол атқарады. Алайда елімізде заңсыз иммигранттар да өте көп. Олар, негізінен Өзбекстан мен Қырғыстаннан келген қара жұмысшалар. Негізінен мақта, темекі, жүзім, техникалық дәнді дақылдарды баптап бағушылар. Сонымен қатар құрылыс, тиеу жұмыстарында көптеп кездеседі. Мұндай мигранттардың демграфиялық жағдайымызға ешқандай қосар үлесі жоқ. Керісінше осындай иммегранттардың кесірінен еліміздегі төменгі тап өкілдері, яғни қарапайым халық жұмыссыз қалуда. Жалпы, менің айтпақ болғаным әзірше бұл емес. Сондықтан демографиядағы халық ұғымы, оның санын, құрамын, құрылымын, сипаттайтын негізгі көрсеткіштері жайлы сөз қозғайтын болсақ, ондаең алдымен демграфияның тарихына кішкене тоқтала кеткен жөн болар. Жалпы демография қашан пайда болды деген сұрақ әлі күнге дейін пікір таластар тудырып келеді. Сонда да көбінесе демографияның атасы деп 1620-1674 жылдары өмір сүрген Джон Граунт танылады [6].
Дәлірек айтқанда, 1662-жылы 25 қаңтарда шыққан 90 беттік брошюрасы демография ғылымының бастамасы болып есептеледі. Ол брошюраның аты – «табиғи және саяси ақылау». Джон Гроунт өзінің осы 90 беттік еңбегінде Лондан тұрғындары жайлы кең ауқымды мәліметтер беріп кетеді. Қоғамның дамуы үшін мынадай сұрақтарға жауап беруді маңызды деп санайды: «Халық санының есебін білу әйелдер мен еркектердің сандық арақатынасын білу, некеге тұрғандармен жалғыз бастылар санын анықтау, ажырасқан әйелдер саны қанша, әскери қызметкерлердің саны қаншы, Лондан халқының саны қанша, ол қалай көбеюде, тағы басқа сұрақта». Осындай сұрақтарға жауап ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық проблемалар (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Қазақстанның демографиялық жағдайы мен демографиялық саясаты (9 сынып, III тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық саясат №2 (8 сынып, III тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық көрсеткіштер мен демографиялық жағдай (8 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Менеджмент дипломдық жұмыстар, Қазақстандағы демографиялық проблемалар және олардан арылудың негізгі жолдары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]