Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Фирманың басқарудың қалыптасуы мен дамуы
Мазмұны
Кіріспе………..……………………………………………………..…5
1 ҰЙЫМДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ МЕТОДИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ....................................................................11
1.1 Ұйым менеджментінің қалыптасуы мен дамуының негізгі алғышарттары………………………………………………………....11
1.2 Ұйымның мәні мен құрылымына көзқарастар эволюциясы...........................................................................…………16
1.3 Ұйымдарды басқарудың казiргi көзқарас (шетел тәжірибесі)….…...................................................................................27
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ....................................................................................................33
2.1 Қазақстан экономикасының даму этаптары…………………..……………...............................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың қалыптасуы мен дамуының құқықтық негіздері…………….………………………………………………....36
2.3 Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың даму перспективалары мен мәселелері…………………………………………….…………….....43
3 “АЛСИ” ФИРМАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ................................................................................................................54
3.1 “Алси” фирмасының қызметінің қысқаша сипаттамасы………………..................................................................54
3.2 “Алси” фирмасының басқару қызметін ұйымдастыру……….………................................................................58
3.3 “Алси” фирмасының маркетингтік қызметін талдау………………………………………………………………….65
Қорытынды………………………………………………...…73
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………..................................75
Жалпы басқару ғылымдарының бір бөлігі ретінде ұйымдардың құрылуы мен қызмет жасауының теориялық негіздері бірнеше ілімдер саласында зерттелінді-менеджменте, социологияда, антропологияда, психологияда, әлеуметтік психологияда, экономикалық ғылымдарда, құқықтануда және басқаларда.
Ұйымдардың іс-әрекетінің объективті жағдайының өзгеруі, көптеген жаңа көзқарастардың дамуына, ғылыми концепциялардың көбеюі, басқарудың меншіктен бөлінуі, нақты ғылым және адам жәйлі ғылымдардың дамуы ұйымдардың ғылыми тәсілдерін құруына, ықпалын тигізді. Бұл өмірге көптеген ғылыми идеялар мен ұйымның құрылу заңдылықтар туралы мектептерді, формальді және формальді емес, адамдың қатынастар туралы, әлеуметтік жүйелер туралы, жауапкершілік және қызметтердің бқлінуі туралы, шешім қабылдау теориясы туралы, басқару процесінің математикалық апраты туралы алып келді.
Қазақстанның қазіргі жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жүйелердің қиын және жантақгы ауысу процессі барысында үйымның калыптасуы мен тиімді қызмет етуінің кешенді негіздеудің маңызы зор. Үйымның басқару кұрылымына қойьшатын жаңа талаптарды рыноктың қатынастар, кәсіпкерлік белсенділік, әртүрлі меншік формаларына өту, мемлекеттік реттеу мен басқару функцияларының өзгеруі қойып отыр. Ғылыми негізделген принциптерге сүйеніп құрылған тиімді ұйымдар мен басқару табысты экономикалық реформаларды жүзеге асырудың басты шартына айналды. Өнімдер мен қызметтер бәсеклестілігі айтқанды үйымды басқарудың формалардың, әдістердің және құрылымдардың бәсекелестілігне айналды. Әрбір ұйымның тиімді қызмет етуі, қойылған мақсаты мен миссясын орындау, стратегиясының жүзеге асырудың маңызды шарты —
сыртқы орта өзгерістеріне бейімделген, қазіргі тенденцияларды ескере отырып қалыптастырылған басқару құрылымы.
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде нарық қатынастарын дамытуға беймдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін, ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін, белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады.
Зерттеу максаты мен міндеті: Бітіру жұьысының мақсаты Қазақстан Республикасында елдің экономикалық мүмкіндіктерін және ұйымдарды тиімді басқарудың шетелдің даму тәжіребиесін ескере отырып, ұйымдарды құрудың және тиімді басқарудың теоретикалық әрі практикалық тиімділігін ашып көрсету болып табылады. Осы мақсатқа байланысты келесідей мәсәлелерге тоқталып, олардың мән мағынасы толық қарастырамыз:
- ұйымдарды басқарудың методикалық және экономикалық негіздері және дамыған елдердің менеджментке қазіргі көзқарастары;
- Қазақстан Республикасындағы ұйымдардың қалыптасуы мен дамуының негізгі аспектілері және олардың даму перспективалары мен мәселелері.
- Алси фирмасының қысқаша сипаттамасы және басқару қызметін ұйымдастыру мен маркетингтік қызметін жалдау.
1.1 Ұйым менеджментін қалыптастыруы мен дамуының негізгі алғышарттары
Басқару, басқарушылық еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-әрекеттің айырықша түріне айналуы еңбек кооперациясымен байланысты. Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыстада болған. Бірақ менеджмент тарихын зерттеушілер оның жекелеген нышандары өте ежелгі қоғамдар – Шумерде, Египетте, Аккада да пайда болғандығын атап көрсетеді – жоғарғы касталы дін қызметшілері діни функционерлерге, дәлірек айтсақ, менеджілерге айналды. Бұған діни принциптердің өзгеруі себеп болған – адамдарды құрбан ету орнына қайыр садақа, мал, май, қолөнер бұйымдарын беру түріндегі символикалық құрбандықтар орын тебе бастаған. Осының нәтижесінде абыздардың арасында ритуалдық рәсімдерді сақтаудан басқа салықтарды жинауға жетекшілік ететін мемлекеттік қазнаны басқаратын мүліктік істерді жүргізетін іскер адамдардың жаңа типі пайда болды. Олар іс-құжаттарын, бухгалтерлік есеп айырсуларды жүргізетін, бүгінгі күні басқару процесінің мазмұнын анықтайтын қамдау бақылау жоспарлау және басқа да функциаларын атқарған. Сөйтіп, ең алғаш менеджмент коммерциялық және діни қызмет іс-әрекетін жүргізу құралы ретінде қалыптасты.
Менеджменттің дамуындағы кезекті күрт өзгерісті Вавилон әміршісі Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750 ж.ж.) есімімен байланыстырады. Кең байтақ иеліктерді тиімді басқару үшін ол тұңғыш рет Хаммурапидің заңдар жиынтығын шығарады. Сонымен, тұңғыш рет Хаммурапидің билік ету дәуірінде таза зиялы басқару үлгісі жасалып, адамдар арасындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудің ресми жүйесі пайда болды.
Бұдан едәуір кейін Вавилон мұнарасы мен аспалы бақтар жобасының авторы ІІ Навуходонасор патша (б.з.д. 605-562 ж.ж.) тоқыма фабрикалары мен астық қоймаларында өндірістік бақылау жүйесін енгізді.
Басқару жаңалықтарының айтарлықтай бөлігі Ежелгі Римде орын алған, олардың ішіндегі ең танымалдары – Диоклетианның (б.з.д. 316-243 ж.ж.) территориялық басқару жүйесі мен күні бүгінге дейін ешбір өзгеріссіз сақталған Рим католиктік шіркеуінің әкімшілік ұйымдастырылуы.
ХVІІ – ХVІІІ ғ.ғ. ұлы өнеркәсіп төңкерісі, алдыңғы төңкерістерге қарағанда, басқару теориясымен практикасына әлдеқайда елеулі ықпал етті. Индустрия (өнеркәсіп) мануфактурасының шектерінен асып, акционерлік капиталдың қазіргі заманығы жүйесі пісіп жетілген сайын капитал иелері бизнеспен айналысудан барған сайын алыстай бастады. Жаңа диверсификацияланған меншік формасы пайда болды. Жалғыз жетекші – меншік иесінің орнына тек қана пурсатты (айырықша құқылы) таптан ғана емес, барлық таптар ішінен іріктеп алынған бірнеше жолдамалы менеджерлер пайда болады.
Өндіріс көлемінің өсуі, капитал айналымының жеделдеуі, банк операцияларының ұлғаюы қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) ықпалы басқаруды өте-мөте күрделендіре түсті. Ол енді тек бір ғана дұрыс мағыналы ойды жұмсау саласы бола алмады, арнайы білімдерді, дағдылар мен сарапшылардың іскерлігін талап етті.
Әрбір өндіріс процесі дрбес функция қызметі мен менеджменттің іс-әрекет ету саласына бөлініп шығады. Функциялардың саны өсіп, оларды жаңа негізде үйлестіру мен біріктіру мәселесі шиеленісе түседі. Оларды біріктірү үшін, әрбір функцияға мамандар штаты бекітіледі, ал үйлестіру функциялары менеджмент үлесіне тиеді.
Бастапқыда меншік иесі мен менеджер бір тұлғада көрінген. Кейін басқару капитал мен өндірістен оқшауланады. Бір капиталистің орнына екі – акционерлер мен исалдамалы басшылар қауымдастығы пайда болады. Келесі даму кезеңі: менеджерлер көп әрі әрқайсысы нақты функцияны бақылайды. Бұдан соң бірегей менеджер – маман қайта бөлінеді және оның орнына мамандар қауымдастығы пайда болады.
Менеджмент жеке меншік секторда бизнес – менеджмент ретінде туындаған, бірақ ғылыми және әлеуметтік күш ретінде орта және шағын кәсіпорында емес, ірі корпорацияларда дамыды.
Көне және қазіргі ұйымдастыруды салыстыру.
Көне ұйымдастыру Қазіргі ұйымдастыру
Басшылардың біршама шағын болуы, орта буынды басшылардың мүлде болмауы Басшылардың көп болуы, орта буынды басшылардың көп болуы
Басқарылмайтын қызметке қарағанда басқарылатын жұмыстар көбінесе бөлінбеген және ажыратылмаған Басқару топтары айқын белгіленген, басқарылмайтын қызметке қарағанда, басқарылатын жұмыстар айқын бөлінеді және ажыратылады
Ұйымда басшылық қызметті иемдену, басшылық көбінесе туған күнінен бастап беріледі немесе күшпен беріледі Ұйымда басшылық қызмет көбінесе іскерлік қабілетіне қарай заңдылық пен тәртіпті сақтай отырып беріледі
Ұйым үшін маңызды шешімдерді қабылдай алатын шағын адамдардың болуы Ұйым үшін маңызды шешімдерді қабылдай алатын көптеген адамдардың болуы
Бұйрыққа және сезімге сүйену Ұжымдың жұмысқа және тиімділікке сүйену
.
Егер қоғамның капитализмне дейінгі даму кезеңінде басқару функциясы тікелей өндірістен әлі оқшауланбаған және негізінде бақылау мен еңбекке мәжбір ету функциясына бара-бар болса, капитализмнің дамуы өндірісті басқару функциясының ролін арттырады. Ол өз кезегінде барған сайын күрделеніп, дифференциялданып, өз алдына дербес, өзгеше іс-әрекет ету саласы бола бастайды. Осы келтірілген деректерден аңғаратынымыз – басқару барлық қоғамдық формацияда болған.
Әртүрлі мектептердің ұйымдарды басқарудағы тәсілдері.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында төрт әртүрлі басқарудағы ой-пікірлер мектептері көріне бастады. Хронологиялық белгілеріне байланысты олар: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының мектебі және басқару ғылымының мектебі (немесе сандық мектеп) (Мескон). Мектептің төртке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста қарастырылады.
Процестік тәсілде басқару өзара байланысты басқару функциясының үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады.
Жүйелік тәсілде атап көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар, құрылым, міндеттер мен технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа жетуді көздеуі тиіс.
Ситуациялық (жағдай) тәсілінде басқарудың әртүрлі әдістерінің жарамдылығы нақты жағдайға қарай анықталады. Ұйымдастырудың өзінде де, қоршаған ортада да сан алуан факторлар болатындықтан, өндірісті басқарудың біріңғай, “таңдаулы әдісі” болмайды.
Уақытша кезең
Басқару мектебі
1. Ғыллыми басқару тәсілі
2. Әкімшілік тәсіл
Мінез құлық туралы ғылым тұрғысындағы тәсіл
Сәндік әдіс тұрғысындағы тәсіл
З
Басқарудың процес ретіндегі тәсілі
Жүйелік тәсіл
Ситуациялық тәсіл 1885 1920 1930 1940 1950 1960 Қазіргі уақыт
Ғылыми басқару (1885-1920).Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф.У. Тейлордың есімімен байланысты (1856-1915). Бұл мектептің негізгі өкілдері: Френк, Б. Гильберт, Лилиан Гильберт және Генри Гантт. Тейлор ғылыми менеджменті төрт салада дамыдты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті, ұдайы сұрыптау және баулу, ықшалй ынталандыру.
Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып мынадай таутамаға келді: “дәстүрлі әдістің орнына” ғылым; қарама қарсылықтың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына еңбек өнімділігін орнына барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлық жағдай жасау.
Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:
1) Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрібір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу.
2) Жұмысшыларды ғылыми критерші бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.
3) Еңбекті ұйымдастырғанда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.
4) Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасынадағы жауапкершілік.
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып, Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндірісі құралдарын пайдалануды; материалдар мен аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияға бөліп, кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбәр операцияларға бақылау орнатуды, біріңғайланған еңбек ақыны қолдануды және т.б. көздеді.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін ұйымдастыруды қайта құру болды.
Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері Гильберт прибор ойлап шығарып оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі бір операцияда қандай қозғалыстардың атқарлатындығын және де олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланады. Осылайша олар, артық өнімсіз қозғалыстарды жою мақсатында жұмыс операцияларын өзгертті, әрі стандартты процедуралар мен жабдықтарды пайдаланып жұмыс тиімділігін арттыруға тырысты. Г. Эмерсон өндірісті және басқарманы ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің қажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе тиімділік тұрғысынан рационализациялауды қарастырды. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.
Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды, соның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды. Басшылар – практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланылатын тәсілдер мен әдістер практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді қолдануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті.
Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі (1920-1950).
Ғылыми басқару өкілдері өз зертеулерін негізінен өндірісті басқаруға арнады. Олар басқарылатын деңгейден төменгі статыдағы еңбек өнімділігін арттырумен шұғылданды.
Әкімшілік мектептері пайда болғаннан кейін мамандар басқаруды ұдайы жетілдірумен, әкімшілік қызметті ұйымдастыру принциптермен айналысты. Бұл проблемалар француз зерттеушісі Анри Файольдің (1841-1925) есімімен тікелей байланысты. Басқару деп есептеді ол, кәсіпорын мақсатына сай жолға қою, сөйтіп қолда бар ресурстарды пайдалана отырып барлық мүмкіндігін ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Географиядан сабақ жоспары: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Географиядан сабақ жоспары: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар (Құқық негіздері, 10 сынып, IV тоқсан)
» Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы
Іздеп көріңіз: