Дипломдық жұмыс: Менеджмент | АҚ Каспий Нефть ТМЕ компаниясының инновациялық жобасын басқару
Мазмұны
КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ............6
1.1 Жалпы инновация түсінігі ..............................................................................6
1.2 Инновациялық жобаларды басқарудың теориялық негіздері ....................12
1.3 Инновациялық жобалардың тиімділігін бағалау .........................................17
2 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ҚАЗІРГІ КҮНГІ ЖАҒДАЙЫ................................................................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасындағы инновациялық жобаларды басқарудың қазіргі жағдайы .........................................................................................................22
2.2 Инновациялық жобаларды басқарудың шетелдік тәжірибесі ....................41
2.3 АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясындағы инновациялық жобаны
басқару .......................................................................................................................52
3 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ...............................................................................................................61
3.1 Инновациялық жобаларды басқарудың, ұйымдастырудың және жүзеге асырудың болашағы (перспективалары) ................................................................61
3.2 АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясында инновациялық жобаларды басқару жолдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар ..............................................68
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................71
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................................................74
«Қазақстан—2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты — қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз.
Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі — ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі орны ерекше. Мемлекеттегі өзекті мәселелерге тікелей байланысты ғылыми-техникалық саясат жан-жақты қолдауды қажет етеді.
Инновациялық қызметтің тиімділік мәселелері, басқа да экономикалық дамудың маңызды факторлары сияқты, аймақтық, ұлттық, экономикалық ерекшеліктерін ескеретін және біздің мемлекетіміздің мүддесін қорғайтын саналы мемлекеттік саясатты әзірлеуді қажет етеді. Соңғы кезде елімізде ғылыми-техникалық және өндірістік саясаттың мемлекеттік механизмі айқындалып отыр. Сонымен, 2000 жылы «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық концепциясы» қабылданды, 2015 жылға дейін жүзеге асырылуға тиіс Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді (2003 жыл, мамыр). Оның негізгі мақсаты ішкі нарықта бәсекеқабілетті, жоғары қосымша құны бар экспортқа бағытталған өндіріс орнын салу. Бұл қойылған мақсат ғылымды көп кажет ететін, жоғарытехнологиялы өндірістер салуға ынталандырады, қаржылық және нақтылы секторлар арасында «ғылым-өндіріс-нарық» циклы бойынша тиімді байланыс жасауға мүмкіндік береді. Өндірісті диверсификациялау және модернизациалау шикізат бағытынан өңдеуші бағытына өтудің негізгі факторлары болып есептеледі. Берілген бағдарлама шеңберінде жаңа даму институттары құрылды: Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның даму банкі.
Алдынғы уақыттарда экономикалық өсу факторы ретiнде посткеңестiк елдерде инновация екiншi деңгейдегi жоспар болып келдi. Бiрақ әлемдегi дамыған елдер тәжiрибесi және отандық тәжiрибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу инновациялық қызметсiз жүзеге аспайтындығына көз жеттi. Мiне осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға деген көзқарас өзгердi. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде атап өткендей, “елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi [2].
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Бітіру жұмысымның мақсаты – инновациялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілерін зерттеу және шет ел тәжірибесі мен қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық жобаларды басқару механизімін талдау негізінде оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Бітіру жұмысымның негізгі міндеттері төмендегі шаралармен айқындалған:
- Инновациялық жобалардың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Кәсіпорындардағы инновациялық жобаларды басқару үрдісін талдау;
- Инновациялық жобаларды басқарудағы дамыған шетел мемлекттерінің тәжірибесін зерттеп, олардың елiмiздің экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
- Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың тиiмдi екенiн дәлелдеу;
- Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтiң дамуына талдау жасау;
- Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу шараларына шолу жасау.
- Венчурлік бизнесті ұйымдастыру механизмдерін талдау және оны тиімді ету жолдарын іздестіру.
Бұл тақырып бойынша көптеген шетелдік танымал ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізген, олардың ішінде инновациялық теорияның негізін қалаушы атақты австриялық ғалым Й.Шумпетер және Г.Менш, П.Друкер, Р.Фостер, Б.Санто, М.Портер, Б.Твисс, Л.Водачек, О.Водачкова, Дж. Мартино, Д.Сахал, Э. Янч т.б.
Отанымздың ғалымдары да бұл мәселені зерттеуге белсене қатысып жүр, олар А.А.Алимбаева, А.Т.Ашимбаева, У.Б.Баймуратов, Ф.М.Днишев, Е.Б.Жатканбаев, К.Е. Кубаев, А.К.Канатчинова, А.К.Кошанов, М.Б.Кенжегузин, Б.А.Кембаев, К.А.Сагадиева, С.К. Джумамбаев, С.Т. Купешова, А.Н. Тургинбаева және т.б.
Менің бітіру жұмысым осы зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне негізделген, бірақ инновацялық қызметті басқару, ұйымдастыру оны мемлекеттік реттеу мәселелері әлі де болса толық зеріттелмеген. Сондықтан менің жұмысымда инновациялық қызметті басқарудың теориялық аспектілерін тереңірек зерттеп, қазақстандық кәсіпорындар үшін инновациялық менеджменттің тиімді әдістерін ұсыну негізгі мақсат болып отыр.
Бітіру жұмысы 3 бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-ші бөлімде кәсіпорынныың инновациялық жобаларды басқарудың теориялық аспектілері қарастырылған. Бұл бөлімде иновациялық теорияны зерттеген экономист классиктердің еңбектеріне, сондай-ақ инновация ұғымына берілген анықтамаларына шолу жасалынды. Инновациялық процесс кезеңдері мен оны ұйымдастыру әдістері және инновациялық менеджменттің қазіргі кезеңгі басқару әдістері де осы бөлімде талданылды.
2-ші бөлім «Инновациялық жобаларды басқарудың қазіргі күнгі жағдайы» деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстанның инновациялық саласының дамуына талдау жасалынып салыстырмалы анализ жасалынды және инновациялық саланы мемлекеттік реттеу мәсеселері қозғалынды. Сонымен қатар бұл бөлімде АҚ«Каспий Нефть ТМЕ» мекемесіндегі инновациялық жобаны басқару ерекшеліктері талданған. Бұл сұрақты қарастыру себебіміз, инновациялық сала мемлекеттің қолдауынсыз дами алмайтын салалардың бірі болып табылады. Инновациялық даму саласы мемлекеттік стратегиялық маңызды салалардың бірі, инновациялық бизнес мемлекеттік ынталандыруды көп талап етеді. Бұл бөлімнің үшінші сұрағы нақты компаниядағы инновациялық жобаны басқаруды талдауға арналды.
3-ші бөлімде «Каспий Нефть» АҚ компаниясының инновациялық қызметін басқаруды жетілдіру жолдары қарастырылды. Соңғы сұрақ инновациялық жобаларды басқару процесін жетілдіру үшін шаралар мен ұсыныстарға арналған.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Жалпы инновация түсінігі
Жалпы “Инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады [3].
Атақты экономист Джеймс Брайен Куинн инновациялардың көптеген қасиеттерін біріктіріп, оларды бір жүйеге келтіріп, келесідей етіп топтастырды:
- Инновациялар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған;
- Олар ықтималдық қасиетке ие;
- Аса күрделіліктерімен ерекшелінеді;
- Көп уақыт керек етеді;
- Күтпеген жерде өзгерістерге, қарсылықтарға, тәуекелге тап болады;
- Әдетте идеяның фанаттары немесе нағыз ғалымдардың бастамасынан дамиды.
Қазіргі кезде инновациялық қызметті реттейтін дүниежүзілік ұйым бар. Ол ұйым Италияның Фраскати қаласында 1993 жылы құрылып, Инновациялық қызметті реттейтін «Фраскати құжаттары» атты құжат қабылданған. Қазіргі күні бүкіл мемлекеттер инновациялық қызмет саласын осы «Фраскати құжаттары» негізінде реттеп отырады. Осы құжат бойынша инновация дегеніміз – тәжірбие жүзінде немесе әлеуметтік салада пайдаланылатын жақсартылған немесе тіпті жаңа өнім мен технология түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.
Ағылшын-орыс сөздігі бойынша «инновация» бұл жаңалық енгізу, жаңашылдық, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Инновация терминіне түсінік қысқаша жалпы редакциясы В.А.Макоренконың «қазіргі кездегі түсініктер мен терминдер» сөздігінде: «инновация» (ағылшын «innovation» -жаңалық енгізу, «жаңалық», латын тілінде «innovation» - «жаңарту», «жаңғырту») бұл:
- Техника мен технологияның алмастыруды қамтамасыз ету үшін экономикаға жұмсалынатын қаражат;
- Ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі болатын жаңа техника мен техноголия нәтижесі;
- Дайын өнім, жаңа ойларды синтездеу, өндіру. Жаңа технологиялар, моделдер құру, оларды өмірге енгізуді қамтамасыз ететін саяси бағдарламалар, т.б;
- Тіл білімінде – жаңа білімнің пайда болуы, морфологиядағы жаңа түсініктердің пайда болуы.
Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметтер туралы заңына» сәйкес инновация дегеніміз ғылыми техникалық зерттеулер мен интеллектуалды еңбектің нәтижесінде пайда болған жаңа немесе жақсартылған өнім және жаңа немесе жақсартылған технология.
Егер жаңалықтың экономикалық және әлеуметтік құны болмаса, онда ол инновация емес, себебі инновация деп өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үрдістердің нәтижесін айтамыз. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде инновациялық өнімнің міндетті түрде белгілі бір тиімділікке негізделуі дәлелденген. Инновациялық пайдалы эффекттің мынадай түрлері болады :
- экономикалық тиімділік, инновациялық өнім немесе технология міндетті түрде пайда немесе шығындарды үнемдеуге бағытталады;
- экологиялық тиімділік – инновациялық өнім экономикалық тиімділікке ие болмауы мүмкін, бірақ ол экологиялық оң тиімділікке ие ;
- ғылыми–техникалық тиімділік дегеніміз, өндіріске енгізілген инновациялық өнім немесе технология ешқандай ақшалай пайда әкелмеуі мүмкін, бірақ ол ғылым мен техникаға теориялық жаңалық әкеледі;
- әлеуметтік тиімділік – халықты әлеуметтік қорғау саласына арналған инновациялық өнімдер жасау. ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Turbo Pascal программасында «Механика» пәні
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару
» Дипломдық жұмыс: Қаржы | Компанияның қаржылық жағдайын мониторинг жасау
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы
» Дипломдық жұмыс: Бағдарламалау | Turbo Pascal программасында «Механика» пәні
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Ауылшаруашылық салаларында қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру мен басқару тиімділігі («Байсерке - Агро» ЖШСкәсіпорын мысалында)
» Дипломдық жұмыс: Теміржол | Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару
Іздеп көріңіз: