Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе .......................................................................................................
Негізгі бөлім

I тарау. Ағылшын тіліндегі шыққан отандық кітаптардың мақсаты мен маңызы .....................................................................................................
Ізденіске түсірген мұқтаждық

Ұсынысты анықтайтын сұраныс

II тарау. Мазмұн мен түр үйлестігі .....................................................
2.1 Тақырып таңдау талаптары

2.2 Безендіру ерекшеліктері

Қортынды ...............................................................................................

Әдебиеттер тізімі .....................................................................................
Сілтемелер ................................................................................................

Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел-жұрттың қай-қайсысы болсын атадан қалған аманатты көзінің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа дара қасиетін жеткізу - этностық табиғи заңдалық. Бұл заңдылықтың орындалуы, алдымен, ұлттың жұтылып кетпей, ғасырлар өтсе де ұлттың алғашқы сипаттағы ұлт болып қалуы үшін қажет. Ал, ол даралық қасиетті жеткізуде неше түрлі әдіс бар. Қазақтың бойындағы ақындық қасиет тектіліктен берілгендей, ұлттың мәдениеті, әдебиеті, тарихы еш боямасыз бүгінгі күнге жетіп отыр. Қазақтың ауыз әдебиеті арқылы тарихи тұлғаларды біліп, әдет-ғұрыптар негізіде бой түзеп, дүние таныдық. Бұл құндылықтар - қазақтың жер бетінде “Менін” айқындауда аса күшті құрал. Осы құндылықтарды насихаттау арқылы мемлекеттерге танылуда, жаһандану процессінде ұлт ретінде даралануда, әлемдік өркениетке ұлттық коллоритпен кіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны ерекше. Аманатқа қиянат жасамай, ауыр жүкті арымен көтеретін де осылар. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде кітаптың атқарар қызметі ұшан-теңіз. Оның ұлтқа берері де мол. Сондықтан осы тұрғыдан келгенде мемлекет кітап ісінің маңыздылығына, күрделілігіне аса назар аудару қажет сияқты.
“Мәдениетті ұлт болып тәрбиеленуге екі құдіретті күш әсер етеді – көркем өнер мен ғылым. Бұл екеуімен де кітап бетінен дидарласасың” /28/.
М. Горький
Еліміздің ұлт құндылығын ұрпақтан-ұрпақтан жеткізуде кітапты пайдалануы оның қасиетін арттыра түсуде. Мәселен, мемлекеттің “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыруда кітап басып шығару ісі жетекші роль атқарып отыр. Бұл бағдарлама көп тармақты жүйеде орындалып жатыр. Бірақ, негізгі деттеген мақсаты біреу, ол - ұлттың мұраларын сақтап, шетелдерге таныту және шет ел әдебиеттерін қазақ тіліне көптеп аударып, ұлттың ой -өрісін әлемдік кеңістікпен теңестіру.
Мен “Қазақстанда баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшелігі” атты тақырыпты кездейсоқ таңдаған жоқпын. Тақырыптың көтерер жүгі ауыр болғанымен берер сауабы мол. Жоғарыда айтып кеткендей ұлт болып сақталып қалуда негізгі концепциялардың орындалуы осы экспортқа арнайы дайындалған кітаптарға байланысты. Кітаптардың алғашқы жетістігі олардың ағылшын тілдінде басылуы болса, олардың мемлекеттің қандай да бір қоғамдық-саяси идеясын жақтап, еркін насихаттай алатыны - екінші жетістік. Ал, күрделі функцияларды орындауда кітаптардың сапасы қаншалықты? Олар міндеттелген тапсырманы толығымен алып шығуға қауқарлы ма? Ағылшын тілінде енді басылып жатқан кітаптарды көптеп шығаруда әлеуметтік, өндірістік салалардың қайсысы көбірек мұқтаж? Кітаптар қандай негізде басылуда? Міне, тақырып төңірегінде осы тектес сұрақтарға ғылыми тұрғыдан жауап іздеп, салиқалы тұжырымдар жасау - бітіру жұмысымның негізгі мақсаты.
Зерттеудің дерек көзі ретінде “Алматыкітап”, “ Атамұра”, “Білім” баспаларының материалдары кеңінен пайдаланылды. Ағылшын тіліндегі аудармалардың сауатты жасалғанына көз жеткізіп, батыл баға беру үшін , әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шет тілдер кафедрасының маманы Айнагүл Өмірәліқызының көмегі тиді. Сонымен қоса, тақырыптың мұқтаждығын ашуда халақаралық қатынастарға байланысты бір қатар әдебиеттер қарастырылды. Бітіру жұмысында келтірілген кейбір фактілер “Алматы” қалалық телеарнасында эфирге шыққан өзім дайындаған сюжеттерде пайдаланылды.
Ағылшын тіліндегі кітаптарды тек мемлекеттік тапсырыспен шығып жатқан жоқ. Олардың көбі жеке ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, жекеменшік қоғамдық қорлардың қаржысының негізінде жарық көріп жатыр. Ал, олардың ішіндегі кітаптардың кейбірі қандай идеологияға сүйеніп, кімнің мүддесін қорғайтындығы әлі де белгісіз.
Тақырыптың маңыздылығы зор. Бұл зерттеу жұмысы мемлекетіміздің өндірістік, экономикалық дамуында аса жетекші орын алатын салалар бойынша, сонымен қоса қосымша қандай сала бойынша кітап басып шығару мұқтаждығын айқындап, бір ізділікке салып беруге көмекші құрал ретінде ұсынылмақ.
Түркі дүниесінің ортақ мақтанышы, ойшыл - ғұлама Жүсіп Баласағұнның “Қажетті керексізден кесіп тастар Ғалымдар тура жолға елді бастар,” – деген даналық сөзінде шындық бар.

Елді тура жолға бастайтын ғалымдар сияқты, дұрыс шығарылған құнды кітап та мемлекеттің ісінің алға басуына қызмет етеді.
Тарихи кітаптар көршілес елгедерге жіберілетін ұлт этикеті немесе елші сияқты/.
Б. Паскаль
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан 2030” атты Жолдауында елімізде “тұтас ақпарат жүйесін жасау” міндеті қойылған. // Әлеуметтік қатынас құралы – кітап бұл жүйеден лайықты орын алуы тиіс. Халықтың тәрбиешісі де, ағартушысы да, күллі адамзат дамуының ұйытқысы да кітап екені мәлім. Кітаппен басталған игілікті іс, тек игілікті мұраттарға жеткізу керек.
Бітіру жұмысымның өзектілігі – бұл тақырыптың алғашқы рет ғылыми жұмыстың нысаны болғандығында. Осыған дейін бұл тақырып баспасөз беттерінде жалпы аударма мәселелері жөнінде көтерілген мақалалардың көлеңкесінде қалып келді. Тақырып бұрын соңды ұзақ әңгіменің арқауы болмағандықтан, бұл мәселе жөнінде деректер де аз. Ал, жүйелі жазылған кітаптар әлі шыға қойған жоқ. Десек те, аталмыш тақырып жеке ізденіске итермеледі. Баспаларды аралап, ағылшын кітаптарын іздедік. Олардың өзі бірен-саран. Ізденіс барысында Қазақстан баспалары ағылшын тіліндегі сапалы аудармашы маман тапшылығын көріп отырғандығы анықталды. Және басқа кітаптарға қарағанда кітапты ағылшын тіліне аударып басып шығару біраз шығынға батыратын көрінеді. Себебі, таралымы 1000-нан төмен болмаса, одан аспайды. Ал, тиражы аз болған сайын өнімнің бағасы жоғарлай бермек. Баспалар бұл кітаптарды көп тиражбен шығарса, оларды тұтынатын аудиторияның көзі әлі де табылған жоқ. Сондықтан бұл кітаптар халықаралық көрмелерге қатысқанда, шет елдік қонақтар келгенде ғана бей ресми түрде экспортқа бір-бір дана болып шығу мүмкіндігіне ие болады. Бұл әрине, уақыт еншісіндегі мәселе.
Бұл жұмыстың құрлымы кіріспе, екі тараудан және қортындыдан тұрады. Әр бөлімді екі тақырыпшаға бөлдім. Бірінші бөлімнің алғашқы тақырыпшасында ағылшын тілінде кітап шығаруға еліміз қаншалықты мұқтаж екендігін анықтауға және бұл мұқтаждық уақыт табынан туындап отыр деген тұжырымдаманы дәлелдеу мақсатында материалдар жинап, бір жүйеге келтіруге тырыстым. Осы тараудың келесі тақырыпшасында сұраныстың деңгейін анықтап және кітап таратуда, оның тиражын көбейтуде қандай кедергілер тұрғанын анықтау мақсатында материалдар талданады. Екінші тараудың алғашқы тақырыпшасында қолда бар кітаптарға нақтырақ тоқталуды жөн көрдім. Соңғы тақырыпшада қазіргі технологияның кітап безендіруі ісіне алып келген жаңалығы туралы сөз етіп, оның жаңа мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырдым.
I тарау
Ағылшын тілінде шыққан отандық кітаптардың мақсаты мен маңызы

1. Ізденіске түсірген мұқтаждық
Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру алдында тұр. Еліміз бұл жетістікке жылдар бойы жасалып келген аса күрделі даму стратегиялық жоспарының арқасында жетіп отырғаны белгілі. Бұл мәселеге Елбасы биылғы халыққа жолдауында баса назар аударып, 50 ел қатарына кірудің алғашқы дайындықтарын саралай келе, экономика саласына бағытталған нақты ұсыныстарға тоқталды. Мәселен, олардың ішінде 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъктілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай мөлшері еңгізілуі туралы немесе 2006 жылы мұнай – химия өндірісін дамытудың таяудағы он жылға арналған кешенді бағдарламасын белсенді түрде іске асыруды бастау сияқты т.б. ұсыныстарды айтуға болады. Нарыққа бет бұрған ел алдындағы ең өзекті мәселелерінің бірі - шет елдермен экономикалық байланыстарды дамыту. Ал, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуда әлемнің жетекші тілдерінің алатын орны ерекше. Оның ішінде ағылшын тілінің халықаралық байланыстар аренасында аса жоғары роль атқарып отырғанын ұмытпауымыз керек. Ағылшын тілін білу арқылы дүниедегі өркениетті елдердің ғылым мен білім құндылықтарын жинап, өнер мен жаңа технологияны, іскерлік пен кәсіпкерлікті үйрену дамушы мемлекет үшін ауадай қажет факторлар. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “2030 -даму бағдарламасының” екінші құрылымдық бөлімінде Қазақстан АҚШ-ты қоса алғанда басты демократияшыл, индустриясы дамыған мемлекеттермен байланысты жоғары қарқынмен күшейтуді көздейді делінген. Бүгінде еліміз Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ), Халықаралық валюта қоры, Дүниежүлік, Азиялық, Еуропалық және Ислам даму банктері сияқты Халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен қолдауын барынша пайдалануға құлықты болып отыр /1/. Бұл маңызды қадамдарды жасауда Қазақстанның өзге мемлекеттер алдында территориясы толық белгіленген, демократиялық даму жолындағы тәуелсіз мемлекет ретінде өзіндік имиджін қалыптастыру керек. Уақыт талабы солай. Рас, Қазақстанның имиджі бірінші кезекте қазба байлықтары мол, шикізат көзін, соның ішінде мұнайды көп мөлшерде иеленуші мемлекет деген негізде құрылған болатын. Бұл имиджді жасауда мемлекет арнайы жоспар құрып, күш салған жоқ. Еліміздің егемендігін мойындаған елдер Қазақстанды дәл осы имидждік тұрғыдан қабылдады. Мәселен, 1993 жылдың 30 - маусымында АҚШ-тың Қазақстандағы У.К. Кортни АҚШ сенаторы Ричард Лугардың Қазақстанның дамуына жоғары баға берген сөзінің арнайы нұсқасын әкеліп тапсырған болатын. “Қазақстан, - депті ол,- дамуы жағынан ең үлкен үміт күттіретін елдердің бірі. Қазақстандықтар прогметизмге бейімділігімен, тату-тәтті ұлттық қатынастарымен белгілі. Демократия мен нарық экономикасы жолында да маңызды қадамдар жасап келеді,”- деп түйеді /2/. Бұл ретте Америка Қазақстанды – 1995 жылы төтенше маңызды стратегиялық қарулануды шектеу жөніндегі Келісімді (ОСВ-1) бірінші болып бекіткен мемлекет ретінде танитынын ескерте кету артық етпейді.
Жаһандану процессінде имиджді қалыптастырудың маңызы өте зор. Белгілі саясаттанушы Ерлан Карин: “Мемлекеттің қай саласы болмасын сыртқы және ішкі саясат үшін имидждің ұлттық негізде құрылуы кезек күттірмейтін мәселе ”- дейді /3/. Бұл пікірдің астарында шындық жатыр. Имиджді екі бағытта қалыптастыру керек деп ойлаймын. Бағыттардың бірі жаһандану табалдырығын аттауында ұлттық болмысымызды, мәдениетіміз бен тілімізді сақтап қалуға қызмет етуі тиіс болса, екіншісі, мемлекеттің саяси-экономикалық даму жолдарын жеңілдету үшін құрылуы тиіс. Қазір баспасөз беттерінде жаһандану тақырыбындағы жарияланған барлық мақалалар қазақ тілі мәселесінен сырт айналып кете алмайды. Неге? Себебі, Мемлекет қазақ тіліне қағаз жүзінде болғанымен, іс жүзінде мемлекеттік тіл мәртебесін бере алмай отыр. Ал, бұл мәселе түбірімен шешілмесе, жаһандану “алаңында” біздің ұлт ретінде жұтылып кетуіміздің қауіп бар. Осыдан 150 жыл бұрын әлем 15 мың тілде сөйлесе, бүгін 8 мың тілде сөйлейді. Ал, зерттеушілердің пайымдауынша, жиырма бірінші ғасырдың аяғында әлем не бары 800 тілде сөйлеп, оның 100-ден астамы ғана мемлекеттік мәртебеге ие болады. Көптеген мемлекет өзгенің құзырына амалсыз өтеді. Бұл құбылыс адамзаттың даму тарихында аксиома ретінде қарастырып келеді. “Жаһандануда таза экономикалық прогматизм де, технологиялық прогресс, әлемнің реализімі де, тұтыну мен өндірістің стандарттау режимі де бар. Мемлекеттілік идеясы өлмей тұрып, регионализм мен сепаратизм өлмейді” /4/. Осы тақырып аясында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы мынандай пікір айтады: “Ұлтсызданудың басы тілді құрметтемеуден басталады. Тілді өзгеге құрметете білуіміз керек. Жаһандану бір жағынан ғылым, білім, технология және ақпарат саласында ұлттарды жақындатса, екінші жағынан, адамзаттың алуан түрлі табиғатына, мәдениетіне қайшы келіп, халықтардың бір қалыпта, бір үлгіде тәрбиеленуіне итермелейді. Ұлттық құндылықтардың астарында терең қоғамдық сұраныс, тіпті, мұқтаждық жатыр. Бүгін ұлттар компьютер тілін де өз ұлтының тілінде білуге ұмтылады, ешқандай ұлт өзінің жұтылып кетуін қаламайды. Жаһандану үрдісі жаңа технологияны меңгеруге, өзге тілді, мәдениетті үйренуге, өзге тұрмыс-салтты қабылдауға мәжбүрлейді. Өз ұлтының құндылықтарын, тілін, дінін меңгерген сырттан келген құнды ақпаратты өз қазанына қайнатып, өз ой елегінен өткізіп отырады. Мұндайда отарланған, тілі кесілген қазақ сияқты әлі де әлжуаз, әлсіз, өзгеге табынудан арыла қоймаған ұлттар жұтылып кетуі мүмкін /5/.” “Қазақ тілін дамыту дегеніміз жалпы гуманитарлық тұрғыдағы қуатты қаруды шыңдау деген сөз /6/.”
Жоғарыда айтылған имидж жасаудағы екінші бағыттың маңыздылығын сөз етпес бұрын, бүгінде Құрама Штаттардың Ауғаныстанмен шектелмей көршілес Орта Азия елдеріне, соның ішінде Қазақстанға дендеп енуінің басталуымен күрт өзгерген қазіргі жағдайда Қазақстанның сыртқы саясатының мән-мағынасын қайыра ой елегінен өткізу, елдің халықаралық саясатындағы басым бағыттарға талдау жасап, оларға сын көзімен қарауға объективті қажеттілік күрт өсіп отырғаның айта кету керек. Бүгінге дейін көптармақтылық принципінен жазбай келе жатқан Қазақстанның сыртқы саясатында кейінгі кездегі уақыттың бірқатар шындығы ескерілмей келеді. Ресей және Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуропалық Одақ мемлекеттермен, Қытаймен, Үндістанмен, Жапониямен, Түркиямен және Иранмен арада бірқалыпты қарым-қатынас ұстау, өзара тең мүдделестікке ұмтылу қазір қай кездегіден де қиындап барады. Қазақстан ең алдымен аймақтық мемлекет болғандықтан республиканың өзі орналасқан аймақтағы ролін күшейтіп, алдынғы орынға шығуға күш салуы керек. Себебі, АҚШ, Ресей және Еуропа одағы елдері тәрізді ірі державалар Орталық Азия елдерімен өз қарым-қатынастарын олардың аймақта алатын орнының қандай екендігіне байланысты құруға бейім. Демек, сыртқы саяси күш-жігер ең алдымен аймақ ішіне, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасты ілгерлету ісіне жұмсалуы тиіс. Саясаттанушылар осы мәселеге қатысты тың ұсыныстар білдіруде. Олар Президент алға қойған мақсат-міндеттерін шешу үшін Елбасының жанынан сыртқы саясат жөніндегі Ұлттық кеңес құру қажеттілігін айтып отыр. Мұндай орган құрылса, сыртқы саясаттағы маңызды мәселелерді бүкіл мүдделі тоаптардың қатысуымен шешуге мүмкіндік туар еді. Сыртқы саясат концепциясын жасауға жұртшылықтың әр тарабынан өкіл тарту жүзеге асып, сыртқы саясаттағы мәселелерді жалғыз ел Президентіне жүктеп қою тыйылар еді. Мұнын үстіне бұл мемлекет жүргізетін сыртқы стратегиялық саясатты жоспарлауға жағдай жасайды. Қазақстанның сыртқы саяси мәселелерінің тым күрделі екендігін келтірілген мысалдар арқылы көз жеткіздік деп ойлаймын. Ал, оның салиқалы саясат жүргізіп отырған мемлекет ретіндегі имиджін қалыптастыру аталған күрделі мәселелерден де анағұрлым қиындау.
Мұхтаждық ізденіске түсіреді. Қазақстанның имиджін жасау - негізінен бұқаралық ақпарат құралдарының еншісіндегі мәселе. Сондықтан болар, кезек күттірмес мәселені шешуде Бақ – тың рөлі аса зор екенін ескерте келе, Елбасы Астанадағы Қазақстан Журналистерінің бірінші конгресінде “БАҚ-тар жекелеген топтардың қолшоқпары болмауы керек”- деді. Сондай-ақ, Президент осы жиында Қазақстанда “күшті ақпараттық компания” құру қажеттігі туындап отырғанын баса айтты.
Бүгінде имидж қалыптастыруын, елді танытуда негізгі күш баспагерлерге түсіп отыр. Себебі, Шет елдерге, оның ішінде Батыс елдеріне ағылшын тілінде ақпарат тарататын бізде радио мен телеарналар жоқтың қасы. Сондықтан бұл олқылықтың орның экспортқа шығып жатқан (интернет сайттарын айтпағанда) баспа өнімдері толтыруға мәжбүр. Оның өзінде бұл үрдіс қазіргі кезде стихиялық түрде аяқ алып келе жатыр. Яғни, баспагерлермен бірге жекешеленген ұйымдар, қоғамдық қорлар, шығармашылық орталықтар өз қаржысына үш тілде қалаған салалары бойынша кітаптар шығаруда. Өнер немесе әлеуметтік қай сала болмасын, қай-қайсы да жаһандық процеске ілесуге мүдделі. Демек, үш тілде бірдей басылып жатқан кітаптар қазіргі нарық заманының мұқтаждығын өзінше ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Библиография | Қазіргі кезеңдегі басқару құжаттарының құрастыру мен ресімдеу талаптары
» Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Мемлекеттік менеджмент шетелдік тәжірибе және Қазақстан
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақтың тұңғыш календарындағы ақпараттық үлгілер
» Дипломдық жұмыс: Филология | Түрік және қазақ тілдеріндегі шылаулар

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Журналистика дипломдық жұмыстар, Қазақстан баспаларынан шыққан ағылшын тіліндегі кітаптардың ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]