Дипломдық жұмыс: Дефектология | Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу

Дипломдық жұмыс: Дефектология | Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ....

I ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ
ДАМУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ..
1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму мәселесі..
1.2 Балалардың танымдық процестерінің қалыптасуын теориялық
талдау.........
1.3 Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес процесінің даму ерекшеліктері ......
II ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІКТЕРІ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ......
2.1 Мектепке дейінгі жастағы жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес
процесінің ерекшеліктерін эксперименталды анықтау жұмысы .
2.2 Есте сақтау танымдық процесін түзете-дамытуға бағытталған жұмыс ..
2.3 Эксперименталды жұмыстың салыстырмалы нәтижелері.....................47

ҚОРЫТЫНДЫ......

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ....

Ес - бір-бірімен байланысты бірнеше өзіндік процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адам баласына қажет, өйткені ол арөылы мәліметтер жинақталып, есте сақталады да келешекте білім мен дағдылар ретінде жеке өмірік тәжірибеде қолданылады. Психологиялық ғылымның алдында ес процестерін зерттеумен байланысты бірнеше күрделі міндеттер тұр: мәліметтер қалай сақталады, бұл процестің физиологиялық механизмдері қандай, есте сақтаудың шарттары қандай, оның шеңбері қандай, сақталған мәліметтердің көлемін кеңейтуге мүмкіндік беретін тәсілдердің қолданылуы. Осы мәселелермен қатар басқа да сұрақтар бар: есте сақтау іздері қалай сақталады, бұл іздердің қысқа және ұзақ мерзімге сақталу механизмдері қандай, бұл механизмдер қандай өзгерістерге ұшырайды және де осы өзгерістердің адамның танымдық процестерінің дамуына әсері.
П.П.Блонскийдің пікірінше, бала даму процесінде бірін-бірі толықтыратын ес процесінің төрт кезеңін меңгереді: моторлық, аффективтік, бейнелі және вербалды. Сонымен қатар П.П.Блонский ес процесінің генетикалық деңгейлі негізгі түрлерін бөліп қарастырған: алғашқы айларда шартты қозғалыс рефлекстер түрлерімен сипатталатын моторлы ес; алты ай шеңберінде аффективті ес пайда болады; бала өмірінің екінші жылында бейнелі ес және кешірек (3–4 жаста) логикалық ес қалыптаса бастайды және де оның дамуы ұзаққа созылады. Бірінен соң бірі дамитын ес процесінің түрлері сананың түрлі даму кезеңдеріне жатады деген ой да бар және де ес, сананың жоғары даму кезеңіне көтеріле тұрып, сөйлеу процестеріне негізделе отырып ойлау процесіне жақындай түседі. Балалардың ес процесі 3–4 жаста көрініс табады деген дәлел П.Жанеге ес процесі сөйлеудің күрделі қалпы пікірін негіздеуге себеп болды. Мағыналық есте сақтау балаларда сйлеу тілі пайда болуымен анықталады және де сөйлеу тілінің әрі қарай дамуы мен өмірлік тәжірибе жинақталуымен шартталады, яғни сөйлеу тілінің кемістіктері естің дамуына тікелей ісер етеді. Таза, дұрыс сөйлеу – адамның қалыпты психикалық дамуының маңызды шарттарының бірі.
Сөйлеу – акустикалық, жазбаша немесе пантомимикалық белгілер арқылы мәліметті жеткізудің жоғары деңгейлі тәсілі. Оның әлеуметтік функциясы – қарым-қатынасты іске асыру. Интеллектуалдық аспектте – ойлау категорияларының негізін құрайтын абстрактілеу мен жалпылау механизмі.
Тіл бұзылыстары бар балалардың есте сақтау бұзылыстары бар. Нейропсихологияда есті күрделі функционалдық жүйе ретінде қарастырады, оның ұйымдастырылуында тұтастай бірігіп жұмыс жасайтын ми қыртыстарының аппараттары мен ұсақ жүйелері қатысады.
Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың есте сақтауының барлық түрлері қалай дамиды? Мәселенің актуалдылығы қазіргі таңда жеткілікті зерттелмегенімен, осы бағытта жұмыс жүргізу үшін ғылыми әдістерді қолдану, теориялық және практикалық ұсыныстарды нақтылаумен анықталады. Л.С.Волкова мен С.Н.Шаховскаялардың ойынша, «байланысты сөйлеу тілін меңгеру мәліметтерді өңдей алу қабілеттіліктерімен, қысқамерзімді естің көлемімен байланысты. Адам тілі қабылданады немесе айтылады қысқа уақыттық шеңберде. Сондықтан бала тілдік мәліметті өңдеу, жобалау және кодтау стратегиясын меңгеруі тиіс. Алғашқыда бала қарапайым тілді меңгереді, уақыт өте келе оның тілі күрделене түседі. Осы кезеңдерде ес процесінің түрлері қажетті сапалық деңгейде дамы өте маңызды. Мағыналық есте сақтау балаларда сөйлеу тілі дами бастау процесімен қатар жүреді, сонымен қатар өмірлік тәжірибенің жинақталуымен байланысты. Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың барлық ес процестерінің түрлерін зерттеу (көру, есту, мағыналық, бейнелі, механикалық, мағыналық) арқылы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік аламыз. Әдетте жалпы тіл кемістіктері бар балалардың, қалыпты деңгейде дамып келе жатқан балалармен салыстырғанда көру есі бірдей дамуы мүмкін.
Ж.Пиаже сөйлеу тілі дамуының когнитивті (интеллектуалды) базисінің негізін ашып талдады. Оның ойынша, сөйлеу тілінің толыққанды дамуының алғышарттарының бірі болып баланың сенсомоторлық интеллектінің, ес процесінің дамуы табылады.
Ес процесі мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып табылғанымен, олар оның құрылымын, генезін, басқа психикалық функциялармен байланысуын түрлі бағыттардан түсіндірген (П.П.Блонский [4], Л.С.Выготский [8], П.Жане [12], З.М.Истомина [15], О.С.Лебедева [19], А.Р.Лурия [21]), бірақ жалпы тіл кемістіктері бар мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің даму мәселесі жеткілікті зерттелмеген, яғни зерттеу жұмысының актуалдылығы сөзсіз анық.
П.П.Блонскийдің ес процесінің төрт кезеңі мен генетикалық негіздері жайлы зерттеулері, П.Жаненің «балалардың ес процесі 3–4 жаста көрініс табады» - деген дәлелі мен «ес процесі сөйлеудің күрделі қалпы» - деген пікірі зерттеу жұмысының тақырыбыны негіздеуге себеп болды. Сонымен, жалпы тіл кемістігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың ес процесі мәселесінің өзектілігі мен маңыздылығы, оның теориялық және тәжірибелік өңделуінің жеткіліксіздігі зерттеу жұмысының тақырыбын «Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу» - деп алуға негіз болды.
Диплом жұмысының мақсаты: жалпы тіл кемістіктері бар мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктерін зерттеу табылады.
Зерттеу нысанасы: мектепке дейінгі жастағы жалпы тіл кемістіктері бар балалардың есте сақтау процесі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі жастағы жалпы тіл кемістіктері бар балалардың есте сақтау процесінің ерекшеліктері.
Ғылыми болжам: мектепке дейінгі жастағы жалпы тіл кемістіктері бар балалардың барлық ес түрлерінде ерекшеліктері бар, оларды анықтай алсақ, онда тиімді ұйымдастырылған түзете-дамыту жұмыстары арқылы есте сақтау түрлерінің көрсеткіштеріне әсер ете аламыз.
Қойылған мақсат келесі міндеттерді шешуді талап етті:
1. Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес процесінің даму заңдылықтары мен алғы шарттарын талдау.
2. Тіл кемістіктері бар балалардың ес процесінің қалыптасу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдау.
3. Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес процесін зерттеуге арналған әдістерді жинақтау, талдау.
4. Эксперименталды анықтау жұмысын жүргізу.
5. Жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес процесінің дамытуға бағытталған түзете-дамыту жұмысын жүргізу.
6. Эксперименталды жұмысты қорытындылау.
Зерттеу әдістері: диплом жұмысының тақырыбы бойынша теориялық психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау; эксперимент; сұрау; нәтижелерді сандық және сапалық өңдеу.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізін П.П.Блонскийдің ес процесінің төрт кезеңі мен генетикалық негіздері жайлы зерттеулері, П.Жаненің «балалардың ес процесі 3–4 жаста көрініс табады және ес процесі сөйлеудің күрделі қалпы» - деген пікірлеріне негізделіп жүргізілген зерттеулері, баланың психологиясын зерттеуде түбегейлі, жан-жақты қарастырылып алынған Д.Б.Эльконин, М.И.Лисина, В.С.Мухиналардың мәліметтері, сөйлеу әрекетінің күрделі құрылымы туралы ілім (Л.С.Выготский, А.Р.Лурия, А.А.Леонтьев), жақын және өзекті даму аймағы туралы концепция (Л.С.Выготский), негізгі диагностикалық принциптер (Л.С.Выготский, С.Я.Рубинштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев), сөйлеуінде жалпы тіл кемістігі бар балалар туралы фундаменталды еңбектер (Р.Е.Левина, Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.В.Чиркина, И.К.Колповская, К.К.Омирбекова, Г.М.Коржова, З.Мовкебаева) және басқалардың жұмыстары құрады.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: мектепке дейінгі жастағы жалпы тіл кемістіктері бар балалардың ес процесінің даму мәселесінің теориялық тұрғыдан басқа да зерттеулерді салыстыра отырып талдануы.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы жалпы тіл бұзылыстары бар балалардың ес түрлерін түзете-дамыту әдіс-тәсілдерін қолдануда.
Зерттеудің эксперименталды базасы: Алматы қаласының №8 бала бақшасы.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1. алғашқы кезеңде (2012ж.) теориясы мен практикада мәселенің зерттелу жағдайы қарастырылды, зерттеу бағдарламасы құрылды;
2. екінші, негізгі кезеңде (2012-2013ж.ж.) зерттеудің пәні, нысаны, міндеттері белгіленіп, анықтау, қалыптастыру және бақылау эксперименталды жұмыстары жүргізілді;
3. үшінші, соңғы кезеңде (2013ж.) эксперименталдық жұмыстың нәтижелері математикалық әдістер арқылы өңделіп, зерттеу жұмысының болжамы дәлелденгені анықталды; жалпы қорытындылар жасалды. Қорытынды мәліметтер диплом жұмыстарына қойылатын талаптарға сәйкес безендірілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


I ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІКТЕРІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ
ДАМУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму мәселесі

Адамда тілдік процестердің қалыптасуын, ми мен тіл яғни, екі материалды жүйе арасындағы И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың рефлекторлы теориясында бейнеленген. И.М.Сеченов мидың рефлекторлы жұмысына адам өмірінің саналы және саналы емес барлық аспектілерін қосты, сөйлеудің сезімнен тыс объектілермен ойлаудың негізгі жағдайы ретіндегі рөлін көрсетті. И.М.Сеченов өзінің физиологиялық зерттеулерімен сөйлеу-ойлау механизмі туралы ілімінің негізін салды және сөйлеудің психологиялық теориясын жасады. И.П.Павлов физиологиялық жаңа бөлімінің - бас миының үлкен жартышарларының физиологиясының негізін салушы болып табылады. Ол былай белгіледі: екінші сигналдық жүйені басқару бірінші мен тікелей байланыста жүзеге асырылады. Байланыстың бұзылуы сөйлеудің сөздің мағынасыз ағынына айналуына әкеледі.
А.Р.Лурия белгілегендей, сөйлеу аймақтары бас ми қабығында Брок және Вернике аймақтары деп аталады. У.Пенфилд көмекші рөл ойнайтын жоғарғы сөйлеу аймағын тапты. Автор барлық үш сөйлеу механизмі сияқты басқаратынын дәлелдеді.
М.М.Кольцова белгілегендей, сөйлеу тітіркендіргіштеріне келетін бас миының қозғалыс бөлімін сөйлеу қимыл орталығы деп аталады.
Сөйлеу-қимыл анализаторы тек сөйлеу қалыптасқаннан кейін әрекет ете және дами бастайды.
И.П.Павловтың екі сигналды жүйесі туралы идеясын дамытып, А.Н.Соколов өз зерттеулерінде ішкі сөйлеудегі 1-ші сигналдық жүйенің спецификасын көрсетті. Ол ұғымның сөйлеу жүйесін меңгеру сөйлейтін адамда ойлаудың басқа формалары - көрнекі-бейнелік,
көрнекі–тәжірибелік ойлау болатынына әкеледі деді. Олар ішкі сөйлеу түрінде сақталатын, сосын белсендіретін ұғымның тілдік негізде жүзеге асырылады. А.Н.Соколов ішкі сөйлеуді «ойлаудың негізгі механизмі» ретінде қарастырады. Ол ішкі сөйлеу әр түрлі сөйлеу мезанизмдерінің арақатынасынан тұрады деп есептеді (қимыл, есту, көру).
Ауызша сөйлеудің қалыптасуының психологиялық аспектісі туралы мәселені қарастырып, мынаны белгілеген жөн: қазіргі психологиялық ғылымның өзегі ретінде психиканың детерминизациясы іс-әрекетінің теориясы қызмет етеді. Оны жасауда Л.С.Выготскийдің орны ерекше. Тіл жалпы психологиялық категория жүйесіне сана мен тілді түсіндіру арқасында қосылған. Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функциялардың шығу тегі туралы психологиялық концепциясында белгінің заттық іс-әрекеттегі функциясы туралы тезисі басты орын алады. Л.С.Выготский сөйлеудің пайда болуы және дамуы туралы мәселелерді өңдеген. Ғалым көрсеткендей, сөйлеу белгінің әр түрлілігінің бірі. Белгілерді иелену заттық ортақ іс-әрекет процесінде және қатынас арқылы жүреді.
Психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, т.б.) ауызша сөйлеудің құрылуы іс-әрекетінің пайда болуы ретінде жүреді деп белгіледі. Сәйкесінше, кез-келген іс-әрекеттегі сияқты ауызша сөйлеудің қалыптасуы үшін маңызды жағдай балада сөйлеу іс-әрекетінің мотивациялық жағының дамуы болып табылады. Сөйлеудің дамуы үшін қатынаста қоршаған орта заттарымен іс-әрекет арқылы қажеттіліктер болуы керек. Тілдік қабілеттілік ерте жаста заттық іс-әрекетпен меңгеру процесінде құрылады. Осы мәселе келешекте зерттеуді қажет етеді.
Көптеген ғалымдар белгілегендей, тілдік қабілеттілік баланың еліктеу бойынша нақты жағдайда ересектердің сөйлеу іс-әрекетімен заттық
іс-әрекетін жасай алуы, сонымен бірге жеке сөздердің мағынасын талдай және жалпылай алуы ретінде қарастыру керек. Сөйлеудің дамуы - бұл қатынас тәсілінің дамуы, бала қатынас процесінде сөздің дыбыстық құрамын, сөйлемнің белгілі модельдерін меңгереді.
Баланың психикалық дамуы мәдени-тарихи тәжірибені меңгеру негізінде жүреді, оны иеленуші - ересек адам. Бұл процесс күрделі сипатта болады, онда баланың ересек адаммен квалификацияланған ұйымдастырылған қатынасы ерекше рөл ойнайды. Баланың ересек адаммен қатынасының спецификасын зерттеумен Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, М.И.Лисина айналысты. (8, 25).
М.И.Лисинаның басқаруымен орындалған зерттеулер көрсеткендей, ересек адамдармен қатынасы туылғаннан бастап 7 жасқа дейінгі балаларда қатынастың тұтас формасының ауысуынан тұрады. Олардың әрқайсысы қатынасты қажет етумен, басты мотивпен, негізгі құралдармен сипатталады, яғни қатынас түрі қатынас іс-әрекетінің дамуының белгілі деңгейін белгілейді.
Сөйлеу өмірдің алғашқы 3 жылында қалыптасады (М.М.Алексеева, М.М.Кольцова). Бала 3 жаста қоршаған ортамен қатынастың белгілі түрлерін меңгереді: ситуативті-тұлғалық (бала өмірінің 1-ші жарты жылы және ситуативті іс-әрекеттік (6 ай-6-3 жас), 3 жастан бастап қатынастың жоғарғы түріне ауысады-жағдайдан тыс-таным қатынасы (3 жас-5 жас). Бұл форма қатынастың таным мотивтері және сөйлеу құралдарымен сипатталады. Ал
6-7 жаста қатынас жағдайдан тыс тұлғалық формаға ауысады, ол тұлға мотивтері негізінде тұжырымдалады және қатынастың сөйлеу құралдарының көмегімен жүзеге асыралады. (9, 12)
Тілдік процесті қарастырып сөйлеу іс-әрекеті, баланың психикалық дамуы оның іс-әрекеті, қатынас процесінде жүретінін ескеру қажет. Қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады. Тілдік процесс сөйлеудің қалыптасу процесіне іс-әрекеттік тәсіл сөйлеу іс-әрекетінен тұрады. (16, 20)
Тілдің тілдік жүйесі туралы мәселені қозғағанда, мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеумен рингте тілді жүйелі ұйымдастыруды ескеру қажет. Тіл жүйесі қатынастың 3 принципінде құрылады: синтагмалық (бір деңгей бірліктер арасындағы қатынас), ол баламен нақты жағдайда меңгеріледі; парадигмалық (жалпылаудың әр түрлі өлшеміндегі сөздердің арасындағы қатынас), оны меңгеру үшін сөйлеу материалын жақсылап таңдап және тілдік бақылау жүргізу қажет, иерархиялық (қатынас тіл құрылысын оның әр түрлі деңгейі қөзқарасынан сипаттайды), оның элементтері мектепке дейінгі мекемелерде де зерттеледі.
Адамның денелік және психикалық дамуы келесі жас сатыларынан өтеді: нәрестелік, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі жас, кіші мектеп жасы, жасөспірімдік шақ, жастық шақ, кемелденген шақ. Интеллект ерте балалық шақ сатысында пайда болады және интенсивті дами береді. Бірақ ол адамда дамиды және сөйлеумен тікелей меңгеру жағдайында жетілдіреді.
Егер баланы қоршаған ересек адамдар оны нәрестелік шақтан дұрыс үйрете бастаса, онда елестету, сосын ойлау қабілеті дамиды; әр жас сатысымен бұл қабілеттер жетіле береді. Интеллектпен бірге
эмоционалды-еріктік сфера да дамып жетіледі. (6, 23)
Сөйлеу қатынасынсыз, яғни әлеуметтік қоғамдық ортасыз адам толыққанды тұлға бола алмайтыны ғылыми дәлелденген. Сөйлеу - өскелең адамның психикасының жоғарғы бөлімдерінің дамуының құралы екенін біз есте сақтауымыз керек. Баланы ана тіліне оқытып, ересектер оның интеллектісі мен жоғарғы эмоциясының дамуына мүмкіндік береді, оның мектепте оқуына алғышарт құрайды. (3, 19)
Сөйлеуді өз уақытысында және толық меңгеру балада толық психиканың қалыптасуының және әрі қарай дамуының алғашқы маңызды жағдайы болып табылады. Өз уақытысында, яғни туылғаннан басталған, толық, демек, тілдік материал көлемі бойынша жеткілікті және баланы сөйлеумен меңгеруге оның мүмкіндіктерін әр жас сатысында толық ашу. Баланың сөйлеуіне алғашқы жас сатыларында көңіл бөлу маңызды, өйткені, бұл уақытта ми дамиды және оның функциялары қалыптасады. Физиологтардың зерттеулеріне сәйкес орталық жүйке жүйесінің функциялары олардың интенсивті құрылу кезеңінде жаттығуға жеңіл болады. Бұл функциялардың дамуы жаттығусыз тоқырайды және өмір бақи солай қалуы мүмкін. Сөйлеу шығармашылығы функциясы үшін мұндай «дағдарыстық» кезең баланың өмірінің алғашқы 3 жылы болып табылады; бұл кезеңде негізінен мидың сөйлеу аймақтарының анатомиялық жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, үлкен сөздік қоры жинақталады. Егер баланың сөйлеуіне осы алғашқы 3 жылда көңіл бөлінсе, онда келешекте көптеген күш керек болады.
А.Н.Гвоздев 1жастан 7 жасқа дейін сөйлеудің дамуында 3 кезеңді бөледі:
1-ші кезең- аморфты сөз- түбірлерден тұратын сөйлемдер кезеңі: 1 жас 3 ай-1жас 8 айда бір сөздік сөйлемдер буындар айтады; 1 жас 8ай – 1 жас 10 айда-бірнеше сөз буындардан сөйлем айтады.
2-ші кезең- сөйлемнің грамматикалық құрылысын меңгеру кезеңі: 1 жас 10 ай-2 жас 3 ай – сөйлемінде жинақы сөздер қолданылады, зат есім, сын есімнің септік жалғаулары, етістіктің жеке жалғаулары меңгеріледі: 2 жас 3 ай- 3 жас сөйлемінде синтаксистік қатынастарды көрсету үшін қызметші сөздер қолданылады.
3-ші кезең- қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру кезеңі: 3 жас- 7 жас- грамматикалық құрылыс және сөйлеудің дыбыстық жағы жетіледі, сөздікті байыту үшін алғышарттар құрылады.
Баланың сөйлеуінде жүйелі түрде мыналар дамиды:
1) сөйлемнің синтаксистік қатары (сонымен бірге оның интонациясының анықтылығы);
2) сөздердің морфологиялық жинақтығы;
3) сөздердің дыбыстық құрамы.
Баланың сөйлеуінде 3 және 7 жас кезеңінде грамматикалық формалар-интенсивті көбейеді және сөйлеу ортасының жеткілікті даму потенциалында ол ана тілінің грамматикалық заттарын және оның фонетикалық жүйесін меңгере алады, ол сөздік баюына мүмкіндік береді.
«Мектепке дайындық» ұғымының жалпы анықтамасы балалар психологиясында осы уақытқа дейін көпмағыналылығы, «көпқабаттылығы» салдарынан қарастырылмаған.
А.Анастази мектепке дайындық ұғымын «мінез-құлық сипаттамасын мектеп бағдарламасында меңгеруінің оптималды деңгейі үшін қажетті білім, біліктілік, мотивтерді меңгеруі» деп анықтады. «Басқа мінез-құлық сипаттамасы» ұғымы бұл жағдайда кең ауқымды және де шексіз критерийлер қатарын өзіне қосады.
Біздің пікірімізше толық анықтаманы И.Шванцара берді. Оның нұсқауынша мектеп жасына жетілу - дамудың қандай да бір деңгейге жетуі, баланың мектепте оқуында «қабілетті» болуы. Сонымен қатар И.Шванцара мектепке дайындықтың компоненттер жинағын көрсетті, олар ақыл-ой, эмоционалды, әлеуметтік.
Л.И.Божович белгілегендей мектепке дайындық ойлау әрекеттерінің нақты даму деңгейі, таным қызығушылықтары, оқушының әлеуметтік қалпын қабылдау дайындығы факторларынан қалыптасады.
А.И.Запорожец аналогиялық көзқарастарды ұстанып, мектепке дайындықтың келесі компоненттерін белгіледі: мотив, танымдық, талдау-жинақтау әрекетінің даму деңгейі, әрекетті еркін жүйелеу механизмін қалыптастыру сатысы.
Л.А.Венгер жоғарыда аталған факторларды толықтырды: мектеп пен сабақтарға жауапкершілік қатынасының қажеттілігі, өз мінез-құлығын еркін басқара білу, «үлкендер мен құрдастарымен біріккен іс әрекетті анықтайтын өзара қарым-қатынасты орнату» бойынша білімдерді саналы меңгеруді қамтамасыз ететін ақыл-ой жұмыстарын орындау.
М.И.Лисина, Е.Е.Кварцованың зерттеу жұмыстары мектепке дайындық ұғымы шартты түрде мектептік білім алуға коммуникативті дайындық ретінде анықтауға болатын критерийлермен толықтырылды.
Осыдан келе көптеген психофизологиялық және педагогикалық зерттеулерден шыға отырып, мектепке дайындықтың құрылымы бойынша күрделі көп компонентті түсінік болып табылатындығын мойындауымыз керек, келесі «қабаттарды» бөліп көрсетуге болады:
а) тұлғалық дайындық өзіне оқушы қалпын қабылдауда оқушының дайындығын қосады. Оған мотивациялық аймақтың нақты даму деңгейі, өз іс әрекетін еркін басқару қабілеті, таным процестерінің дамуы кіреді. Мұнда сонымен қатар баланың эмоционалды аймағының даму деңгейі жағымды эмоционалды тұрақтылықпен салыстырылып, ескеріледі.
б) ақыл-ой дайындығы баланың қоршаған әлем жайлы түсініктері мен нақты білімдер жинағының көптігін болжайды, сонымен қатар оқу әрекетінің қалыптасуы алғы шарттарының көптігін болжайды.
Е.И.Рогов мектептік білім алуға ақыл-ой дайындығының келесі критерийлерін көрсетті:
- дифференциалды қабылдауы;
- аналитикалық ойлау (құбылыстар арасындағы байланыс пен негізгі белгілері сезіну қабілеттілігі, үлгіні айту қабілеттілігі);
- іс әрекетке рационалды қадам жасау (фантазия рөлінің әлсіреуі);
- логикалық есте сақтау;
- қосымша күштер есебінен білімдерді алуға қызығушылығының артуы;
- есту бойынша сөйлеу тілін меңгеру, белгілерді түсіну және қолдану қабілеті;
- қолдың ұсақ қимылдарының, көру қозғалыс жүйесінің дамуы.
в) әлеуметтік психологиялық дайындық өзіне балалардың сапаларын қалыптастыруын қосады, осы арқылы мұғалім мен басқа балалармен қарым-қатынас жасай алады. Бұл компонент балалардың құрдастары мен үлкендермен қарым-қатынас дамуының тиісті деңгейіне жетуін болжайды. (М.И.Лисина бойынша жағдайдан тыс тұлғалық) эгоцентризмнен децентрацияға ауысуы.
Біздің елімізде мектепке 7жастан қабылдау кездейсоқ алынбаған. Баланың дәл осы даму кезеңі «7 жастағы дағдарыс» атауын алған, оның көпшілігін Л.С.Выготский атап өткен. Оның нұсқауынша, дәл осы кезеңде «балалық тынымсыздығын жоғалтып- баланың ішкі және сыртқы тұлғасының дифференциациясының басталуы» жүреді. Балада мағыналық қобалжулар, қобалжу мен ішкі күрес пайда болады. Л.С.Выготский атап өткендей қобалжулар тұлға аралық қатынасты зерттеуге және де ортаның байланысын да бірлік болып табылады, био әлеуметтік құрылымы болады. Ол 7 жастағы дағдарыс белгілерін былайша бөлді: қылық көрсетуі, өзіне сүйіспеншіліктің пайда болуы, өзін-өзі бағалауы. Өзін-өзі бақылауды «сыртқы әсерге қатысты субъектінің автономиясын қамтамасыз ететін мотивациялық жүйе» фактісі ретінде ескерсек, онда мектепке дейінгі жастағы орталық жетістіктерді мотивация жүйесінің қалыптасуын берік атауға болады. «Бастапқы сатыларда өзін-өзі бақылауда жеке жүйелері одан тыс әсерлерден пайда болады, өзін жүйелеу жолымен пайда болып, сол әсерлерден тәуелсіз болады (жеткен тәуелсіздік деңгейі өз кезегінде дамудың жеке спецификалық көрсеткіші ретінде қызмет атқарады)». Л.И.Божович «тұлғаның қалыптасуындағы орталық түйіні адамның мотивациялық аймағының дамуы, оның қажеттіліктері, ұмтылысы, ынтасы болып табылады. Мотивациялық аймақтың дамуына байланысты баланың таным қабілеттерінің дамуы, оның дағдысы, біліктілігі, әдеттері, мінезінің дамуы жүзеге асырылады».
7 жас дағдарысы жайлы Божович баланың осы жаста өзіндік әлеуметтік «Мен» пайда болып, өзіне түсінікті жаңа ережелерді түсінуге ұмтылып, қоғамдық мағыналы әрекетке – оқушы қалпына ұмтылатынын атап өтті. Мектеп жасында бала қоғамды тәжірибені меңгерудің жоғарғы сатысына көшеді. «Оның жүзеге асырылуы үшін, - А.В.Запорожец нұсқады, - сәйкес мотивтер мен саналы әрекетке ұмтылу мектепке дейінгі балалық шақта қалыптасу керектігін маңызды деп есептеді. Кейінірек мектепте оқыту барысында, балаларға оның әлеуметтік мағынасы ашылады, ол келесіні қорытындыланады, оқудың әсерінен қандай да бір нәтижеге жетіп қоймай, оқушылардың өздерінің шыңдалуы, жаңа білім, біліктілікпен қаруландыру, қабілеттерін дамыту, мұның барлығы болашақта қоғамдық пайдалы әрекеттерге қажетті болып келеді. Осыған байланысты баланың алдында жаңа міндеттер қойылады, тәжірибелік және ойын барысында шешілген міндеттерге қарағанда жақсырақ».
Егер балалардың бұрын қалыптасқан әрекеті сыртқы әрекеттің қалыптасуына бағытталған болса, онда қазір баланың алдында әрекет тәсілдерімен нақты қоғамды меңгеру жолымен өзін-өзі өзгерту міндеті тұрады. Мектепте оқу барысында жаңа мотивтер мен жаңа әрекет міндеттерінің қалыптасуы мектептік оқыту жағдайында баланың ішкі қалпын түбегейлі өзгертуді болжайды, Д.Б.Эльконин қолданған позициядан, шартты түрде тәжірибелі немесе утелитарлы, теориялық немесе танымдық позиция деп аталуы мүмкін.
Л.И.Божович баланың жасына сай мазмұнына қарай тұлғалық бағытын өзгеретіндігін атап өтті. Жас өскен сайын баланың мотивтік құрылым тұрақталады. Божович сонымен қатар келесіні нұсқады «мотивациялық аймақтың иеарархиялық құрылымы адамның тұлғалық бағыттылығын анықтайды, ол сипатына қарай әртүрлі яғни мотивтің мазмұны мен құрылымына байланысты»
Л.И.Божовичтің зерттеулерін талдай отырып, мотивті адам мінез-құлығының ерекше қозғаушы күші ретінде мотивін анықтады. Мотив негізінде оның түсіндіруінше қажеттілікке қатыстының бәрі енеді, «қажеттілік – іс-әрекеттің алғы шарттары, Л.П.Кичатинов өз жұмысында көрсеткендей, биоәлеуметтік қажеттілік ретінде, қажеттілік қоғам мен субъекті үшін оның құндылығы позициясында іс әрекеттің интегралды сипаты мен түсіндіріледі». Л.П.Кичатинов мектепке дейінгі жастың соңында өзекті қажеттіліктердің үш тобын көрсетті: бағалық-бағдарланушылық, ақыл-ой, коммуникативтілік(ең бірінші орында үлкендермен қарым-қатынас).
Берілген қажеттіліктерге байланысты зерттеушілер мектепке дейінгі жастың соңында максималды дамуға жеткен негізгі 6 мотивті бөліп көрсетті:
- өзіндік оқу танымдық мотив, таным қажеттіліктерінен шығады;
- кең әлеуметтік мотивтер, оқудың қоғамдық қажеттілігін түсінуге негізделген;
- «позициялық» мотив қоршағандармен жаңа орын алуға ұмтылуға байланысты;
- «сыртқы» оқуының өзіне қатысты мотивтер (үлкендердің талаптарына бағыну, т.б.);
- ойын мотиві ойын ортасына ауысады;
- жоғарғы белгіні алатын мотив.
Зерттеу жұмыстары көрсеткендей 6-7 жаста бала жетілудің нақты бір деңгейіне жетеді, өзінің қоғам мүшесі ретінде түсініктер қалыптасады, өзінің әлеуметтік жағдайы мен жеке сапалардың құндылығын сезінеді.
Ойын барысында «үлкен болу және олардың қызметін шынайы жүзеге асыру» мотиві қалыптасады. «Осы ойын барысында үлкен адамдардың қарым-қатынастар мен әрекеттерін бейнелей отырып, балалар олардың міндеттері мен құқықтарын сезінеді. Ойында бір мотивтің келесі мотивке бағынуы пайда болады: рөлді дұрыс орындау үшін бала ситуациялық ниеттерін басады». Дәл осы ойын барысында сыртқы ережелер мінез-құлықтың ішкі инстанциясына айналып – беріктік қалыптасады. Сонымен қатар ойында бала дамуында эгоцентрациядан децентрацияға ауысу сызбалары байқалады. Д.Б.Эльконин ұжымдық рөлдік ойында «таным эгоцентризмін» жеңуге байланысты негізгі процестер жүріп отыратындығын болжады. «Үнемі бір рөлден екінші рөлге ауысу, бала позициясынан үлкенге ауысу жүйелі «шатасуға» алып келеді, баланың заттар әлемінде өзінің абсолюттік орнын түсінуі, адамдар арасында түрлі позицияға жүйелену жағдайын тудырады».
Бұл болжамда өз зерттеуінде В.А.Недоспасова тексерді. Балалар оқуға тек олардың ойлау пәні басқа адамның ойлауы болған кезде қабілетті, ол децентрация барысында жүзеге асырылады.
Баланың мектепке дайындығын сипаттайтын келесі жағдай, оқу әрекеттерінің алғы шарттарының қалыптасуы болып табылады. Отандық психологтар іс әрекет элементтерін іс әрекеттің өзінде қалыптасады деген пікірді ұстанады. Мектепке дейінгі жаста әңгіме тек алғы шарттар жайында жүреді: мінез-құлықтың еріктігі ретінде оқу әрекеттерінің құрылымдық компонентінің қалыптасуы жайлы (үлкендердің нұсқауын орындау, өз іс әрекетіне бақылау жүргізу). Л.А.Венгер балалардың меңгерген білім сапалары таным процестерінің даму деңгейіне байланысты деп нұсқады. Таным міндеттерін шешудің негізгі тәсілдері:
- шынайы объектілер арасындағы қатынастың сызбалық бейнеленетін көрнекі түсініктер;
- танымның бейнелік формалары. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойлауы бейнелі және заттар мен шынайы әрекеттерге сүйенеді, өзінің логикалық түсінетін жоспарына ауыспайды». Берілген тезистерге байланысты В.И.Ложновтың балалрда жүйелі білімнің қалыптасуы жайлы еңбектеріне күмәнмен қарауға болады, ол мектепке дейінгі жастағы баланың мектепке дайындығының факторларының бірі қоршаған әлем жайлы түсініктердің қалыптасуын құндылығын төмендетпейді. Мектепке дейінгі жастың соңына қарай танымның бейнелік формалары қатарында ең үлкен рөлді логикалық ойлау алады. Ж.Пиаже бұның пайда болуын (нақты операциялардың сатыларына ауысуын) мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасында баланың ақыл-ой дамуын сипаттайтын маңызды көрсетікш ретінде есептеді. Бейнелік ойлаудың даму деңгейі операторлық ақыл-ойға ауысу шарты ретінде қарастырылады.
Кіші мектеп жасындағы балалардың даму резервтері үлкен, олардың резервтерін қолданар алдында бұл жастағы балалардың психикалық процестеріне сапалы мінездеме беру қажет.
В.С.Мухина былай дейді: 6-7 жастағылардың қабылдауы өзінің бастапқы эффективті мінездемесін жоғалтады: перцептивтік және эмоционалдық процестер дифференциацияланады. Қабылдау саналы, бағытты, талдаушы болады. Ода тұрақты - бақылау, қарастыру, іздену сияқты әрекеттер айқындалады. Бұл кезде қабылдаудың дамуына сөйлеу әсер етеді , сондықтан бала белсенді түрде сапалардың, құбылыстың, аттарын айта алады, әр түрлі объекттің күйлерін және олардың өзара қарым-қатынасын ажырата алады. Арнайы ұйымдастырылған қабылдау, жақсы түсінуге мүмкіндік туғызады.
Мектепке дейінгі жаста зейін еркінділік сипатта болады. В.С.Мухинаның көрсетуі бойынша,
Зейіннің жоғарғы күйі қоршаған ортадағы ориентировкасымен байланысты.зейіннің жоғары деңгейде болуы баланың қоршаған айналаны эмоционалды түрде қабылдауына байланысты.
Сонымен қатар, 6-7 жаста зейіннің дамуы жоғары болады. Бұған В.С.Мухинаның ойы бойынша зейінді ұйымдастырудың әмбебап әдісі т.б., сөйлеудің жоспарланған еркінділігі қалыпқа келеді. Сөйлеу зейінді ұымдастыруға мүмкіндік береді.
Жас ерекшелігінің өсу заңдылығы есте сақтау процесінің дамуында белгіленеді. Бала есінде тек оған үлкен қызығушылық әсерін қалдырған нәрсені сақтайды. Психологтардың көрсетуі бойынша белгіленген материалдың көлемі баланың оған деген эмоционалдық көзқараспен анықталады. Үлкен буындағы мектепке дейінгі жастағы балалардың есте сақтау қабілеті өзінің еркінділік мінезінде жүреді деп мына психолог-ғалымдар есептейді: П.П.Блонский, А.Р.Лурия, А.А.Смирнов.
Смирновтың көрсетуі бойынша 7-жастағы балалардың еріксіз есте сақтауы кіші және орта буындағы мектепке дейінгі балаларға қарағанда төмендейді де, сонымен қатар оның берік есте сақтауы артады.
Үлкен буындағы мектепке дейінгі балалардың басты дәрежелерінің бірі-еріксіз есте сақтаудың дамуы.
Е.И.Роговтың белгілеуінше, бұл жастағы балалардың маңызды ерекшеліктерінің бірі 6-7 жастағы балалардың мақсаты белгілі бір материалды есінде сақтауға өзін бағыттау. Психологияда осындай сәттердің болуы, баланың әр-түрлі әдіс-тәсілдерді есте сақтау қабілетінің жоғарылауына байланысты қолданады. Психологтардың есептеуі бойынша қайталау, материалды мағыналық және ассоциативті түрде байланыстыру есте сақтаудың тиімділігін жоғарылатады.
Сонымен, 6-7 жасқа таман балалардың есте сақтау қабілеті еріксіз есте сақтауға қарағанда әлде қайда жақсырақ дамиды.
Мектепке дейінгі балалардың есте сақтауы және қабылдауы бір-бірімен байланысты болады, бұл жағдай осы жас кезеңіне сәйкес келеді.
Е.Е.Кравцованың ойынша баланың қашан да әр нәрсені білгісі келіп тұруы, айналадағы қоршаған ортаға, әлемнің құрылыс бейнесіне бағытталуына байланысты.
Ойнай отырып бала тәжірибелер жасайды, ол тәуелділік пен сырласумен байланыс себептерін түсінуге тырысады, бала білімін талқылауға міндетті болады, ал кейде пайда тапсырмаларды бала шешуге тырысады, алайда ол оны кейде ішінен шешуі мүмкін. Бала болып жатқан жағдайларды көз алдына елестетіп, өз қиалында онымен жұмыс жасап, шешуге тырысады.
Осылайша, көрудің – бейнелік ойлауы кіші мектепке дейінгі балаларда маңызды ойлау түрі болып табылады.
Өзінің зерттеулерінде Ж.Пиаже алғашқыда бала мектепте оқығанда мен мендігімен, ерекше ойлау түрлерімен, білімінің төменділігімен, белгілі бір проблемаларды шешу жағдайларымен ерекшеленеді деп белгілейді. Осылайша бала өзінің білім тәжірибесінде заттардың құрылыстарын, яғни, салмақ, ұзындық, көлем және т.б. туралы нәрсені өзі шешіп аша білмейді.
Н.Н.Поддъяков бала 5-6 жаста интенсивті біліктер және дағдыларға байланысты дамиды деп атап көрсеткен. Бұл дәреже олардың біліктілігінің дамуын, яғни көру жұмыстарының ойлауы жағынан дайын сияқты болып көрінеді. Қоршаған орта туралы мәліметтер, фактілердің жиналуына мүмкіндік жасайды.
Соңғы мектепке дейінгі дәуір-көрнекі –бейнелі ойлау немесе көрнекі жүйелі ойлауға мінездеме береді. Баланың зерделі ойлау дәрежесінің жетістігі ретінде баланың схемалық суреттеуі, схемалық тапсырмаларды шеше білу зерделілігі жатады.
Психологтардың пікірі бойынша көрнекі-бейнелі ойлау логикалық ойлауға қисынды келеді, бұл түсініктерді қолданумен және логикалық ойлаумен байланысты. Сонымен, бала 6-7 жасынан бастап проблемалық жағдайға 3 тәсілмен келе алады: әсерлі –көрнекілікті, көрнекі-бейнелі және логикалық ойлау.
С.Л.Рубинштейн, Н.Н.Поддъяков, Д.Б.Элькониндер бойынша интенсивті логикалық ойлаудың қалыптасуын тек ғана осы жасқа сәйкес кезең ретінде қарастыруға болады, өйткені осы арқылы ойлаудың перспективалық мүмкіндіктері анықталады.
Мектепке дейінгі балалық шақта сөйлеудің меңгеру процесі аяқталады:
7 жаста тіл қарым-қатынас және баланың ойлау құралы ретінде және мектепке дайындық кезінде оқу мен жазуға үйренуде саналы зерттеу құралы болып табылады.
Дыбыстың сөйлеу жағы дамиды, кіші мектеп жасына дейінгі балалар өздерінің сөйлеу ерекшеліктерін ұғына бастайды, алайда оларда алғашқыда дыбыстарды қабылдау тәсілдері сақталынып қалады. Осы арқылы олар дұрыс айтылмаған бала сөздерін анықтай алады, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың соңғы процесі – фонематикалық даму.
Сөйлеудің грамматикалық қатары дамиды, балалар морфологиялық және синтаксистік қатардың заңдылықтарын меңгереді. Грамматикалық тіл ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дефектология | Күрделі сөйлеу бұзылысы бар жасөспірімдердің ойлау әрекетінің ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процесін жетілдіру жолдары
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Мектепке дейінгі педагогика | Кіші мектеп жасыңдағы үлгермейтің балалардың ойлау ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: Психология | ПДК-ген балалардың аумақты елестетулерінің қалыптасу жағдайы

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дефектология дипломдық жұмыстар, Жалпы тіл кемістігі бар балалардың танымдық процестерінің дамуын зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]