Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері

Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері

Мазмұны


Кіріспе.....................................................................................................3-5

І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық
орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.
1.1. Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық
орынының ерекшеліктері. Зерттеу тарихы.........……………….6-13
1.2. Шу-Сарысу ойысының геологиялық құрылысы.
Табиғатының даму тарихы...............................................…..14-18
1.3. Шу-Сарысу ойысының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Жер бедерінің геомарфологиялық типтері………………………19-32

ІІ-тарау. Шу-Сарысу ойысының климатының.Органикалық дүниесі.
2.1.Шу-Сарысу ойысының климатының жалпы ерекшеліктері....…33-43
2.2. Шу-Сарысу ойысының топырағы мен органикалықдүниесі…..44-2.3. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдердің түрлері ……………………….
2.4. Шу-Сарысу ойысындағы шөлдің негізгі түрлері шөлді игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелері......64-68

ІІ.Қорытынды........................................................................................69-70

ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.....................................................71-72

Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Құрылымы мен көлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті тарих-филология факультетінің «Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері» атты бітіру жұмысына

САРАПТАМА

Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған.
Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген.
Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор.
Бітіру жұмысының мазмұнының толық ашылуын, құрылымының жоғарғы мектептің талаптарына сай келуін ескеріп қорғауға жіберілсін.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. 44-46°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Шу-Сарысу ойысының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының оңтүстікк бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Шу-Сарысу ойысының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның жазығының өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болыпкелетін климатының шұғыл континеттілігінің, жел мен температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді Шу-Сарысу ойысының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- Шу-Сарысу ойысының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына тигізетін әсерін;
- аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палео климаттық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері:
- физикалық ,географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- аймақтың зерттеу тарихын;
- геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Бітіру жұмысының әдістемелік методологиялық негіздері:
Бітіру жұмысының теорялық негізі ретінде М.Н Давидова мен Э.М Раковскаяның физическая география СССР Жанашеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В. Чупахиннің отпустын до снежных вершыин оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу әдістері қолданылады.
Бітіру жұмысының практикалық манызы: Бітіру жұмысының нәтижесінде жинақталған теориялық мәнәдәлектерді матерялдар География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны:
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан, падаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орыны, геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары, топырағы мен органикалық дүниесі, табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді мәселелермен оны шешу жолдары көрсетілген.
Бітіру жұмысының мазмұныны ашу үшін, географиялық карталар, графиктік кестелер пайдаланылған.

І-тарау. Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Табиғатыныңқалыптасу тарихы.

1.1.Шу-Сарысу ойысының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы
Шу-Сарысу ойысының физикалық-географиялық орыны. Шу-Сарысу ойысының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен ерекшеленеді.олтүстігінде Бетпақдаламен,оңтүстігінде Қаратау,Талас Алатауымен батысында Сырдария бойы жазығымен, шығысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. /1/
Шу-Сарысу ойысының солтүстігі мен оңтүстігінде және шығысында, каледон қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа Қаратау,Талас Алатау Шу-Іле таулары қоршап жатыр. Ойыстың шығысындағы Шу-Іле таулары Балқаш-Алакөл крпитодепресиялық ойысынан бөліп тұр. Шу-Сарысу ойысы тың елң ді бөлігі батыстан шығысқа 600, солтүстіктен оңтүстікке 250 шақырымға созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Бетпақдала, Қаратаусырты сияқты жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 43°-46° солтүстік ендіктермен 66,5°-74° шығыс бойлықтың аралықтарында орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 43°-46° солтүстік ендіктердің аралығында орналасқан.Ойыс Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл обылыстарының орталығы мен солтүстік бөліктерін қамтиды. Батыс бөлігіндегі Ащыкөл ойысымен Шу өзенінің орта және төменгі ағыстарына қарай еңіс болып куеледі. Оңтүстігі мен солтүстігіне және шығысына қарай біртіндеп көтеріледі. Батысында Ащыкөл ойысында 200- метрден шығысында Шу-Іле тауларының батыс беткейінде 800-900 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі.
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Шу-Сарысу ойысының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар.Олар:
-материктің ішкі бөлігіндегі 43-46 °с.е аралығындағы орынының;
-дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
-оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жатуы;
-мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының
трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен
жауын-шашынның аздығы;
-тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов
білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл
континентігін арттыруы;
-транзитті Сарысу, Талас пен Шудан басқа өзен торларының болмауы;
-шөлейт және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар
дүниесінің таралуы. /2/
сай Шу-Сарысу ойысының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді. Аталған аймақ ортасында Шу өзенінің аңғары орналасқан біртұтас ірі ағынсыз тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жа-жағын қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз тұйық алқапқа жатуы мен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады.Географиялық орынымен климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда Шу-Сарысу ойысының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады./3/

Шу-Сарысу ойысының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Шу-Сарысу ойысының туралы алғашқы тарихи жазба деректер ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Шу-Сарысу ойысы мен Орта Азияның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731 жылы Сырдария ,Шу,Сарысу, Жем, Жайық өзендері мен тоқсан елді мекен кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы” атты еңбегінде Арал теңізіне құятын өзендер мен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін жинақтап бір жүйеге келтіріп, алғаш рет Тұран ойпатының бөлігі болып табылатын Шу-Сарысу ойысына сипаттама берді./3/
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі болған керуен жолдары арқылы Орта Азия мен Қазақстанның геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Шу-Сарысу ойысының табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Шу-Сарысу ойысының жербедері, өзен торлары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Сырдария Шу Сарысу өзендері аңғарының Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Шу-Сарысу ойысының табиғатын кешенді оқып үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция ұйымдастырыла бастады.
Сырдарияның Арал теңізінің, Мойынқұмның табиғатын жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Шу-Сарысу ойысының табиғатын оқып үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1830 жылдары Оңтүстік Қазақстан Ресей патшалығының бодандығын қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі жанданды. /4/
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған экспедиция Шу-Сарысу ойысында ауқымды ғылыми зерттеулер жүргізді. Ол нәтежиесі жөнінен Ресейдің жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып табылады.Бұл экпедиция Мойынқұм мен Қызылқұм, Бетпақдала шөлдерінің ірі бөлігін Сырдария өзенінің аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, зерттеді. Нәтежиесінде Сырдария мен Шу өзендерінің аралығындағы Мойынқұм Қызылқұқұм шөлдері арқылы Самарқант пен Ташкентті жалғайтын жол бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес топ кіріп, онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді Жоғарыда аталған і экспедиция алдарына Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп, геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылымға орасан зор үлес қосты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Шу-Сарысу ойысы мен Қызылқұм, Қарақұм шөлдерін зерттеумен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады.
1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Шу-Сарысу ойысын жан-жақты оқып үйреніп, кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған экпедициялар ұйымдастырыла бастады.1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің экспедициясы Мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы Шу-Сарысу ойысының пайдалы қазбаларын зерттеу жұмыстарын белгілі геолог А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Шу-Сарысу ойысының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Алматы облысының аумағындағы көлдердің түзілу жолдары
» Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты
» Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Іздеп көріңіз:
дипломдык Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]