Дипломдық жұмыс: География | Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы

Дипломдық жұмыс: География | Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы

Мазмұны

КІРІСПЕ ...........................................................................................................

1 ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР................................................................................................
1.1 Орография ...........................................................................................
1.2 Климаттық жағдайы............................................................................
1.3 Гидрографиялық сипаттамасы...........................................................
1.4 Топырақ-өсімдік жамылғысы............................................................

2 БЕДЕР ТҮЗУШІ ЭНДОГЕНДІК ФАКТОРЛАР................................
2.1 Геологиялық құрылымы....................................................................
2.2 Тектоникалық құрылымы және жаңа тектоникалық құрылымы..

3 ШАРЫН ӨЗЕН АҢҒАРЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ........................................................................................................
3.1 Өзен және өзен аңғарының пайда болуы.........................................
3.2 Аңғарлар классификациясы..............................................................
3.3 Бедер пішіндері және қазіргі бедер түзуші процестер...................

ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................

Өзектілігі. Өзен мен өзен аңғарлары бір жүзжылдықтан да көп уақыт зерттеліп келеді.Осы уақыт ішінде тек арна ағысының гидродинамикасы, өзендердің эрозиялық-аккумулятивті жұмысы, өзен аңғарларының құрылысы және олардың мофологиялық құрылысы және т.б. құрылымдық тұрғысынан сұрақтарға жауап іздедік. Бірақ бұл мәселенің көптеген жақтары ашыпған жоқ, мәліметтер жеткіліксіз. Мысалы, ағын сулар қайдан және қалай пайда болады,олар қалай үлкен өзен торына айналады, олардың дамуыныңсоңғы кезеңі қалай болады т.с.с. Тіпті өзендердің жаралуы мен дамуы туралы нақты сілтемелер де жоқтың қасы.
Әрине, кемеліне жеткен, үлкен өзендер мен өзен аңғарларының қалыптасуы өте күрделі процесс. Мұнда бірнеше кезеңге бөліп қрастыруға болады: арна ағынының алғашқы жаралу кезеңі; өзен жіне аңғар жүйесінің қалыптасу және дамуының соңғы кезеңі. Бұл кезеңдердің әрқайсысы кешенді табиғи факторлардың әсерінен дамиды.
Егер бұл мәселені тек өзен ағыны ретінде ғана қарар болсақ ештеңе өзгермейді. Ал өзен әрқашанда артынан арна, аңғар, қатты материял түріндегі шөгінділер сияқты із қалдырады. Сондықтан мен бұл сұраққа кешенді түрде зерттелерді салыстыра отырып, яғни өзен арнасының гидродинамикалық ағынына, оның эрозиялық-аккумулятивті жұмысына, өзен аңғарларының құрылымы мен дамуына, берілген аумақтың ландшафттық ерекшеліктеріне аса көңіл бөле отырып сипаттама жасадым.
Нысаны. Әрине, бір өзенді алып, оның алғашқы пайда болуынан соңғы кезеңге дейін бақылап, зерттеу мүмкін емес. Сондықтан өзен аңғары күрделі көрініс беретін Шарын өзен аңғарын нысынаға алып отырмын.
Шарын өзен аңғарын зерттеу өткен жүзжылдықтың екінші жартысынан басталды.Тарихи- графиялық деректерге сүйене отырып қарастырып отырған аумақты зерттеуді екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: біріншісі – 1854-ші жылғы революция алдындағы Жетісудың Россияға қосылу кезеңі; екіншісі – Кеңес Үкіметі кезеңіне жатады.
Алғашқы зерттеу атақты географ П.П. Семенов – Тянь-Шяньскийдің Тянь-Шянь таулы өлкесін зерттеу кезіндегі саяхатынан басталады.Оның зерттеулері Шарын өзен аңғарының солтүстік беткейінің, әсіресе, Жалаңашсай аңғарының орографиясы мен жыныстық жасына арналды.
Тянь-Шань тауын зерттеуде И.В. Мушкетовтың да еңбегі зор. Оның зерттеулері аймақтың геологиясына, стратеграфиясы мен тектоникасына арналды. Шарын өзен аңғарында болған ғалым, ондағы әктасты конглемератты, төменгі карбондық әктасты байқаған.
1915 жылы солтүстік Тянь-Шань тауларын зерттеген Н.Г.Кассин аумаққтың геологиясына, орографиясына, гидрографиясына, климатына аса көңіл бөлген.
1954 жылы пайдалы қазбаларды іздеу мақсатымен геологиялық карталар жасау үшін Шарын өзен аңғарына геологиялық түсірлер жүргізе бастады.
Аумақ геологиялық тұрғыдан да геоморфологиялық тұрғыдан да зерттелген. Бірақ, геологиялық-геоморфологиялық мәліметтер тек жекелеген орографиялық аумақтарға сәйкестеледі, ал Шарын өзен аңғарына арналған арнайы мәліметтер өте аз. Сондықтан менің бітіру жұмысым осы Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымын зерттеуге арналады.
Бітіру жұмысымның мақсаты Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымына сипаттама бере отырып, осы аймақтың геоморфологиялық картасын сызу, бедер пішінінің даму тарихы мен қазіргі бедер пішінін салыстыру.
Бітіру жұмысымның практикалық маңызына келер болсақ, өткен ғасырда өзен аңғары тек пайдалы қазбаларды іздестіру мақсатында зерттелген болса, қазір Қазақстан жерінің табиғи өзгерістерге ұшырап, қайталанбас бедер пішініне айналған Шарын өзен аңғары алабын тану, келешекке шығу тегі мен даму барысын қалдыру, қорғауға алу маңыздырақ болып отыр.


1. ҚАЗІРГІ БЕДЕР ТҮЗУШІ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР.

1.1 Орографиясы

Шарын өзен алабы геоморфологиялық жағынан биік таулы, орта таулы, аласа таулы және тау ішілік ойысты бедер пішінімен ерекшеленеді.Таулы массивтері биік беткейлі әрі қатты тілімденген терең өзен аңғарларымен сипатталады.Кетпен жотасы мен Қаратау тауларының суайрық сызығы 2500-3000м, ал кейбір жерлері 3600-3700м абсолюттік биіктікті көрсетеді.Орталық Тянь-Шань және Күнгей-Алатауы жотасының суайрық сызығы 3400-3600м абсолюттік биіктікте өтеді.Қарқара өзенінің сағасында аймақ біртіндеп төмендеп, абсолюттік биік көрсеткіші алаптың орталық бөлігінде 2400м-ден аспайды. Тянь-Шань тауының солтүстік беткейіндегі тау жоталарының ерекшелігі біршама енділігі мен тау жоталарының алмасып келуі және үлкен тау ішілік ойыстарының болуында. Шарын өзен алабының аумағындағы ірі ойыстарының бірі – Кетпен ойысы болып табылады, ал солтүстігі Кетпен жотасымен ,батыста айғыржол,жабыртау, Басулытау, Тізген және т.б. таулармен шектеседі. Бұл таулардың басым бөлігі және Кетпен жотасы енді әрі доға тәріздес, беткейлері ассиметриялы болып келеді.
Кетпен жалпақ төбелі және үлкен беткейлі жота. Оның солтүстік сілемдері сайлармен қатты оқшауланған, ежелгі ағынның терең аңғарларымен, ал батыс беткейі зеңгірлі,еш кедергісіз, тау аралық Кетпен ойысына қарай құлай орналасқан. Теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 2000 нан 3500м-ге жетеді. Төбесі қар сызығына жетпейді,мұздықтар жоқ. Ең биік нүктесі Небесная тауы (3638м). Кетпен жотасының төбесі солтүстіктен оңтүстікке қарай төмендейді және Үш-Хасан үстіртіне қосылады. Оңтүстік жақпарының биіктігі 2600-2700м-ге төмендейді.Үш-Хасанның тегістелген беті эрозиялық бөлшектелуге ұшыраған. Ежелгі ағын әсерінен қалдырған эрозия ізі терең каньондар мен шатқалдардан байқалады.Кетпен жотасының солтүстік беткейін кесіп өтетін аңғар таудан шығып, тауадлы шлейф аймағына дейін 100-200м шатқалдар арқылы ажыратылады.
Оңтүстікте жота беткейі Шалкөдесу өзенінің аңғарымен қосылады. Осы ойыс ішінде өзен торы құрылады. Батыста, Темірлік өзенінің төбесінде Кетпен жотасы екіге бөлінеді:оңтүстігі – Темірлік тауы және солтүстігі – Құлықтау тауы. Ал олардың орташа биіктігі 2500м-ден 2800м-ге дейін жетеді. Бұл таулардың беткейлері терең эрозияға ұшыраған,сынықты материялдарға толы сайлар түзеді.Осы жоталардан батысқа қарай абсолюттік биіктігі 1800м-ден 2200м-ге өзгеріп отыратын Кеген тауаралық ірі ойысы орналасқан.ойыс жазықты болып келеді.кеген ойысының солтүстік беткейі Елшін болатын, орталық бөлігі шалкөде аңғарына төмендей келе Шалкөдесу аңғары деп аталады.Ол сайлармен, терең емес шатқалдармен түйіседі.Кеген ойысының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте орналасқан.Шығысқа қарай Кеген ойысы көтеріле бастайды.Солтүстік Шығыс жағының абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 2200м биіктікке жетеді.
Кеген ойысының оңтүстік бөлігі Айғыржол, Елшін Бұйрық, Басулытау, Тізген, Қаратау, Сарытау, Сүмбетау, Лайлытау, Жабыртау және т.б. таулармен жалғасқан.Айғыржол және жабыртау орта таулары жайпақ бедер пішінді болып келеді және теңіз деңгейінен 1800-2000м биіктікте.Елшін Бұйрық, Басулытау, Лайлытау, Сарытау және Сүмбетау тауларының биіктігі теңіз деңгейінен 2200м – ден 3700м – ге дейін жетеді және олар биік тауларға жатады. Биік беткейлі аласа таулы бедер пішінді белдеуі таудың орталық аймақтарындағы Қызық–үй, Айдырған аралды массивтерінде кездеседі. Олардың абсолюттік биіктігі 1800-2000м құрайды.
Жалаңаш аңғары тау аралық ойыс болып табылады. Шелек аңғарының бойлық кескінімен, ал оңтүстікте – Күнгей-Алатау тауалды жоталарымен, солтүстікте – Торайғыр жотасымен және шығысы – Шарын өзен аңғарымен жалғасып жатыр. Бұл жерде Құлықтау тауының тауалды жазығымен шектесіп жатыр.Абсолюттік биіктігі 1300-1800м, ұзындығы 60км және ені 20км. Тауалды бөліктерінде жазықтық үлкен сайлармен тілімденген. Батыста, Шарын-Шелек өзен аралығында аңғар таудан кішкене еңістейді және тілімдену онша байқалмайды. Солтүстікке қарай Іле Алатауының шеті болып табылатын Торайғыр жотасы және Үлкен- және Бала-Бөгеті таулары жайғасқан. Бұл таулардың биіктігі теңіз деңгейінен 1200-220м және Сөгеті аңғарымен бөлініп тұр.
Шарын өзен алабының орталық бөлігі төбелі жазық болып келеді. Бұл аралықта абсолюттік биіктік 1200-1700м-ден аспайды. Суайрық беті биіктігі 1801м-ге жететін Сөгеті аласатауы арқылы өтеді. Аумақтықтың сағалық бөлігінің бедер пішіні құмды тізбекті және батпақтанған болып келеді.
Шарын өзен алабының төменгі бөлігі, яғни атырауында Іле ойысының осіне еңістелген пролювиалды жазық қалыптасқан. Бұл арада Шарын өзені терең (150м-ге дейін) тік беткейлі каньон арқылы өтеді. Солтүстікке жылжыған сайын аңғар енді әрі биік жағалы болып келеді. Аңғардан қалың аллювиалды шөгінділерден тұратын төрт террасса байқалады. Аумақтың солтүстік бөлігі ұсақ дөңесті және әлсіз жалды бедер пішінінен тұрады. Басым аумағын қатты деңгейдегі тасқын шайып кетеді. Аллювиалды жазық ішінде дөңесті құьды массив Қарабасқұм созылып жатыр. Дөңестердің биіктігі 2-3см-ге жетеді. Құмды дөңестер аралығында өсімдігі жоқ тақырлар кездеседі.
Шарын өзенінің төменгі ағысының батыс бөлігінде абсолюттік биіктіктігі 900-1300м болатын Үлкен Бұғыты аласатауы орналасқан.Үлкен Бұғытының морфологиялық ерекшелігі – беткейі ассиметриялы; оңтүстік беткейі биіктеу, солтүстік беткейі жайпақ әрі аласа.Аумақ қатты тілімденген. Аласа таудың төменгі бөлігі бірте-бірте солтүстікке қарай иілген тауалды бедерге ауысады. Ол төбелі-жонды бедер пішінді болады. Оңтүстікке қарай сайлар тереңдейді, ал солтүстікте ұсақталады. Мұнда абсолюттік биіктігі 1300м-ге жетеді. Солтүстікке қарй жазықтық төбелі-жонды бедер пішінінен жайпақ-еңісті, әлсіз жалды бедер пішініне көшеді. Мұнда абсолюттік биіктік 650-800м-ден аспайды. Алаптың жазық аумақтары грави мен қиыршықтастар араласқан саздақты шөгінділермен көмкерілген.

1.2 Климаты

Шарын өзен алабының климаты континенттілігімен ерекшеленеді. Тянь-Шань тауының саластырмалы түрде материк ішінде төмен ендікте орналасып, Атлант мұхитынан келетін негізгі ылғалды алыстатуына байланысты үлкен жоталардың биіктігі, жер бедерінің күрделілігі мен қатты тілімденуі температура мен ылғалданудың дәрежесінің қарама-қарсылығына себепші болады. Жақын жердегі шөлді аймақтар тауалды және аласа таулы климатқа әсерін тигізеді. Биік таулы ландшафттардың ылғалдануына ауа тепературасы мен жауын-шашынның ұлғаюы әсер етеді. Шарын өзені алабы Іле өзені алабы аймағындағы құрғақтау аумақ болып табылады.
Алаптың барикалық және циркуляциялық жағдайы жылдың суық кезінде Сібірлік барикалық максимум сілемдеріңі, алжаз айларында Орта Азиялық термиялық депрессияның ықпалында болады. Аңғар аумағында жылдың суық кезеңінде арктикалық ендіктен келген антициклон байқалады. Жылдың бұл уақытында антициклон басымдылығы 60-70%. Жаз айларында аумаққа циклондық әсер басым болады.
Алаптың таулы аймағында жергілікті ауа ағымы, жазықтық жерлерде қыстық суық ауа ағыстары басым болады. Көктемде циркуляция күшейіп, Сібір сілемдері антициклондарын бұзып, циклонның дамуына ықпал жасап, оңтүстіктен жылы ауа массасын тасымалдайды. Бұл кезеңде үсік жүріп, жауын-шашынның түсуі молайып, ұзақ әрі түрақсыз ауа-райы орнайды. Алап аймағының климатына күн радияциясы да әсер етеді,ал оның үлкен ағымын бес-алты ай бойы байқалады. Жазық аймаққа келетін жылдық радияция 135-150 Ккал/см2 құрайды,ал таулы аймақтарда бұлттанудың мөлшерінің жоғарлауынан жылдық радияция 125-130 Ккал/см2 –-ге кемиді. Жазықтық- тауалыды белдеуде вегитациялық кезең (орташа тәуліктік температура 50С-тан жоғары) 205-тен 225 күнге, ал таулы белдеуде 180-нен 205-күнге созылады.
Алап аймағының температура және жауын-шашын режиміне қарап төрт климаттық белдеуге бөлуге болады:
1. Жазықтық белдеу. Іле өзенінің сол жақ жағалауынан төменгі тауларды (700м дейін) аумақы қамтиды және континенттілігімен, яғни қысы суық, жазы құрғақ және температураның айлық амплитудасымен ерекшеленеді.
2. Тауалды белдеу. 700 метрден 1500м биіктік аймақты алып жатыр және кентиненттілігі төмен, сонымен қатар температура ауытқуы шұғыл амплитудалы.
3. Тауішілік белдеу. Шалкөдесу, Кеген, Қарқара қазаншұңқырларын және 1200-1500м абсолюттік биіктіктегі Жалаңаш жазағының батыс бөлігін алып жатыр.
4. Таулы белдеу. 1500м-ден биік аумақты алып жатыр және климаттық вертикальды зоналылығы анық байқалады.
Жазық аймақтарда орташа жылдық температура 8-90С, тауалды белдеуде 6-8,50С, ал тауда 1,70С-қа дейін төмендейді.
Қыста жазық аймақтарда -420С-тан -450С-қа дейін төмендеп отырады. Ал тауалды және таулы аймақтарда -350С-тан -400С-қа дейін байқалады...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Зайсан ойпаңының территориясының жаңа тектоникасын жан жақты зерттеу
» Дипломдық жұмыс: География | Бетпақ Дала үстіртінің қазіргі бедер құрушы процестері
» Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Іздеп көріңіз:
дипломдык Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Шарын өзен аңғарының геоморфологиялық құрылымы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]