Дипломдық жұмыс: География | Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық географиялық сипаты

Дипломдық жұмыс: География | Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық географиялық сипаты

Мазмұны


І.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТОПОНИМИЯСЫ.
1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы.......................................
1.2 Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама...............
1.3 ”Сарыағаш” туралы ел аузында қалған аңыз- әңгімелер.........
ІІ.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ.
2.1 Сарыағаш ауданының жер бедері.............................................
2.2 Геологиясы мен тектоникалық құрылымы..............................
2.3 Климаты......................................................................................
2.4 Ішкі сулары................................................................................
2.5 Топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлар дүниесі.........
III. ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫСЫНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСІ.
3.1 Ауданның бүгінгі күніг ландшафтысы және оған антропогендік
факторлардың әсері............................................................................
3.2 Қазіргі Сарыағаш ауданы............................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................

Облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 ж. Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың шаршы шақырым. Тұрғыны 226,7 мың адам. Аудандағы 154 елді мекен, 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш қаласы.
Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы, жазықты келеді. Солтүстіктен Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстіктен Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты конти-ненттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа темпера-турасы қаңтарда –2-3°С, шілдеде 24-28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. / 2, 86 б./.
Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар-86,9%, одан басқа өзбектер-4,1%, тәжіктер-2,7%, әзербайжандар-1,2%, орыстар-1,1%, татарлар 0,9% т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 шаршы шақырым жерге 29,4 адамнан келеді. Ірі елді мекендер: Сарыағаш қаласы (26,0 мың адам), Абай (18,0), Дербісек (10,3), Жібек жолы (5,8), Ынтымақ (5,4), Қапыланбек (5,1), Ақжар (5,0), Қызылжар (4,7), Жылға (4,1), Дарбаза (3,7), Ақниет (3,6), Құркелес (3,3), Қошқарата (3,2), К.Маркс (3,1), Ақжол (3,0), Таскескен (3,0), Көктерек кенті ( 2,6).
Сарыағаш ауданында мақта, жүзім, көкөніс, астық, жеміс, бақша, картоп, қаракөл қойы, биязы жүнді қой, сүтті-етті мал, шошқа өсіруге маманданған 4 ұжымшар, 16 кеңшар, мемлекеттік сұрыптау станциясы болған. Ауданда 16 өнеркәсіп орны, 7077 агроқұрылым, оның ішінде: 101 заңды тұлға, 6976 шаруа қожалықтары бар. Аудан аумағында “Сарыағаш шипажайы” АҚ, “Арман”, “Алтын бұлақ-Р” демалыс орындары, балалар шипажайы бар. “Алекс” ЖШС – Қазақстан - Польша бірлескен кәсіпорны, “Демеу”, “Әсем-ай”, “Курорт-Барс–2030” ЖШС–тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, “Мырзакент” АҚ, “Айша бибі” ӨК-мақта тазарту зауытында мақта талшығын өндіреді. “Сенім” ЖШС-тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Ауданда жүзім шаруашылығын өркендету үшін “Жүзім” бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта “Қапыланбек” шарап жасайтын компаниясы, “Дербісек-Бахус” ЖШС, “Назико” ЖШС, “Ақжол” АҚ-ның шарап зауыттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Ауданның барлық егіс көлемінің үштен бір бөлігіне дәнді дақыл, 11,9%-на көкөніс, 17,3% мақта, 31,1% жүзімдік егіледі. Облыстағы арпаның жалпы өнімінің - 9,5%, жүгерінің - 26,5%, күнбағыстың - 36,5%, картоптың - 30,5%, көкөністің - 26,4%, жемістің - 24,5%, жүзімнің – 39,9% жиналады. Облыстағы темекі өсіретін бірден-бір аудан. Аудан шаруашылығында облыстағы мүйізді ірі қара малдың - 10,4%, оның ішінде сиырдың - 12,5%, қой мен ешкінің – 13,7%, шошқаның - 3,7%, жылқының - 8,4%, шоғырланған: түйе - 180, құс – 75,3 мың басты құрайды. Келес өзенінің бойында “Келес” ӨК-нің су электр станциясы электр энергиясын өндіреді.
Жалпы білім беретін 137 мектеп бар, оның 94-і орта, 15-і орталау, 28-і бастауыш және 2 спорт, музыка мектептері. Мәдени мекемелерден 290 мәдениет орталықтары мен 36 кітапхана бар. Денсаулық сақтау саласында 2 емхана, 4 аурухана, 24 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 104 фельдшерлік-акушерлік пункт, туберкулезге қарсы диспансер жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент-Термез халықаралық автомобиль магистралі, Орынбор-Ташкент темір жолы өтеді./ 4, 183-185 б./

І.ТАРАУ. САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТОПОНИМИЯСЫ.

1.1 ”Сарыағаш” атауының топонимикасы.

‘’Келеске келсең күй мен саз шертiледi, Сарыағашқа оралсақ сыр мен шежiре ақтарылады”- деген халық арасында нақыл бар. Тарихты еске алсақ, жерұйықты iздеген Асанқайғының көрегендiк сөзi көкейге оралады. Сулы Келес, Құркелестi көрiп, “Әттең ат сауырына сыйса өңгерiп-ақ әкететiн жер екен” деп Сарыағаш өңiрiне тамсанған көреген бабамыздың дуалы сөзi ел аузында мәңгi аңыз болып қалды. Тiптi Сарыағаш атауына негiз болған сары ағаштардың тасқа айналған белгiлерi Әлiмтауда, Шеңгелдiде, Жылға жазықтарында қазiргi күнде де керемет құпиялар мен қасиеттерiн сақтап жатыр./ 9. 8 б./.
Ауданның тарихы жайлы көптеген мәліметтерді жергілікті жазушы Жақып Аяш өзінің тарихи ғылыми еңбектерінің нәтижесінде “Оңтүстік қақпасы”, “Киелі Келес, аңыз болған “Сарыағаш” атты еңбектерінде дәлелденген. Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-саланың атаулары әншейiн қойыла салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи шындығы бар. Оған ақиқат негiздер себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың “Сарыағаш” аталуына да осындай дәлел бар.
Негiзiнде бұл атаудың сыры Жер-ана мен адамзат тарихының тереңiнде жатыр. Ертеден келе жатқан аңыз-әңгiмелердiң бiрi. Нұх пайғамбар мен оның кемесi туралы.
… Нұх пайғамбар кеме жасауға кiрiскенде гофер ағашын пайдалануды ұсынған. Қазiргi ғалымдар гофер дегенiмiз - кипаристiң ескi аты деп айтады.
…Бiз көп iзденiп, тарихи және географиялық деректерге мән бергенiмiзде, шалшық суда өсетiн кипарис - гофертаксодидтердiң тұқымдас ұрпағы, қылқан жапырақты ағаштардың көп өскен жерi - Шеңгелдi, Сарыжылға жазығы, Бөгенәлi, Әлiмтау төңiрегi екенiн анықтадық.
…Ерте бор дәуiрiнде бұл аймақта көптеген iрiлi-ұсақты өзендер мен көлдер болған. Оларды тригоноидтер, су тасбақасы, ал жағалауларында динозаврлар өмiр сүрдi. Өзендердiң бiр бөлiгiнiң суы көлдерге, бiр бөлiгi бұл аумақтың оңтүстiк-батысындағы теңiзге құйылды. Тау бөктерiнде iрi материал, тауда гравелиттердiң, құмдауыттар мен лайдың шөгiндiлерi жиналды. Оларда сол кездегi өсiмдiктер мен аңдар қалдығының iзi бар.
Динозавр негiзiнен, өсiмдiктермен қоректенген. Ал, мұнда тамаша жайқалып өскен өсiмдiктер болғаны рас. Оны бiрнеше рет көтерiлген теңiз сулары бұзған. Сарыағаш төбелерiнде тек iрi ағаш дiңгектерi мен тасбақа, динозавр қалдықтары кездеседi. Тасқа айналған ағаштарды Өзбек ССР Ғылым академиясының Х.М.Абдуллаев атындағы геология және геофизика институтының және ботаника институтының ғалымдары жинады./ 7, 235-237 б./.
… Бор дәуiрi кезеңiнде қылқан жапырақты ағаштар күштi гүлдеп, өлкенi алтын түстес реңге бояп, дүниенi құлпыртып жатқаны туралы кейбiр көне жазбаларда аталған жылдың 7-8 ай кезеңiн сары түске бояп, сарғайып жатқан атырап Сарыағаш аталмасына кiм кепiлдiк бере алады?
Әр жердiң, өзен-сулар, тау-тас, сай-саланың атаулары әншейiн қойыла салмаған. Әр аттың өзiне лайық тарихи шындығы бар. Оған ақиқат негiздер себеп болған. Сол сияқты Сарыағаштың “Сарыағаш” аталуына да осындай дәлел бар.
Бiздiң заманымыздан бұрын Бор дәуiрiнiң екiншi кезеңiнде осы аймақта қылқан жапырақты ағаштар өскен. Арадан 90 миллион жылдай уақыт өткенде бұл ағаштар түсi сарғыш тартып тасқа айналған. Тасқа айналған Сары ағаш осы күнi Жылға мен Шеңгелдi темiржол бекеттерiнiң аралығында кездеседi. Оның ұзындығы алты, он екi метрге дейiн жететiнi бар. Сондай-ақ бөлшек-бөлшек, ұсақ-ұсақ, кiшкене майда тастары “Әлiмтау” жоталарында, “Сөк-сөк” аймағының әртүрлi қыраттарында жиi ұшырасады./ 12, 4 б./.
Мұны - тасқа айналған Сары ағаш тегiн зерттеп, ғылыми жолмен алғаш ағылшын ғалымы Penhollow, екiншi ашқан Жапон ғалымы Шимакики.
Сарыағаш өлкесiнiң тағы бiр кереметi мынау.
Орыс геологтары “Сөк-сөк ата” құдығынан үйрек тұмсықты динозаврдың қаңқасын “склетiн” түгелдей тапқан. Табылған бұл қаңқа қазiр Мәскеудегi Ресей Ғылым Академиясының Палеонтология институтының музейiнде сақтаулы тұр.
Дәл осы үйрек тұмсықты динозаврдың қаңқасының көшiрмесi Өзбекстан Республикасының орталық Геология музейiнде (Фурхат даңғылы, 4) сақтаулы тұр.
Мұнда жазылған анықтамада динозаврдың жасы К2, бұл Бор дәуiрiнiң екiншi кезеңi деген сөз, яғни тасқа айналған Сары ағашпен жасты. /8, 146-147б./.

1.2 Тасқа айналған сарыағаштың қалдығына сипаттама.

Ташкент маңынан табылған тасқа айналған ағаштың заттық құрамы.
Академик В.И.Вернадский қазып алынған қалдықтардың тасқа айналуына, негiзiнен ағаштарға үлкен мән берген және ол жыныстардың шоғырлану ерекшелiгiн көрсетушi өзiндiк индикатор болуы мүмкiн деп есептейдi.
Тасқа айналудың характерi мен заттық құрамын зерттегенде шөгiндiлердiң қалыңдық құралуының палеографиялық жағдайын анықтауға болады.
Осы мақсатта бiз Ташкент маңынан табылған дiңгегiнiң ұзындығы (дiңгек-сабақ) 12-метр, диаметрi 92 см дейiнгi тас ағаштың (тасқа айналған) заттық құрамын тексердiк. Ол Сарыағаш селосының 46 шақырым солтүстiк батысындағы Бор дәуiрiндегi шөгiндiлердiң құмдақ, iзбес тас, конгломераттардың арасынан табылған....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: Биология | Оңтүстік Қазақстан облысының жануарлар дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты
» Дипломдық жұмыс: География | Арыс ауданының физика географиялық сипаттама

Іздеп көріңіз:
дипломдык Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық географиялық сипаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Сарыағаш ауданы ландшафтысының физикалық географиялық сипаты

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]