Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
Мазмұны
І.Кіріспе…………………………………………………………………2І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағымұздықтардың
туристік-рекреациялық маңызы
Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары………………………………….4
Қора өзенінің бастауындатау туризмін дамыту
мүмкіндіктері………………………………………………….12
1.3.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтар мен
моренналы көлдерді оқып үйренуді көздейтін
көп күндік бағыттар………………………………………19
ІІ-тарау.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің
бастауында туризмді дамытудың маңызы
2.1.Қапал ойысы мен Бүркітті Бүйен өзенінің бастауында
туризмді дамытудың алғышарттары……………………………..25
2.2. Бүркітті Бүйен өзенінің бастауындағы
мұздықтадың туристік-рекреациялық
мүмкіндіктері…………………………………………………..34
2.3.Баянжүрек тауының табиғат ескерткіштерінің
оқу-танымдық туризмді дамытудағы маңызы…….41
ІІІ.Қорытынды……………………………………………………….54
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………..57
V. Қосымшалар………………………………………………………
Орографиялық рекреациялық ресурстардың ішінде таулы алқаптардың табиғат байлықтары жетекші орын алады. Қора өзені аңғарының табиғат жағдайларының алуан түрлілігі, қолайлы эстетикалық тартылымдылығымен қатар 2500-3300 метр биіктегі тау мұздықтары шоғырланған биік таулы бөлігіндегі экстримальды қолайсыз жағдайларының өзі рекреациялық іс әрекетте асқан шеберлік пен ептілікті қажет ететін спорттық туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Халық жиі қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігінің табиғат байлықтарын рекреациялық тұрғыдан тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы дәстүрлі халыққа жолдауына сәйкес туризм кластерін құруды жүзеге асыра отырып, шетелдік және отандық туристерді тартуға мүміндік береді.
Бітіру жұмысының өзектілігі: Өлкетану-ізденіс жұмысы халық жиі қоныстанған өнеркәсіппен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған Талдықорған -Текелі өнеркәсіпті ауданына жақын орналасқан Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартылымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдерді рекреациялық тұрғыдан игерудің ғылыми-танымдық, спорттық, бұқаралық сипаттағы сауықтыру, альпенизммен тау туризмін дамыту мүмкіндіктерін анықтауымен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері:
ғылыми жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып, Қора шатқалының жер бедерінің геоморфологиялық ерекшеліктері мен оның бастауындағы тау мұздықтарының туризм мен демалысты дамытумүмкіндіктерін анықтап,оған әсер ететін табиғи алғы шарттарын ашып көрсету;
өзен бастауындағы мұздықтар мен моренналы көлдердің
спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық және экстрималды туризмді дамытудағы алатын орны мен адам ағзасының қалыпты жұмысын қамтамассыз етудегі маңызын ашып көрсету.
Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздемелері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде В.С.Преображенскийдің «Географические проблемы организация туризма и отдыха», И.С.Соседов пен Л.Н. Филатованың «Водные балансы и водные ресурсы северного склона Джунгарщского Алатау», С.Е.Ердавлетовтың «География туризма Казахстана», атты еңбектеріндегі ғалымдардың ой пікірлері басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, камералық өндеу әдістемелері қолданылды. Дәйекті материалдар ретінде суреттер, сызба-нұсқалар,карталар қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған жұмыстағы дерек көздері карталар мен графиктік кестелер география пәнінің мұғалімімен жоғарғы сынып оқушылары, география мамандығының студенттері мен туристік фирмалардың мамандары қажетті білім көзі ретінде пайдалана алады. Ө¬лкетану-Ізденіс жұмысындағы деректер Жетісу Алатауында туристік бағыттар мен соқпақтарды құрып, туристік инфрақұрылымды қалыптастыруда маңызы зор.
І-Тарау.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтарды
туристік-рекреациялық маңызы
1.1. Қора өзенінің бастауында туризмді дамытудың
табиғи алғышарттары
Географиялық қабықтың ғана емес, техносфераныңда базисі болып табылатын жер бедері Жетісу Алатауының рекреациялық сиымдылығы мен тартымдылығын, алуан түрлілігі мен қолайлығын айқындауға мүмкіндік береді. Табиғат кешендерінің құрамдас бөлігі болып табылатын жер бедері кез келген аумақтың табиғат жағдайын айқындайтын маңызды ақпараттық ресурс болып табылатындықтан Қора шатқалымен оның бастауындағы тау мұздықтары аталған аумақтың рекреациялық мамандануын айқындайтын алғышарттардың бірі болып табылады.
Халық тығыз қоныстанған Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданында демалыс пен туризмді ұйымдастырып, адамдардың денсаулығы мен еңбеке қабілеттілігін қалпына келтіруге, рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуде Жетісу Алатауының солтүстік-батыс бөлігіндегіҚоңыроба таулы алқабы мен Мыңшұңқыр, Жаманкөл, Қойтас жоталарының аралығындағы Қора шатқалының беткейінің абсолют биіктігі, көлденең қимасының пішіні, жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпенизм, бұқаралық сипаттағы спорттық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы,альпенизм мен тау туризмін дамытуға мүмкіндік береді. /1/
Қора шатқалы мен оның бастауындағы тау мұздықтары мен моренналы көлдерді ірі туризм орталығына айналдыруға жер бедерінің бірқатар көрсеткіштері әсер ететініне Қора шатқалына ұйымдастырылған оқу-танымжорығының барысында көзжеткіздік.
Бітіру жұмысы жұмысымына 2005 жылы маусым- шілде айларының аралығында геолгиялық- геогроморфологиялық далалық оқу-тәжірибе жұмысының барысында Қора өзенінің Сапожников, Алтынсарин, Асубай мұздықтарынан бастау алатын Бұрқанбұлақ саласындағы гранитті алқаптағы биіктігі 60-70 метрге жететін сарқрамаға оқу-таным жорығын ұйымдастырунегіз болды. Оқу-танымдық жорық барысында Қора өзені аңғары мен оның бастауындағы тау мұздықтарының тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін төменде көрсетілген табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын анықтадық:
ішкі эндогендік күштердің әсерінен түзіліп, экзогендік үрдістердің бұзушы әрекетінен өзгеріске ұшыраған ерекш эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін табиғат ескрткіштерінің жеткілікті болуы;
Қаратал өзенінің алабында халықтың ежлден қоныстанғанын айғақтай тарихи-археологиялық және мәдени-сәулет ескерткіштерінің қорының жеткілікті болуы;/2/
Отандық және шетелдік туристерді тартаотырып,тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін еліміздің оңтүстік-шығысындағы Қытай халық республикасымен шектесетін халықаралық магистральды жолдарға жақын жатқан аймақтың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы;
Туризммен демалысты дамытуға мүмкіндік беретін гипсометриялық, климаттық, ландшафтлық, эстетикалық, гляциологиялық (қар жамылғысы, мұздықтары, сел әрекеті мен қар көшкіні), инженерлік-физикалық (сейсмикалық, жылысу құбылыстарының) қасиеттері мен әлеуметтік-экономикалық (көліктік қатынасқа қолайлығы, туристік инфрақұрылымдармен қамтамассыз етілу дәрежесі) және тарихи-өлкетану нысандарының болуы;
Тартылымдылығын арттыратын бірегей тетоникалық-морфоқұрылым ретінде табиғаттың алуан түрлілігі;
Жер бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін бірегей пішіндерінің кең таралуы;
Жер бдерінің аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуі;
Биік таулы микроклиматтың озоға байшырша жапырақтарынан бөлінетін эфир майларына қаныққан таза ауасының адамның мінез-құлқына, сезімі мен денсаулығына тигізтін қолайлы мінезқұлықтық-физикалық әсері;
Тау беткейлерінің көлбетінің экологиялық сипатының тартымдылығы;
Жауын-шашынның мол түсуіне орай тау беткейлерінде қардың қалың түсуіне байланысты су қорымен жеткілікті қамтамассыз етілуі;/3/
Тауалды шөлейтті даласынан нивальды гляциальды белдеуге дейінгі барлық табиғат кешендерінің алмасуы;
Тау аңғарына теңіз деңгейімен біртіндеп биіктеуіне байланысты Қора өзенінің жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға мүмкіндіктің болуы;
Тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдарды дамытуға қолайлылығы;
Халықтың тығыз қоныстануы мен облыс орталығына жақын орналасуы мен жол қатынасының қолайлылығына орай бұқаралық сипаттағы оқу-танымдық ,спорттық экологиялық және тау туризмдерін дамытуға қолайлы әсер ететініне көзжеткідік. /4/
Қора өзені мен оның бастауындағы эстетикалық тартымдылығымен көзге түсетін таумұздықтарының туризмді дамытудағы алатын орынын ашып көрсетуге мүмкіндік берген бір аптаға созылған оқу-таным жорығынан соң Жетісу Алатауының солтүстік батысында орналасқан Қора,Қаратал, Көксу өзендерінің бастауындағы тау мұздықтары мен эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін моренналы көлдердің рекреациялық мақсатта игерілу тарихын анықтау бағытында ізденіс жұмыстарын жүргіздік.Нәтижесінде жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы-елуінші жылдарынан бастап Қора өзенінің жоғарғы ағысындағы тау мұздықтарының қарқынды игеріле бастағанын анықтадық.
Қора шатқалының туристік-рекреациялық тұрғыдан
игерілуі.Жоғарыда атап өткендей Алматы облсы мен Талдықорған-Текелі өнеркәсіпті ауданыында демалыс пен туризм индустриясын дамытуға қолайлы болашағы зор аудандарының бірі Қора өзені мен оның бастауындағы тау мұздықтары болып саналады. Еліміздің халықаралық маңызы бар сыртқы сауда жолы өтетін оңтүстік- шығыс бөлігімен Алматы облысының геогсаяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайының маңызының артуына орай аймақты рекреациялық тұрғыдан игеру қажеттігіне қызығушылық соңғы жылдары күннен-күнге арта бастады. Көршілес орналасқан Қытай халық республикасымен мәдени, сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстардың күшейіп достық қарым-қатынастың жақсаруы шекара аралық халықаралық туризмді дамытуға қосымша мүмкіндік тудырдырды. Жетісу Алдатауының солтүстік батыс бөлігін ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында П.П.Семенов-Тянь-Шанский, А.И.Шренк, Г.С.Карелин, В.В.Сапожников, В.И.Линиский, А.И.Безсонов, С.Е.ДмириевИ.В. Мушкетов, И.Н.Пальгов, М.Тынышбаев, Ш.Ш.Уәлиханов сыяқты оқымысты саяхатшыларды қызықтырды /3/.
ХХ ғасырдың екіші жартысында П.А.Черкасов, В.М.Чупахинсыяқты ғалымдар зерттеді.
Жазба дерек көздеріне талдау жасай отырып,эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін Қора өзені аңғарының табиғи-рекреациялық ресурстары баяу игеріілгеніне бірқатар себептер әсер еткенін анықтадықсебептері бар. Олар:
Қазақстан Республикасының ірі қалаларынан шалғайлығы;
ұзақ жылдар бойы туристердің кеулін шектеген шекара режимі;
аймақтың туристік-рекреациялық мүмкіндігі туралы ақпараттың аздығы;
орташа биік және биік таулы белдеуде туризм мен демалыстың инфрақұрылымының болмауы;
жол қатынасының нашарлығы.
Қора өзені мен оның бастауындағы тау мұздықтарына спорттық мақсатпен келген алғашқы туристердің бірі Қазақстанда бұқаралық сипаттағы альпенизмді ұйымдастырып дамытушы В.М.Зимин болды. Ол 1947,1950 жылдар аралығында Қора өзенінің бастауындағы күрделігі 1-2 дәрежелі Асубай, Ы.Алтынсарин мұздықтары орналасқан туристік тұрғыдан бұрын белгісіз болып келген аймақтың үлкен мүмкіндіктерді бар екенін атап өтті./5/
1950 жылдардың соңында Жетісу Алатауының солтүстік – батысына А.Н.Марьяшев пен Ю.В Кавешниковтың басшылығымен Қоғалы орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдеріҚора шатқалына жаяу жорық ұйымдастырды. 1959 жылы Ю.С Накатковтың басшылығымен Алматының туристері Қапалдан Жаркентке күрделігі екінші дәрежелі көп күндік жорықтар ұйымдастырды. Қазақ политехникалық институты мен ҚазМУ-дың туристері 1962 жылы Текелі-Қора өзендерініңң жоғарғы ағысы мен Қапал бағытында шаңғы жорығын ұйымдастырды. Жорық барысында топ жетекшісі А.Н.Марьяшевпен қатысушылар Қора шатқалы мен Баянжүрек тауынан қола дәуірнің бұрын белгісіз болған тастағы суреттерін тапты.
Қазақстанға танымал турист Ю.С Накатковтың еңбектеріндегі жазба деректерге сүйенсек Жетісу Алатауының таулы аумақтарын игеруге В.А.Рацкихтің басшылығымен Текелі қаласының туристері қарқынды түрде атсалысты. Сонымен Талдықорған қаласындағы облыстық және Сарқан қаласындағы жас туристер станциясының мамандары Қора өзенінің аңғарында спорттық туризмді, спорттық бағдарлауды дамытуға өз үлестерін қосқан./6/
Жетісу Алатауының тау мұздықтарын зерттеген танымал гляциолог ғалым П.А.Черкасовтың еңбектеріне сүйене отырып, 1950-1960 жылдары Қора өзенінің бастауындағы тау мұздықтары мен асуларды игеруге Д.Н.Казанли сындытанымал ғылымдармен қатар Б.А.Студенин, С.С.Адамбаев, Н.Н.Ларионов, Г.Н.Федотов сақты туристер мен топографтар зор еңбек сіңірген. Санкт-Петербургтық турист А.И.Тишениновтың деректері бойынша 1960 жылдары Қазан қаласының альпенистері, 1963 жылы М.И.Гантманның басшылығымен Москва спорты клубының спортышылары Жетісу Алатауының орталық бөлігіндегі Көксу-Қаратал алабындағы шыңдарға бір қатар онша күрделі емес шығулар ұйымдастырды. 1968 жылдан бастап аталған аумақта Санкт-Петербургтың содан соң Мәскеу мен Тверьдің тау туристері күрделі биік таулы бағыттарды игере бастады.
Туризмді басқарудың бұрынғы жүйесінің жойылуына байланысты Қора өзені аңғарына соңғы 10-15 жылда келгендердің саны ғана емес, жергілікті және сырттан келген туристердің жүріп өткен бағыттары туралы нақты деректер алу қиындап кетті. Қазақстанға танымал тәжірибелі шыңға шығушы С.П.Бегманның басшылығымен 1999 жылы Халықаралық Хантәңірі альпенистік лагерінің альпенистері Ұлы Британияның туристерімен бірлесе отырып Басқан өзенінің бастауындағы бір қатар шыңдарға шықты. Жорықтың кеңесшісі аймақтың тау мұздықтарың 40 жыл зерттеген белгілі гляциолог ғалым география ғылымдарының докторы П.А.Черкасов болды. /7/
Бүгінгі таңда Қора шатқалы мен оның бастауындағы тау мұздықтарында туризмді дамытуға Талдықорған қаласындағы жастехниктер бекетінің жанындағы оқушылардың «Жоңғария» туристік клубы зор үлес қосуда
1.2.Қора өзенінің бастауындағы мұздықтардың
туризмді дамыту мүмкіндіктері
Алматы облысының орталығымен оған жақын жатқан елді-мекендердің халқының бұқаралық сипаттағы демалысымен ішкі және сыртқы туризмді дамытуға мүмкіндік беретін маңызды туристік бағыттың бірі Қора өзенімен оның бастауындағы Троноов, Алтынсарин,Сапожников. Асубай, Аюсай мұздықтарының абляция аймағындағы моренналы көлдер болып табылады.
Географиялық ғылыми әдебиеттер мен Жетісу Алатауының 1:200000 масштабты картасының деректеріне сәйкесҚора шатқалы Жетісу Алатауының солтүстік-батысындағы Мыңшұңқыр, Қора, Қаратау,Жаманкөл жоталарының аралығын бөліп жатқан терең тектоникалық аңғарда орналасқан.аңғар арқылы Қаратал өзенінің оң жақ саласы болып табылатын өзі аттас өзен ағады. Қора шатқалы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталып 70 шақырымға созылып жатыр. Солтүстігі мен солтүстік-батысында Мыңшұңқыр, солтүстігінде Қаратау, оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Қора жоталарымен шектеседі. 1:50000 ірі масштабты картаның деректеріне сай Қора және Қаратау жоталарының түйіліскен жерінде теңіз деңгейінен 3500-3600 метр биіктікте Алтынсарин, Сапожников, Безсонов, Троновсыяқты аңғарлық мұздықтары бар. Олардан Салдыртас, Қасқабұлақ, Аралтөбе, Мұқан және Бұрқанбұлақ салалары бастау алады. /8/
Асубай мұздығынан бастау алатын Бұрқанбұлақта Қазақстанның ең көрікті әрі биік сарқырамаларының бірі бар.
2005 жылғы оқу-танымжорығы барысында Қора өзенінің Қараталға құяр сағасындағы аласа таулы бөлігі өзінің ерекше көліктілігімен көзге түсетінін анықтадық. Геологиялық әдебиеттердеі жазба дерек көздеріне сүйенсек 1000-1100 метр биіктіктегі Текелі қаласының маңында миндаль мұзбасуының абляция аймағында түзілген соңғы моренналық төбелер мен сел әрекетінен түзілген қой тастар бар. Кен-байыту комбинатының өндіріс қалдықтарын төгуінен түзілген террикондармен бедленттер Талдықорған мен Текелі қаласындағы жоғары, орта арнайы оқу орындары мен мектеп оқушылары үшін ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬жаппай бұқаралық спорттың және тау туризмдерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып табылады. Тау аралық тектоникалық аңғар біртіндеп биіктейтіндіктен өзеннің Қараталға құяр сағасынан 57 шақырым қашықтықтағы сол жақ саласы Қасқабұлаққа дейін автокөлікпен баруға болады. /9/
Теңіз деңгейінен биіктіктің біртіндеп артуына байланыстыҚора шатқалын үш белдеуге бөліп қарастыруға болады.
Аласа таулы белдеу шатқалдың 1000-1600 метр биіктікке дейінгі бөлік қамтиды. Қора өзені ағатын сайдың табаны мен Қора, Мыңшұңқыр жоталарының арасындағы өзара биіктік беткейлердің көлбеулігі 15-25º аралығында ауытқиды. Аңғардың табаны солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп биіктейді. Тау жоталарының бағытына сәйкес жылу мен ылғалдың тарауына батыс пен солтүстік-батыстан енетін ауа массалары әсер етеді. Қыста инверсия құбылысы байқалатындықтан қаңтардың орташа температурасы 3-5ºС төмен түспейді. Суық арктикалық ауа массалары енгенде -15-20ºС дейін төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері етегінде 500, жоғары бөлігінде 600 мм дейінгі мөлшерде ауытқиды. Тұрақты қар жамылғысы қазанның соңы мен қарашаның ортасында қалыптасып наурыздың соңы мен сәуірдің бірінші он күндігіне дейін 160-170 күн сақталады. Ылғалды жылдары 48-60 сантиметрден аса құрғақшылық жылдары 30-40 сантиметрден аспайды. /10/
Шаңғы, шанамен еркін сырғанау сияқты қысқы рекреацияны қарқынды дамытуға қолайлы Қора шатқалының беткейлерінде қар 5 айға дейін сақталады. Шаңғымен серуендеуге қажетті қардың қалыңдығы желтоқсанның үшінші он күндігінде қалыптасады. Қар кескіндеу жұмыстарының деректеріне қарағанда 30 сантиметрлік қардың қалыңдығы наурыздың бірінші он күндігінен бастап бұзыла бастайды. Теріс және оң реакциялық баланстардың алмасуына байланысты жауын-шашынның басым ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | Моңғолияның географиялық жағдайы мен туризміне жалпы сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | Моңғолияның географиялық жағдайы мен туризміне жалпы сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу
Іздеп көріңіз: