Дипломдық жұмыс: География | Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

Дипломдық жұмыс: География | Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................3
І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша
мәліметтер..............................................................................................................6
ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық факторлары............................................................10
ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы......................................10
ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы
геоморфологиялық фактор................................................................................13
ІІ.3 Климат жағдайы..........................................................................................15
ІІ.4 Беткі және жер асты сулары......................................................................18
ІІ.5 Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлары.......................................24
ІІІ. Қаратаудың географиялық кешендері...............................................................28
ІІІ.1 Географиялық кешен және биіктік белдеулілік туралы түсінік...........28
ІІІ.2 Қаратау жотасының географиялық кешендері.......................................33
ІІІ.3 Қаратаудың географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы......38
ІІІ.4 Қаратау жотасындағы биіктік белдеулілік..............................................42
Қорытынды................................................................................................................46
Әдебиет тізімі.............................................................................................................48


Диплом жұмысы кіріспе, 3-тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. Диплом жұмысын жазу барысында автор Оңтүстік Қазақстан облысы Жер ресурстары басқармасының фондттық мәліметтеріне негізденді, Ғылыми-техникалық, Абай, Пушкин атындағы кітапханалардан тақырып бойынша әдебиеттермен танысты. Сонымен қатар, автор оқу іс-тәжірибе кезінде осы мәселе бойынша бірнеше дала материалын жинады.
Қаратау жотасы физикалық-географиялық провинциясы Қазақстанның оңтүстігінде, Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік-Қазақстан облыстары территориясында орналасқан. Қаратау Батыс Тянь-Шань тауларының солтүстік сілемдері болып табылады, ең биік шыңы Бессаз тауы – 2176 м. Қаратау жотасы
5 - 6 баллдық сейсмикалық зонада орналасқан. Жотаның казіргі географиялық кешендері тау алды, аласа таулы және орта биікті таулы шөл, шөлейт, құрғақ дала және дала ландшафттары деп бөледі. Климаты кескін континентті, салыстырмалы құрғақ, таулы климат түрімен сипатталады.
Қаратауда соңғы жылдарға дейін фосфорит, полиметалл рудасы өндірілген. Кеңес үкіметі кезінде Қаратау жотасында түрлі геологиялық зерттеулер жүргізілді, провинцияда уран, темір, алтын және рудалық емес құрылыс материалдар (құрылыс тас, цементтік шикі-зат) т.б. пайдалы қазбалардың кен орныдары табылған. Казіргі таңда өнеркәсіптік деңгейде уран рудасы өндіріледі, ал фосфориттің қоры жеткілікті болғанымен, өндіру тоқтатылған. Қаратау пайдалы қазбалардан басқада табиғат ресурстарына бай болып келеді, әсіресе ауыл шаруашылық үшін. Қаратау жотасының беткейлері мен су айырығы жазғы жайлау ретінде пайдаланылады, шалғындар әр түрлі шөптесін өсімдіктерге бай, сонымен бірге көптеген дәрі өсімдіктер бар. Өзен аңғарларында жабайы жеміс ағаштар өседі: алма, өрік, жабайы жүзім кездеседі, олар осы мәдені жеміс ағаштардың генофонды болып табылады.
Қаратаудың тегіс жерлері егістікке кең пайдаланады, басым бидай, жоңышқа т.б. дақылдар бар. Бұл провинциядағы дәнді және жемшөп дақылдар суғарылмайды.
Қаратау жотасы рекреациялық ресурстармен жоғары деңгейде камтамассыз етілген. Әсіресе таулы туризмді дамыту үшін Қаратауда көп мұмкіндік бар, мысалы, өзенмен байдарка және каноэмен түсу, атпен таулы аудандарға, үңгірлерге, ежелгі адамның тұрақтарына т.с.с. объектілерге саяхат жасау. Осы мақсатта Қаратауда ерекше қорғалатын территорияларды ұйымдастыру үшін арнайы географиялық, биологиялық т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.
Қаратауда адамдар ертеден мекендеген, мысалы, Арыстанды өзеннің шатқалында ежелгі адамның тұрақтары табылған, ал Шаян өзенінің шатқалында тас бетіндегі суреттер бар. Боралдайдың жоғарғы ағысында отқа табынушылардың ғибадатханасының қалдықтары, тас бетіндегі суреттер табылған. Орта ғасырларда Қаратаудың солтүстік және оңтүстік беткейлерінде Солтүстік Қазақстан және Ежелгі Русь мемлекетімен Оңтүстік Қазақстанның территориясын және сол кездегі Азияның басқа елдерімен байланыстратын Ұлы Жібек жолының тармақтары өткен.
Қаратау жотасы территориясын, пайдалы қазба байлықтарын игеру мақсатта, сонымен бірге географиялық кешендерінің экологиялық тұрақтылығын сақтау үшін, Қаратаудың казіргі географиялық жүйелердің ресурстарын кешенді пайдалану принциптерін жасап шығуын талап етеді.
Қаратау жотасы табиғи физикалық-географиялық шекара болып табылады, сондықтан солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс беткейлері физикалық-географиялық жағдайы бойынша бір-бірінен кескін айырылып отырады. Қаратаудың су айырығы ландшафттардың жеке класын құрайды. Қаратау ерекше табиғат жағдайымен сипатталатын болғандықтан, осы провинцияның табиғи географиялық кешендерін, тірі организмердің биологиялық көптүрлілігін, эндемикалық түрлерін сақтау үшін 2004 жылы Қаратау-Сырдарья қорығы ұйымдастырылды.

І. Қаратау жотасын географиялық зерттеу тарихынан қысқаша мәліметтер

Қаратау таулары туралы географиялық мәліметтер антикалық кезеңдегі географиялық еңбектерде кездеседі, оны дәлелдейтін Созақ, Сауран т.б. ежелгі қалалардың қалдықтары [12,37]. Осындай ежелгі елді мекендердің қалдықтары Қаратаудың батыс және шығыс беткейлерінде бар.
Қаратау туралы бірінші жазба деректері Александр Македонскийдің әскери жорықтарынан кейін ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде жиналған. Бұл мәліметтер ежелгі римдіктер еңбектеріне көшіп, көбінесе баяндама түрінде болған.
Орта ғасырлардың бірінші жартысында сол кездегі Орта Азия елдерін арабтар басып алды. Антикалық кезеңдегі ғылым орта ғасырдағы арабтарға көшті, сондықтан, Қаратау туралы мәліметтер осылардың ғылыми еңбектерінен табамыз. Абу Исхак Ибраһым ал-Истахри Арыс өзені және оның салаларында орналасқан елді мекендер туралы мәліметтер бар. Макдиси деген саяхатшының еңбектерінде Сырдарияның оң жағасында орналасқан Сауран (Сабран) және Шагальджин (Ишкан, қазіргі Түркістан қаласынан 26 км солтүстікке қарай) қалаларының сипаттамасы бар, сонымен қатар Испиджаб қаласына аса толық сипаттама берген. Махмуд Қашқари ХІ ғасырдың екінші жартысында жарық көрген «Диван лугат ат-түрік» еңбегінде Орта Азияның картасы бар, онда Тянь-Шань таулары бір-біріне параллель жатқан жоталар түрінде көрсетілген [12,37].
1627 жылы Мәскеу мемлекетінің «Большой чертеж всему Московскому государству» және осы карталарда көрсетілген территорияға географиялық сипаттама беретін «Книга к Большому чертежу» деген еңбектер шықты. Бұл картада Қаратау таулары да көрсетілген. Қарату жотасы, 1701 жылы С. Ремезов жасап шыққан «Чертежная книга Сибири» деген атласта көрсетілген.
ХІХ ғасырдан бастап Қазақстан территориясында орыс ғалымдары әр түрлі жолдармен жүйелі геодезиялық кескіндеу және пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізді. Ғасырдың басында Т.С. Бурнашев және М.Поспелов инженерлер Семейден Бетпақдала арқылы, Қаратудың үстімен Ташкентке қарай өтті. Олар көрсетілген айдандарда рекогносцировка жұмыстарын жүргізді. Батыс Тянь-шань тауларына сонымен бірге Қаратау жотасына жалпы сипаттама берілген. 1830 жылы осы маршрут бойынша Н.И. Потанин саяхат жасап жолда кездескен таулар мен өзендерге сипаттама берген, соның ішінде Қаратау таулары туралы мәліметтер бар [7,12].
ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарына Қазақстан туралы көптеген материалдар жиналды, оның барлығын жинап сол кездегі ғылым деңгейінде түсініп жалпыластыру қажет еді. Бұл мәселені А.И. Левшин «Описание киргиз-казачьх или киргиз-кайсацких орд и степей» деген еңбегінде көрсетті. Бұл еңбекте сол кездегі қазақ халқы туралы, оның тарихы, этографиясы, географиясы көрсетілген. Территория баяндамасында Қаратау таулары туралы айтылған. Климаттық ерекшеліктері және топырақтың сипаты негізінде автор Қазақстанның территориясын 7 белдеуге бөледі, Қаратау жотасы жетінші – Оңтүстік Қазақстанның шөл аудандарына жатқызады.
Қаратау жотасының геологиялық зерттеу тарихы шамамен ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Осы кезеңге дейін Қаратау туралы мәліметтер тосаттан, жекеленген мәліметтер көпестер (саудагерлер), елшілер т.с.с. адамдар жинаған. Қаратаудың геологиясы туралы мәліметтер жоғарыда көрсетілген авторлардың еңбектерінде кездеседі, Семен Ремезовтың (1697), П. Бурнашев және М. Поспелов (1800), Н.И. Потанин (1831), А. Левшин (1832) т.б. авторлар [19].
1865 жылдан бастап әдебиетте Қаратаудың орографиясы, гидрографиясы, геологиясы туралы ғылыми еңбектер шыға бастады. Осы кездегі ғылыми жұмыстардан Р. Фрезенің (1865), Н.А. Северцевтің (1866), Д.И. Романовскийдің (1866), А.Н. Никольскийдің (1867) және А.Л. Татариновтің (1867) еңбетерін атап кетуге болады. Мысалы, Н.А. Северцевтің еңбегінде Қаратау бойынша маршруттық геологиялық карта берілген, А.Л. Татаринов өз еңбектерінде Қаратауда анықталған тас қөмір кен орындарының жасын анықтады және Ащысай кен орнына сол кездегі деңгейде толық сипаттама берді. Бұл кезең Г.Д. Романовскийдің (1878) және И.В. Мушкетовтың (1877) 1875 – 1878 жылдары аралығында болған экспедициялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шыққан ғылыми еңбектер аяқтайды. Олар өздерінің еңбектерінде Қаратау жотасындағы палеонтологиялық қалдықтарға баяндама берген және Қаратаудың геологиялық картасын жасаған.
ХХ ғасырдың басында Қаратауда көптеген жалпы географиялық, геологиялық, топырақтанулық, ботаникалық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Геологиялық жұмыстары бойынша М.М. Бронниковтың (1905), В.Н. Вебердің (1905) және Д.В. Наливкиннің (1924 және 1930 ж.ж. жарық көрген) ғылыми еңбектерін атап кетуге болады. 1908 жылдан бастап Қазақстанда Көші-қон басқармасының ұйымдастыруы бойынша топырақ-ботаникалық зерттеу жұмыстары басталды. Сол кездегі Сырдария облысының Шымкент уездінде З.А. Минквиц және О.Э. фон Кнорринг осы жұмыстарды жүргізді.
Орта Азия және Қазақстанның топырақ жамылғысын зерттеуде С.С. Неуструевтің ерекше орны бар. 1908 – 1914 жылдары аралығында ол Оңтүстік Қазақстанның және Өзбекстанның Ферғана аңғарының топырақтарын зерттейтін Көші-қон басқармасының 8 топырақ-ботаникалық экспедицияларын басқарды. С.С. Неуструев 1908 жылдан бастап Шымкент уездінің топырақтарын зерттеді. Ол Қаратау жотасымен қатар Талас Алатауын, Арыс және Боралдай өзендері алқабтарын, Қаратаудың шығыс беткейлерін, Мойынқұмды зерттеді. 1912 жылы шыққан «Почвенно-географический очерк Чимкентского уезда» деген еңбегінде уездтің барлық топырақтарына сипаттама берді, олардың таралуындағы басты заңдылықтарды көрсетті тағы жер бедері, климат және геологиямен байланысты түрлі аудандардағы топырақ қалыптасу жағдайын түсіндірді. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы территориясындағы лесс топырағын сұр топырақ (серозем) деп атады. Сұр топырақтың ерекшеліктерін қарастыруына байланысты Түркістандағы топырақ пайда болудың маңызды ерекшелігін – топырақ және грунттың карбонаттылығы туралы мәлімет берді.
Қазақстанда Кеңес үкімет орнатылған соң, Қаратау жотасында геологиялық зерттеулер басым болды. ХХ ғ. 20-40-шы жылдары Қаратаудың геологиясы, палеонтологиясы, жер бедері туралы Д.В. Наливкин, Н.А. Брызгалов, В.В. Галицикий, И.И. Князев т.б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Осы кезде, И.И. Князев Ащысай полиметал кен орнын өндіріске тапсыру жұмыстарын басқарды.
1932-ші жылы геологиялық кескіндеу нәтижесінде Қаратаудың ірі масштабты (1:84000 және 1:200000) геологиялық карталары шықты. Кейінгі геологиялық зерттеу жұмыстары нәтижесінде Қаратаудың жеке аудандары 1:25000 масштабтағы карталар түсірілді.
Соғыстан кейінгі жылдары Қаратауда жоспарлы геологиялық, гидрогеологиялық т.б. зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осы кезеңдегі экспедициялық жұмыстардың негізгі нәтижелері Қаратауды жан-жақты зерттелуі, әр түрлі масштабтағы түрлі тақырыптық карталары, өсімдіктер дүниесіне жете сипаттамасы, ауыл шаруашылық мақсаттағы зерттеулер өте маңызды болып табылады.

ІІ. Қаратаудың географиялық кешендері қалыптасуындағы
физикалық-географиялық факторлар.

ІІ.1 Қаратау жотасының геологиялық даму тарихы және пайдалы қазбалары.

Қаратау тектоникалық жағынан Қазақ қатпарлы жүйесі құрамына кіреді. Тектоникалық картада (ВСЕГЕИ, 1966) [36]. Қазақ қатпарлы жүйесі мозаикалық тектоникалық құрылымы ретінде қарастыралады, ал Солтүстік Тянь-Шань сонымен бірге Қаратау жотасы сызықты формалар деп белгіленген.
Қазақ қатпарлы жүйесі соңғы қатпарлануы герциндік жаста, бірақ байкал және каледон қатпарлы формалары жер бетінде көрінбегенімен палеозой фундаментінің жалпы құрылымды жоспарына ықпалы басым болып келеді. Қаратаудың каледонидтері Ұлытау-Тянь-Шань геосинклиналдық зона немесе белдеуге жатады [14,40]. Бұл зонада Қаратау антиклинальдық аудан болып келеді.
Қаратау мегантиклинорийдің ядролық құрылымдары екі қабатты құрайтын протерозой жастағы жыныстардан тұрады: төменгі қабаты гнейс, амфиболит және кристалдық сланецтерге айналған эвгеосинклиналдық эффузивті-шөгінді шөгінділерден құрылған, ал үстіңгі қабат шөгінді карбонаттық және құмды шөггінділермен және әлсіз метаморфтанған кварцтік құмтас және жер беті жағдайына қалыптасқан қышқыл эффузивтерден құрылған. Бұл зоналар фосфориттік және ванадийлік бассейндер ретінде ажыратылған. Бірінші бассейн, полиметалдық шөгінді рудаласу (соның ішінде ванадиймен) қабатымен, қалың емес кембрий шөгінділерімен (300 – 500 м) және ордовикті терригендік материалдан құрылған салыстырмалы қалың емес горизонттарымен сипатталатын геосинклиналь түрінде болады.
Фосфоритті бассейнінің кесіндісі екі ерекшелікпен сипатталады: төменгі кембрийдің үстінде қалыңдығы 30 м дейін фосфориттік горизонтымен және жасы бойынша орта кембрийдің төменінен орта ордовикке дейін әктастар мен сұр доломиттердің қабатымен (3000 м дейін) [14,15].
Камдон миогеосинклинальдық белдеуі орта және жоғары ордовиктің шекарасында катпарланумен сипатталатын және оның ізінен орогендік дамуы басталады.
Сыртқы каледонидтер белдеуі, үстінен қалыптасқан иіндерді (наложенные прогибы) толтыратын девон жасынан төрттік жасына дейін шөгінділермен жабылған. Үстінен қалыптасқан иіндер каледонидтер сияқты шөгіділердің жағдайы бойынша біркелкі, олар қызыл реңді конгломерат және құмтастар шөгінділерімен толтырылған [14].
Герциндік қатпарланудың бірінші фазалары карбонның ортасына сәйкес болады. Қаратаудағы қатпарлы массивтерде герциндік орогенезде көптеген жарықтар, жақпарлы қозғалулар және вулканизм пайда болды.
Перм дәуірінде герциндік орогенез аяқталды. Перм дәуірі бойы Қаратаудың көтерілген массивтері денудациялық процестермен қиратылды, ал ойыстар қиратылған шөгіділермен толтырылды.
Мезозой эрасы салыстырмалы тектоникалық тыныштықпен сипатталады. Бұл кезеңде қазіргі Қаратаудың территориясында ыстық құрғақ климат болған, оның куәсі қызыл түсті жыныстар және үгілудің латеритті қыртыстары.
Бор дәуірінде Қазақстан территориясы трансгрессияға ұшырады, теңіз Қаратауға дейін жетті, ашылуларда теңіздік терригендік шөгінділер сақталған. Бордың аяғында тектоникалық көтерілулердің себебінен теңіз шегінді.
Палеогеннің ортасында (эоценде) күшті трансгрессия болды, теңіз Қаратау жотасын да қамтыған. Орта және кеш олигоценде Қазақстан жерінде тектоникалық көтерілулер пайда болды, оның нәтижесінде теңіз кайтты.
Мезозой және палеогеннің басым бөлімінде Қаратауда салыстырмалы тегістелген, пененпленизацияланған жер бедері болған. Орта олигоценнен бастап, ежелгі тегістелу беттердің жаңа тектоникалық қозғалыстармен деформациялану және оларды эрозиялық процестермен тілімденуіне байланысты жаңа жер бедері қалыптасу кезеңі басталды. Жақпарлы және күмбезді-жақпарлы неотектоникалық қозғалыстардың, қазіргі тау пайда болу кезеңі неоген болып келеді. Осы кезеңде Қаратау жотасы көтерілді [14].
Неогеннің аяғында климаттың салқындау және ылғалдануы байқалады, осы кезде Қаратау өзендерінің сулылығы көбейп тау етегінде көптеген көлдер пайда болады. Жоғарғы плиоцендегі сулану таудың көтерілуіне және мұмкін тау мұздықтар пайда болуына байланысты.
Плейстоценнің басталуы тектоникалық көтерілуі мен эрозиялық тілімденуімен байланыстырады. Қаратаудың етегінде пролювийлік қабаттар қалыптасады. Плейстоцендегі климаттың ритмдік өзгеруі Қаратаудың шөлді аудандары табиғатының эволюциясында әлсіз сәулеленген. Қаратаудың тау алды жазықтарындағы шөлді режим неогенде қалыптасып төрттік дәуірде өзгермеген.
Мойынқұм шөлінде плейстоценнің барлық қабаттарында (горизонттарында) шөлді өсімдіктердің тозаңдары кездеседі. Шөлді жағдайының ұзақтылығы мен ұздіксіздігі Қаратаудың сулылығының кезеңді тербелуімен ауысып отырды. Мұндай кезеңдерді И.П. Герасимов плювиалды кезеңдер деп атады. Шөлдегі плювиалдар, суық түсуімен және Каспий теңізінің трансгрессиялық фазаларымен бір кезде болған. Осы кезде Қаратау өзендерінің сулылығы және атмосфералық жауын-шашын мөлшері көбейген.
Пайдалы қазбалары.
Рудалы пайдалы қазбалары. Қаратау жотасында гидротермальды кен орындар және құрамы бойынша карбонатты кен орындар бар. Ванадийдің кен орындары кембрийдің қара сланецтеріне тән Қаратау жотасының солтүстік-батыс бөлігінде кездеседі. Қаратауда Құрманов аймағындағы скарнды-магнетитті білінімдерде титанның белгісі көрінеді, бірақ білінім кіші және пайдалы компоненттің мөлшері өте аз.
Қаратауда түсті металдардың кен орындары мен руда білінімдері өте көп кездеседі. Қаратауда қорғасын-мырыш кендері бар. Үлкен Қаратауда қорғасын мен мырыштың бірнеше белгілі кен орындары (Ащысай, Мырғалымсай және т. б.) мен жүздеген кен білінімдері бар. Олардың біршамасы ертеден белгілі. Кеңес дәуірі кезінде зерттеулер жүргізіліп, жаңа кен орындары ашылды. 1936 жылдан бастап Ащысай кен орыны жұмыс істей бастады [15].
Мырғалымсай кен орны 1929 жылы ашылған. Барлау жұмыстары 1931-1939 ж. ж. жүргізілді. Кен орны антиклинальды зонаның оңтүстік-шығыс бату аймағында орналасқан.
Ащысай (Тұрлан) кен орны ертеден мәлім жоспарлы зерттеу барлау жұмыстары 1926 жылдан бастап жүргізіле бастады. Өнеркәсіптік маңызы бар рудалар Белмазар жарығының жер бетіне жақын орналасқан және шыққан бөліктері негізгі Қаракенсай және 5-ші шығыс учаскесінде. Сонғысы воронкада орналасқан, 15 метр тереңдіктен бастап бай церусситті рудалармен білінеді. Ең үлкен негізгі кен шоғырлану өзінің ішінде барлық қорлардың 45 пайызын жинаған, қорғасынды және қорғасын-мырышты рудалы дене базолды пачканы құрайды.
Байжансай рудалы ауданы. Қорғасын-мырышты минерализациясының білінімі жағынан Қаратау аймағында екінші ірі аудан болып есептеледі. Оның территориясында Ақсоран, Байжансай, Аралтау, Дарбаза кен орындарымен бірге көптеген руда білінімдер бар. Ауданы оңтүстік-шығыс Қаратаудың батыс беткейінде суайрыққа жақын орналасқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1930 жылдан басталды.
Ақсоран кен орны Қаратау жотасының батыс суайрығына жақын орналасқан. Негізгі кендену Ақсоран жарығында немесе соған жақын орналасқан. Ол шамамен үзіліспен 1750 м созылып жатыр. Руда кальцит пен цементтелген құрамында мырыш, қорғасын, темір бар брекниядан тұрады, ал тұтас қорғасын- мырышты рудалар сирек. Негізгі рудалы минерал галенит, сонымен бірге сфалерит және пирит те бар [15].

ІІ.2 Географиялық кешендер пайда болуындағы геоморфологиялық фактор.

Қаратау 5-6 балдық сейсмикалық зонада орналасқан. Провинцияның оңтүстік-шығыс шетінде Арыс-Тараз темір жол трассасы бойынша қайта жүргізілген геодезиялық нивелировка арқылы жаңа тектоникалық қозғалыстар анықталған, мысалы, Шақпақ ауысуында көтерілу процесінің жылдамдығы +12 мм/жылына [2].
Қаратау жотасы шұғыл ассиметриялық болып келеді. Оңтүстік тау алдының үстірттәріздес беті солтүстік бағытта көтеріліп, байқалмай жазықтық тау адырына өтеді, ал солтүстікте Қаратау тік беткейлі болып келеді. Су айырық беті, бор және эоцен теңіз трангрессиялар кезінде абразия үшыраған, қазір денудациялық жазық болып келеді [14,16,28]. Қаратаудың қазіргі жер бедері денудациялық үгілген беттің дұрыс емес қатпарлы-күмбезді деформациялау нәтижесінде қалыптасты. Бессаз шыңы осы беттен биік емес орналасқан, яғни ол ежелгі жер бедерінің қалдығы. Осындай қалдықты жер бедері Қаратаудың оңтүстік-шығысында байқалады, Боралдай таулары ежелгі жер бедерінің қалдықтары. Палеоген трангрессиясы кезеңінде бұл қалдықтар құрлық болған. Биогеографтар оны палеоген-неоген уақыттың маңызды ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Жетісу алатауының солтүстік орталық жотасына физикалық географиялық сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Іле өзені мен атырауының физико географиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Шу Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері
» Дипломдық жұмыс: География | Тұран жазығының физикалық географиялық сипаты

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар география дипломдық жұмыстар, Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]