Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ…………………………………………5
1.1 Қазақстан жерінің топырақ - климаттық жағдайлары…………………… ..5
1.2Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері…………………………………………………………………………7
1.3 Қазақстанның басқа облыстарындағы суармалы егіншілік жайы………..14

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІГІ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТЫ МЕЛИОРАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ…………...17
2.1 Қазақстан топырақтарын мелиорациялау мәселелері мен суармалы егіншілігі…………………………………………………………………………..17
2.2 Егіншліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақгы эрозиясы…….27
2.3 Топырақты тыңайту мәселелер……………………………………………..33
2.4 Суармалы жерлеріміздің мелиоратив тікжағдайлары және оны жақсарту шаралары………………………………………………………………………..36

3.СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ……………………...39
3.1 Оңтүстік облыстарымыздағы суармалы егістіктерге пайдаланылатын топырақтарды бағалау…………………………………………………………..39
3.2 Жер суарудың зкономикалық тиімділігі…………………………………..44
3.3 Су ресурстарын тиімді пайлану және қазіргі жағдайы……………..48

ҚОРТЫНДЫ……………………………………………………………………53
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………….55


Адам қоғамы табиғаттың бір ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, адам организмі ауасыз (оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен . Адам өміріне аса қажетті табиғаттың осы үш қорыда (ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп, өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ ''Жерді – асыраушы анамыз'' деп өте құрметпен атаған. Сонымен қатар жер қабаты тек адам қауымы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Міне сондықтан біздер төменде табиғаттың негізгі байлығы – Қазақстандағы суармалы егіншілік пен қорлары, оны бағалау және экономикалық тиімділігі, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері туралы сөз болады.
Негізгі тақырыпқа кірісер алдында, Қазақстан респуликасында, суармалы егіншілік қорларының соншалықты қоғам үшін, ауылшаруашылығындағы маңыздылығына қарамастан, оны қорғауға, тиімді пайдалануға деген дұрыс көзқарас ХХ-ғасырдың екінші жартысына дейін болмағаны туралы біршама деректі мәліметтер бітру жұмысының алғашқы бөлімінде баяндалады.
Негізгі мәселе Қазақстан мысалында қаралғанымен, әрнәрсе салыстырмалы жағдайда жақсы көрінетіндіктен, бітіру жұмысының соңғы бөлімінде әлемнің, бұрынғы одақтың жер қорлары және оны бағалау мен суармалы егіншіліктің эконоиткалық тиімділігі жөнінде де біршама мәліметтер келтірілген.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЕГІНШІЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Қазақстан жерінің топырақ - климаттық жағдайлары
Қазақ жері – кеңбайтақ. Халқының саны жөнінде әлемде 80-ші орындардың бірінде болған тұрып, жер көлемі жөнінде 9-шы орында.
Атыраудан Алтайға шейін 3000шақырымдай болса, Батыс Сібірден Алатауға шейін 1600шақырымдай созылып 272,5млн ға жерді алып жатыр.Біздің республикамыз геогарфиялық орналасуы жағынан Еуразияның орталығында әлемдегі барлық мұхиттардан ең қашық аймақта орналасқан.Сондықтан қазақстан аумағындағы ауа райының басты ерекшелігі –құрғақшылдық.
1. Республикамыздың ең терістік Ресейдің Батыс Сібір ойпатымен шектесіп далалы қара топырақты зона 25,4 млн га,қазақстан жерінің 9,8% алып жатыр.Жылына түсетін ылғал 250-340мм, негізгі астық егілетін аймақтар.Қрғақшылық жылдарлың 10-25%болады.
2. Бұл зонаның оңтүстігіндегі кең алқапты қара-қоңыр топырақты құрғақ дала мен шөл дала зонасы алып жатыр, көлемі 90,4млн га,қазақстан жерінің 33,2%.Аудан түсетін ылғал жылына 200-260мм ғана терістіктен оңтүстікке қарай азая береді, құрғақшылық жылдардың 25-75%түзеді. Сондқытан бүл зонада егіншілікпен айналысу жөнді нәтиже бере бермейді. Дегенмен тың игеру кезінде асығыстық, асыра сілтеушілік жағдайда бұл зонада жиі болатын құрғақшылықтан жөнді өнім бермейтін 13-14мм га астық егілетін. Елбасысыздың бастамасымен соңғы жылдары бұл жерлер егістіктен шығарылды. Бұл зонаның тек терістік бөлігіндегі күнгірт қара-қоңыр топырақты зонашасындағы астық егісінің біршамасы қалды да,оралық бөлігіндегі жай қара-қоңыр және оңтүстік бөлігіндегі ашық қара-қоңыр топырақты зонашалардағы егістіктер түгелдей егістіктен шығарылды. Бұл жағдай да еліміздің тәуелсіздік алғанының жемісі екендігі түсінікті. Бұл аймақ негізінен мал шаруашылығымен айналысатын болды.
3. Құрғақ дала мен шөлді дала зонасының оңтүстігінде кең алқапты құба және сұр-құба топырақты шөл зонасы алып жатыр .Көлемі 119,2млн га, Қазақстан жерінің 43,7%Ауадан түстені ылғал мөлшері бар болғаны 120-170мм.Бұл аймақ аз өнімді жайылымды жерлер,негізінен уақ мал мен түйенің жыл бойы жайылатын кең алқабы. Егіншілік тек қолдан суарған жағдайда болады,бірақ оған су көздері жетісе бермейді.Суармалы кгіншілік тек Сырдария, Іле, Шу т.б таудан аққан өзендер бойында. Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс биік таулу аймақтарында күрделі климаттық топырақ зоналары,(биіктік білдеулік) орын алады. Майдарақ зонащаларды бір-біріне қосып таулы аймақтарда негізгі екі зонаға бөлуге болады.
4. Таулардың төменгі етектеріндегі шөлді дала зонасы, топырақтары сүр және ашық қара-қоңыр. Біршама жерлері суармалы егіншілікке ,біршама жерлері суарылмайтын Егіншілікке,ал жалпы басым жерлері мол өнімді мал шаруашылығына пайдаланылады.Таудың әсерінен бұл зона түсетін ылғал 250-400мм жетеді. Біраз жерлерінде жчдек жемісті бұталар мен ағаштар. Көлемі 18,9млн га республика жерінің 6,9%-ы.
5. Таулардың биіктеу етектері мен тау аралық дала, таулы-ормандыдалалы,щалғынды-орманды және шалғынды зоналар,топырақтары күңгірт қара-қоңыр, қаратопырақтар мен таулы орманның сұр және таулы шалғынды топырақтар. Ауданға тұсетін ылғал мөлшері 450-850мм. Негізінен мал шаруашылығы үшін жоғарғы өнімді жайылым,орман шаруашылығы жерлері,біршама суарылмайтын егіншілік,жемісті ағаштар.Көлемі 18,2млн га республика аумағының 6,7%- ы.
Міне жоғарғы келтірілген Қазақстанның қысқаша топырақ климаттық сипаттамасынан қазақ жерінің бесым бөлігі құрғақ шөлейт және нағыз шөл зоналарда орналасқанын көріп отырмыз.орташа есеппен мүндай аймақтар Қазақстан жерінің80%жуық.ауадан түсетін ылғал тек солтүстік облыстар мен орталық облыстарымыздың терістік шеткі бөліктерімен оңтүстік шығыстағы таулы аймақтардың біршама етектерінде егіген егістерді қамтамасыз етеді. Сонымен грте заманнан-ақ қазақ жеріндегі егіншілік шамалы орын алды,ал оның сурамалы егіншілікпен айналысу оңтүстік аймақтарда түратын орыс украин,өзбек,ұйғыр халықтарының үлесіне тиді. Жергілікті қазақ халқы атам заманнан негізінен мал шаруашылығымен айналысып,тігуі де,жығуы да оңай киіз үйлермен Қазақстанның кеңбайтақ жерлерінде көшіп-қонып жүрді.Ескеретін мәселе,қазіргі сәнге айналған «экология» мамандығы туралы ол кездегі мал бағушы жергілікті халықтың түсінігі болмаса да,көп жылдық тәжірибелеріне сүйеніп,жайылымдарды экологиялық бұзылулардан сақтап тиімді пайдалана білді.
Мұдай жағдай xx ғасырдың алғашқы жылдарына дейін жалғасты.Мысалы,1913 жылы Қазақстан халқының 90%-ы тек осы мал шаруашылығымен айналысатын еді. Қазан төңкерісіне дейін бүкіл Қазақстан бойынша суармалы жер көлемі шамамен 500мың га еді. Басым түрде бүл жерлерде бйдай,арпа,тары егілетін . Ал аса қажетті техникалық дақылдар(мақта,қант қызылшасы) қымбатты астық дақылы күріш жоқтың қасы еді.

1.2 Суарамалы егіншіліктің Қазақстанда дамуы және оның алғашқы нәтижелері
Мойындауымыз керек, Қазақстанда суармалы егіншіліктің өріс алуы қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік заманмен байланысты. Оның себебі де түсінікті. Суармалы егіншілікпен айналысу оңай шаруа емес,ол күрделі инженерлік құрылыс жүйесі.суармалы егіншілік үшін барлық жерлер қатарынан жарай бермейді. Ол үшін міндетті түрде топырақтың майда уақталған қабаты жеткілікті, зиянды тұздар аса мол болмай,жер беті бір бағытқа еңісті тегіс болуы және жер астының да бір баңытқа қарай еңісті болуы керек. Мұндай болған жағдайларда көп мәселелерді қолдан жасауға тура келеді. Міне бұл жұмыстарды қолында ешқандай техника жоқ, суармалы егіншілікпен үлкен масштабта айналысудан ешқандай тәжірибесі жоқ жергілікті халық жүргізуге шамасы келмейтін еді. Кейін әлемде ең жер көлемі үлкен, құдіреті де күшті кеңес мемлекеті орнап , оның құрамына ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Тарих | Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы
» Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)
» Дипломдық жұмыс: География | Оңтүстік Қазақстанда мақта шаруашылығының дамуы
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
» Реферат: География | Климаты қуаңшылыққа жел эрозиясының әсері

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]