Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Дипломдық жұмыс: География | Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Мазмұны

І Тарау. Жайыз өзені атырауының физикалық
географиялық сипаттамасы
1.1. Зерттеу аймағының физикалық-географиялық орналасуы.
1.2. Ауданның геологиялық құрылымы
1.3. Ауданның жалпы жер бедері
1.4. Ауданның гидрографиялық торабы
1.5. Ауданның климаттық жағдайы
1.6. Ауданның биогендік ерекшеліктері
2 Тарау. Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
2.1. Атырау алабының ландшафтық құрылымы
2.2. Жайық өзені ландшафтысының қалыптасуындағы құрылымдардың рөлдері
2.3. Жайық өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы
3 Тарау. Жайық өзені ландшафтына ГАЖ жасау
3.1. Қазіргі кезде ГАЖ қолданудың маңызы
3.2. Ландшафтық зоналарды зерттеуде ГАЖ қолдану
3.3. Жайық өзенінің ГАЖ-ын құру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Теңіз Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық. Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.
Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км, ал су жиналатын алабы 220 млн. км2. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.
Атырау облысының жер бедерінің басты ерекшелігі, оның ойпатты жазық болып келуінде. Геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады. Соның нәтижесінде көпшілік жерлердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялық құрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс – Каспий маңы синеклинасының үстінде орналасқан. Каспий маңы ойпаты – теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Ондағы Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.
Зерттеліп отырған ауданның климаты тым континеттік, қуаң, қоңыржай. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді.. Қаңтардың орташа температурасы -14 -15оС құрайды, ал шілденің орташа температурасы +26оС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-300 мм. Қар жамылғысы солтүстігінде130-140, оңтүстігінде 70-80 күн жатады.
Зерттеліп отырған аумақтағы кен қабаттарының пайда болуы тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандағы антиклиналдар сияқты әр түрлі қатты жыныстар кедергілеріне тығыз байланысты, сондықтан кендердің басым көпшілігі тектоникалық экрандағы кедергілер маңынан ашылды. Әдетте триастық мұнайлар жеңіл, күкірті аз болады. Ал юралық мұнайлар әдетте ауыр, бірақ күкірті аз келеді.
Жайық өзенінің суы жоғарғы және ортаңғы өзен ағындыларымен қалыптасады. Жайық өзенінің төменгі ағысында бір де бір сағасы жоқ. Өзен көбінесе қар суымен қоректенеді. Өзеннің төменгі бөлігінде су тасуы сәуір-маусым айларында болады.
Жайық өзені – Каспий алабының ортаңғы және төменгі ағыстарындағы балық шаруашылық маңызы зор, жалғыз реттелмеген өзен болып табылады. Жайық өзенінің қатты ағындысы және суының лайлылығы жазық жерлердегі Каспий теңізіне құятын өзендерге қарағанда жоғары.

І ТАРАУ
ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АТЫРАУЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Зерттеу аймағының физикалық-географиялық орналасуы.

Каспий теңізі – жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Бұл су қоймасын оның өте үлкен өлшеміне, теңіз суына ұқсас суының тұздылығына, режиміне қарап теңіз деп атайды. Каспий теңізінің деңгейі Әлемдік мұхиттан әлдеқайда төмен жатыр. 2000 жылдың басында оның биіктік белгісі – 27 абс. м. Каспидің осы деңгейге сәйкес келетін су айдынының ауданы – 393 мың. км2, ал су көлемі – 78600 км3. Орташа тереңдігі және ең терең тұсы тиісінше 208 және 1025 м.
Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке қарай 1200 км-ден астамға созылып жатыр. Орташа ені 320 км. Жағасының жалпы ұзындығы 7 мың км. Каспий Ресей, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран елдері аумағының жағаларын шайып жатыр. Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде. Ең терең тұсы оңтүстік бөлігінде, қазақстанды бөлігі онша терең емес 200-328 м шамасында. Солтүстік Каспийдің тереңдігі 15-20 м-ден аспайды. Ірі шығанақтары: Комсомол, Маңқыстау, Кендірлі, Қаақ, Қарабұғазкөл және т.б. Жалпы ауданы 350 км2 50-ге жуық аралдары бар. Аты – ежелгі заманда осы теңіз жағасын қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан. Сонымен бірге Гиркан, Хазар және Хвалын деген тарихи аттары бар. Каспий теңізі және оның жағалауын мекендеген тайпалар туралы алғашқы түсініктер сонау Ежелгі Греция кезінде жинақтала бастады. Геродот еңбектеріне енді. Орыс теңізшілері арасында бұл теңіз туралы деректер ІХ-Х ғасырларда тарады. ХVIII ғасырдың басында І петрдің талабына сай Каспий теңізі жан-жақты зерттеле бастады. А Бекович-Черкасский және т.б. экспедициялар. Кейіңгі кезеңдерде теңізді И.Ф. Саймонов, Н.А. Иващинцев, П.С. Паллас, С.Г. Гмелин, Г.С. Карелин және т.б. зерттеді. Теңіздің және оның төңірегінің табиғат сырларын анықтауда И.М. Апполов, Л.С. Берг және т.б. ғалымдар зор еңбек сіңірді. Республикада теңізді және оның алабын зерттеуге ҚР ҒА-ның және Қазақ Гидрометеорология институтының ғалымдары мен мамандары араласуда. Су қоймасы балыққа бай, ал оның қойнауы мұнай мен газға толы. Бұл су қоймада шеміршекті балықтардың ертедегі өкілдері – бекіре, шоқыр балық, пілмай, сондай-ақ балықтардың басқа да бағалы түрлері (көксерке, торта балық, сазан, табан балық және т.б.) тіршілік етеді. Каспий теңізі айтарлықтай жақсы зерттелген, бірақ оның режимінде шешілмеген жұмбақтар көп. Ең басты ерекшелігі соңғы жылдары теңіздің су деңгейінің тұрақталмауы болып отыр. Су деңгейі күрт төмен түсіп немесе күрт көтеріліп бірқатар өзекті проблемалар туғызып отыр. Оның үстіне бұл су деңгейі өзгерісін жел қума және жел бөгет құбылыстары одан әрі ушықтыруда. Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуі 1929 жылдардан басталып, 1977 жылға дейін созылды (29,02 м-ге дейін төмендеді). Алайда 1978 жылдардан бастап су деңгейі күрт көтеріліп, қазіргі кезде бұл мөлшер 2 м-ден асып кетті. Теңіз деңгейінің күрт жоғарылауынан күрделі экологиялық мәселелер туындады: жағалауды, елді мекенді, порт имараттарын, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді, мұнай кәсіпорындарын және т. б. су басты.
Каспий теңізінің солтүстік жағалауы: ойпатты, құмды, тастақты жазық, теңіз суының шалқып шегінуінен кең алқапты шөгінді-лайлы қайраң қалыптасқан. Маңқыстау жағалау абразивтік (жемірмелі) жарқабақты болып келеді. Солтүстік бөлігінің жағалауы қарқынды түрде өсіп келеді. Оған теңіз суы деңгейінің төмендеуі, атыраудың күрт өсуі және мол терригендік материалдың келіп түсуі ықпалын тигізеді. Оңтүстікке қарай жағаның аккумуляциялық түрі басым бола береді.
Теңіз түбі бедерінің ерекшелігі: солтүстігі тайыз сулы, көлбеулене келген шөгінділі жазық, оңтүстігі – шоңғалды терең ойыстар. Түбінің бедері мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай теңіз: Солтүстік Каспий, Орта және Оңтүстік Каспий болып ажыратылады. Каспийдің ең таяз жерінің тереңдігі 4-8 м.
Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың Жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды). Ағындының қалған 5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд). Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.
Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені – Жайық.
Орал тауының көпшілік өзендері, соның ішінде Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.
Жайық өзені Орал тауының (Оңтүстік Орал тауы) Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Сонымен қатар теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, Самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды). Ағындының қалған 5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд). Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.
Жайық атырауының алғашқы нақты сипаттамалары 1627 жылы Ресейде құрастырылған «Үлкен сызба кітапта» келтірілген: Жайық, Ойыл, Сағыз және Жем т.б. алаптар қағаз бетіне түсіріліп, жан-жақты дерегі берілген. Семен Ремезов ұлдарымен бірігіп құрастырған «Сібірдің сызба кітабының» «Қуаң және жолсыз тастақты дала сызбасы» атты тарауында Батыс Қазақстан, соның ішінде Жайық бойы туралы бұрін белгісіз болған географиялық-картографиялық еңбектер беріледі. Міне осы 17 ғасырдан бастап Атырау өңірі Ресей назарынан тыс қалдырылмай, табиғи қорлары игеріле бастады, елді мекендер ірге көтерді, Еділ бойындағы қалаларға Жайық балығын тасу жолға қойылды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның су жиналатын алабы 220 млн. км2, егер бұған Үлкен және Кіші Өзен, Ойыл және Сағыз өзендерінің алқабын қоссақ 307 млн. км2 болады. Қазақстан территориясында Жайық өзенінің ұзындығы 1082 км. Жайыққа Самара, Ор, Елек, Утва өзендері құяды. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.

1.2. Ауданның геологиялық құрылымы

Облыстың солтүстігін өзен аңғарларымен тілімделген, юра, бор жыныстарынан түзілген жонды жазық Жалпы Сырттың оңтүстік сілемі алып жатыр. Жайық өзенінен шығысқа қарай Жалпы Сырт Орал маңы үстіртіне ұласады. Бұл өңір төрттік кезеңнің саздақ, құм қабаттарынан жамылған бор жыныстарынан құралады, биіктігі 110-263 м. Каспий маңы ойпаты жас төрттік және сол кездегі тұздылығы жоғары болған шөгінділерден тұрады. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай Жайық өзені ағады. Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.
Геологиялық құрылымы бойынша Орал тауы палеозойда меридиандық бағытта созылған геосинклинальдық жүйе болған, герцин қатпарлығы нәтижесінде біржола бекіген жер қыртысының ірі құрылымдарының бірі. Ортаңғы карбонға дейін геосинклинальдық аймақ, ортаңғы тристан кейінгі уақытта тау массивтерінің қарқынды көтерілулері мен мүжілулерінің және шөгінділердің қалың қабаттары жиылу провинциясы болды. Ортаңғы тристан бастап Орал таулары планформалық режимде дамыды. Орал тауларында барлық геологиялық жүйелердің жыныстары түгел кездеседі. Вулкандық әрекеттер докембрий мен палеозойда күшті болды. Ордовик, силур эффузияларының қалың қабаттары және бұлармен жастас интрузиялар Солтүстік және Орта Оралда біріншісін докембрий мен каледон қатпарлықтары, екіншісін герцин, үшіншісін киммерий мен альпі қатпарлықтары құрайды. Герцин қатпарлығының ерекшелігі – шығыс беткейдегі жоғарғы карбонда басталған қатпар түзуші қозғалыстардың батыс беткейге ауыса келе ондағы пермь жыныстарын қатпарлыққа жиырғандығы. Аталған қатпарлықтар және олармен байланысты магмалық әрекеттер нәтижесінде Орал алды бөктерлік ойпаңы, Солтүстік Орал ойысы, Орал-Тобыл анклинорийлері қалыптасты.
Атырау облысы платформалық геофизикалық деректер бойынша 7-20 ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Іле өзені мен атырауының физико географиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: Биология | Жайық өзеніндегі сазан және торта балықтарының бауырының морфологиясы
» Дипломдық жұмыс: География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы
» Дипломдық жұмыс: География | Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
» Дипломдық жұмыс: География | Сарысу өзені алабының негізгі гидрологиялық сипаттамаларын анықтау

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]