Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау

Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау

Мазмұны


1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Табиғи ресурстары
1.2 Тарихи-мәдени ресурстары
1.3 Ерекше қорғалатын жерлер

2 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫҒАН ЕМДІК ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ
2.1 Санаторилер
2.2 Курорттар
2.3 Пансионаттар

3 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА КУРОРТТЫҚ
ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ
3.1 Солтүстік Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайы
3.2 Солтүстік Қазақстандағы туризмді дамыту проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналып жатыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек.«Рекреация» сөзінің мағынасы – «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Солтүстік Қазақстанда емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында – денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық аспектіге – адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсарту жатқызуға болады.
Солтүстік Қазақстан санаторлық курорттық потенциалы Солтүстік Қазақстанның туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін рекреациялық ( емдік сауықтыру ,табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Жұмыстың мақсаты: Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау.
Жұмыстың міндеті: Табиғи рекреациялық мүмкіндіктерді талдау:
-Солтүстік Қазақстанның курорт-санаторияларын жіктеу:
-Әрбір курорт, санаториялардың туризмдегі орнын сипаттап ұсыныстар беру.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу,картографиялық ,статистикалық,ақпарат құралдары материалдарын өндеу.


1 СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ

Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не? Деген сұрағына жауап берейік.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз – туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи). Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады./1/
Табиғи жагдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады.Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық комплекстер, олардың компоненттерi. Олардың компонентерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi : аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, уникалдығы немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.
Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда ,демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз.Олар табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды. /3/
Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл – рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.
Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристер ландшафт, климат, жануарлар және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады. Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен формаларын ұйымдастырылуы тәуелді болады
Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге, таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік комплекстер мен жеке туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады.Туристік маршруттар мен туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда орналасады.Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді.
Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып табылады.Олардың туристер мен спортсмендер үшін өзіндік тартымдылығы бар, сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады.
Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады. Сонымен қатар олар, активті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы. /4/
Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып – климат табылады.Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар.Адамның организіміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы,метеорологиялық құбылыстар жатады.Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды,олар әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүрүіне әсерін тигізеді.Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Гигиенисттердіңзерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60% денгейінде болады.
Адамның организімінің табысты жұмыс әстеуіне айналадағы ортаныңтемпература режимі әсерін тигізеді.Жазғы орта тәуілік температуралардыңкомфорттық зоналары +17,2+21,2 деңгейінде болады.(Н.В Виноградов, В.Г Надеждин бойынша).Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі барадамдар үшән есептелінген.Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы.
Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е.А Котляров /17 / +10+12 диапозонын ұсынды, ал Ю.А Веденин, Н.Н Мирошниченко демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15+25 деп анықтады.
Негізгі құндылықтарга ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз болуы т.б. жаткызуга болады/2/.


1.1 Табиғи ресурстары

Солтүстік Қазақстан облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай. Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап – таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты да табиға аясында демалыс орныны ашуға, курорттық сфераны дамытуға өте қолайлы болып табылады.
Бурабай – Көкшетау облысының Шучье ауданындағы тұйық көл. Теңіз денгейінен 301 метр биіктікте орналасқан. Көлдің аумағы 10,5 м2, ұзындығы – 4,5 км, ені – 2,5 км. Орташа тереңтігі – 4,5 м. Тиктоникалық ойыстағы көлді әсем қия жартасты тау жоталары қоршап жатыр. Суы тұщы және мөлдір, ең тереңдегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Саңсыған қарағай, әйгілі “Жұмбақтас”, Көкшенің шоқылары көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті жұрт оны “Қазақстан Швецариясы” деп атайды. Көлде шабақ, алабұға, табанбалық, сазан, шортан бар. Бурабай көлінің айналасында курорт, санаторий, демалыс үйлері мен лагерлері орналасқан.
Баян – Көкшетау облысының Арқыбалық ауданындағы тұйық көл Есіл алабында, теңіз денгейінен 154 м биіктікте орналасқан. Көл жағасы жайпақ. Қоңыржай құрғақ дала белдеуінде орналасқан. Онда сұлыбас, боз, селеу, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Су қарашаныңқ ортасында қатып, сәуір айында ери бастайды. Табиғи ресурс ретінде Есіл өзенін айтып кетуге болады. Өзен Қазақтың ұсақ шоққысының солтүстік – шығыс бөлігінен басталады. Есіл Көкшетау маңында бірнеше салалады қосып алып, едәуір суы мол өзенге айналады.
Өзен кіші – гірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен боймен Петропавлдан 270 км-ге жоғары көтеріле алады. Дегенмен, жазда судың таяздығынан кемелер үнемі жүре бермейді. Есіл өзені Астана қаласы арқыла да өтеді. Сол себепті мұны жаға – жайлық демалыс зонасын ашқан. Онда халық суға түсіп катамаранмен жүріп демалады.
Баянауыл – Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы тау Сарыарқаның шығыс бөлігінде, батыстан шығысқа қарай 40 – 50 км – ге созылып жатыр. Биіктігі – 600 – 1000 м. Ең биік жері - Ақбеттау (1026 м). Орталақ тау шоғырынан жан – жаққа тараған. Тау басы қия, жартасты келеді. Аудың етегінен басына дейін өскен боз тау, балқарағай, аққайың орманы, тау аралығындағы қазаншұңқырда жатқан суы мөлдір шелдір (Сабындыкөл, Жалыбай, Торайғыр), әсем құзды алуан бейнелі алып жартастары, үңгірлері, тау ерекшеліктерінен аққан бұлақтары табиғатына ерекше көрік береді./3/
Солтүстік Қазақстан облысы табиғи рекреациялық ресурстарға бай. Бұл айтылғаннан басқа көптеген, өзен, тау және тағы басқа байлықтары көп. Соңғы жылдары облыстың табиғи ресурстары қолға алынып, туризм белсенді түрде дамуда.. Әсіресе, көптеп қызықтыратындары табиғатпен танысу, емделу болып табылады.. Бұл Қазақстандық және шетел туристерін көптеп тартуда.
Солтүстік Қазақстан экономикалық облысы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның құрамына 4 облыс кіреді: Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Бұл территория бойынша екінші және қалықтың қонысы бойынша да екінші орынды алады. Республика территориясының 20,8% алып жатыр және халықтың 26,6 % осында тұрады. Халық тығыздығы бойынша Оңтүстік Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады.
Ауданның үлкен территориясы батыста Оңтүстік Орал биіктігінен, шығыста Ертіс маңына және солтүстігінде Батыс сібір даласынан Оңтүстік ұсақ құмды оқысына дейін созылып жатыр./9/
Солтүстік Қазақстанда биік таулар, орманды ақ шоғырланған Бірақ өзінің ландшафтысынды көрікті желлер көп. Олар жайылымды, түрлі шөптер алып жатқан далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан- жағын таулар, ормандар қоршаған әдемі көлдер.
Солтүстік Қазақстан облысының түризмі де жақсы дамыған, әсіресе әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген курорт, санаторийлер, бальнеогиялық орындар туримтерді ел ішінен ғана емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар болсақ, Көкшетау облысындағы “Бурабай”, “Оқжетпес”, Павлодардағы “Баянауыл” және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп болуы.
Жер бедері. Солтүстік Қазақстан облыстық аумағы негізінен жазық дала, солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әртүрлі физикалық- географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (200-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м) оңтүстік бөлігін оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м), қиыр оңтүстік шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды. Олал маңы үстірті негізінен шығысқа қарай еңістене келіп солтүстігінде Алтын шоқы тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.
Солтүстікте және шығыста Солтүстік Қазақстанға кең және жалпақ Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі кіреді. Оның ең биік жері 120 метрді құрайды. Оңтүстік және оңтүстік- шығысқа қарай бұл жазық ақырындап 300-400 метрге көтеріледі және қазақтың ұсақ шоқысымен ауысады. Ауданның кішігірім оңтүстік батыс бөлігін Торғай жайпақ тауы алып жатыр. Оның максимальды биіктігі 300 метрді құрайды.
Тауларды, онда да биікемес тауларды Солтүстік Қазақстанның оңтүстік шығыста және орталықтарда кездестіруге болады. Олардың ішінде ең әдемілері Көкшетау және Баянауыл жоталыры және көлдері, қарағайлы ормандары, әртүрлі ерекше формадағы тастардан тұратын Ерментау таулы массиві болып саналады. Облыс аумағының бір ерекшелігі – оның қиыр оңтүстік батысынан солтүстігіне қарай Торғай, Сарыөзен және Обаған өзендерінің аңғарларын қамти отырып, Тобыл өзеніне жететін ұзындығы 700 км Торғай қолаты жатыр. Облыстың ең биік бөлігі шоқылы келген./15/
Солтүстік Қазақстан пайдалы қазбаларға бай. Мұнда темір рудасының, тас және қоңыр көмірдің, бокситтің, түсті және сирек кездесетін металдың, асбасттің, құрылыс материалдарының ірі кен орындар бар. Қоры және өндіру көлемі бойынша елдің Екібастұз, Убаган және Майкүбі көмір және Қостанай темір бассейндері алдыңғы орынды алды. Соңғысы Орталық Қазақстанның , Батыс Сібірдің металлургия заводтарының маңызды шикізат базасы болып есептеледі. Солтүстік Қазақстан бокситтердің (Арқалық), алтынның (Стекняк, Майқайың), асбестің (Жетіқара), ас тұзының, цемент шикізаты мен әйнек құмының үлкен қорларына ие.
Климаты. Солтүстік Қазақстанның климаты тым континенттік. Материктің ортасында орналасуына байланысты қысы суық, ызғарлы және жазы шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде --18-190С, оңтүстігінде -16-170С. Кейбір қатаң жылдары -400С-тан төмен болады. Қысы ұзақ, қар жамылғысы 5 айға дейін созылады. Жазы біршама ыстық , айдың орташа температурасы 19-200С. Кей жылдары 35-390С-қа дейін жетеді. Жылдық жауын- шашынның орташа мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 мм-ден 180 мм-ге дейінгі аралықта, оның 70-75% айдың жылы мезгілінде жауады. Қысы қарлы болғандықтан, бірнеше күнге созылатын борандар болып тұрады. Қатты желдер тегіс участоктардағы қарларды ұшырып, төбешіктерге айналдырады. Бұл темір , автомобиль жолдарын жауып, қала жағдайына кері әсерін тигізеді. Облыста қуаңшылық болып тұрады. Кейінгі 50 жылдың мәліметі бойынша қуаңшылық әр 10 жылда 3-4 рет қайталанған.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы солтүстікте 4-4,5м/сек, оңтүстікте 5-6 м/секундқа жетеді. Солтүстігінде оңтүстік батыс және оңтүстік желдері, оңтүстігінде солтүстік және солтүстік- шығыс желдері басым болады.
Топырақ жамылғысы. Өсімдіктер және жануарлар әлемі. Солтүстік Қазақстан жерінде топырақ түрлері көп. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдеуінде орналасқан. Қара топырақ орталық бөлігінде, солтүстік бөлігінде қоңыр- қызғылт, ал оңтүстігінде сұр топырақ белдемі алып жатыр. Қара және қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және оңтүстігінде егін және мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады. Оңтүстігіндегі сұр топырақты бөлігінің құнарлылығының төмен болуына байланысты негізінен мал шаруашылығына қолайлы. Қалыптасқан топырақ және өсімдік жамылғысы жөнінен облыс жері орманды дала және дала зонасы құрамына кіреді. Мұнда бидай, күнбағыс, түрлі жемістер өсіруге мүмкіндік береді. Жауын- шашынның басым бөлігі жазды түсетіндіктен, мұнда көп өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл ауданда өсімдік шаруашылығының дамуына Солтүстік Қазақстанның басым бөлігіндегі құнарлы топырақ та септігін тигізеді.
Облыс жеріндегі топырақ жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстік жіңіщке бөлігін орманды дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен әртүрлі бұталар өскен терек аралас қайыңды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайыңды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әртүрлі шөбі басым илеумен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде негізінен әртүрлі шөптер араласқан бетегелі- селеулі шөптер өседі. Дала және құрғақ дала белдемдерінің құмдық топырақты жерлерінде қайың мен ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | Моңғолияның географиялық жағдайы мен туризміне жалпы сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу

Іздеп көріңіз:
дипломдык Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]