Дипломдық жұмыс: География | Моңғолияның географиялық жағдайы мен туризміне жалпы сипаттама
Мазмұны
КІРІСПЕ .......................................................................................................
І. МОҢҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН
ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Моңғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге
тигізер әсері ...........................................................................................
1.2. Моңғол еліндегі туризмнің даму тарихы .........................................
1.3. Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы ...........................................
ІІ. МОҢҒОЛ ЖЕРІНДЕГІ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
2.1. Моңғолияның табиғи-географиялық аймақтары .............................
2.2. Елдегі бальнеологиялық орындар .....................................................
2.3. Туризм саласындағы қорық жерлердің алатын рөлі .......................
ІІІ. ЕЛ ТУРИЗМІНДЕГІ ТАРИХИ – МӘДЕНИ ОРЫНДАР МЕН
ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
3.1. Тарихи ескерткіштер туризмнің негізгі саласы ...............................
3.2. Ірі қалалардағы тарихи – мәдени ошақтар .......................................
3.3. Мемлекеттегі туризмнің болашағымен оны қорғау
шаралары ............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ ...........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ......................................................
Зерттеудің өзектілігі: 2005 жылды Моңғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз.
Кез келген табиғи байлыққоры мен тарихи - мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ.
Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс.
Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды.
Туризм географиясы жағынан Моңғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек.
Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі.
Моңғолияда туризмді дамытудың өзектілігі ұлттық, тарихи, мәдени және табиғи ерекшеліктерді есепке ала отырып экономикалынегізгі кіріс көзі болып саналатын, бүкіл дүниені таң қалдыратын туристік ресурстардың көзін ғылыми өте жоғарыдеңгейде зерттеп әлемге паш ету.
Зерттеу объектісі: Туристік-рекреациялық ресурстарды меңгеру мен қолданудың жобасын туризмді дамыту мақсатында аймақта территориядағы рекреакциялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде болжау мен жоспарлау.
Жұмыстың мақсаты: Рекреациялық ресурстарды кешенді бағалау негізінде Моңғолиядағы туризмнің дамуын анықтау, экономика саласындағы маңызы мен орнын негіздеу. Мақсатқа орай келесі міндеттердің шешімі туындады:
- туризм географиясын туризм дамуындағы және экономика саласындағы ғылыми әдістемелі қор ретінде негіздеу;
- аймақ бойынша мәліметтер қоры негізінде рекреакциялықресурстарға талдау жасау және бағалау;
- территориядағы туризмнің одан әрі дамуына объективті сипаттама беру;
- рекреациялық ресурстарды туризмді дамыту мақсатында қолдану деңгейі мен жағдайын анықтау;
- елдегі туризм дамуының жалпы ғылыми жобасын жасау;
Зерттеудің әдістемелік деңгейі: Теориялық және әдістемелік зеттеуде келесі дерек көздері пайдаланылды:
- моңғолдық зерттеушілерден: Ц. Дамдсүрэн, А. Амар, Д. Титидорж, Ш. Шагдар, Т.Х. Газар Нүтгийн, Б. Цог, А.Ж. Үндэс, Д. Магиярсүрэннің еңбектері қолданылды.
- ресейлік және қазақстандық ғалымдардан: Д. Майдар, Ю. Цэдэнбал, И.И. Потемкина, В.А. Менделев, Н.О. Сиретенко, В.П. Максаковский, З. Қинаятұлы, Л.Н. Гумилев, Н.Я. Бичуриннің жұмыстары қаралды.
- шетелдік ағылшын тіліндегі әдебиеттерден: Д. Титидорж, А. Нурий кітаптары мен журналдар аудармалары енгізілді.
Тапқырыптың кешенді сипаты қазіргі таңдағы зерттеушілердің аймаққа берген бағасы мен туризмге шақырылған жарнамалар және маршруттар кестесімен толықты. Оған интернеттегі көптеген сайттар қолданылды.
Зерттеуге жалпы ғылыми, географиялық, статистикалық, анализ, синтез, жүйелеу, салыстырмалы-географиялық, сипаттамалық, картографиялық әдістер қолданылды.
Ғылыми жаңалығы:
1. Аймақтың туристік-рекреациялық ресурстарына және туризмнің қазіргі жағдайына кешенді түрде талдау жасалды;
2. Табиғи және тарихи-мәдени рекреакциялық орындарға ғылыми түрде жіктеу жасалды;
3. Моңғолиядағы туризм жағдайына мемлекеттік саясат пен ғылыми - деректерді негізге ала отырып болжам жасалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың актуальдылығы, мақсаты мен міндеттері және жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы тұжырымдалады.
І. МОҢҒОЛИЯНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН
ТУРИЗМІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1. Моңғолияның географиялық орналасу жағдайының туризмге тигізер әсері
Моңғолия – орталық Азияда орналасып, батысында Моңғол Алтайы тауынан, шығысында Үлкен Хинганға дейін, солтүстігінде Шығыс Саяннан, оңтүстігінде Гоби шөліне дейін созылып жатыр. Жер көлнемі 1565 мың км.кв.-ты құрап, дүние жүзінде жер көлемі жағынан 17 орында. Территориясының батысынан шығысына дейін 2392 км, ал оңтүстігінен солтүстігіне дейін 1259 км.
Мемлекет негізінен екі елмен ғана шектеседі: 3400 км Ресеймен, 4758 км Қытаймен.
Халқының саны 2,5 млн. адам. Ел территориясының адам аз қоныстанған бөлігі шығыс далалық және оңтүстік жартылай жазықты аймақ.
Моңғолия әкімшілік-территориялық жағынан сумындардан тұратын 20 аймаққа (облыс) бөлінеді.
Моңғол елінің табиғаты негізінен бастапқы жаратылған қалпын сақтаған. Оның бірнеше себебі бар:
1) халқы табиғат ерекшелігіне сай көп жылдар бойы мал шаруашылыығмен айналысып келеді;
2) қоныстанушылардың негізгілерінің сенімі бойынша табиғатқа сиынып, оны қорғайды.
3) ғылыми-техникалық өркендеудің әсері төмен;
4) адам саны аз болғандықтан антропогендік ықпалы да аз.
Моңғолияның шырышы бұзылмаған бұл табиғи жағдайы да туризмнің негізі болып табылады. Ел территориясын теңіз деңгейінен шамамен 1500 км биіктікте орналасқан. Республикада жазық жерлер аз, ал ойпат мүлде жоқ.
Мемлекет аймағының жер бедерініңфизика-географиялық жағдайына қарай 5 үлкен бөлікке бөлуге болады: Алтай, Хангай-Хэнтэй, Үлкен көлдер қазаншұңқыры, Шығыс-Моңғол және Гоби.Алтай ауданы геологилық жас, биік таулы батыс аймаққа жатады. Алтай тауының ең биік бөлігінің бірі – Таван – Богда – Уланың ең биік нүктесі 4374 м. Мұнда альпинистердің қызығушылығын тудыратын мәңгі қор мен мұз жататын тыңдар бар. Әсем көркем бейнелі жақпарлы жоталар, үшкір тасты қырқалар, терең құздар, қаталдығымен ұлы пейзаж оңтүстік-шығысқа қарай бірте-бірте жұмыр шыңдарға алмасады.
Хангай-Хэнтэй ауданы орталық Моңғолияның айтарлықтай бөлігін алып жатыр. Орхон-Селенга өзенінің бассейнінің аңғарын Хангай-Хэнтэй таулы жотасы үш ауданға – Хангай, Хубсугульмаңы және Хэнтэйге бөлінеді.
Вулкан әрекеті әлі сақталған негізгі Хангай жотасының 3905 м-лік шыңдарында мәңгілік қор сақталған.
Шығыс саян таулы жүйесіне кіретін Хубсугуль маңы таулы аудандарының ландшафты ерекше көркем. Терең өткел бермес құздар, тік беткейлер, жартастар.Елдің солтүстік-шығыс бөлігінде хэнтэй тауы жайғасқан. Биік жоталарында тар құздар мен жалаңаш, тік беткейлер ұшырасады. Мұнда мәңгі қор болғанмен, мұздану дәуірінің ізі көрінетін көлдер мен шыңыраулар бар.
Хангай мен хэнтэй тауларының арасындағы Селенга және Орхон өзендерінің ойысында Орхон-Селенга таулы облысы орналасақн. Бұл аймақ – Моңғолияның негізгі халқы тұратын жер.
Моңғолияның батысында Хангай және Алтай тауларының арасында Үлкен көлдер қазаншұңқыры тұйық ойпат болып 600-650 км-ге созылып жатыр. Мұнда 759 м-ден 1153 м биіктік аралығында бес ірі көл орналасқан.
Үлкен көлдер қазаншұңқыры рельефі жағынан шөлейтті, шөлді далаға жатады. Мұнда орман жоқ, өзендер аз. Оның территориясында көлдердің кебуінен пайда болған сортаңдар, батпақты жазықтар, кепкен өзен салалары жиі ұшырасады.Қазаншұңқырлардың айтарлықтай аймағы ірі құм сілемдері мен жекелегенқұм шағылдар алып жатыр. Бархандар әсіресе шығыс бөлігінде көп тараған. Олар әдеттегідей өсімдіктермен бекітілген. Бірақ жылжымалы, тіпті әнші борхандар кездеседі.
Шығыс Моңғол ауданы Моңғолияның біраз төмен, әрі жазық бөлігі. Үстел бетіндей тегіс жерлерде тек біртекті төбелер ғана көрініс береді. Жазықты даланың биіктігі орташа 800-1100 м. Бұл аймақ ауыл шаруашылығына қолайлы болып саналады.
Моңғолияның қиыр оңтүстігін Гоби ауданы алуда. Бұл кең жер солтүстіктен оңтүстікке 500-км-ге, батыстан шығысқа 1000 км-ге созылып жатыр. Мұнда біртегіс кеңістік жоқ десе де болады. Жазықтарды аласа төбелер, кең аңғарлармен бөлінген ұсақ шоқылар алып жатыр. Кеуіп қалған өзен салалары мен шағын тұзды көлдер жиі ұшырасады. Тақырларды да кездестіруге болады.
«Гоби» сөзі құм көмкерген кеңістік дегенді білдіреді. Бірақ бұл дәл солай ғана емес. Құмдар бүкіл ауданның 3 пайызын құрап, өсімдіктермен бекітілген. Мұнда адамдар да мекен етіп, жайылым ретінде пайдаланады.
Моңғолияның оңтстігіне орналасқан орналасқанГобидің ландшафты ерекше әсем. Кең аңғарлар төбелермен, тау тізбесімен алмасып отырады, өзеннің ежелгі тасты салалары күнге жарқырайтын жартастармен, әдемі тақтатастармен қоршалған, шөлді далалардағы үстірттер әртүрлі пішінге келген тау қалдықтарымен кезектесіп келеді. Бұл қияли қорғандар мен тас мүсіндерді еске түсіреді.
Гурван-Сайхан тау тізбегін Оңтүстік Гобидің маржаны деп атауға болады.Ол үш құзбен бөлінген, өте тереңге кеткен тау жотасынан тұрады. Олардың аралығынан асау тау өзендеріөтеді. Беткейлері жапырақты ағаштармен жабылған. Тізбектің шығысында жер сілкінісінен пайда болған атақты Елын-але шатқалы бар. Мұның сұлулығы саяхатшыларды таң қалдырды:ағыны күшті, сарқырама қатты сел тудырады, шатқалдар мен үңгірлерде мәңгі мұздар жатады, оның ары қарай түбінде лабиранттер орналасқан. Салқын бұлақтар мен мұз бастаулар Гобимен жанамаласып жатыр. Осы Гурван-Сайханда елдегі үлкен туристік базалардың бірі орналасқан.
Гобидің әсемдігіне фантастикалық жер жағдайы жатады. Жыныстардың құрылымы мен сипатына қарай ол тәулік мезгіліне қарай сәулеленіп жарқырайды және оның түсі ауаның таза болуымен әлсіз-көгілдір, алқызыл, аспан көк түстен қызыл, изумрудты, қанық көк, қара түске дейін құбылады. Мұны жергілікті гобиліктер 33 түрге дейін бөледі.
Гобидегі 800 м биік құмдар аймағы Хонгор деп аталады. Мұның ені 20 км, ұзындығы 100км. Хонгор өзені осы құмдардың арасымен ағып, оазистер жасайды. Көптеген компаниялар саяхатты дюналар арасымен түйемен жүруге арналған. Мұның өзі өзінше бір саяхаттың таза табиғат арасында жүргізілетін түрі болып табылады.
Баянзаг оңтүстік Гоби аймағы міндетті түрде саяхатшылық жасауға болатын, болашығынан да зор үміт күттіретін жер. Онда көркем бейнелі салдары деп аталатын орман бар. Баянзаг әлемге онда табылған динозавры мен онвң жұмыртқасы арқылы танымал. Бұл аймақта тас ғасырының ерекше объектілерінің табылыуында археологтардың да еңбегі зор.
Сонымен Моңғолияны Гобисіз елестету мүмкін емес. Халықтың парламентінің шешімімен 1976 жылы 64447400 га жер Гобидің қорғалған Облысы деп еске алынды. Ондағы мақсат – Гобидің адам аяғы баспаған табиғатын қоршап, зерттеу, ондағы жануарлар мен өсімдіктерді сол қалпында ұстап одан әрі санын арттыру. Оның бейнесі қиялдағы сурет тәрізді. Көптеген полентологиялық мәліметтер Гобиден табылған. Оларға мысалы, көпдеген жануарлар тұрақтарындағы суреттер, жабайы нар, ақбөкен, Гоби оюы және оазистер жатады. Тағы да бір тамашасы күзде Солтүстікте суық, қарлы болса ондағы Гоби сол қалпы жасыл, жылы қалпын сақтап тұра береді. Онда кірсең өзге әлемге бет алғандайсың.
Мұнымен Моңғолия жерінің туризм дамытуға қолайлы бір ғана аймағын айтуға болады. Жалпы Моңғол елінің айнала биік тауларымен қоршалып жатуы, оның территориясының теңіз деңгейінен 1500 м биікте орналасуының өзі тек сол мемлекетке ғана географиялық жағдай. Елдің рельефі онда орналасқан адам табаны тимеген әсем табиғаты мен таңғажайып жаратылысы әлем туристерінің қызығушылығын оятып, ел экономикасында жетекші кіріс көзі болатынын да әлдеқашан дәлелдеп үлгерген.
1.2. Моңғол еліндегі туризмнің даму тарихы
Моңғолия ертеден-ақ саяхатшылардың көңілін аударған ел болатын. Оған мысал, әйгілі саяхатшы потанин, прижевальскийлер өз кезегінде бұл елдің табиғи жағдайына қызығып ел тарихында өз іздерін қалдырған. Қазіргі Баян-Өлгий аймағының Нангус сумынының жеріндегі Бесбоғда тауында Потаниннің мұз өзені, Прижевальский жылқысы қалған.
Моңғол халқы ежелден көшпелі тұрмыс кешкендіктен жергілікті халық өмірінде саяхат маңызды рөл атқарады. Саяхат дегеніміз кейбір ел үшін көшіп-қону үшін негізгі маңызды іс-әрекет деп қарайтын болсақ, көшпенді моңғол халқында «саяхат» деген ұғым ертеден қалыптасқан.
Дүние жүзіндегі туризмнің алғашқы кезеңі кейбір діндердің пайда болу уақытымен, жаулап алушылық соғыстарымен байланысты. Сондықтан мұндай себептер Моңғолияның туризм тарихымен де байланысты. Оны алғашқы туризмнің бастау алу кезеңі деп атап көрсетуге болады.
Моңғолия мемлекетіндегі ең бірінші «Туризм» компаниясы 1954 жылы құрылған. Ол алғаш «Шетелдік туристерге қызмет көрсету орны» деген атпен белгілі болды. Содан бері бұл салада көліктік қызмет көрсету, бұған өқоса туристік қызмет көрсету мамандары, мысалы, экскурсавод, гид, аспазшы, қонақ үй бөлмелерінің қызметкерлері, қарсы алушы деген сияқты т. б. мамандар даярланды. Сондай-ақ туристерді орналастыруға арналған «Баянгол», «Улаан-батор» қонақ үйлері, «Гэрэлж», «Жуулчин Гови» туристік базалары салынып, содан бері олардың саны мен сапасы да артып,мамандар да күн өткен сайын көбеюде. Осы тарихи кезеңді Моңғолиядағы туризмнің дамуының негізгі кезеңі деп атауға болады. Бұл 1954-1990 жылдар Моңғол елінің туризм тарихындағы қанатын кең жайып, өркендеген уақыт.Одан әрі оған 1990 жылы қоғамда орын алған халықтық қозғалыс өз әсерін тигізді.
1990-2001 жылдар аралығында туристік жекеменшік мекемелер саны көбейіп, бұл экономикаға пайда әкелетін саланың бірі болып қалыптасты. Сондай-ақ бұл саланы басқаратын мекеме құрылды. Ол «Туризмнің Ұлттық Ұйымы» деп аталады.
2000 жылдың мамыр айынының 5-і күні туризм туралы Моңғолия мемлекетінің заңы қабылданып, өз күшіне енгені бұл туризм саласының қазіргі таңда толық дұрыс жолға қойылғанының белгісі.
Осы уақытқа дейінгі туризм тарихындағы қалыптасқан жағдайды саралай келе, Моңғолияның ресми орындары барлық келуші туристерді 4 топқа жіктеп көрсетуге болады дейді.
Біріншісі, топ болып жүріп негізінен ел астанасы Улаан-баторға, гоби шөліне және ежелгі моңғол астанасы Хор Хоринға саяхат жасайтын жапондықтар. Жапондықтарды ең құрметті қонақ ретінде қабылдау жергілікті халық санасында қалыптасқан. Олар әр зат алғанда еш саудаласпайды және жиі келіп тұрады. Оларды моңғолдардың негізгі ұсына алары табиғи ландшафты мен, будда монастрлары қызықтырады.
Екінші топқа – Қытайға немесе Ресейге кетіп бара жатқан жолда соғатын Еуропалықтар, австриялықтар және солтүстік америкалықтар жатады. Оларды тасымалдаушылар бір аптаға тоқтап, оларды таныстырады.
Үшінші топтағылар 14 немесе одан да көп күнге келетін таңғажайып, әрі экзотикалық саяхат жасағысы келетін саны көп болмайтын туристер.
Сонымен ең соңғы ел қазынасын айтарлықтай толтыратын өзі санаулы ғана бай аңшылар.Оларға арқарға, қасқыр мен құланға және тау ешкіге аңшылық жасауға рұқсат етіледі.
Мұның барлығы туризмнің белгілі дәрежеде дамығандығының дәлелі. Ол соңғы 10 жылда ерекше қарқындап өсуде. Оны қорғайтын және заңды түрде ұйымдастыратын жоғарыда айтқанымыздай 2000 жылы қабылданған 6 бөлімнен, 30 тармақтан тұратын туризм туралы заң дакөп нәрсені көрсетеді.
1.3. Мемлекеттегі туризмнің қазіргі ахуалы
Моңғолия мемлекетінің экономикалық дамуындағы негізгі кіріс көзінің бірі – туризм саласы. Осыған орай моңғолия үкіметі туризмнің дамуына әсер ететін факторларға зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шетелдік туристерді көптеп тарту сияқты шараларды жүзеге асырып, ел туризмі индустриясына ерекше көңіл бөлуде.
Саяхатшыларға республиканы кеңінен таныстыруға – бұзылмаған табиғаты, таза ауасы, тұнық суы, дүние жүзінде жойылуға айналған жан-жануарлары мен тарихи ескерткіштері үлкн үлесін қосып отыр. Осыған орай Моңғолияда туризімнің төмендегідей түрлері жіктелді:
1) тарихи деректі жерлерге саяхат жасау;
2) әсем табиғатқа шығу;
3) мекендеуші түрлі ұлттардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін тамашалау;
4) спорт түрлерін қызықтау;
Туризм ел экономикасына үлкен үлес қосумен бірге, халықтардың бір-бірін біліп, жақын араласуына, елді шетелдерге насихаттауға мүмкіндік береді. Ол үшінүкімет «Туризм – тұрақты табыс» деген атпен жыл сайын туризмді дамыту шараларын ұйымдастыруда. Оның аясындағы елді шетелдерге насихаттауға арналған мынадай шаралар жүзеге асуда:
«Моңғолияның мәдени туризмінінің дамуы» атты халықаралық кіші конферецияларда елімізден барған жоғары оқу орындарының студенттері шет елдерде көптеген жарнамалар, көрмелер өткізді.
Қытайда, Австралияда, Германияда, Кореяда, Англия сияқты оншақты елдерде 2005 жылы үлкен халықаралық көрме болды. Моңғолияның тамаша табиғатын, көшпенділерді ерекше салт-дәстүрін табиғи ескерткіштерін, құнды байлықтарын туризмнің ары қарай дамуы мақсатында насихаттап, көптеген елдердің халқына танытты. Мысалы, Берлинде өткен «ІІВ» жәрмеңкесінде 50 мыңдай адам болған.
Сондай-ақ, туризмді дамытуға керекті алғышарттардың бірі материалдық жағдайдың болуы. ОЛ үшін саяхаттанушыларды қарсы алып, күтетін, тұрақтануына мүмкіндік беретін қонақ үйдің болуы, арасан демалыс орындарын жарықпен, таза су сияқты осы заман талабына сай барлық мүмкіндікпен қамтамасыз етуге тиісті. Ол үшін жергілікті тұрғындардың назарын аудару мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Осыны көздеген конференциялар ел астанасы Улан-баторда, Ховда, Алтай, Қарақорым, Чойбалсан, Цецерлік қалаларында ұйымдастырылып, 19 аймақтың бірлескен семинары өтті. Барлық аймақтарда мемлекеттік ...
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: Биология | Оқушыларға туристік экологиялық жарыс уйрету
» Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері
» Дипломдық жұмыс: География | ҚР-ның ТМД елдері аясындағы экономикалық өркендеуінің әлеуетін экономикалық географиялық тұрғыда дәлелдеу
» Дипломдық жұмыс: География | Солтүстік Қазақстанның санаторлық курорттық потенциалын анықтау
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: Биология | Оқушыларға туристік экологиялық жарыс уйрету
Іздеп көріңіз: