Дипломдық жұмыс: География | Қостанай облысының топырақтарының сапасын бағалау
[quote]
Мазмұны
Кіріспе
1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері
2.1 Топырақ бонитеті - Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі
2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері
3. Топырақ бонитетінің балдарын шығару тәсілдері
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі
3.3 Топырақ бонитетінің (1979ж) Мемлекеттік әдістемесі
4. Қостанай облысының топырақтарының сапасын (бонитетін) бағалау
4.1 Топырақ бонитировкасындағы және топырақ зерттеудегі материалдардың жағдайы
4.2. Топырақ бонитировкасын жүргізу жұмысындағы негізгі көлемі, мерзімі және бағасы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Топырақ дүние жүзіндегі тарихи кезеңдерде дамыған адамзат қоғамдары мен табиғи байлықтарының заттық (материалдық) негізі болып табылады. Ол үлкені-кішілі организмдердің Жер планетасындағы аналық жыныстармен өзара әрекеттесуінің арқасында түзіледі. Сондықтан топырақ тірі және өлі заттардың физико-химиялық күрделі бірігуінен пайда болған биосфераның литосфера деп аталатын биокосты бөлігіне кіреді.
Бонитеттеу (латынша bonitos – жақсы) , яғни ізгі сапалық деген мағына береді. Бонитеттеу топырақтарды бағалау, ауыл және орман шаруашылығында, өндірістік құрал тұрғысында, топырақтың сапасын салыстырмалы бағалау, ол топырақ қасиеттері мен өнім деңгейін есептеуге негізделген және санды көрсеткіштері мен (баллдар) белгіленеді. Ғалымдардың анықтауы мынадай: -Соболев С – «Бонитировка немесе топырақты сапалы бағалау деген түсінік - топырақтарды өнімділігі тұрғысынан арнаулы жіктеу; ол топырақтардың, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуына оңтайлы және олардың орташа көпжылдық өніктілігіне сай (корреляция) келетін, ең маңызды белгілері мен қасиеттері негізін құрайды».
- Карманов И – «Бонитировка деген – ықтималды егіншіліктің қарқынды деңгейіндегі топырақтарды өнімділігі тұрғысынан салыстырмалы бағалау».
- Гаврилюк Ф – «Бонитировка деген өнімділік қабілетіне қарай топырақтардың қасиеттерін салыстырмалы бағалау; ...ол деген топырақтарды тектік - өндірістік жіктеу; олардың құнарлығы балл арқылы есептеледі; топырақтар сапасының өнімділігі мен оңтайлылық көрсеткіші».
Мемлекеттік жер кадастры жерлік учаскелер туралы барлық мәліметтерді (информация) қамтиды.
Учаскелер болса мызғымайтын нысан (объект) – жерлік учаскеге меншіктік құқық, жерді пайдалануға құқығы (жерлік учаскелердің мөлшері мен сапалық күйі, құны, т.б.) және нарықтық экономиканың тіршіліктік (функциялық) , сондай-ақ жер қорын нәтижелі басқару құралы болып саналады. Ол жерлік нарықты дамытуға, бағалауды жетілдіруге, дұрыс салық салуға және т.б. жер төлемдерін атқаруға, ипотектік (жерге қарыз алу) кредиттеуге және фискалдық (мемқазна ынтасы) саясатты іске асыруға себептеседі.
Топырақтарды бағалау жалпы мемлекеттік проблемаға айналып, жер кадастрдың (құжаттар жиынтығы) құрамдық бөлігі болып саналады.
Ал топырақтарды бағалау болса аталған жер кадастр мәселелерін шешуге керек құжат. Солардың бастығы- ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құралы – жер туралы деректермен жоспарлау мекемелерін қамтамасыздау, жерлік деректер болса ауыл шаруашылық өндірісінің жоспарлау, ұйымдастыру мәселелерін шешуге, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік әрекетінің нәтижелерін бағалауға, шаруашылық есептік қатынастар жүйесін, ауыл шаруашылық өнімдеріне мемлекеттік бағаларды, материалдық- техникалық қамтамасыздандыруды, салық салуды, кредиттеуді, т.б.реттеуге керек.
Бонитеттеудің мақсаты ауыл шаруашылық дақылдар және табиғи шөптесіндер мен ормандар өсіп-өнуіне ең қолайлы топырақтарды анықтау, оның материалдары аймақтық ғылыми негізделген, өндірістің топырақ – климаттық жағдайларын сәйкес қолданылатын, егіншілік жүйесін енгізуге, тыңайтқыштарды дұрыс және тиімді пайдалануға және –де басқа мелиоративтік – топырақ құнарлығын қайтаруға, тұрақтылауға және көтеруге бағытталған шараларды енгізуге керек. Жерді (топырақты) бағалау жұмыстарының топырақ жамылғысын бұзылудан, батпақтану, қайта сортандану мен ластанудан, т.б. құбылыстардан қорғауда маңызы зор., себебі жердің (топырақтың) пайдалануы мен күйін анықтау, оның саны мен сапасын қатал есептеу, яғни топырақтарды бағалау материалдары негізінде жүргізіледі.Сонымен қатар, топырақ бонитеті- топыраққа өндірістік тұрғыдан салыстырмалы баға беру. Мен осы дипломдық жұмысымның материалдарын 2006 жылдың ақпан айының 6-17 аралығындағы дипломдық практика кезінде ГОСПЦЗем орталығында және «Республикалық ауылшаруашылығы кітапханасында» жыйнадым.
1.Топырақ бонитетінің қысқаша тарихы
Топырақ бонитетін анықтайтын жұмыстар Ресейде ерте кезде жүргізілген. Бұл жиындағы мәліметтер XY-XYII ғ. ғ. қолжазба кітаптарда келтірілген: егістік, шабындық, орман, батпақтар, т. б. қоныстар аталған. Егістік топырақтарға сипаттама берілген, сапасына қарай олар жақсы, орташа, нашар және жарамсыз категорияларға бөлінген .Екінші кезеңдегі жер сапасын есептеу жұмыстарын 1833-1867 ж.ж. мемлекеттік мүлік Министрлігінің комиссиясы, кадастрлық жұмыстар мен байланысты жүргізген. Комиссия мүшелері топырақтар сапасы жайында мәліметтер жинап, әр топырақтан алынатын орташа өнімді анықтаған. Осы жұмыстар нәтижесінде, топырақ сапасын өнім арқылы анықтайтын, бонитеттеу шкаласы (кестесі) құрылған. Кадастрлық комиссия жұмыстарын В. Докучаев жоғары бағалаған, себебі оның есептерінде Ресей топырақтарының сапасы жайында көптеген қажетті материал келтірілген.
1861 жылғы реформадан кейін жердің сапалылығын айыратын жұмыстар жергілікті әкімшіліктерге беріліп, Ресей топырағын бонитеттеуде үшінші кезең басталды.
П.Костычев (1872) әртүрлі топырақтар сапасын салыстырғанда ерекше назарды олардың тегіне, өсетін дақылдар сипатына, топырақтардың орнына, қалыңдығына және астындағы жынысқа аударуды ұсынған.
Жергілікті әкімшілікте жерді бағалау жұмыстары әр әдіспен (сату мен жалдау бағалары, жер иесінің таза пайдасы т.б. тұрғыдан) жүргізіледі. Төменқала губерниясы топырағын зерттеу материалдарына сүйене отырып, В.Докучаевпен Н. Сибирцевтің қатысуымен, алғаш рет топырақты ғылыми бонитеттеу әдісін ұсынды, ол орыстың табиғи-тарихи бонитеттеу немесе топырақты Нижегород типті бағалау әдісі деп аталады.Ол бойынша топырақтарды немесе жердің сапасын бағалаудағы басты жағдайы болып олардың құнарлығын анықтайтын табиғи сапалары, яғни «табиғи құқықтық қабілеті» саналған. В.Докучаев бонитеттеуде- топырақтар құнарлығын анықтауда маңызы зор қасиеттерді негізге алған Ондай қасиеттер 4 топқа біріктірілген:
1. Геологиялық (аналық жыныс, қарашірінділі жиектің салыну жағдайлары мен қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері);
2. Химиялық (миниралдық құрам және әр топырақ типіндегі қоректік элементтер мөлшері);
3. Топырақтың жұту қабілеті;
4. Физикалық қасиеттер
Көрсетілген қасиеттердің әр тобында
Жердің негізгі сапасын бағалайтын ең басты факторға В.Докучаев «Топырақтардың табиғи-құқықтық қабілетін», яғни олар құнарлығының кепілі-табиғи сапаларын жатқызған.
Топырақтарды бонитеттеу В.Докучаев пікірінше топырақ құнарлылығын анықтайтын көптеген қасиеттерді есепке алыну керек, олар: геологиялық (қарашірінді қабатының қалыңдағы, ондағы гумус мөлшері, аналық жыныс және жайласу жағдайлары, т.с.); химиялық қасиеттер; оларды анықтау үшін әр топыраққа толық химиялық талдау жүргізілген: топырақты фторлы сутек қышқылы мен ыдыратып, минералдық құрамындағы негізгі қоректік элементтерді ( 10 және 1 процентті тұз қышқылы сүзіндісіндегі) анықтау; топырақтың сіңіру қабілеті физикалық қасиеттері. Көрсетілген қасиеттердің әр тобында ең жақсы топырақ 100 бал алған, сонымен салыстыра қалған топырақтар баллдардың анықтаған. Жоғарыдағы 4 көрсеткіштердің орташа балдары топырақтың соңғы бонитеттік бағасын құрған. Топырақтардың осындай бағалау деректерін өнім мен салаыстырғанда жақсы ұйқастығы көрінген.
Төменқала губерниясы топырағының толық бонитеттеу кестесін Н. Сибирцев құрастырған. Сонымен В.Докучаев пен Н. Сибирцев топырақты бонитеттеу теориясы мен практикасын дамытуға көп еңбек сіңірген.
Ғалымдардың пікірінше топырақ-табиғи-тарихи дене, сондықтан оны еңбек объектісі (орны) және ауылшаруашылық өндірісінің құралы сапасында білу үшін пайдалануға болады деген.
1кест- Ресейдің Төменгі губерниясы топырақтарын жалпы бағалаулық (бонитеттік) шкаласы (Докучаев,1886).
Топырақтар Бонитеттік баллдар
1 2
Қаратопырақ көтеріңкі тегістіктегі 100-80
Қаратопырақ өзен аңғарлық 100-90
Күңгірт-күрең құмбалшық 80-70
Сұр- күрең құмбалшық 65
Сұр ормандық құмбалшық 55
Күшті күлгінденген құмбалшық 35
Егістік алювилік құмбалшық 50-45
Шоқормандық (борлық) құмбалшық 20-15
Төрт топтық көрсеткіштердің орташа санынан барып топырақтардың соңғы бағалауы жасалған. Бағалаулық баллдар мен өнім деректерін салыстырғанда жақсы ұйқастық байқалған. А.Константинов «Ауылшаруашылық жерлерін бағалау»(Саратов,1901) атты еңбегінде топырақтар сапасын анықтаудағы бас белгіге гумус мөлшерін жатқызған. Сол бойынша топырақтарды 10 сыныпқа бөлген және оларды күздік дақылдар өнігі мен салыстырған (2-кесте).
2 кест-Топырақтағы қарашірінді мөлшері мен күздік
дақылдар өніктілігі (Константинов, 1901)
Сынып Топырақтар Гумус,% өніктілік, ц\га
1 2 3 4
II Қаратопырақ көпгумусты 10 14,8-16,0
IV Қаратопырақ орташагумусты 8 11,5-13,0
VII Қаратопырақ азгумусты 6 6,6-8,2
VIII Азгумысты топырақ 6 5,0-6,6
X Тым азгумысты топырақ
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері
» Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Бағалау | Жер бақылау мен жерді бағалау жолдары
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылдық округының топырақтары және оны агроөндірістік топтастыру
» Дипломдық жұмыс: Топырақтану | Мақтаарал ауданының сұр топырақтары жағдайында мақта дақылының өнімділігіне сұйық кешенді тыңайтқыштардың әсері
» Дипломдық жұмыс: География | Қазақстандағы суармалы егіншілік және оның тиімділігі
» Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық термометрды микроконт-роллерлі базада портативті жобалау
» Дипломдық жұмыс: Бағалау | Жер бақылау мен жерді бағалау жолдары
Іздеп көріңіз: