Дипломдық жұмыс: География | Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері

Дипломдық жұмыс: География | Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері

Мазмұны

І Тарау. Жетісу Алатауының солтүстік – орталық жотасына физикалық -
географиялық сипаттама............................................................................
1.1.Жетісу Алатауының Солтүстік - Орталық жотасының орографиясы.......
1.2.Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының геологиялық
тұрғыдан зерттелуі.....................................................................................
1.3.Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының тектоникалық
құрылысы...................................................................................................

ІІ Тарау. Геологиялық құрылысы. Жербедерінің геоморфологиялық
типтері
2.1 Жетісу Алатауының геологиялық құрылысы
2.2.Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасындағы Жаңа
тектоникалық қозғалыстар
2.3.Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының Жер бедерінің
геоморфологиялық типтері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады:
1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы.
2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар.
3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының табиғатының ерекшеліктерін жан–жақты оқып үйрену жаһандану кезеңіндегі нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкес табиғат байлықтарын тиімді пайдаланып қоршаған ортаның тепе–теңдігін сақтау мәселесін шешумен қатар, қазіргі экологиялық ақуалын жақсартып адамның шаруашылық әрекетінен деградацияға ұшыраған геожүйелерді біртіндеп қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- жеке физикалық–географиялық провинция ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктерін айқындау;
- ғылыми жазба деректерге сүйене отырып, қазіргі жер бедерінің сыртқы бейнесін айқындайтын геологиялық құрылысы мен табиғатының қалыптасу тарихын, пайдалы қазбаларының түзілу жолдарын анықтап, ой қорытындыларын шығару;
- климатының қалыптасуына ішкі суларының қоректену режиміне, биіктік белдеулерінің ауысуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасау;
- табиғат байлықтарын игеруге байланысты туындаған түйінді экологиялық мәселелер мен оны шешу жолдарын анықтау.
Бітіру жұмысының міндеттері:
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының географиялық орны мен физикалық– географиялық тұрғыдан зерттелуі;
- геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихын Палеозой, Мезозой, Кайназой эраларындағы палеогеографиялық, палеоэкологиялық жағдайы;
- геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен неотектоникалық қозғалыстардың қазіргі жер бедері мен пайдалы қазбаларының түзілуіне әсері;
- климатының қалыптасуына, температура мен жауын– шашынның таралуына әсер ететін негізгі факторларды, жыл маусымдарындағы атмосфера циркуляциясының негізгі ерекшеліктер.
Ішкі суларының қоректену режимі, топырағы мен органикалық дүниесінің қалыптасуына әсер ететін орта жағдайларына, адамның шаруашылық әрекетінен қазіргі ландшафтларының өзгеруі мен оларды қалпына келтіру мәселелеріне жан – жақты талдау жасау.
Бітіру жұмысының әдістемелік-методологиялық негіздері:
Ұсынылған бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.И.Давыдова мен Э.М.Раковскаяның «Физическая география СССР», Жаналиеваның редакциялық басшылығымен шыққан Қазақстан Республикасының физикалық географиясы, В.М.Чупахиннің «Физическая география Казакстана» оқулықтары басшылыққа алынып, салыстыру, талдау, синтездеу, ой қорытындыларын шығару әдістері қолданылды.
Бітіру жұмысының практикалық маңызы:
Ұсынылған практикалық жұмыстағы жазба деректер, тақырыптық карталар мен графиктік кестелерді, география мамандығының студенттері, туристік фирмалардың қызметкерлері, өндірістің жеке салаларының мамандары.
- Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны;
Бітіру жұмысы кіріспеде екі тараудан , қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының физикалық-географиялық орыны, геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылысы және геологиялық зерттелу тарихы қарастырылған, сонымен қатар, геологиялық картасы берілген.
Екінші тарауда Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерінің геоморфологиялық типтері мен олардың таралу ерекшеліктеріне сипаттама беріліп жер бедерін түзуші үрдістерді анықтаған.

І Тарау. Жетісу Алатауының солтүстік – орталық жотасына физикалық – географиялық сипаттама

1.1. Жетісу Алатауының Солтүстік – Орталық жотасының орографиясы

Жетісу Алатауы Қазақстаның оңтүстік - шығысында орналысқан. Оның құрылысы күрделі. Ол Солтүстік-Орталық және Оңтүстік-Орталық жоталар тізбегінен тұрадыдан тұрады. Аталаған жоталар тізбегі Көксу, Бұратала өзендерінің суайрығы болып табылатын Қоңыроба алқабында түйлісіп, біртұтас тау жүйесін түзеді.Ең биік шыңы Сарқан,Лепс өзендерінің алабындағы абсолют биіктігі 4464метрге жететін Бесбақан шыңы. Солтүстік-Орталық жота бірінен бірі биік болып клетін басбалдақ тәрізді сатыланып келетін төбесі текшелі орқаш тау./1/
Геологиялық құрымы өте күрделі әр түрлі болып келеді.Бұл аймақта палеозой қатпарлығы айқын көрінеді. Солтүстік-Орталық жотасының ең көп тараған девон мен карбонның теңіздік шөгінділері алып жатыр.Тау алды мен тау аралық ойыстарға кайназой шөгінділері жиналған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері орқаш таулы антиклимнормімен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тау аралық ойыстар синклинормімен кзектесіп келуімен ерекшеленеді. Ол ірі жарылулармен тиімденген, олар Жоңғар алды Балхаш маңы және Алакөл. Мұнда жаңа техтоникалық қозғалыстарымен сипаталады.
. Солтүстік-Орталық жотаның жер бедері төрт типке бөлінген: 1) Биік таулы жер бедері ; 2) Орта таулы жер бедері ; 3) Аласа таулы жер бедері ; 4) тау аралық ойпаттар.
Жетісу Алатауы Қазақстанның шығыс бөлігінедегі таулы аймақ.Іле аңғары мен Алакөл ойсыы аралығында,шығыс жақ шеті Қытай халық республикасының солтүстік-шығыс шекарасы өтетін Жоңғар қақпасына дейі созылып жатыр.. Жетісу Алатауы батыстан шығысқа қарай 450, солтүстіктен қарай ені 100-125 шақырымға созылып жатыр Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы үш бөлікке бөлінеді. Тастау, Сарқантау, Басқантау(абс.биікт.2800-3500м) Солтүстүстікке қарай екінші саты: Күнгей, Марқатау, Желді- Қарағай таулары кіреді абсолют битіктігі 1500-2500мметр аралығында ауытқиды. Аталған тау жоталарын бірін бірі биік үш сатылы Аудаусай, Аманбөктер, Құрымбел,Теректі, Айпара-төңкеріс Лепсі, Екіаша, Ойжайлау, Сарыбөктер сыяқты тау аралық криптодепрессиялық ойыстар бөліп жатыр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедері өте күрделі, тау етегі жазық, адыр, шоқы, тобешік болып келеді. Сонан соң жоғары қарай аласа жайпақ таулар, тобесі қар мен мұз басқан жоталар жатады. Бұлардың рельефі биік шыңдардан тік беткейлерден, аңғарлық және кқар тектес мұздықтардан түзілген./2/
Солтүстік-Орталық жотаның ең көтеріңкі аймақтарынан, солтүстікке қарай ені 30 шақырымға жететін, палеогенге дейінгі денудациялық жазықтықтың бір көрінісі ретінде Сарқан-Тентек өзендері аралығында биік таулы үстірт сақталынып қалды. Үстірттің мередианальді кесіндіде 1100 метр тереңдікте Басқан,Лепсі және Тентек өзен алқаптары бар. Үстерттің солтүстігіндегі биіктігі 1200 м террассалы тектолникалық кертпелі лепсі ойпаты бөлінген. Үстірттен батысқа қарай солтүстік жотаның етегінде Аудаусай ойпаты жатыр, солтүстік ендік бойынша биіктігі 3100м –ге дейінгі таулы жүйелер Желді – Қарағай, Ақшығанақ, Көкжотамен шектелген. Үстіртен батысқа қарай Сарыбұқтар(2000м) және батыстағы жалғасы Ақши (1400м) ойпаты. Жатыр солтүстіктегі Тастау жотасынан бөлек Айдаусай ойпатының батыс жалғасына. Құрымбел мен Арасан – Қапал ойпатының солтүстік – шығысы Аманбөктер ойысына ұласады. Олардың аралығын сарқан өзенінің аңғары бөліп жатыр. Арасан- Қапал, Теректі, Аманбөктер ойпаттары алдыңғы сатыдағы биіктігі 1500-2100 метр биіктік аралығында ауытқиды. Қоңыртау,Қайрықкөл және Марқатау тауларымен шектелген, Балқаш маңы жазықтығында биіктігі 1100м Сарқан кертпешімен, батыстағы (биіктігі 1400м) Қызылағаш кертпештерімен бөлінген. /3/
Биіктігі 1000 метрден асатын солтүстігінде биік таулы үстермен шектесетін Екіаша және Лепсі ойыстары орналасқан, биіктігі 1100м асуларен бөлінген. Ойжайлау ойысы 1400 метр биіктікте орналасқан. Ойыстар биіктігі 1400-2000м болатын Шатырбай, Ешкіөлмес, Үшқайың,Кеттібай-Борлы, Алмалы тауларымен шектелген. Оның солтүстік етегінде биіктігі 900-1000м-де Төңкеріс ойысы орналасқан.Ол шығысында Ойжайлау Қараүңгір, Сарыбөктер, Ақши,Шолақ ойыстарына ұласады. тағыда шығысында биіктігі 2000-2400 м.мі . Солтүстік-Орталық жотаның шығыс бөлігінде Көксуат, Күнгей (3000) жотасының солтүстік беткейлері ежелгі төрттік мұзбасуларының әсерінен түзілген солтүстікке бағытталған перпендикуляр бағытта созылған Бесбақан, Қара-Алмалы, Арқалық деп аталатын таулармен тілімденген (2000-2500м). Ал солтүстік шығыс бөлігінде едәуір көтерілген Жабық тауы (2900м) жатыр. Бұлардан солтүстікке қарай тау аралық Сапақ-Айпара ойысы орналасқан. Ол биіктігі 1200-2300метр болатын Шыбынды, Бұланбай, Қайқң, Қарасарық тауларын бір-бірінен бөліп жатыр. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының қиыр солтүстік- батыс шеті Текелі тауымен аяқталған.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының шығысы биіктігі 2000метрге жететін Арпабиік тауымен аяқталады. Оның оңтүстік- шығыс шетінде тау аралық Шолақ ойысы орналасқан./4/
Осындай жағдайдан жоңғар Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының жер бедерін сатыланып келуі жақсы байқалады. Солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын ойыстардың биіктік айырмалары Ақши ойысында 2000-1400 метр, Ттөңкерісте 600м дейінгі аралықта ауытқиды..
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының батыс сілемдеріне: Үшқоныр,Бурақай,Лабасы,Қызылжар,Түйемойнақ,олар солтүстік – батыс бағытта созылып жатыр. Олардың әр қайсысын тау аралық криптодепрессиялық Көксу-Қаратал, Қоғалы Құрымбел ойпаттары бөліп тұр.
Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының ең биік жоталарында мәңгі мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724,көлемі 1120,3 текше шақырым. мұздықтар 12 топқа бөлінеді, оның 7 Солтүстік-Орталық 5 Оңтүстік-Орталық жотада орналасқан.
Бұлардың ең ірілері Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының шегінде таралған. Олар, ұзындығы 5,5 шақырымға жететін Жамбыл , ұзындығы 8 шақырымғнан асатын Берг мұздығынынан басталатын өзендердің аңғарлары көбінесе терең шатқалдармен өтеді.

1.2. Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасының

Алакөл ауданының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелу тарихы. XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Алакөл ауданының табиғатын физикалық географиялық тұрғыдан зерттеу баяу жүргізілді. Аймақтың табиғат жағдайы туралы алғашқы деректерді орта ғасырдағы саудагерлер жинады. Ол деректердің көбі толық емес әрі жүріп өткен бағыттарына ғана сипаттама берумен ғана шектеледі. Қазақстанның патшалық Ресейге қосылуына байланысты аймақтық табиғат жағдайлары мен байлықтарын зерттеу мәселелері қолға алына бастады.
Алакөл ауданының жер бедерін, геологиялық құрылысын оқып үйрену пайдалы қазбаларды іздестіру мен тікелей байланысты жүргізілген зерттеулерді Қазан төңкерісіне дейінгі және Кеңестік деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.[1]
Қазан төңкерісіне дейінгі кезең 1700-1917 жылдар аралықтарын қамтиды. Алакөл ауданының табиғаты туралы Патшалық Ресейдегі алғашқы жазба деректер XVIII ғасырдың басын мен 1840 -1841 жылдар аралығында Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігінің табиғатын географиялық тұрғыдан оқыр үйрену ісін белгілі орыс геоботанигі Александр Шнерк қолға алды. Ол Балқаш-Алакөл алабының табиғатын зерттеп, Жетісу Алатауы мен Аралтөбенің Флорасы жөнінде көптеген құнды деректер жинады.
1841-1842 жылдары аралығында Г.С. Корелин Тарбағатай мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігіне саяхат жасап, аймақтың табиғатына физикалық-географиялық сипаттама берді. Ол өсімдіктер жамылғысын жанжақты зерттеп , түр құрамын анықтады.
1855-1858 жылдар аралығында Ш.Ш. Уалиханов Жетісу мен Қашқарияға саяхатының барысында алғаш рет Балқаш пен Алакөл ертеректе бір көл болған деген болжам айтты. Ол өз ойын көктемде еріген қар, жаңбыр суымен толығып, аумағы артқанда екі көл бір-бірімен қосылатынын дәлелдей келе олардың араларын жазда кеуіп қалатын сорлар бөліп жатқаны арқылы дәлелдейді.
Шыңғысұлы Шоқан Уалиханов Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының флорасымен фаунасына сипаттама бере отырып тау беткейлеріндегі биіктік белдеулерінің байқалатыны жөнінде өз пікірін айтып сол кезеңдегі ғалымның жетістіктеріне сай үш белдеуге бөлді. Олар: Таулы, жартылай таулы және жазық белдеу.
1866 жылы А.Голубев Алакөл, Ұялы, Сасықкөл, Жалаңашкөл жағалауына саяхат жасады. Ол өз еңбегінде Алакөл жүйесіндегі көлдерге физикалық-географиялық сипаттама берді.
1871 жылы Матусовский Жоңғарияның шекаралас ауданы арқылы Зайсаннан Манасқа дейін Бағыттық кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Ол өзен бөліктеріне Тарбағатайдың оңтүстік беткейі мен Еміл, Ырғайты, Жаманты, Тентек өзенінің салалары жөнінде қысқаша деректер берген.
Тентек Жаманты,Ырғайты өзендері бастау алатын Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының шығыс бөлігін алғашқы зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырдың екінші жартысында И.В. Мушкетов (1874), Г.Д.Романов (1879) және Р.Закржевсктердің (1892) аумақтың жекелеген бөліктеріне маршруттық зерттеу сапарларын жасағаннан кейін басталды. И.В.Мушкетовтың еңбегінде бірінші рет Жетісу Алатауының аса ежелгі құрылымы-гнейсті метаморфтық қабаты мен кристаллды тақтатастары мен бірқатар пайдалы қазбалардың пайда болуы ( темір, мыс, қорғасын) туралы қысқаша сипаттама берілді. /6/
1874-1890 жылдар аралығында Түркістанға белгілі геолог И.В. Мушкетов саяхат жасады. Алты жылға созылған ғылыми экспедицияның нәтижесінде жинақталған нақты заттай дерек көздері Орта Азияның табиғаты жөніндегі маңызды деректер „Түркістан” атты іргелі еңбегіне негіз болды. Түркістан түсінігіне И.В.Мушкетов „Түркістан” немесе „Түркістан алабы“ Солтүстігінде Шыңғыстау мен Арал Ертіс суайрығының, батысында Мұғалжар мен Үстірттің шығысында Тарбағатайдың, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауының аралығындағы Азия құрлығының ірі бөлігін алып жатқан аймақ” деген анықтама береді. [2] 1878-1879 жылдар аралығында И.В.Мушкетовтың экспедициясының құрамында болған Т.Р.Романовский Түркістанның геологиялық картасын құруға қажетті материал жинаумен айналысты.
Сол жылдар арлығында 1886 және 1893 жылдары Закржевский топограф Богданов пен бірге Еміл өзенінің аңғары мен Барлық жотасының таулы бөлігінің көзмөлшері кескіндеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізген бақылауларының нәтижелеріне сүйеніп “Барлық таулы өлкесінің қысқаша очерктері” еңбегін жазды. 1892 жылы Р.Заваржевский Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауының солтүстік-шығыс бөлігін тағы зерттеді. Зерттеу нәтижесінде аймақтың геологиялық-геоморфологиялық тұрғыдан аса көрнекті ғалым В.А. Обручев зерттеді. Ол аталған ойыстағы лесстің түзілуінің эолдық ғылыми болжамын ұсынды. Ғалым өзінің шекаралық „Жоңғария“ атты еңбегінде тұрақты түрде түзілген шаң-тозаңның негізгі көзі Алакөл мен Балқаш, Жалаңашкөлдің аралықтарындағы Қарақұм, Сарықұм,сияқты сусымалы, төбелі құм шағылдар екенін атап көрсетті. Солтүстік-батыс желдері құм шағылдардан көтерілген ұсақ шаң-тозаңдардың оңтүстік-шығысындағы Барлық тауының етегіне шөктіріп лесс түзілген деген ой қорытындысын шығарады. Ол Барлық пен Шолақ тауларының аралығын бөліп тұрған Жіңішке көнтағай қолатын, Жоңғар қақпасы деп атауды ұсынды.[3]
В.А.Обручевтің 1907, 1914, 1940 жылдар аралығында жүргізген экспедициялық зерттеулері нәтижесінде Алакөл ойысы мен оған шектесетін Тарбағатай, Барлық-Майлы, Жетісу Алатауының геологиялық-геоморфологиялық құрылысының ерекшеліктерін анықтады. Ол ойыстың жербедерінің қалыптасуында мезозой құрылымдарының дамуы мен кайназой эрасындағы жаңа (Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. Алматы: Рауан 2004. 55-57б) тектоникалық қозғалыстарының нәтижесінде жүрген тік бағыттағы көтерілулер мен үзілмелі бұзылыстардың ерекше рөл атқарғаны жөнінде жан-жақты түсінік береді. Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысын зерттеу нәтижесінде мезозой мен кайназойдағы тектоникалық үрдістерді сағылулар мен созылулардың күресінің барысында алғашқысы басым болатынын айғақтайтын пульсациялық теориясын ұсынды. Бағыттық сипат алғанына қарамастан В.А.Обручевтің көптеген ой қорытындылары әлікүнге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
Ол геологиялық құрылысының ұқсастығын ескеріп Барлық-Майлы таулары Жетісу Алатауының жалғасы деп санады. Жоңғар техтоникалық жарығының бойындағы Жоңғар қақпасы Жетісу Алатауын Барлық-Майлы тауларынан бөліп тұрған опырылмалы ойыс екені жөнінде дұрыс түсінік берді.
1904 жылы Алакөл ойысының шығыс бөлігіне В. В. Сапожников экспедициясы зерттеулер жүргізді. Зерттеулердің нәтижесінде ойыспен шектесетін тау жүйелерінің орографиясы, өзен торлары мен жүріп өткен жолына қысқаша сипаттама берген «Жетісу очерктері» атты еңбегін жазды. Өз еңбегінде ғалым Алакөлдің оңтүстік бөлігінде оңтүстік- батыстан солтүстік -шығысқа бағытталып созылып жатқан табиғи бөгеті болғаны жөнінде қызықты дерек келтірді. Оның ұзындығы 15 верст екі 20-100 саженге жеткен. Ұзын бөгет Лепсі мен Барлық -Арасынды, Бақтыны байланыстыратын төте жол болды. 12-15 жыл бұрын бөгет біртіндеп бұзыла бастады деп жазды. (В.А.Обручев. Пограничная Джунгария. І. ІІІ. Вып. –М. 1940. 50-60б.)
1906 жылы А.К.Мейстер Тентек және Лепсі өзендерінің алаптарының төменгі таскөмір кезеңіне жататын фаунаны және таскөмірдің пайда болуын анықтады. 1906-1910 жылдар аралығында Жетісу Алатауының солтүстік бөлігін В.А.Обручев (1915) зерттеу жүргізді. Оның еңбегі Жетісу Алатауының кеңестік бөлігінің геологиялық құрылысының ерекшелігін және жер бедерінің қалыптасуы туралы дұрыс түсінік қалыптастыруға көп мүмкіндік туғызды.
1916 жылы Н.Г.Кассин басқарған (1927), П.А.Грюша, М.Ф.Крутиков, В.А.Николаев, К.Б.Терлец және А.А.Шильниковтардың атқарған еңбектері, Жетісу Алатауының солтүстік бөлігінің тектоникасын, осы аумақтың палеогеографиясын зерттеді.
Ұлы Қазан революциясынан кейін Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасының геологиялық зерттелуі Түрксібті салумен байланысты болды. С.В. Калесник (1933) Жетісу Алатауының Солтүстік жотасынан, Ырғайты, Жаманты өзендерінің бастауларынан гнейстер мен гранитті-гнейстерді анықтап, сипаттама берді. Ф.А. Макаренко (1936) ортатентек Көксуат өзендерінің алабынан жоғарғы силур фаунасын анықтады және жоғарғы силур кезеңінің конгломератынан (жұмыртас) малтатас гнейстерінің жұмырланғанын кездестірді./7/. 1927 жылы Жетісу Алатауының солтүстік беткейінде Н.Н.Горностаевтің экспедициясы жұмыс істеді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасай келе, аймақта Кайназой эрасының неоген-төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалысынан соң екі мұзбасу жүргені жөнінде қорытынды шығарды. Ежелгі төрттік мұзбасуларының аралық кезеңінде жабын және жартылай жабын мұздықтардың қарқынды еруінің нәтижесінде Алакөл ойысындағы қалыңдығы бірнеше жүз метрге жететін моренналы жыныстардан тұратын зандрлы жазықтар түзілгендігі жөнінде өзінің ғылыми болжамын ұсынды. Ол Балқаш-Алакөл ойысының қазіргі бедері Текелі (Вюрм) мұзбасуларының қалың моренналы шөгінділерінің өңдеуі нәтижесінде түзілді деп есептеді. Н.Н.Горнастаевтің пікір бойынша Текелі мұзбасуынан соң Балқаш-Алакөл ойысы Арал-Каспий алабына қарай ашылатын ауқымды өзен аңғары болған.
1929-1931 жылдардың аралығында Жетісу Алатауының Солтүстік беткейімен Алакөл ойысының батыс бөлігінде С.В.Калесник геологиялық-геоморфологиялық кескіндеу жұмыстарын жүгізді. Олар Алакөл ойысындағы палеогеннің қызыл түсті сазды жыныстарын зерттеді. Алакөл плитасына жататын бұл қызыл түсті саздар негізінен карбонатты гипсті жыныстардың қатарына жататынын анықтады. Төртік дәуірдің сусымалы ұсақ құмды, сазды, моренналы шөгінділеріне сипаттама берді. Жаңа тектоникалық қозғалыстарға баса назар аударған ғалым экспедициялық зерттеу нәтижесінде төрттік дәуірдің шөгінділердің жарып жатқан бірнеше тектоникалық жарықтарды анықтады.
КСРО Геология комитетінің Жерасты сулары бөлімінің қауылысына сай 1931 жылы Б.К.Терлецкийдің экспедициясы Солтүстік Жетісуда гидрогеологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау жұмыстары нәтижесінде Алакөл ойысына қысқаша физикалық – географиялық сипаттама берді. Автор Балқаш – Алакөл ойыстарының тектоникалық құрылысы мәселелеріне баса назар аударып, ойыстан дизьюктивтік дислонацияның басым екенін атап өтті. Терлецкий Балқаш-Алакөл ойысын қоршап жатқан тау жүйелерінің барлығын геотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде тік бағытта көтерілген баспалдақ тәрізді төбесі текшелі орқаш таулар Жалаңашкөл, Алакөл, Сасықкөл, көлдерінің Орталық бөлігіндегі опырмалы ойыс деген қорытындыға келді.
1933-1934 жылдар аралығында Алакөл ойысының солтүстік шығыс бөлігінде Е.Д.Шлигиннің жетекшілігімен геологиялық топ жұмыс істеді. Геологиялық барлау жұмыстарының барысында жинақталған нақты материялдарға талдау жасай отырып Алакөл ойысы мұнайлы ауданның қатарына шығарды. Е.Д.Шлыгиннің тобы алғаш рет Алакөл ойысының солтүстік-шығыс бөлігінің 1:50000 масштабты геологиялық және геоморфолгиялық картасы құрды. Зерттеу жұмыстарын қорыта келе Е.Д.Шлыгин Алакөл ойысының Солтүстік шығыс бөлігін төменде көрсетілген төрт геоморфологиялық провинцияға бөледі. Олар:
1. Ұсақ таулы.
2. Арасан таулы үстірті.
3. Жетісу Алатауының тауалды бөлігі....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: География | Жетісу алатауының солтүстік орталық жотасына физикалық географиялық сипаттама
» Дипломдық жұмыс: География | Алакөл ойысының геотектоникалық құрылысы климаты органикалық дүниесі
» Дипломдық жұмыс: География | Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы
» Дипломдық жұмыс: География | Қора өзенігің бастауындағы тау мұздықтарының туризмді дамыту мүмкіндіктері
» Дипломдық жұмыс: География | Іле өзені мен атырауының физико географиялық жағдайы

Іздеп көріңіз:
дипломдык Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар География дипломдық жұмыстар, Жетісу Алатауының табиғатының жалпы ерекшілектері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]